Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз
Қазақ халқы әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Жасынан ән–жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық–сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен баурайды. Бір уақ сейіл–серуенге шығып, саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние–байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тзы ұстаған. Ақан сал–серіліктің салтанатын аңшылық–саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» ән өлеңі. Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлгер 1876 жылы Сағынайдың асынд қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмолның алпуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа халық ерекше мән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы–мұңы бар. Сондай–ақ ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады. Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады. Жел соқса қамыс басы майда деймін, Атыңды, ат айдаушы қайда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай–таласқа түскендей болады. Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой –сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады. Өлді деп Құлагерді естігенде, Бір тұрып, бір отырып ойбайлдым, – дейді. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылғн сайын Ақан серінің де, елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған. Ор болып қалушы еді шапқан жерің, Шаттанып тұрушы еді қосқан елің. Атығай, Қарауылға олжа салған, Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім. Құлагер құнанында керім еді, Нағашым сұрағанда беріп еді. Ат қоса Ерейменге барғанымда, Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді. «Құлагер» өлеңін оқып отырғанда Ақан серінің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәттерінің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Ақынның азалы үнінен сырт қалу мүмкін де емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, әділдікке жымысқылық пен қол көтерген қараниет қарақшылардың зұлымдығына басылған лағынет таңбасы. Құлагерді өлтіргенде алдым несін, Әркімнің тәңірім берген несібесін. Қас қылған жануарым Құлагерге, Жауызға бар тілегім өлім берсін, – деген жолдар Ақан серінің ғана тілегі емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады. «Құлагер» өлеңі бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жатыр. Ат өлімі жүрегіндегі ашу–ыза, кекті тұтандырып, намысын жани түскен. Сондықтан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шындығын ашып, қанды қол қарақшыны да, кеудесіне нан піскен озбырларды да өлтіре сынап, оларға қарсы үн көтереді, өлім тілейді.
Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі Құлагердің сипатын талдап жазыңыз.
Ақан сері құлагер сипаты Ақан серінің "Құлагер" өлеңі туралы Қазақ халқы əәнші ақындар
шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Жасынан əән–жырға үйір ол қолына
домбыра алып əән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. ƏӘдемі киініп,
жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық–
сайран құрады. Қалың елді ғажайып əәнімен баурайды. Бір уақ сейіл–серуенге шығып, саятшылық
құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «сері» атандырады. Ақан сияқты көп
қырлы өнері бар адам дүние–байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей
ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тазы ұстаған. Ақан сал–серіліктің салтанатын
аңшылық–саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс
салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы
тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» əән өлеңі. Бірнеше рет
аламан бəәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер 1876 жылы Сағынайдың асынд
қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бəәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың
алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерге қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып
өлтіреді. Осы бір қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған
атқа халық ерекше мəән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен
туған. Өлеңде озбырлықтан зəәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы–мұңы бар. Сондай–ақ
ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады.
Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды.
Бір жамандықты сезгендей болады. Жел соқса қамыс басы майда деймін, Атыңды, ат айдаушы қайда
деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген
жолдарда бір үміт, бір күдік тай–таласқа түскендей болады. Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде
есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой –сезімін бір сəәт шарасыздық билегендей болады. Өлді
деп Құлагерді естігенде, Бір тұрып, бір отырып ойбайладым, – дейді. Ақанның өкінішінде шек жоқ.
Өлеңнің əәр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бəәйгеге қосылған сайын Ақан серінің
де, елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік
ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа
да оңай болмаған. Ор болып қалушы еді шапқан жерің, Шаттанып тұрушы еді қосқан елің. Атығай,
Қарауылға олжа салған, Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім. Құлагер құнанында керім еді, Нағашым
сұрағанда беріп еді. Ат қоса Ерейменге барғанымда, Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді. «Құлагер»
өлеңін оқып отырғанда Ақан серінің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары басып тығырыққа
тірілген ауыр да, азапты сəәттерінің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Ақынның азалы үнінен сырт
қалу мүмкін де емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, əәділдікке жымысқылық пен қол көтерген
қараниет қарақшылардың зұлымдығына басылған лағынет таңбасы.
Құлагерді өлтіргенде алдым несін,
ƏӘркімнің тəәңірім берген несібесін.
