Массагеттің сырлы сұхбат алаңы

Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады

Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.

Абекеме қояр сұрағым: Ең алғаш жазған өлеңің қандай еді? кімге арнап едің?
Бигелді Темір: Аватарға өз суретіңіді қашан қоясыз?
Жігіттерге қояр сұрағым:Болашақта жарларыңыздың қандай болғанын қалайсыздар? Өміріңізде қанағаттанатын 3 нәрсеңіз? Әлеуметтік желілерді қаншалықты пайдаланасыздар? және қандай түрлерін?
Ортақ сұрақ: Массагеттің контент-менеджері болып қызмет етсеңіздер, қандай жаңа рубрика ашып, қандай тақырып жайында жазар едіңіздер? Біздегі барлардан басқаааа
Жігіттерге сұрақ: Сіздерді нағыз қазақ жігіттеріне тән мінезі барлар қатарына жатқызам өз басым. (Бұл комплимент :) ) Өмірдегі басты тәрбиешілеріңіз кім болды? Кімге еліктеп, кімді үлгі етіп, кімнен жақсы қасиеттерді көбірек алдыңыздар?
бір екі күнде студент қыздардың жауабын оқисыңдар. Жігіттерге сұрақ қоюда белсенділік танытамыз. Ең ұнаған сұрақ қоюшыға бірлік сыйлаймыз
Бигелді мен Абзалға ортақ сұрақ: Өкініш деген не? Өкінішіңіз бар ма?
Ортақ сұрақ: Адамдарға "жақсы" және "жаман" деген сын есімдерді телуге келісесіздер ме?
Бигелді Темір ағамызға сұрақ: Өз еліңіздің қаншалықты жанашырысыз? Қазіргі кезде ер азаматтар неліктен кәрістің азаматтарына еліктегіш болып кетті? Отбасыңдағы тәрбиенің аздығы ма, әлде ұлттық қасиетімізді жоғалтып, санамыздың улануы ма? Екінші қояр сұрағым, Абзал бауырыма: Өзіңізге айтылған сынды қалай қабылдайсыз? Қазіргі кезде жастарымыз соның ішінде кішкентай балапандарымыздың ермегі неге компьютер ойындарына әуестеніп кетті екен? Неге ұлттық ойындарымызды дәріптеп, ата-аналары компьютер клубтарына әкелгенше, неге ұлттық ойындарымызға баулимайды екен деп ойлайсыз?
Ортақ сұрақ: Досым деп жүрген адамыңыздан көңіліңіз қалған кез болды ма?
Бигелді Темірге: 1.Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар.Соның біріншісі-Уақыт. Ал,сіз сол уақытыңызды қаншалықты тиімді пайдаланып жатырмын деп есептейсіз? 2.Кемшіліксіз адам болмайды.Сіздің кемшілігіңіз неде? 3. Адамдармен тез достасу қаншалықты оңай немесе қиын? 4.Қандай жанрда кітап оқисыз?