Шаш сәні: Қиғаш француз шаш өрімі

Шаш сәні: Қиғаш француз шаш өрімі

Қай қызға болсын, шашты жібергенмен қатар ұқыпты жинап, түйген не өріп тастаған жарасады. Шаш сәнін ерекшелендіріп, жаңашылдық қосып, қарапайым өрілген шашты да өзгеше сымбатты қылса болады. Мына қиғаш француз шаш өрімі тез жасаланатын, әдемі және ерекше көрінетін шаш сәндері қатарына жатады.

 

1-Қадам

 Оң самайдан шаш бөліп алыңыз. Оны үшке бөліп, француз өрімі бойынша өре бастаңыз. 

2-Қадам

Бұл өрімнің бір ерекшелігі: шашыңыздың түзу емес, қиғаш төменге қарай, диагональ бойымен өрілуінде. 

3-Қадам

Шашыңызды соңына дейін сол жаққа қарай бағыттап, өріп тастаңыз.

4-Қадам

 Өрімнің ұшын кері қайырып, шашыңыздың ішіне жасырып қойыңыз. 

5-Қадам

 Соңын қысқыштармен ұстатып, шашыңызды қалауынша әшекейлеңіз. 

 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А