Қас қылған жануарым Құлагерге,
Жауызға бар тілегім өлім берсін, – деген жолдар Ақан серінің ғана тілегі емес, қара ниет жауға деген
бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады. «Құлагер» өлеңі бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда
əәділетсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жатыр. Ат өлімі жүрегіндегі ашу–ыза, кекті тұтандырып,
намысын жани түскен. Сондықтан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шындығын ашып, қанды қол
қарақшыны да, кеудесіне нан піскен озбырларды да өлтіре сынап, оларға қарсы үн көтереді, өлім
тілейді.
Өз тұстастарымен жыр бәйгесіне түскен Әсет ақын шығыс әдебиетінің озық шығармаларымен түпнұсқасы арқылы танысып, классикалық шығармаларын өлеңмен қисса-дастан етіп жырлады. Жазба әдебиет үлгісіндегі «Сәлиха-Сәмен», «Кешубай» дастандары ақынның өмірге көзқарасының, білім, талғам дәрежесінің артқандығын, жаңа арна, бағытқа бет бұрғандығын аңғартады. Ақын дастандарының өзіндік бір ерекшелігі – оның көбінесе басқа ақындар жырламаған тың тақырыптарды таңдауында. Оған «Ағаш ат», «Үш жетім қыз», «Барат қыз» қиссаларының сюжеті дәлел. Әсет Найманбайұлының адамгершілік, адалдық, имандылық секілді қасиеттерді дәріптей жырлауы – гуманистік ой-пікірлерінің жемісі.
«Салиха — Сәмен» поэмасы Ақылбай, Мағауия поэмаларының үлгісінде жазылған лирикалы – романтикалық поэма. Салиха мен Сәмен де бас бостандығы үшін, махаббат жолында құрбан болған жандар. Поэмада Алтай тауын мекендеген монғолдың Ясукей деген ханының асқан сұлу қызы Салиха сипатталады. Ханның қолындағы батыры Сәмен мен Салиха көңіл қосады.
Хан сезіп, халық білсе мұндай сырды,
Ажалдан қыз бен жігіт қалмайды аман.
Екеуін еркіменен қоспайтұғын,
Қатыгез хан қаһары өзіне аян, —
дейді ақын. Салиха мен Сәмен ешкімнен жәрдем күтпейді. Олар бір қиын құзды тауып алып, сол жерге бекініп, жан сауғалауға бел байлайды.
Хан қызының жоғалуы елді дүрліктіреді. Хан «қызымды азғырғандарды дарға асып, қыздың басын кесем»,- деп жарлық етіп, еліне іздеп табуды бұйырады. Ақыры қалың қол Салиха мен Сәменді тауып алады. Сәмен қалың қолға қарсы шығып, қансырап, естен танып құлап қалады. Қызды хан қолына табыс етеді.
Хан қолы Сәменді өлді деп тастап кеткен. Сәмен есін жияды. Ол тауда үш ай жасырынып жатып, Көкше дейтін әулиені іздеп Тянь–Шань тауына тартады. Әулие оған жәрдем көрсетудің орнына атын тартып алып, өзін жаяу қалдырады. Сәмен Салиханы іздеп зар тұтып Ұланға қайта оралады.
Ақын енді Салиха жайын баяндайды. Ол қапа мен қайғыға душар болып, гүлдей солады. Салиханың көңілі дүниеден Сәменсіз тиянақ таппай, «жолыңа жаным құрбан болсын» деп уәдесін бұзбай:
… Зар жылап осылайша қылды налыс,
Ай мен күн дәт айтуға тұрсың алыс.
Куә бол тәңірі алдында сен екеуің,
Ғаламсың көпке бірдей тура қалыс.
… Соны айтып салды қанжар жүрегіне
Жан шығып тез жетуге тілегіне…
Сөйтіп қаза болған жарының басына Сәмен де келіп, сол қанжарды қолына алып:
Жас жаным Салихамен болсын бірге,
Маржандай қызыл қаным жерге тамып.
Қара жер, мейірімді анам, аш қойныңды,
Саяңа келіп тұрмын Сәмен ғарып, —
деп ол да өзін — өзі өлтіреді.
«Салиха — Сәмен» поэмасының мазмұны осы.
Поэманың идеялық мазмұны хандық дәуірде адамның жеке басының ерікті болуына еш мүмкіндік жоқ екенін көрсетеді.Мұндағы жағымды екі кейіпкер – Салиха мен Сәмен нағыз романтикалық геройлар. Екеуінің де ерлік мінезі мен ерлік ісі, махаббат жолындағы қайсар күресі, айтқан серттен айнымай шығысып, бір қанжармен тағдырын шешу – осының бәрі өршіл романтизмнің белгілері.
