"Массагет.кз" айтыс
Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.
Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.
Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.
Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?
"Сезім" деген албасты.
Шығып едім көшеге
Табан асты жармасты....
Айтысатын қыз бар ма менімен,
Тұрғанда бұл бойыма келіп өлең
тербетсің өз үнімен бұл маңды өлең.
Салмақты жүрудің сәті тосар,
Кейде жақсы осылай қуған деген...
"Сезім" деген албасты.
Шығып едім көшеге
Табан асты жармасты....
Айтысатын қыз бар ма меніменен,
Тұрғанда бұл бойыма келіп өлең
Алаң емес жүретін босып әркім,
"Айтыс" десе әлбетте тосылар кім?
Тек сөздерің "түйеден түсіп қапты"
Сондықтан жоқ көңілдің хошы бәлкім!
Қазақ пен айтыс - егіз туған бойда,
Болады өлең де ойда, думан да ойда.
Шабытқа сенбейтұғын айтшы, Фара,
Сеніңше айтыс қайда, қуған қайда?
Болады өлең де ойда, думан да ойда.
Шабытқа сенбейтұғын айтшы, Фара,
Сеніңше айтыс қайда, қуған қайда?[/quote]
Шабытқа бір жолы әбден көңіл қалған,
Қол бұлғап шақырса да өмір алдан.
Жоқ нәрсені бар деп жүріппін ғой,
болғанда... болып шықты өмір жалған.
қуған менен думанның ар жағында,
Айтыстың жатқанын сен болжадың ба?
Шабытқа бір жолы әбден көңіл қалған,
Қол бұлғап шақырса да өмір алдан.
Жоқ нәрсені бар деп жүріппін ғой,
болғанда... болып шықты өмір жалған.
қуған менен думанның ар жағында,
Айтыстың жатқанын сен болжадың ба?
Шабыттан жүрегімде жатқасын із,
Көп көрмеген болған соң жас басымыз
Сендегі сезбеппін ғой батпан мұңды
КЕЙ сөздерің қалдырды рас жасын із...
Өмірден "тәтті өтірік" олжаладым,
Көріп келем тек қана ақ жолағын.
Аңқаулығым бар бәлкім содан шығар
ҚУУды АЙТЫС дем еш болжамадым,,,
Көп көрмеген болған соң жас басымыз
Сендегі сезбеппін ғой батпан мұңды
КЕЙ сөздерің қалдырды рас жасын із...
Өмірден "тәтті өтірік" олжаладым,
Көріп келем тек қана ақ жолағын.
Аңқаулығым бар бәлкім содан шығар
ҚУУды АЙТЫС дем еш болжамадым,,,[/quote]
Өр үстінде өтірік, надандық тұр.
Шындық пенен айтыста амандық құр...
Қазақтың бұл айтысы аман болса,
Қайта орнап шығады адалдық дүр.
Әр облыс боранға ораныпты,
Білесің бе, қай жаққа жол алыпты?
Мұндай дауыл келерін ескерген бе?
Табиғаттың ашуы, ызасы бұл
Мықтылардың мықтысы дес берген бе?
Ұйып бір тыңдаса да борандағы үн
Айта қоймас қай жаққа жол алғанын.
Бізге келсе - Жаратқан жеңіл етсін,
Күзге кетсе - тыныштау болар да күн!!!
Айта қоймас қай жаққа жол алғанын.
Бізге келсе - Жаратқан жеңіл етсін,
Күзге кетсе - тыныштау болар да күн!!![/quote]
Сөздеріңе ұйып бір, таңдай қақтым.
Қызы едің айта қойшы қандай жақтың?
Өлеңнің өң бойынан күй ақты шын,
Білерім жақсы қызсың, ұяттысың.
Тұмшаланған бетіне қарай қалсам,
Боранды өлкенің қызындай сияқтысың.
Ұшқынын жүрегіме салды отының.
Содан бері иісі бар тұлымымда
Арайлы, асыл қалам - Алматының!
Сыр елін дей алмаймын боранды деп,
Сондықтан арыл ондай ойдан, тектім!
Ұйып тым тыңдай-тұғын бір әнші бар
Суреті ғой мынау сол Мейрамбектің !
Әңгімені сен жаққа бұрайын бір
(Әзіл де - жақсы мұра қартаймайтын.)
Суретке қарап мен де сұрайын сыр
Қай жақтың баласысың карта ойнайтын?
(Әзіл де - жақсы мұра қартаймайтын.)
Суретке қарап мен де сұрайын сыр
Қай жақтың баласысың карта ойнайтын?[/quote]
Жамбылдың баласымын карта ойнайтын
карта ойнайтын және де қартаймайтын.
Құтты жердің құлыны мен боламын,
қуанышы ешқашан ортаймайтын.
Көшербаев әкім боп барды Сырға,
Бөленіп елдің ыстық алғысына
Екі жастың айтысын білмеп едім.
неге екі тармақтап отсыз, Фара,
Қайым айтыс емес қой бұл дегенің))))
Ақерке кете берсін жағасына
жабылмай-ақ порталдың Фарасына
Есі кеткен түседі деуші еді ғой
жарасқан екі жастың арасына