Шаш сәні: "Стего" байланған шаш

Шаш сәні: "Стего" байланған шаш

Шашты байлай салу – тез жасалатын ең оңай шаш сәні. Сәнқой арулар осы шаш сәнін өзгертіп, шашты байлаудың түр-түрін ойлап тауып жатыр. Назарларыңызда солардың соңғысы: үш рет байланған шаш немесе "стего" шаш сәні.

"Стего" шаш сәні шашын жинап үйреніп қалған қыздарға мінсіз келеді. Ал шаш сәні салтанатты көрінетіндігін есепке алсақ, оны кешкі отырыстарға жасаған дұрыс.

Руни Мара, Блейк Лайвли мен Нина Добрев сынды жұлдыз сұлулар қазірде танымалдылыққа ие бола бастаған жаңа тренд үш жерден байланған шашты таңдапты. Бұл шаш сәні жоғары сән үйлері топтамаларының көрсетілімдерінен де байқалды.

Шаш сәні бірден 3 элементтен тұрады: байланған шаш, "француз өрімі" мен "мальвинка". Батыс басылымдары бұл шаш сәнін "Стего" деп, стегозавр атты динозаврға ұқсатыпты. 

Бұндай шаш сәні шашы ұзын қыздарда жақсы көрінеді, алайда қысқа шашқа да жасауға болады. Шаш сәнін жасау үшін бас төбесіндегі шашты бөліп алып байлаңыз. Буылған шашты жайлыған шашқа қосып, тағы бір рет төменірек байлаңыз. Дәл соны төменірек тағы қайталаңыз. Шашты кішкене шығарып, табиғи көлем беріңіз. Көлемі жақсы болу үшін "начес" жасауға болады. Нәтижені лакпен бекітсеңіз, шаш сәні кеш бойына сақталады. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: peoplestylewatch.com 

С. А