Салиха мен Сәмен өлгенде жеңіліп, бас иіп өлмейді. Ғашықтық уәделеріне жеткеніне разы болып, тәкаппарлықпен өледі. Бұл екі кейіпкер де бір сезімге берік берілген. Ол сезім – махаббат. Поэманың оқиға түйіні, тартыс желісі сол махаббат жолындағы күреске құрылған.
Ақын поэмасында махаббатты ешбір күш жеңіп бағындыра алмайды деген қорытындыға келеді. Сәмен өлерде:
Қош айтам тау мен тас, дария көлге,
Жат бауыр өсіп — өнген біздің елге.
Сайрандап көк аспан мен тұрған жұлдыз,
Сәуле бер біздің жатқан сары белге, -деп жұлдыз сәулесінің ғашықтар қабіріне түсіп тұруын тілейді.
Салиха да, Сәмен де өлерде жеке адамға кінә қойып, қарғыс айтпайды. Өйткені, бүкіл әлеуметтік өмір, хандық дәуір, тар заман бұлардың өліміне кінәлі.
Әсет Найманбайұлы поэманың романтикалық сарынына сай оқиғаның ширап өрбуін асқақтаған суреттермен, табиғаттың айбынды тұлғасының құшағында береді. Әсет ақын поэмасының тіл көркемдігі, сөз образдары жағынан да Абай үлгісі, Абай өнегесі айқын көрініп тұрады.
Салиханы суреттегенде:
Тамағы ақ торғындай үлбіреген,
Сүйріктей он саусақтың бір саласы, —
деген сипаттау Абайдың:
Жұп – жұмыр ақ торғындай мойыны бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды, —
деген суретін еске түсіргендей.
Темірдей қара жартас сұрғылт түсті,
Қабағын қаһар көзін қарс түйіп, -деген суреттер Ақылбайдың «Дағыстан» поэмасындағы, не Лермонтовтағы Кавказ тауының бейнесін көз алдыңызға әкеледі.
Мұңлы тау аспанменен бой теңескен,
Тұрғандай бейне мүлгіп басын иіп, -деген сияқты метафоралар, «Ақырған аждаһадай тасқынды өзен» деген жолдар Әсет Найманбайұлының бұл поэмасында анық мәдениетті, жазба ақынның салтын сақтағанын көрсетеді.
Сонымен, «Салиха — Сәмен» лирикалы – романтикалық көркем поэмалардың бірі, Әсет ақын поэзиясының құнды мұрасы.
Әсет Найманбайұлы- асқақ үнді, әсем ырғақты әндер шығарған сазгерлігіне қоса әдеби қорымызға көркемдігі жоғары мол мұра қосқан ақындығымен де қосқан ақындығымен де оқшауланатын тұлға. Оның шығармаларының қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихынан алатын орны ерекше. Ақынның мол мұраларының бірі-қисса-дастандары. Шығармаларында ең көп жырлаған тақырып-сертке беріктік, уәдеге адалдық. Әсет дастандарында махаббат, байлық, мансап, зұлымдық, адамгершілік бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып отырады. Сондай дастандарының бірі моңғол өмірінен алып жырлаған «Салиха-Сәмен» дастаны. Дастанның сюжеті Салиха мен Сәменнің арасындағы махаббатқа құралған. Ясукей батыр деген моңғол ханының қызы Салиха жас шамасы өзімен қатарлас көркімін де, батырлығымен де ел сүйсендіріп жүрген Сәмен деген жігітке сыртынан көріп-ақ ғашық болады. Сәмен де Салиханға ғашықтығын жеткізеді. Екеуі бірін-бірі шын ниетпен ұнатып, қосылуға уәделеседі. Бірақ қыздың әкесі аса қатал болады. Қосылуға рұқсат бермейтінін біліп, оған айтудан жасқанады. Тек жасырынып қашып кетуді ойлайды. Ол үшін ешкім бара алмайтын және тығылғанда таба алмайтын жерді іздейді. Салиха жігітке: «Сен үшін жаным құрбан», - деп уәде береді. Сөйтіп, екеуі тауға қашады, үңгірге тығылады. Бірақ көп ұзамай қолға түсіп, ақыры қосыла алмай өледі. Дастанды аңыздық желі де, халықтың наным-түсінік те қатар көрініс тауып отырады. Оқиғасы тартымды, тілі шұрайлы, көркемдігі жоғары. Енді осы дастанның басты кейіпкерлерінің бірі Сәменге тоқталсақ. «Ажары жай оғындай жалындаған, Туыста қас-қабақты ер тұлғасы. Сабырлы, терең ойлы маңғаз еді, Жетпеген қатарына тең құрдасы. Сағымдай садақ жетпес жылдамдығы, Қырмызы қыз мінезді, қымбат басы. Денесі тең сандалдың терегіндей, Кең біткен иығының екі арасы. Шалқақ төс, бура санды, бұлшық етті, Бар еді батырлықтың әр саласы. Жау десе жабырқанып жатпайтұғын, Таңдаулы батыр болған ер-қолбасы»,-деген өлең жолдарынан Сәменнің батыр болғанын байқаймыз. Осы дастан арқылы Әсеттің шебер суретші екенін аңғаруға болады. Дастандағы Сәменнің бейнесі көптеген ғашықтық жырлардағы батырлар бейнесі ұқсас. Батырлар жыры мен ғашықтық жыры бір-бірімен байланысы, қатарласа дамыған. Сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдыр жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер жырдың екі түрінде де кездеседі. Қорытындылай келе, Әсеттің көпқырлы дарын иесі екенін айтқым келеді. Оның асқақ әндері мен алуан тақырыпты өлендері, қисса-дастандары халықтық өнерімізді дамытуға, сонымен қатар халқымыздың мәдениетін көтеруге өз үлесін қосқаны және қоса беретіні күмәнсіз, деп ойлаймын.
