"Массагет.кз" айтыс

Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.

Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.

Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.

Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?

Сынға түсіп көру керек еді, егер рұқсат болса! :roll:
Өнерді кім біліпті?
Болған ба екен жыр шегі
Топтан озып шығыпты,
Ақылбектей бір сері...

Уа, Ақылбек айтысқа
Шақырыпсың мені енді.
Өнерің бар қай тұста
Байқайықшы өреңді.

Мейіргүлге сендің бе?
Жырдан өрнек өрдің бе?
Жеңілем деп келдің бе
Жеңемін деп келдің бе? :lol: :lol:


Келетінін Мейіргул кыздын біліп едім
Мен калай, Мейіргул кыздан женілемін
Массагеттін айтысып как торінде
Мен аянбай жыр болып тогілермін

Аганды сен котеріп тастадын ау
Тырнагына татымайтын серілердін
Карындасым калайша бага бердін
Мен калай серілерге тен келемін

Бермейді біздін елде баганы шын
Так мінсен, тек сонымен багалысын
Ок болып кейде озіне оралады
Багындырмасан озіне калам ушын АГИГАГИМ АГИГАМ АЙ

Казір осы, біздін елде мактау барма?
Шеберміз біз орай келсе даттаугада
Таланты туншыктырып тастаймызау
Косемди бармыз биз жалмаугада

Неге дайынбыз біз билікке жагынуга
Жауап берші карындасым сурагыма?
Жасканамыз шындыкты біз айтуга
Шамамыз жетпейме алде санамызба

Сенеміз біз жазылган жолдаугада
Дайынбыз біз аркашан колдаугада
Дайынбыз біз шындыкты жасыруга
Деп калам елу елдін ол талабыма
Оу,
Күйінесіз сіз неге?
Өлеңіңіз өкпелі
Әділдікті көрмесең
Тағдырыңның тепкені.
Қара жолақ бұлар да
Ғұмыр деген беттегі.
Сыйласқанға не жетсін
Өмір деген өтпелі...

Оу,
Шындық жоқ деп шарқ ұрдың
Ақиқат ол бір арман.
Ақтаңдағы тарихтың
Уақытпенен сыналған.
Кейде кештеу жанады
Шындық деген шырағдан.
Бұл өмірдің өзі де
Өтіріктен құралған...
Оу,
Күйінесіз сіз неге?
Өлеңіңіз өкпелі
Әділдікті көрмесең
Тағдырыңның тепкені.
Қара жолақ бұлар да
Ғұмыр деген беттегі.
Сыйласқанға не жетсін
Өмір деген өтпелі...

Оу,
Шындық жоқ деп шарқ ұрдың
Ақиқат ол бір арман.
Ақтаңдағы тарихтың
Уақытпенен сыналған.
Кейде кештеу жанады
Шындық деген шырағдан.
Бұл өмірдің өзі де
Өтіріктен құралған...


Қарындасым ол рас, әділдікте көрмегенім,
Байқайсынба әділтіктен елім шолдегенін
Бас шұлғисын тагдырдын ол тепкісі деп
Оз халқына у берген билікті кормеп едім

Қарындасым қай ұяның кептерісің?
Қай тектінің өсіріп сепкенісің?
Қанатыңды қай жерде қатайтып ап?
Жалғадың қай қыранның өткелі ісін?
Туғанмын Бөкей Ордамда
Ордамның ерек орны рас...
Бойжетіп едім сол маңда
Ел сүйген мен бір қарлығаш...

Топырағыма нәр берген,
Махаббатымды сыйлаппын.
Күйімен Дина әр берген,
Махамбет туған бұйрат құм...

Батыстың байтақ даласы
Бойтұмарындай жүректің.
Көңілімнің көп жарасы,
Мұңды жүрекке жыр ектім...

Он екі ата байұлы
Алаша деген руданмын.
Елімнің небір шайыры
Жыр терген жерде туғанмын.

Ал өзің серім, қай елсің?
Батырым, сен де еліңді айт.
Қай топыраққа сай ерсің?
Ақылбек, енді жөніңді айт...
Туғанмын Бөкей Ордамда
Ордамның ерек орны рас...
Бойжетіп едім сол маңда
Ел сүйген мен бір қарлығаш...

Топырағыма нәр берген,
Махаббатымды сыйлаппын.
Күйімен Дина әр берген,
Махамбет туған бұйрат құм...

Батыстың байтақ даласы
Бойтұмарындай жүректің.
Көңілімнің көп жарасы,
Мұңды жүрекке жыр ектім...

Он екі ата байұлы
Алаша деген руданмын.
Елімнің небір шайыры
Жыр терген жерде туғанмын.

Ал өзің серім, қай елсің?
Батырым, сен де еліңді айт.
Қай топыраққа сай ерсің?
Ақылбек, енді жөніңді айт...


