Әр аймақтың диалектілері

Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай: :D
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз :D
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )

"Тондым" дегендi бiзде "каттым,катып калдым" дид. Баска жерде "жаурадым"дейдi екен. Жаурадым деп,жанбырдын астында калганда айтады.
"____ мыңбаева" "Тондым" дегендi бiзде "каттым,катып калдым" дид. Баска жерде "жаурадым"дейдi екен. Жаурадым деп,жанбырдын астында калганда айтады.

Қызылордада "тоңатынбыз", тоңғанда "ищщәә" дейтінбіз, Алматыға келіп қой "жаурап", "мұздап", оралман бауырлармен араласа келе "аяздап" жүргеніміз :lol:
Қай өңірдің қазақтары екені есімде жоқ, әйтеуір, "дұрыс" дегенді тура дейді. Басында түсінбейтінмн. "Дұрыс айтасың" дегенді олар "тура айтасың" дейді екен
Орал жақта "ищә, кәпір" деген сөз жаратпаған мағынаны береді, Алматыға келіп Тараздың қызына біреу туралы айтып келе жатып, "ища кәпір" деп қалып едім, ана қыз шалқасынан түсіп, бір сағат дәріс оқуға көшті )))
кей жақтарда рубашканы көйлек дейді ғой. негізгі аудармасы жейде ғой.
Жейде деген футболка біз жақта :)
Шығыс жақта жейде, сым деген сөздерді мүлде қолданбайды. За то тәпішкені "шақай" дейді :D
рубашканы койлек деймiз.
рубашканы койлек деймiз.

Біз "жейде" дейміз)
жейде деп сөйлейтіндерді көрмеппін өзім :roll: