"Массагет.кз" айтыс

Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.

Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.

Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.

Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?

айтысқа қолдау білдірейік .
Оу, Дарын!
Жұмыссыз азған ек,
Сөзбенен озбап ек.
Шүйліктің сен де енді,
Жалған жыр жазба деп...

Тіліңде бәлең де,
Әрекет тән ерге
Артық сөз сөйлемей
Ісіңмен дәлелде!

Үмітсіз өтпейін,
Үлесің көп дейін...
Былжыр бос сөзіңнің
Пайдасы көк тиын...

Тікендей тіліңнен
Мұң көрдім... үніңнен
Еңбегің бар ма бір?
Еліңе сіңірген...
Әбдіразақ Асхатпын
Талабым таудай асқақпын
Ат қойғанда өзіме "А" әріптен бастаппын
Сусындап ғылым нәрінен
Ғылымның кілтін ашпақпын
Кәдесіне халқамның осылайша асқақпын
Оу, Асхат!
Қауым өлең өрген-ді,
Сәлем беріп келген-ді.
Кердеңдейсің несіне?
Кергендейсің кеудеңді.

Жағдайыңды сұрасақ,
Жырдан жақұт құрасақ
Ат қойдым деп айтасың,
Сөйледің бе туа сап :D :D :D
Шалқып жүрген шақырып ап шабытты
Айтысыңдар, халайық, айтысыңдар.
Айтыскерлер артығырақ бақытты
Менімен айтысар қайсысың бар? ;)
Оу, Ақерке
Өзіңді алғаш көргенде, тұрыпқалғам,
Себебі санам сенде құрықталған,
"Бұл неткен жан" деп едім сода ішімнен,
Сұлулардың ішінен сұрыпталған!

Актерлық шеберлік те бойыңда бар,
Байқадым ақынсың-ау ойың да нар!
Жүрісіңе мінім жоқ, онымен қоса,
Киіміңде қуантад қойын жабар!

Жүзіңнен имандылық аңғардым шын,
Сезіміңді сақтасын шаңнан, құрсын...
Бір өзіңе арнаған ұнау үшін,
Осы өлеңім өзіңді таңдандырсын!!!
Ақеркеге 2:
ерік беріп бойдағы сезімдерге,
саған лайық баладым өзім ерге.
арнайы ауылыңа келіп едім,
тастамайын деп қыздың сөзін жерге.

сен бірақ қарамадың, бет бұрмадың,
айдан анық болса да кеп тұрғаным.
бір ауыз сөзіңе де қарық болмай,
ыстық күннің астында тек құрғадым.
(белгілі болып қалды біздің жаққа,
үнсіздіктен алынбас шеп құрғаның...))


қыз түгіл сайтан да жоқ айтысатын,
уақытта келіп қалды қайтысатын.)))
бір сұлудан дәмелі барған кеше,
басы түсіп қайтты елге "байқұс ақын!"
Байқамаппын жауаптың жазылғанын,
Біраз сырдың астары қазылғанын.
Төрлетіңіз, бұрыпсыз аттың басын
Қыздармыз ғой құрметтер аз ұлдарын.

Оқыдым маған жазған мініңізді,
Киімім жайлы және сыныңызды.
Жүрісім де косылып жырланыпты-ау,
Түсінем қалай, аға, мұныңызды?)

Маған таныс болмай тұр есіміңіз,
Өзгелерге тимесін кесіріміз.
Ал енді жауап жаза беріңіз де
Кештетіп келгеніме кешіріңіз
көңілсіз күйім қалпына келді,
жауабыңды оқып кешіккен.
ғашық жүрегім талпынады енді,
сен жаққа желкен есіп кең.

ұнатам десем айып қылмашы,
қолданар іс жоқ сезімге.
жақындап барсам тайып тұрмашы,
жалғыздық шеккен кезімде!

өткенде кірдім блог үйіңізге,
ой түйер көп-ақ мүлкіңіз.
қол жетер ме екен логиніңізге,
сағындырды әттең күлкіңіз...

хатыңды күтем құсындай көктем,
кешікпей келед деу менен.
сезім құстарын ұшырмай кет-пен,
өзіңді күтер кеудеден...
Оу, Дарын, қайырлы түн дейін бе,
Көңілдің жүрмісіз сіз күнгейінде?
табан асты пайда боп сыр айтасыз
Мұныңызға күлейін бе, күлмейін бе?

Ақерке жалған сырдан тайқып пе еді,
Дарыннан ол да мұндай жай күтпеді.
Қырсықтығым бар еді, сендірмессіз
Сезім жайлы қысыр сөз айтып мені.

Көңіл-хошым болмай тұр қарсы алардай,
Логинім арзан емес, жар салардай,
Ешкімге бергенім жоқ, тапты бірақ
Сіз де тауып алыңыз дәл солардай