- Негізгі бет
- Сымбат
- Шаш сәні: Жұқа...
Шаш сәні: Жұқа шашқа арналған шаш өрімі
Шаштары жұқа арулар шаш сәнін таңдауда талай қиындыққа кездеседі. Шашын түрліше жинағанда оның тым жұқа екені көрініп, жайғанда көлемі жетіспей тұрады.
Олардың айтуынша, өрілген шаштың өзі шаштың сәнін келтірмей, керісінше жұқалығын одан бетер көрсетеді. Алайда мына өрімнің түрі шашыңызды қалың қылып көрсетіп тұрады. Айта кететін жай - бұл 5 минутта жасалынатын, оңай шаш сәнін өзіңіз-ақ жасай аласыз.
Бұл өрім түрі дәстүрлі 3 шаш бұрымының өрімінен ерекше көрінеді. Және де түрлі өрімдердің арасында ең оңайы саналады.
Шашыңызды жақсылап тарап, сумен не арнайы сұйықтықпен дымқылдаңыз. Бұл шашыңыздың жылтырын келтіреді. | |
Шашыңызды ортасынан екіге бөліңіз. | |
Бір жақ шаштың бетке жақын сыртқы жағынан бір бұрым шаш бөліп алып, оны екінші жаққа қосыңыз. | |
Екінші жақта да дәл солай. | |
Екі жақтан алма кезек кішкене шаш бұрымын алып отырып, оны ортаға қосыңыз. | |
Шаш бұрымдары қаншалықты жіңішке болса, өрім соншалықты нәзік көрінетін болады. | |
Шаш сәні дайын! | |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А