Ғашықтық – тек қана тәтті сезімдер мен рахат ғұмыр емес. Ғашықтық – ол жүрек жартысы үшін, сүйген жан үшін болатын күрес. Өмірде бір-бірін шексіз сүйе тұра қосыла алмаған ғашықтар қаншама?! Осындай мұңлы, трагедиялық жайттар аңыздарда да, ғашықтық поэмаларында да көптеп кездесіп жатады. Сезім жолындағы ұлы күрескерлікті суреттейтін сондай туындылардың бірі – Әсет Найманбаевтың «Салиха – Сәмен» дастаны.
Салиха – шексіз сұлулықтың иесі әрі ханның қызы. Самен – сол елдің атағы шыққан батыры. Екеуінің арасында кіршіксіз сезім бола тұра, қосылулары неғайбыл еді. Себебі, «хан сезіп, халық білсе мұндай сырды, ажалдан қыз бен жігіт қалмайды аман». Сонда да қос ғашық «өліспей беріспеуге» уағдаласады. Олардың сезім жолындағы күрескерлік жолдары басталып кетеді. «Бөрі етектен, жау жағадан алса да небір іске шыдаймыз» деп уәделескен ғашықтардың көзсіз батырлықтары Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаш пен Алтайдың ерліктеріне ұқсайды. Онда да Алтай кесек тұлғалы, зор денелі батыр еді.
Сәмен тау мен тасты аралап жүріп, астында шатқал өзен жатқанына қарамай, заңғар биік жартасты мекен етеді. Салиха ерінің соңынан еріп, ештеңеден қорықпай Жая тасында өмір сүруге бел байлайды. Ру аралық қақтығыстардың кесірінен қосыла алмаған қос ғашық Еңлік пен Кебек те тау-тасты аралап жүріп, жау қолына түсіп қаза болған еді. Десе де, екеуі де соңына дейін күресіп, асқан батылдықтың үлгісін көрсетті.
Хан жасағы соңдарына түскен соң, Сәмен батыр қаруланып, бір күн, бір түн бойы соғысады. Сәлиха от болып жанып, ғашығының тілеуін тілеп қалады. Жау болса, Сәменнің дем алуына мұрша бермей, тұс-тұстан атқылайды. Өлдіге саналып, жапанда жалғыз қалған Сәменді Сайын бурыл тауып алады. Батырдың сенімді тұлпарының болуы сонай замандағы батырлар жырында да, кейінгі ғашықтар жырында да кездесетін сюжет. Сөйтіп тасада күн кешкен батыр ақыры трагедиялық жағдайға душар болады.
Өзіміз атаған ғашықтық дастандардағы мотив Әсеттің осы поэмасында да кездеседі. Ғашықтық құдіретін суреттейтін туындыда ұқсастық көп болғанымен, Сәмен бойынан ешкімде кездеспейтін ерен батырлық көрініс табады. Сансыз дұшпанымен көзсіз ерлік таныта отырып соғысқа түскен батыр бейнесі осы шығармада кеңінен ашылған.
