"Массагет.кз" айтыс
Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.
Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.
Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.
Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?
Ол үшін алмаңызшы кекті бізден.
Үшеу боп айтысамыз деп жүргенде
Салта қыз неге жырақ кетті бізден?
Ол үшін алмаңызшы кекті бізден.
Үшеу боп айтысамыз деп жүргенде
Салта қыз неге жырақ кетті бізден?
Салтаға тыйым әлі салынған жоқ,
Сайттағы парольден де жаңылған жоқ.
Қызығынан қыстың да қағылған жоқ!
Үндемейтін кезеңі - көктем оның!
Зұлматты естіп өзім де сабылғам көп!
Қызға қарап еш имам жаңылған жоқ!
Барсаны ойлап мүлдем де сарылғам жоқ,
Сондықтан-ау үндемей кеткен едім...
Қызға қарап еш имам жаңылған жоқ!
Барсаны ойлап мүлдем де сарылғам жоқ,
Сондықтан-ау үндемей кеткен едім...[/quote]
Замана не боп бұл бара жатыр
Түсінбей отыр бүгін балаң ақыл.
Алматыға көктем бұл келмей қойды
Бірден жаз шығатындай қара да тұр
Қыс отыр кетпеймін деп малдас құрып.
Сен, Юрий, заман жайлы сөз қозғадың
Зар-заман ақындарын жалғасытырып.
Көктемге мезгіл ешбір жетпейді ғой,
ағаштар, адамдар да көктейді ғой
Сен оны оңайлықпен қуа алмассың,
Қырсық қыс оңайлықпен кетпейді ғой
Жырдан шумақ төгейін,
Қыстың соңғы күнінде
Қыраулатып көрейін.
Бақты сынап бүгінде
Шумақпен өрнек өрейін
Массагеттің төрінде
Көсілмесе көмейім
Шытырлатып шабытты
Қазанында өлеңнің
Асырайын мерейін
Оқыса екен жазбамды
Жаман шығар демейін
Аяқ басқан форумға,
Қыбылдаса өгейін
Өгейсініп өрсінбей
Төр менікі демеймін
Айтысамын дегенге
Жырыммен жауап берейін
Өз күшімді тексеріп
Массагетте көрейін!
Жайып жасыл көйлегін
Ал, ендеше, іркілмей,
Сөйле, батыр, сөйлегін.
Айтам деген ақынға,
Тұсау салар біз емес.
Бұл Луиза расында
Тосылатын қыз емес.
Аңдап басып қадамды әр
Айтысайық ендеше.
Сөз сүймейтін адамдар
Келмесінші, келмесе!
Қыста кетіп сенделді
Луиза қыз жадырап
Қарсалдың ау сен мені
Сен тұрғанда сөйле деп
Көсілмейін қалайша
Массагеттей көлге кеп
Құлаштайын молайса.
Ерке жүзген көлінде
Сен бір аққу боларсың
Адасқан өз елінде
Сахар қайда қонарсың
Қонармын деп жай іздеп
Келген едім осында
Келгенім жоқ шәй іздеп
Ердім өлең қосынға
Сөйле, сөйле тосылма
Ал қарындас, қарлығаш
Көктеміңе қосылда
Бұл айтыстың бағын аш!
Бастайын аса қамқор Алла атымен.
Байқасам бұл массагет байге ашыпты,
қатысқан қасқалар бар жорға кілен.
Ассалаумағалейкум уа массагет,
байланысқан тағдыры Алматымен.
Мен бүгін біраз елге қайран қалам,
орысша оттап, көшеде тайрандаған.
Танысу бір ғанибет блог порталда,
Ембердінің ұрпағы Байжан болам.
бисмиллаһ не болсада нар тәуекел,
Ұран тастап қалмақты жойған бабам.
Емберді мен Нұрдаулет екі жақтан
Екі сөздің басын бір құрамасаң,
Бұл қазаққа оныңның несі мақтан?
Қыс кетіп біздер жақта сыз қалмады,
Мен едім филфак жақтың қызғалдағы.
Бәрі бір бақа басты ерсіздер ғой
"Дама қарға" баспайды "тұз қарғаны"!
Луизаның сөзіне назар аудар
Айтысуға келіпсің айтысағой
Үлкендерге жол берген жақсы балдар
Тұз қарғаға теңеумен қалқалады
Бойжеткеннің тілінен бал тамады
Тұздай біздің сөзіміз қайратты емес
Дамаларда басады Балталарды!
Ал шу дейін аттың басын бұрайын
Массагеттей ақсақалдың ақ батасын сұрайын
Үш адамдық айтысты мен көрмеппін
Айтысыңдар сырттан қарап тұрайын!