Әр аймақтың диалектілері
Мысалы мен Оралданмын. Батыс аймақтан. Біздің тіл мынандай:
Не? - Зәт?
Не болды? - Зәт болды?
Семечка - Шағу
Бұзық - Шыршық
Үлкен - Нән
Қуып жүріп - Лағып жүріп (Ляғып жүріп)
және т.б.
"Зәт еді... Ана нән бала өзі шыршық екен, ляғып жүріп шағуды төгіп тастады" дейміз
Тек сіздің елде айтылатын сөздерді айта отырыңыз сіз де )
үййй, ақұдай, мен де сол жақтанмын ғой
"Туыстықты жүрегінде тербеген,
Ел бірлігін ойламаған ер ме екен?
Кейде бізді әзіл-шыны аралас
Ақұдайлар аудандары дейді екен.
Рас қой, ол Құдайды АҚ дегенбіз,
Құдай қалап өсіп-өнген көп елміз." (с) терме...
Сондай-ақ, Алматыға алғаш келгенде "леген", "қамыр" деген сөздерді жергіліктілерге түсіндіре алмай жүретінмін... "өләны" аздап бізде де айтады... Сөздерді онша қысқарата бермейміз, бірақ, қысқартып айтатындары да бар, оның өзі КЕЛЕ ЖАТЫРМ, КЕЛІП ТҰРМ, ал енді батыстықтардың "-шиш" жалғауын жақсы көрем бар ғой "биш, баршиш, келшиш, жазшиш", бізде "берсей, барсай, келсей" дейді ғой... Осыған байланысты Атырау көңілділер клубының мына әзілі есіме түсіп отыр: "Қарашиш батыр"