Әсет Найманбайұлының “Салиха-Сәмен” поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз
Әсет Найманбайұлы - асқақ үнді, әсем, ырғақты әндерімен танымал, әдебиетімізге көркемдігі жоғары мол мұра қосқан, ақындығымен оқшауланатын тұлға. Оның шығармаларының қазақ мәдениеті мен әдебиетінде алатын орны ерекше. Ақынның мол мұраларының бірі – қисса-дастандары. Шығармаларында ең көп жырланған тақырып – сертке беріктік пен уәдеге адалдық. Әсет дастандарында махаббат, байлық, мансап, зұлымдық бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып отырады. Сондай дастандардың бірі - моңғол өмірінен алынып жырланған “Салиха-Сәмен” дастаны. Дастанның сюжеті Салиха мен Сәменнің арасындағы махаббатқа негізделген. Салиха сұлуСәмен деген жігітті көріп, сырттай ғашық болады. Сәмен де Салихаға өз сезімін білдіреді. Екеуі бір-бірін шын сүйіп, қосылуға уәделеседі. Бірақ қыздың әкесі қатал еді. Салиха мен Сәмен ханның рұқсат етпейтінін біліп, айтудан жасқанады. Екеуі жасырынып қашуды ойлайды. Жасырыну үшін ыңғайлы жер іздейді. Салиха Сәменге: “Сен үшін жаным құрбан” , - деп уәде береді. Сөйтіп, екеуі тауға қашып, үңгірге тығылады. Бірақ көп ұзамай қолға түсіп, ақыры қосыла алмай өледі. Дастанда арсыздық желі мен наным-түсінік қатар көрініс табады. Оқиға желісі тартымды, көркемдігі жоғары. Дастандағы басты кейіпкерлердің бірі Сәменнің батыр бейнесі мына өлең жолдарынан көрінеді:
«Ажарын жай оғындай жалындаған,
Туыста қас-қабақты ер тұлғасы.
Сабырлы, терең ойлы маңғаз еді,
Жетпеген қатарына тең құрдасы.
Сағымдай садақ жетпес жылдамдығы,
Қырмызы қыз мінезді, қымбат басын.
Денесі тең сандалдың терегіндей,
Кең біткен иығының екі арасы.
Шолақ төс, бура санды, бұлшық етті,
Бар еді батырлықәр саласы.
Жау десе жабырқанып жатпайтұғын.
Таңдаулы батыр болған ер-қолбасы».
Осы дастан арқылы Әсет Найманбайұлының шебер суретші екенін аңғаруға болады. Дастандағы Сәменнің бейнесі басқа да бейнесіне ұқсаса, батырлар жыры мен ғашықтық жыры бір-бірімен қатарласа, байланыса жүреді.
Қорыта айтқанда, Әсеттің көп қырлы дарын иесі екенін атап өткен жөн. Ол дастанда қос ғашықтың махаббатын, сонымен бірге Сәменнің батырлығын керемет суреттеген. Әсет Найманбайұлының асқақ әндері, қисса-дастандарын ұлттық өнерімізді дамытып, мәдениетімізді көтеруге өз үлесін қосқаны күмәнсіз.
Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медресеге окуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:
Елуден жасым менің белең асқан,
Өлеңге он үш жастан араласқам.
Қызыл ит қимылдаса қызуымен,
Текпінді терең сөзден жаза баспан…-дейді ақын
Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.
Әсет – ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген. Үйрек пен қаздай қалқып жүрмін жүзіп, Көп елде – көл жұртымда қыдыр шалған- дейді ақын.
Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылады. «Айтыс – майдан, айтысқан ақындар майданның жекпе-жектегі батыры»- деп М.Әуезов айтқандай Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтысы – Рысжан қызбен айтысы.
Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі – Әсет.
Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста – халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді. Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен.
Әсет- Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің «Евгений Онегин» романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.
Әсет – нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма – импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған. Әсет өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға қосып шырқап айтады екен.
Атақты музыкатанушы Ахмет Жұбанов, Әсеттің сөзіне музыкасы сай келетінін айта келе: «Орындауы келіссе «Әсет» сахна сәнінің бірі. Әсіресе қайырмасында ән құйқылжып, төгіліп, шын мөнісінде ойнақтап, делебеңді қоздырып кетеді» Әсет – әнші, сазгер. Әсет — нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де ерен жүйрігі.; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған акын. Әсеттің атақты «Қызыл табан – ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма. «Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.
Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, жан-жақты Әсетті нағыз сегіз қырлы өнерпаз дейміз.
