"Массагет.кз" айтыс

Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.

Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.

Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.

Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?

ТАМАША!!!! :D Кезінде анда-санда жыр жазып, өлең шығаратын едік қазір бәрі қалды ғой))) МАссагетте жыр додасы - айтыстың басталғаны дұрыс болыпты. 8-) Енді ақындарға тек қана сәттілік деймін!!! Массагет ұжымы жұмыстарыңызға табыс тілеймін! :)
Айналайын Микажан
Айтыс десең келеміз.
Массагетті мерейлі
Ұямыздай көреміз.

Заманауи, қазақы
Келіп қалдық ауылға.
Массагеттей бұл ауыл
Толы екен қауымға

Массагетті зиялы
Бір ауылға теңедім
Ал ендеше қалқам ау
Бар сенгенім сен едің
Қолыңыздан сызылған
Шәй ішсем бе деп едім
Махамбеттің сөзі ме ең?
Жамбылдың нақ өзі ме ең?
Арқырадың, жігітім,
Бір асылдың көзі ме ең.

Әлде ақын ба ең аңдамай,
Опат болған сөзінен.
Сағат сырт-сырт соғады,
Түнгі 2-нің төрінен.

Келмедің деп ойлаймын,
Сахараның шөлінен.
Жеті түнде шай құйған
Қай қазақты көріп ең???
Қай қазақты көрдің дейді шай құйған
Жеті түнде бір көңілін бай қылған
Біле білсең сыртта көктем қалқажан
Мына жастар көктем түнін таң қылған

Керім екен, бөлек екен сайттарың,
Құтты болсын дамып жатқан жайттарың
Ал жарайды шай бермесең бермеші
Тым құрыса қош келдің деп айтпадың!
Мынауыңыз болды ғой бір сәлемдей,
Кәнеки бәрі күліп тұрса мендей?!
Баса-көктеп кіріп кеп шәй сұрадың.,
Қош келдің деп айтуға мұрша бермей.

Массагетке болды ғой айқын әнің,
Қалай болды жөн сөзден тайқығаның?
"Сәлем - сөздің атасы" дейді қазақ,
Қал сұрамай бірінші шәй сұрадың.

Расымен сайттың қалды реңі кіріп,
Гүлдеді әз Наурыздың лебі кіріп
Баба салтын ұстанған бұл ауылға
Сәлеміңді бер енді, сері жігіт!
Айтыстың суын ішіп өскен едім
Сөйлер сөзге білсеңіз байыптымын.
Мейіргүл қыз осал емес екен бірақ
Жеңдің жеңдің, мен енді айыптымын!
Ассалаумағалейкүм жиналған жұрт
Отырмыз ғой өлеңге тойып бүгін!
Атыңыз затыңызға сай сияқты
Отыршы мейіріміңді жайып, күнім!
Ау, ағайын, ағайын!
Жырлатып мен жазайын.
Беру керек сазайын,
Массагеттік талайын.

Тіркелдім мен осы үшін,
Жиналды бүгін бар күшім.
Ашуым да қозды ма,
Күйіп жанды бұл ішім.

Көтердік деп қазақ тіл,
Админдер жүр сөзі кір.
Бабам тілі қазақ тіл
Ойыншық емес оны біл.

CTRL+V деп жымқырып,
Орысшадан аудардың.
Білем мұндай сиқырды,
Аудармамен күн көрдің.

Массагеттік админім,
Еңбегіңді сыйладым,
Шала аудару бола ма?
На страницуға басқаным.

Масленица бар жырланған,
Рождествоң бар қозғалған.
Сенбесең админ іздеп көр,
Ислам тұр қорланған.

Алланы іздеп массагеттен таппадым,
Тормызды админ осы жерден басқаның.
Дарвин лебі посттардан да есіп тұр,
Дүние жисаң, өмір өшер қасқағым.

Бастамаң бар өте жақсы ойланған,
Кері баға массагетке кім қойған?
Шала аударма, дінсіздік бір кемшілік
Мұны естіп халық болды бір тойған

Бірақ қорқам, KZ - ға RU массагетке келер деп,
Екі тіл сайтта қатар бауыр басып тұрар деп.
KZ-ға ешкім мұндай көңіл бөлмеп ед,
Мен бастадым айтысым бүгін кеп.
Ау, қыр қазағы...

Бастаған дұрыс еді біліп егес,
Көмекке келер еді үміт елес.
Алданып бүгін міне сұлу қызға,
Бір қызға жеңілгендер жігіт емес.
Қазақтың баласына жауап:
Сөздеріңіз найза ғой,
Суық қыстай қақаған.
Шала дейсің аудармаң,
Шикі дейсің мақалаң.

Суық сөзбен түйредің
Не көрінді көзіңе?
Ойланбастан сөйледің
Үңіліп көр сөзіңе.

Аудармасақ қалайша
Ipad жайлы жазамыз?
Кітаптарды ақтардық
Авто, техно туралы
Жазып па екен бабамыз?
Сонсоң аудармаларға
Лажсыз мәжбүр боламыз.

Көлігінің сипатын
Біліп жатыр баршасы,
Аудармасақ оларды
Білместен жүр қаншасы.

Шала аударма дедің-ау,
Артық деймін мұны тым.
Форд туралы жаз десе,
Не жазар ең, жігітім?

Жаздың дейсің өзгені!
Кінәлауға себеп пе?
Өзге салтты бұл қазақ
Білмей өту керек пе?!

Еңбектеніп жатыр жұрт,
Жүргеміз жоқ әрең біз
Құр отырып сынауға
Шеберміз-ау, шеберміз!

Оқыған соң уәжіңді
Төбемізден жай түсті.
Қазағым деп еміренген
Жүрегіміз жоқ болса,
Жасамас ек айтысты!

Отырмас ек осылай
Ана тілде жыр құрып
Дәстүрлерді жазбас ек,
Бара жатқан ұмтылып.

Қалың қазақ бар мұнда
Әлсіз бе ой таразың?
Уәж жазардың алдында
Массагеттей ауылды
Аралап шық сабазым!