Массагеттің сырлы сұхбат алаңы
Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады
Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.
Еркебұланға: Өзіңіздің "меніңізге" (ішкі түйсік) қаншалықты мән бересіз?
1. Адам бойындағы сізге ұнамайтын қасиет?
2. Бос уақытты қалай өткізген ұнайды?
3. Бала күніңізде не армандайтын едіңіз?
4. Блоггерлік жолыңыз қалай басталған еді?
Еркебұлан мырзаға:
1. Жас блоггерлерге берер кеңесіңіз?
2. Үлгі тұтар тұлғаңыз бар ма?
Meirgul apama: Kyz balanyn kai jasta turmyska shykkany jaksy? oz oilarynyzben bolise otyrsanyzdar!
Мейіргүлге сұрақ: Бір магазинде керемет скидка болып жатыр. Жаныңда Сәния, Ақерке, Розатай бар. Қыздар бар ақшасын құртып қойған. Сенде соңғы 5000 тг бар. Бірақ, сен ол ақшаға өзіңе ұнаған дүниені алуға ниеттісің. Бірақ, Розатай да сол затты алғысы келіп, сенен соңғы 5000 тг-ні қарызға беруіңді сұрайды. Қарызды 20 процентпен қайтарамын деп айтады. Осы кезде сенің әрекетің қандай?