Әр аймақтың диалектілері

Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай: :D
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз :D
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )

"____ мыңбаева" аяқтарыңның бармақтарымен жейсіңдерма,

сөзден сөз шығады деген осы, біз жақта бармақ демейді дым. Қолдың бармақтарын - саусақ, аяқтыкін - башпай дейді :lol::lol:
ал, "айтпаң, бармаң" деген қысқартулар қай жерлердің диалектісі екен?

:lol: солғой. Бармақ,айтпаң,бармаң деген негізінде Түрікмкенстанның қазақтарының сөздері екен. Бізде барлығы араласып кеткен ғой. Түікмендер "бармалы,келмелі" деп сөйлейді,солардың сөздерінен шыққан болу керек. Біздер "шиш"ты көп айтамыз ғой. Қазір араласып кеткен,
Айтпақшы,"тәте" деп бізде де ер адамдарға айтылады. Папамның бір інісін кішкентайымыздан "тәте" деп айтып өстік. Қазір ол кісі Алматыда тұрады. Бірде Алматыда тәтеммен қалаға бардым. Тәте,тәте деп сөйлеп келе жатырсам,жанымыздағы апайлар бетіме қайта-қайта қарай береді. Сірә,ер адамға "т"әте" дегеніме таң қалған болар,немесе іішінен ойлағанда болар "жынжымы мына қыз" деп :D . Тәтәме "аға" деп айтайын десемде айта алмай-ақ қойдым. Ол кісіге тек солай айтқан жарасымды сияқты. ;)
Сосын "үлкен" деген сөзді "нәнгілдей","нән" деп айтады. Оңтүстікте "дәу", "зор" деп айтады екен. :)
"Леген" дегенді оқып, есіме бала кезде біздің жақта болған бір жайтты айтып кетейін. Шамасы, бізге құда болатын бір үйдің тойында ғой деймін. Ол кезде 6-7 жасар баламын.
Леген деп біз де кәдімгі қолданыстағы ыдысты айтады. Табақтың үлкен түрі. Ет тартқанда ыңғайлы ыдыс. Ал оңтүстікте ғой деймін леген деп кір жуатын ыдысты, яғни тазикті айтады. Содан жаңағы тойда жүрміз. Бір кезде емшектегі баласы бар бің жеңгеміз менен ересек қызды шақырып алып: "Баламды тосу керек, леген алып келші" деп жұмсады. Жеңгеміз алыстан келген кісілердің келіні. Арғы тегі шалғайдан шамасы. Легенді өзінше түсінген жаңағы ересек қыз бір кезде қолына ет табақ көтеріп кірді. Жұмсаған жеңгеміз аң-таң, содан сол жағдайға үйдің иелері араласып, әйтеуір, жеңгей сұраған "леген-тазикті" тауып берген :lol:
Шығыста тамақты пысырып дейді екен, бізде пісіріп дейді ғой (алматы қаласы, облысы)
Нақты қай жақтар екенін білмедім, әйтеуір бізше "бөпені" кейбіреулер "бопа ( :lol: )", "әлди" деп жатады,,,
Нақты қай жақтар екенін білмедім, әйтеуір бізше "бөпені" кейбіреулер "бопа ( :lol: )", "әлди" деп жатады,,,

Әлди деп көбіне Алматы облысы айтады. Біртүрлі шынымен :)
:? Бопа дегені ерсі екен. Бөпе деген әдеміго
"Бопасы" несі? :roll:
Бөпені кейбір жақ "бопанай", "әлей" дейді :lol:
Баяғыда, тараздық апамның үйінде қонақта жүргенмін, бір күні апам: "қызым, шашықты әкеле қойшы" деген еді, ештеңе түсінбеймін, шашығынес, шанышқы деген шығар деп, вилка апарғаным бар))). Сөйтсем, сүлгі екен ғой, сосын біз жақтағы ожауды, олар шөміш дейді, естігенде әбден күлгенмін))