Массагеттің сырлы сұхбат алаңы

Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады

Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.

Tағы бір сұрақ Массагет ашылғанда ең бірінші кім тіркелді!
Tағы бір сұрақ Массагет ашылғанда ең бірінші кім тіркелді!

Ең бірінші тіркелген Дэнъ Хмельницкий мен Стас Пак қой

сосын Қайреке, сосын Ғазиза, Сәния (Алматылық), Мейіргүл, Liverpool FC(он же Фокус-Мокус немесе Ғани :mrgreen: ), Айнара, Нұргүл Алдабергенова, Анарка Маст дееп кете беред :D
Оооо, Анар :) Анар, бүгінде "Ақзере" блогына күніне қанша адам кіріп жүр?
Достар осы сұхбат алаңын ұйымдастырушылар тобы қойылатын сұрақтардың ең үздігіне 200бірлік сыйлайтын болып шешім қабылдадық, бүгін Анарға сұрақ қойып қалыңыздар. Сұрақтардың ең үздігін сұраққа жауап беруші таңдайды. Қапы қалмаңыздар :D
түсінікті
Анарға сұрақ: алғашқы қазақ сайттарының бірі "Солай деде" өте белсенді болдыңыз, бірақ "Мәссағанда" көп белсенділігіңіз болған жоқ, неліктен екен? 2007-2008-жылдарды еске түсіріп отырғаным ғой.
Сәлем достар! Анарға сұрақ қою уақыты аяқталды, енді Анардан жауаптар күтеміз. Келесі сұрақ қоятын қолданушылар сайтымыздың үлкені Айгүл апайға және өткенде массагтеттің бір жылдығына орай өткізілген конкурстың жеңімпазы Айқаракөзге сұрақтарыңызды осы жерде қоя отырыңыздар. Ең үздік сұрақ қоюшыға бірлік сыйлаймыз. 1ші ақпанға дейін сұрақ қою жалғасады
Айгүл апайға: Жалпы шығармашылық адамдарын қалай сынау керек? Қазіргі қоғамда қалыптасқан сындар орынды ма? Мысалы, әншілер сахнаға костюм-шалбармен шығады ылғи, режиссерлер тек трагедиялық сюжетте клип түсіреді, ақындар тек мұңды өлеңдер жазады дегенге ұқсас сындар қаншалықты орынды сіздің ойыңызша? Бұл сындарды адам қабылдайтын болса, сахнада өзіне жараспаса да қызыл-жасыл киінген әншілер, ән мұңнан сыр шертіп тұрса да "билеп-секірген" клиптер, жанарынан мұң боп тамған өлеңді параққа бақытты етіп түсіретін "жасанды ақындар" көбеймей ме? ЖАЛПЫ, менің мысалдарыммен шектелмей, ӨЗ ОЙЫҢЫЗША ТАРҚАТЫП АЙТЫҢЫЗШЫ, СЫН ДЕГЕН ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК, СЫНШЫ ДЕГЕН ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК?

Ақаракөзге: өмірде бірнәрседен қатты көңіліңіз қалған кез есіңізде ме? Сізді ренжіткен адамды қаншалықты тез кешіресіз? Және "Бұлақ көрсең көзін аш" дегенді қалай түсінесіз?
Мына тақырыпта неге сұрақтар аз қойылып жүр? Әлде, елдің бәрі СҰРАҚ ҚОЮДЫҢ ЕКІНШІ ӘДІСІ - Жанат Ахметовтың ЭЛ.ПОШТАСЫНА ЖЕКЕ ХАТПЕН СҰРАҚ ЖОЛДАУ әдісі арқылы сұрап жатыр ма екен? ;-)
Мына тақырыпта неге сұрақтар аз қойылып жүр? Әлде, елдің бәрі СҰРАҚ ҚОЮДЫҢ ЕКІНШІ ӘДІСІ - Жанат Ахметовтың ЭЛ.ПОШТАСЫНА ЖЕКЕ ХАТПЕН СҰРАҚ ЖОЛДАУ әдісі арқылы сұрап жатыр ма екен? ;-)



ол жақта әзірге келмеді ешқандай хат. Сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар, ертең Анардан жауап күтеміз)))