Қарындастың жауап берейн сұрағына
Сүбегелі сөз тауып құрағына
Менде сол сен өскен Батыстанмын
Шет елдін түскен жері тұзағына

Көз жугірсек тарихтың шындығына
Біз көнбеппіз жат елдің құлдығына
Күл төбенің басында жиылыста
Жер тимепті кіші жүздін ұлысына
Жеті жігіт жеті рудан алқыныпты
Әлімнен алты текті ақырыпты
Он екі жігіт оларда салқын қанды
Жебедей хан ордасына атылыпты
Әбілхайыр тектілікпен басқарыпты
Басу айтып сабырлыққа шықырыпты
Реніштен батыстfн қоныс іздеп
Атын ертеп қаруын асыныпты
Ханорда көріпкелі болжаған ед
Әділсіз пайымдадын шешімінді
Кіші жүзге әділдік болмаган ед
Көзімнің болса егер көрегені
Көрде тұр жер жұмақ мекен ед
Шогінсіздеу жерді панағылып
Құмды өлке ақшатқа тұрақталған
Қолайсыздау малғада сол мекенді
Жауынын тасаттықпен сұрапта алған

Тыншы жіберіп кіші жүз мекеніне
Хабаршыдан жағдайын сұраған ед
Көріпкелім сен әділсіз сөйледіндеп
Қате деп сөзін оның пұлдаған ед
Сонда көріпкел төрінде молдас құрып
Хан ием ашуланба сабырлық ет
Күндердің күнінде сен армандаған
Сол елдін халқы емес қара тұр
Жерінің байлығы қазығын қағып беред
Ел ордаңды әсем қылып салып беред
Жауап міне сол ханның сұрағына
Орындалды көріпкелдің болжамыда
Сол жерлер әділдектен шөлдеп отыр
Ел басының жетсе екен құлағына
Айналган мұнайлы жер отанына
Өзгерген жер экология тозағына
Суйегім Адай деген елден едім
Өзгенің шыдамаган бұданына
Байлығы Астанамды салып берген
Тауелсіздіктің қазығын қағып берген
Ата бабам сол мекеннен орын апты
Мұнайлы Маңғыстау жәннат жерден
Батыс десе айнам ау тоқтамай айт
Қиып айт озге көзге сұқтанбай айт
Қарындасым құлақты қандырып айт
Тарихтан сұрау салып жандырып айт АГИГАМ АГИГАМ АЙ
армысың алаш ұл,қызы,
өлеңнің мінген кер бесін.
жансын деп барша жұлдызы,
комптың бастым пернесін.
сәлеммен сөзді бастадым,
қазақы көшке ергесін.
осынау айтыс елінде,
жыр жолы бізді тербесін.
өлең-жыр ойда өрбіді,
шабытым кеуде кергесін.
(тосылсам өлең елінде,
қара жұрт әйтеу жерлесін)
жыр елінде белгілі өз тұрағым,
ерттеп мініп мен келдім сөз пырағын.
ақиқаттың мылтығы ойынымда
атылса егер бұқпастан, төз шырағым!
зарламашы демегін, өйткені біл,
елемеген бұтақтан көз шығарын.

мен бастадым жолдарды шындық дейтін,
жасыра алса жасырсын сұмдық кейпін.
мұрыныңның астынан асыңды алса,
көзімізді неліктен жұмдық кей күн!

жемқорлардың қатары артып бүгін,
қалдырмауда ертеңге сарқыт жүгін...
толтырып ап қалтасын шетел асса,
оларды етегінен тартыпты кім...?

сол қашқындар...
қос аяқты кете ме жіпсіз буып!
"жүктілерге" жетпейміз "жүксіз" қуып,
ертеңгі күн өзгеге құл болмасын,
құрсақтағы ұрпағың түксіз туып....
Оу,
Өр қазағым - рухты ел демеспісіз?
Жақсы сөзсіз ел кезген елеспісіз...
Жыладыңыз несіне, Дарын ақын,
Зар заманның ақыны емеспісіз?!

Қаншама елде от соғыс, қанды майдан
Сөз қозғайын ендеше арғы жайдан
Жә алысқа шаппай-ақ, Қырғызды көр...
Осыншама күрсіну тамды қайдан?!

Бергеніңіз біржақты бағам шығар,
Ақ пен қара айқасса, заман шыдар!
Өміріңіз өкпеге толы болса,
Жақсылықты көрмейсіз... Содан шығар!
Шындық дейтін өтпеді балтамыз мың
Дей алмаймын тілімнен бал тамыздым.
Өзгелер бізбен бүгін істес боп жүр,
Қамы үшін томпиған қалтамыздың...

Дегің келер сен маған арадайсың,
шындыққа сен көзді ашып қарағайсың.
Мұхтар ағам айтпақшы шындықты емес,
Жалған өлең жазар болсаң шалағайсың,
Шындыққа сусындап жүрген елде,
"Ақын" деген атаққа жарамайсың!

Сен шүйлікпе өзге елдік толғанысқа,
Үйге келмес шындықты жолдан ұста.
Өзің айтпақ "бәрі жақсы" елімізде,
Демократия қаншалық қолданыста?

Біздің байлық кем емес арабтардан,
Оларда үкмет халқына жарап қалған.
Біздің билік елі үшін қызмет етпей,
Қарсы атуға қарумен жарақталған...

Көөп+-ақ әттең, айтатын ойымдағы,
Шумақтарға сиимайды ойым тағы...
Шындығыңа қол қабыс көрсеткейсің,
Өтірікті жеңсінші бойңдағы.