Шаш сәні: буылған шашты түрлендіріңіз

Шаш сәні: буылған шашты түрлендіріңіз

Шашты резеңкемен буу - көп қыздардың күнделікті дәстүрлі шаш сәні. Ол баяғыдан бері шаршатып, қарапайым көрінеді. Бұл шаш сәнін  түрлендіріп, бейнеңізге ерекшелік беріңіз.

Осы маусымда трендке айналған металлдан жасалынған шаш қысқыштарын тағып көріңіз. Төменге кәдімгі резеңкемен шашыңызды буып, сыртынан сәнді металл қысқышын тағыңыз.

Кішкене шашты алып, оны бұраңыз. Байланып тұрған шашты бір орап, көрінбейтін қысқыштармен бекітіңіз.

Көктемгі жылы күндері шашыңызды орамалмен сәндеңіз. Асты жағын шашқа өріп жіберсе де болады.

Нәзік, салтанатты шаш сәні үшін шашыңызды мынандай баумен буып, әдемі бант жасаңыз. 

Шашты буып, резеңке үстіндегі шашты саусағыңызбен екіге бөліңіз. Байланған шашты сол тесік арқылы өткізіңіз. Бет маңындағы бірнеше шашты босатып қойыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер:  pinterest.com 

С. А