Әсеттің есімі оқырман жұртқа, негізінде «Әсет пен Рысжан», яғни айтыс ақыны ретінде таныс. Алайда Әсеттің айтыстарымен бірге «Пушкин», «Салиха – Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім қыз» т.б. поэма дастандар жазған эпик ақын. «Адамның бұлбұлы» атанған әнші композитор. Оның өзі шығарған «Әсет», «Қаракөз», «Інжу-маржан» секілді ондаған әндері бар.
Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқаралы уезі, Темірші болысы сегізінші ауылда туған. Әсет – руы Арғын, Қаракесек ішінде майлық деген белгісіздеу атадан шыққан.
Әсет жас кезінде ескіше білім алған, әкесі оны 7-8 жасында Көктума қаласындағы Зейнулла деген имамның медресесінде оқытады.Медреседе оқып жүріп, өзінің зеректігін танытып, өлең мен домбыраға, гармонға да құмарлығын білдіреді.
Әсет 14-15 жасқа келгенде әкесі өледі де оқуды тастап, Көктал болысы Байжігіт деген елдегі нағашысының қолына барады. Онда Әсет ән салып, өлең айтумен көзге түседі. Әсет осы жерде үйленеді де, өз еліндегі үй ішін көшіртіп алып, туған еліне бұдан кейін қайтып оралмайды.
Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған. Әсеттің бала шағасы қазіргі Семей облысы Мақаншы ауданы Бахты селосында тұрады.
Соңғы кезде Жақыпбаев Бозтайжолдас Қ. Әділбекұлынан жазып алған Әсеттің жеті әнінің ішінен: «Мәлике қыздың әні», «Майда қоңыр», «Зұлқия әні», «Мақпал әні», «Кәрілік туралы ән» т.б. сияқты әндері халықтың сүйікті әніне айналған.
Әсет өз заманындағы қисса жазушы ақындар сияқты әр түрлі тақырапта қисалар да жазған. Бұл дастанның үш-төрт варианты Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының тіл мен әдебиет институтында қолжазба түрінде сақтаулы. Бұл дастан «Ағаш ат» деп аталады.
Дастан он бір буынды қара өлең ұйқасымен жазылған, тілі көркем, оқуға жеңіл, оқиғасы ертегі негізінде құрылған тартымды. Әсеттің күрделі шығармасының бірі – «Салиха-Сәмен» атты романтикалық поэмасы. Әсеттің бұл поэмасында Алтай тауын мекендеген Ясукай деген ханның сұлу қызы Салиха мен сол ханның қол астындағы Сәмен деген өжет жігіттің бас бостандыңтары үшін махаббат жолында қайырымсыз, хандардың орнатқан әділтсіз заңына әдет-ғұрпына қарсы тұрып, армандарына жете алмай, қатал заңның құрбандығы болғандығы жайлы сөз етеді.
Әсеттің ендігі бір қисса дастандарының бірі «Үш жетім қыз» атты шығармасы.
Әсет орыс әдебиетіне де бой ұрған. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин «Евгений Онегин» романын аударған. Әсет өзін Абай шәкірттерінің бірі санап, қазақтың ұлы ақынын қадірлеп, ұстаз тұтқан адам.
Сайып келгенде Әсет Найманбайұлы – сегіз қырлы, бір сырлы ақын, әрі әнші-композитор. Оның өлең-жырлары, айтыстары мен дастандары және музыкалық шығармалары халқымыздың әншілік дарынын, даналыған танытқандай, ұрпақтар ғибрат алғандай асыл мұра, әдеби қазына.
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның «Бақытсыз Жамал» атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар cұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. … Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар… Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты «ләббай, тақсыр» деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. …Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де «Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар» деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, «Бақытсыз Жамал» романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.
М.Дулатов автор ретінде «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?
М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазған Міржақып Дулатып болды.Оның « "Бақытсыз Жамал"романы 1910 жылы басылып шықты.Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді.
Қазақ ауылының тұрмысы жайынды жазып, әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. Романның басты кейіпкері-Жамал. Оның айналасын қоршаған қосалқы кейіпкерлер әкесі Сәрсенбай, шешесі Шолпан, қатыгез Байжан, сүйген жігіті Ғали. Романдағы Жамал мен Ғали екеуі де елге сүйкімді бір-бірін тең тұтып сүйіп қосылмақ болған жандар.Сенгенінен сенімдң тірек көре алмай олар алыстағы нағашысына кетеді, сонда кенеттен ауырып Ғали өледі. Ғашығын жоғалтқан, панасыз қалған Жамал айналып келіп айттырған күйеуінің азабына түседі. Мың сан азап тартып, еріксіз қосылған күйеуінен тепкі көрген Жамал берік шешімге келіп, қыстың боранды күнінде қашып шығады. Езгіде өткен өмірден гөрі не еркіндікке жетуді, не өлімді жөн көреді. Қалың боранда адасып, қарлы далада үсіп өледі. Романға арқау болған оқиғалар желісі осындай.
Өмір-тағдыры романға тірек болған Жамал – көптің бірі емес, қазақ қыздарының басындағы қайғылы халін ұғына білген, өз тағдырына араша түсуге дайындығы мол, санасы жетілген қазақ қызы. ХХ ғасыр басында аз болса да мұндай сауатты қыздардың ел ішінде болғандығы өмір шындығы.
Қорыта айтқанда, «Бақытсыз Жамал» романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық, идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/32827/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Арайлым Мелдешова
"Қамшы" сілтейді
Әсет Найманбайұлы - асқақ үнді, әсем, ырғақты әндерімен танымал, әдебиетімізге көркемдігі жоғары мол мұра қосқан, ақындығымен оқшауланатын тұлға. Оның шығармаларының қазақ мәдениеті мен әдебиетінде алатын орны ерекше. Ақынның мол мұраларының бірі – қисса-дастандары. Шығармаларында ең көп жырланған тақырып – сертке беріктік пен уәдеге адалдық. Әсет дастандарында махаббат, байлық, мансап, зұлымдық бірдей қатар орын алып, шытырман оқиғалардың дамуы да, шешілуі де қызықтырып отырады. Сондай дастандардың бірі - моңғол өмірінен алынып жырланған “Салиха-Сәмен” дастаны. Дастанның сюжеті Салиха мен Сәменнің арасындағы махаббатқа негізделген. Салиха сұлуСәмен деген жігітті көріп, сырттай ғашық болады. Сәмен де Салихаға өз сезімін білдіреді. Екеуі бір-бірін шын сүйіп, қосылуға уәделеседі. Бірақ қыздың әкесі қатал еді. Салиха мен Сәмен ханның рұқсат етпейтінін біліп, айтудан жасқанады. Екеуі жасырынып қашуды ойлайды. Жасырыну үшін ыңғайлы жер іздейді. Салиха Сәменге: “Сен үшін жаным құрбан” , - деп уәде береді. Сөйтіп, екеуі тауға қашып, үңгірге тығылады. Бірақ көп ұзамай қолға түсіп, ақыры қосыла алмай өледі. Дастанда арсыздық желі мен наным-түсінік қатар көрініс табады. Оқиға желісі тартымды, көркемдігі жоғары. Дастандағы басты кейіпкерлердің бірі Сәменнің батыр бейнесі мына өлең жолдарынан көрінеді:
«Ажарын жай оғындай жалындаған,
Туыста қас-қабақты ер тұлғасы.
Сабырлы, терең ойлы маңғаз еді,
Жетпеген қатарына тең құрдасы.
Сағымдай садақ жетпес жылдамдығы,
Қырмызы қыз мінезді, қымбат басын.
Денесі тең сандалдың терегіндей,
Кең біткен иығының екі арасы.
Шолақ төс, бура санды, бұлшық етті,
Бар еді батырлықәр саласы.
Жау десе жабырқанып жатпайтұғын.
Таңдаулы батыр болған ер-қолбасы».
Осы дастан арқылы Әсет Найманбайұлының шебер суретші екенін аңғаруға болады. Дастандағы Сәменнің бейнесі басқа да бейнесіне ұқсаса, батырлар жыры мен ғашықтық жыры бір-бірімен қатарласа, байланыса жүреді.
Қорыта айтқанда, Әсеттің көп қырлы дарын иесі екенін атап өткен жөн. Ол дастанда қос ғашықтың махаббатын, сонымен бірге Сәменнің батырлығын керемет суреттеген. Әсет Найманбайұлының асқақ әндері, қисса-дастандарын ұлттық өнерімізді дамытып, мәдениетімізді көтеруге өз үлесін қосқаны күмәнсіз.
286 сөз
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия
11 «Б» сынып оқушысы Амалбекова Гүлнұр
Пән мұғалімі Ф.Байбосын
Әсет Найманбаев бұрынғы Қарқаралы уезі, Темірші болысы, 8-ауылда (қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы) 1867 жылы туған. Руы Арғын, оның ішінде Қаракесектен тарайтын Майлық деп аталатын аз атадан. Әкесі Найманбай кедей шаруа болыпты. Ауыр тұрмыстың айдауымен 1875 жылы Семей қаласына көшіп келген. Кейіннен қала тұрмысына тұрақтала алмай Мақаншы ауданындағы Бақты ауылына көшіп барады. Осында Әсетті медресеге окуға береді. Он бір жасында бірінші рет мектеп есігін ашқан зерделі бала төрт-бес жылда медресенің білімін жақсы меңгеріп алады. Медреседе жүргенде-ақ ақындық таланты ашыла бастайды. Жасы ұлғайған шағындағы бір өлеңінде ақындық өнер сапарының он үш жасында басталғанын айтады:
Елуден жасым менің белең асқан,
Өлеңге он үш жастан араласқам.
Қызыл ит қимылдаса қызуымен,
Текпінді терең сөзден жаза баспан…-дейді ақын
Әсеттің алғашқы ақындық қаламындағы айтатын, жазатын өлеңдерінің тақырыбы көбінесе жастық, махаббат туралы және суырып салма айтыс өлеңдер болды.
Әсет – ақындық өнерді өзгеше жоғары бағалап, табиғаттың тартқан ерекше қасиетті сыйы деп біліп, ардақтаған адам. Ақындық өнерін халқына арнаған Әсетті туған елі қадірлеп, құрметтеген. Үйрек пен қаздай қалқып жүрмін жүзіп, Көп елде – көл жұртымда қыдыр шалған- дейді ақын.
Әсеттің ақындығы ең алдымен айтыс өнерінде танылады. «Айтыс – майдан, айтысқан ақындар майданның жекпе-жектегі батыры»- деп М.Әуезов айтқандай Әсет ақын да осы жекпе-жектен жеңіп шыққандардың бірі. Әсеттің алғашқы түскен ең үлкен айтысы – Рысжан қызбен айтысы.
Абайдың алдын көріп, ұлы ұстаз ақыннан ақындық, әншілік өнер жолында үлкен тағылым алған талантты шәкірттердің бірі – Әсет.
Қазақ даласын әнмен тербеген Әсеттің өзі өмір кешкен тұста – халқының ақберен ақыны ретінде танылғаны анық еді. Айтыс бәйгесіне түсіп жүлде алып, елге атағы шыға бастаған жалынды, албырт жас ақын, асқақ әнші Әсет ұлы ақынның, кемеңгер ақынның алдына келгенде 20 жаста болатын. Абай ауылы қазақ сахарасындағы өнер-білімнің, мәдениеттің өнегелі ордасындай еді. Сол кездегі Абайдың қасында ұдайы болған адамдары: Шаһкәрім, Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Тұрағүл, Кәкітай, Ахметбектер тобына Мұқа, Әсет келіп қосылған екен.
Әсет- Абай ағасының алдында мол тағылым алып, үлгі алады, Пушкин шығармаларымен танысады. Әсеттің «Евгений Онегин» романының оқиғасын алып, еркін аударма жасауы Абай әсері екені сөзсіз.
Әсет – нағыз сегіз қырлы өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма – импровизатор, ақпа ақын. Табиғи тума таланты күшті, дарынды ақын қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйткитін сауатты саңлақ ақын болған. Әсет өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға қосып шырқап айтады екен.
Атақты музыкатанушы Ахмет Жұбанов, Әсеттің сөзіне музыкасы сай келетінін айта келе: «Орындауы келіссе «Әсет» сахна сәнінің бірі. Әсіресе қайырмасында ән құйқылжып, төгіліп, шын мөнісінде ойнақтап, делебеңді қоздырып кетеді» Әсет – әнші, сазгер. Әсет — нәзік сезімді, ұшқыр қиялды лирик ақын; ол тілге бай, алғыр ойлы, бөгелмей жүйткитін айтыс өнерінің де ерен жүйрігі.; ол алысқа алқынбай сілтейтін жүйрік, бай оқиғалы поэма, дастандар жазған акын. Әсеттің атақты «Қызыл табан – ағаш ат» поэмасы Шығыс ертегі әңгімелерінің әсерімен жазылған, «Мың бір түн» сияқты өз уақытына жазылған екі жастың арасындағы махаббатқа құрылған ғылыми-фантастикалық поэма. «Салиха-Сәмен» поэмасы да бас бостандығы үшін, махаббат үшін, кұрбан болған жандар туралы. Олар өз заманының қатал заңының құрбандары.
Осындай тамаша туындылары бар, айтыскер ақын, жан-жақты Әсетті нағыз сегіз қырлы өнерпаз дейміз.
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ
(1867-1923)