Массагеттің сырлы сұхбат алаңы

Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады

Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.

Мына тақырыпта неге сұрақтар аз қойылып жүр? Әлде, елдің бәрі СҰРАҚ ҚОЮДЫҢ ЕКІНШІ ӘДІСІ - Жанат Ахметовтың ЭЛ.ПОШТАСЫНА ЖЕКЕ ХАТПЕН СҰРАҚ ЖОЛДАУ әдісі арқылы сұрап жатыр ма екен? ;-)



ол жақта әзірге келмеді ешқандай хат. Сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар, ертең Анардан жауап күтеміз)))


Мүмкін болса, кезекті сұрақ қойышыны анықтайык та!
Айгүл апайға сұрақ: Сіз жүріп-тұрудың көптеген ережелерін жазасыз, былайынша айтқанда әдебін. Сіздің ойыңызша, адам әдептіліктің барлық тарауларын орындап, бақытты бола ала ма?

Эльвираға сұрақ: Ақылсыздық пен ақымақтыққа мысал келтірші. Өз ойыңша, не істесе ақымақтық, не істесе ақылдылықтың белгісі?
Айгүл апайға сұрақ:
Айгүл апай өмірде неге қол жеткізе алмай қалдыңыз. Және әттең-ай деп, өкінген кезігін болса, айтып беріңіз.
Айгүл апайға қояр сұрағым: Жас кезде достарымыз көп болады ғой, ал есейген сайын неге сол достардың қатары сирей бастайды сізше? Жалпы өзіңіздің сырларыңызбен бөлісіп, өкпе-назыңызды айтатын жақын құрбыңыз бар ма?

Айқаракөзге қояр сұрағым: Өмірден баз кешіп, түңіліп кететін кездеріңіз бола ма? Егер болса, сондай сәттерде сізге дем беретін не нәрсе?
Айқаракөзге сұрақ.Уақытты кейінге шегіру мүмкіндігі туса, қай уақытқы тоқтатар едіңіз? Не үшін?
Айгүл апайға сұрақ: Жастар және жасөспірімдер арасында қылмыс көп. Жастардың қылмысқа жиі баруы, жалпы қазақ жастарының қатігезденуі неден деп ойлайсыз? Біз осы мәселеде қай жерде қателестік? Бұл мәселенің қалай алдын алуға болады?
Элвира ханымға сұрақ; Қазақ жастарында қандай мәселелер бар? Сіздің қолыңызға билік бар, сіз үлкен қызметтегі адамсыз деп елестетіңіз: жастардың қай мәселесіне бірінші қол созып, қалай шешер едіңіз?
О Ма Лиға сұрағым: неге аттыңыз шынымен О Ма Ли болса неге карістердін аттына ұқсас?! :roll:
Достар осы апта бойы Айконаға және Алшын Матайға сұрақтарыңызды қоя отырыңыздар
Айконаға қояр сұрағым: Жалғыздық қай кезде қалғанда жақсы? Жалғыздықты қалай түсінесіз?
Алшын Матайға: Проза жазу үшін алдымен неден бастаған жөн?
Айкона: Сіздің асқақ армандарыңызды айтыңызшы?
Алшын Матай: Өміріңізде болған ең үлкен қорқыныш?