"Массагет.кз" айтыс

Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.

Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.

Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.

Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?

Өлең оқып, Салтанат ән тыңдайды
Әйтеуір, саясаттан бейхабарлау.
Ақпар іздеп көріп ед әкім жайлы
Көп нәрсені біле алмай қайта оралды-ау)))

"Луиза #" Бұл "Айтысқа" көп боп ед кірмеп едім,
Екі жастың айтысын білмеп едім.
неге екі тармақтап отсыз, Фара,
Қайым айтыс емес қой бұл дегенің)))) :D

Ақерке кете берсін жағасына
жабылмай-ақ порталдың Фарасына
Есі кеткен түседі деуші еді ғой
жарасқан екі жастың арасына :D


Екеу, алтау, онбыз ғой, жүзден көппіз,
Кетіп қалып жүрмеші жағаңа шын.
Айтысқа кел, уақытты бізбен өткіз,
Кетіп қалсаң маған - мұң, Фараға - сын! :-D

Біліп біраз, танысып болғандаймын,
Порталдың өр мінезді Фарасымен.
Енді сен айт хабарын хал-жағдайдың
Танысайын сайтымның Сарасымен???
Екі жасты бөлді деп ел күлмесін
Артымнан Фара қуып кеп жүрмесін
"Жап-жақсы әңгіме айтып отыр едік,
Луиза бәрін бұзды" деп жүрмесін :D

Әрине, бәрі қалжың, Салтанат қыз
Осылай ұлы айтысты жалғамақпыз
Біз күндіз ұя салған қарлығашпыз
Ал түнде ұйықтамайтын жарқанатпыз

Құрбым-ай, жазбаң жақсы барша бетте
Дұрыс қой өнеге боп қалса көпке.
Біз деген сондай адал тұрғынбыз ғой
Түнде де отыратын Массагетте
Құрбым-ай, жазбаң жақсы барша бетте
Дұрыс қой өнеге боп қалса көпке.
Біз деген сондай адал тұрғынбыз ғой
Түнде де отыратын Массагетте[/quote]

Әні-міні дегенше көктем келед,
мас қылып сезімдерге өктемдемек.
жас қылып жүректерді жібітсе де
аяғы талай жанның көктен келед...

Жаратса Құдай бізді етіп ізгі
қызылы артық болсын бетіміздің
бір нәрсе сұрайын деп отырмын мен
жігіті бар ма екен екі қыздың?
Артық болсын қызылы бетіміздің,
Жаратқан соң ОЛ бізді етіп ізгі!
Қай жерде жүрсе-дағы іздеп табар
Жігіттері мұндағы екі қыздың.

Кей түндер ұзақ дейді бір ғасырдан,
Сондайда орын алар мұң қасыңнан.
Жарқанат, қарлығаштар сая тапқан
Массагеттей айналдым шын досымнан!

Екеу, жігіт, жұп дедік кешегіден,
(Әй, осы әнтек ойдан еседі леп.
Келмей жатқан көктем бе? Әлде осы
"Сбетой Балентина" әсері ме? ;) )
Кей түндер ұзақ дейді бір ғасырдан,
Сондайда орын алар мұң қасыңнан.
Жарқанат, қарлығаштар сая тапқан
Массагеттей айналдым шын досымнан!

Екеу, жігіт, жұп дедік кешегіден,
(Әй, осы әнтек ойдан еседі леп.
Келмей жатқан көктем бе? Әлде осы
"Сбетой Балентина" әсері ме? ;) )[/quote]

Массагет ғашық болар орта болсын,
Массагет асып-толар орта болсын.
Жалғыздық мұңайтқандар кеп кіріңдер
осында болар бәлкім зор танысың.
Сүйіп қалған, өмірді, аңсап өтпе,
Бағала, осы сайтты баса кетпе
Ұлы өмірге аяқ бақсан ұландардың
Тұсауларын кесейік Массагетте
Сүйіп қалған, өмірді, аңсап өтпе,
Бағала, осы сайтты баса кетпе
Ұлы өмірге аяқ бақсан ұландардың
Тұсауларын кесейік Массагетте
Челябинге метеор келіп түсті
Бір қайран қалдырды ғой ерік-күшті.
"Ақырзаман" деген сөз қайта оралды
21 желтоқсанға беріп күшті
Қорқыныштан дірілдеп құр денеміз,
Сол зұлматты ойламай жүр демеңіз.
Болары анық оның, білмим қашан
өмір сүріп біз бірақ үлгереміз.

Суға түсіп бір ақтық селмен бірге
бір сілкініп алдық қой жермен бірге
Көппен көрген ұлы той дейді халық
не көрсек те көрерміз елмен бірге
Қомақты қаржы кетті құйған қанша...
Кеше ойнап кетті ғой Милан-Барса.
Аңтарылып отырдық жеңіліске
Шешінге қызды көрген имандарша :lol: :lol: :lol: