Әр аймақтың диалектілері

Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай: :D
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз :D
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )

Мен - Қызылорда жақтанмын. Біз жақта "ақудай" деген сөзді көп қолданады.. :lol:
*Ақұдай :D Менің әкемнің коронный сөзі :lol: Осы сөзді Арал, Қазалыда көп айтады, соны кейбіреулер ру (ел) деп ойлайды екен :mrgreen: Ауылға барғанда өзім таңғалатын сөздер бар. Сөйлеу мәнері былай айтқанда грубо, сұмдық ұрысқақ қой, енді туылған үш-төрт жастағы сіңлілерім ұрысқанда солардан тудым ба екен деп ойланып қалам :D Менің ойымша диалектінің ең аз жері осы Қызылорда (жаргондар болмаса). Тіпті бір филологтың айтқанын естігем "Ең әдеби тіл Қызылордада сақталған" дегенді 8-)
Бірақ өзім Алматыда туып, өскесін бұл жақтың диалектісіне құлақ үйренген)) Шалбарды "сым" дегендері менің нервымды қытықтайды :D :lol: "Сонда провод киесің бе?" деп мазақтайм :)
ақұдай деген не сонда? :roll:
Айналайын деген сияқты ғой
Менде Батыстанмынгой. Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы. Бізде "грубо" сөйлегенмен, 99% қазақша сөйлейтін жер тек осы қала деп айтады. 8-) . Не зат? Нестеватсын? Не хабар? деген диалекттер қолданылады. Қазірлері кейбіреулер телефон тұтқасын көтергенде,"алло" демейді "ал,айтып қара" дейді. "Сіз,біз" деп сызылып, созып жатпайды. Таныстықтан соң үлкен адамдардан басқасының бәріне "сен" деп кете береді. "Ше,ші" деген жалғаумен сөйлегенді ұнатпайды(көңілдеріңізге алмаңыздар),айтатынын тез тез айтып тастаганды жақсы көреді,"шы,ші" артық жалғау деп ойлайды. Жалпы,бізде басқа аймақтарға қарағанда өзгешелік өтте көп деседе болады. Сал-дәстүрде,сөйлеу мәнерінде,диалекттерінде бәрі басқаша.
Оңтүстіктің "беймарал" дейтіндерін көп уақыт түсіне бермейтінмін, кейін үйреніп кеттім)))
Оңтүстіктер "бәле", "өлә" дегенді көп айтады.
Мен - Қызылорда жақтанмын. Біз жақта "ақұдай" деген сөзді көп қолданады.. :lol:

үййй, ақұдай, мен де сол жақтанмын ғой :lol:
"Туыстықты жүрегінде тербеген,
Ел бірлігін ойламаған ер ме екен?
Кейде бізді әзіл-шыны аралас
Ақұдайлар аудандары дейді екен.
Рас қой, ол Құдайды АҚ дегенбіз,
Құдай қалап өсіп-өнген көп елміз." (с) терме...

Сондай-ақ, Алматыға алғаш келгенде "леген", "қамыр" деген сөздерді жергіліктілерге түсіндіре алмай жүретінмін... "өләны" аздап бізде де айтады... Сөздерді онша қысқарата бермейміз, бірақ, қысқартып айтатындары да бар, оның өзі КЕЛЕ ЖАТЫРМ, КЕЛІП ТҰРМ, ал енді батыстықтардың "-шиш" жалғауын жақсы көрем бар ғой "биш, баршиш, келшиш, жазшиш", бізде "берсей, барсай, келсей" дейді ғой... Осыған байланысты Атырау көңілділер клубының мына әзілі есіме түсіп отыр: "Қарашиш батыр" :lol: