- Негізгі бет
- Сымбат
- "Бант" шаш үлгісін...
"Бант" шаш үлгісін жасау (видео)
Қазір шаш үлгілерінің түр-түрі бар. Және әрқайсы өзінше ерекше әрі тартымды. Мысалы, қазір қыздар арасында «бант» шаш үлгісі өте танымал. Ал негізінде мұны ең алғаш Леди Гага трендке енгізген болатын. Оның бейнесіндегі осы шаш үлгісі талай бойжеткенді қызықтырып, әр шаштараз маманы оны қалай жасау керектігін үйренуге кірісті. Бір қарағанда қиын көрінгенімен, бұл шаш үлгісін жасау оңай екен. Сіз де үйреніп алып, шашыңызға жаңа көрік беріп көріңіз.
Қажет заттар:
- шпилькалар
- түйреуіштер
- резеңке
- шашқа арналған лак
Бұл шаш үлгісі ұзын шашты аруларға арналған. Егер шашыңыз ұзын, бірақ толқынды болып келсе шаш түзулеткішпен түзулетіп алыңыз.
Шашыңызды резеңкемен қаттырақ буып, ортасынан кішкене бөлігін алып қалыңыз да, үстіне қарай қыстыра тұрыңыз. | |
Буылған шашыңызды теңдей екіге бөліп, бір бұрымын ұсақ ізді тарақпен ақырындап түтіңіз. | |
Бұрымды саусағыңызды ұшымен ішке қарай орап, шпилька және түйреуіштермен қыстырыңыз. | |
Шаштың екінші бұрымымен де сол үдерісті қайталаңыз. | |
Басында алып қалған шашыңыздың кішкене бұрымын екі түйіннің ортасына әкеліп, астыға қарай қыстырыңыз. Шашқа арналған лакты сеуіп, қатырыңыз. |
Егер шашыңыз өте ұзын болса, шашыңызды ұзындығы бойынша екіге бөліп, резеңкемен төбеңізге қыстырып байлаңыз. Пайда болған түйінді артық қалған шаш ұштарымен екіге бөліп, астыға қарай қыстырып қоюға болады.
Сонымен қатар, ұзын шаштың тең бір бөлігіне ғана «бант» жасап, қалған бөлігін жібере салып, жиын, кештерге сәнді шаш үлгісін жасап баруға да болады. Оны қалай жасау керектігі жайлы төмендегі видеодан көре аласыздар.
Сурет: all-hair.ru, grebeshochek.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina