Эссе жазу

11 сынып ҰБТ дайындалу тақырыптары бойынша жазылған эсселер керек, көмектесіп жібересіздер ме?

Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңі мысал өлең ретінде құралған. Өлеңдегі бұлбұл бейнесі сол замандағы зиялылардың бейнесі, ал қаршыға бейнесі биліктің айтқанын істеп, біреудің айтқанымен жүретіндер. Олардың айтқан сөздерінің өзі біз сондай ойға жетелейді. Ол кездегі бұлбұлдар (яғни зиялылар) қанша жоғары көтеріліп, биік самғағысы келсе де, оларды тотықұстай етіп торға қамағысы келгендер аса көп болған. Ол туралы өлеңде:
Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,
Шықылдап көзге түстім сауысқандай, - деген екен.
Өзінің өзгелерден көп білгендігінен пікірін еркін жеткізбекке талпынған. Ойы озық адамның сол аса білімділігінен басқалар көрмейтін қателікті көріп, оны жөндеуге тырысқанымен, сол пікіріне ешкімнің назар салмайды. Керісінше оларды қоғамнан шеттетіп тастайтыны туралы жазады:
Түлкінің қызылдығы өзіне сор
Болғандай болдың маған, өнер-білім!
Алдымен бұлбұл өзінен білімі таяз болса да қаршығаның кең сарайда тұратынын, әрдайым бектердің қолында жүретінін, кекіліктің миы мен жүрегін жеп, мәз болатынын айтып, оған қызығатынын былай білдіреді:
Бектердің оң қолында тұрағыңыз,
Ерттеулі күнде жүйрік пырағыңыз.
Кекіліктің миы менен жүрегін жеп,
Табылған әрбір құстан мұрадыңыз.
Ал қаршыға бұл сөзге мақтана түсіп, бұлбұлға сенің көрген күнің күн емес деп, шалқая түсіп:
Құс ішінде сен ақымақ, ақылың жоқ,
Бір гүлге пайдасы жоқ болған ғашық, - дейді. Және егер мен секілді ауызыңды деп кезінде жаба білсең, мылқау болсаң, қалаған мұратыңа жетер едің дейді. Алайда бұлбұл оның қан жұтып жүрген өмірін, қалаған уақытын қалаған асын іше алмайтындығын, басында бостандық жоқтығын айтады. Қаршығаның бұл өмірінен өзінің өмірі әлде қайда жақсы екендігін айта келіп:
Бір ұртттам қан ішерсің бір құс алсаң,
Сен ақымақ, тамақ үшін болған сарсаң, - деп, оған мұндай өмір сүргенше өле салғаның дұрыс болар дейді. Және өзі туралы:
Жаратқан бір Құдайға жетер дәтім,
Зарлаған ұзақ түндер мінәжатым,
Бітпесе бір мұратым, кетсін, барсын,
Ғаламға дастан болған бұлбұл атым! – дейді. Мен тек бір құдайға сенемін. Ойлаған мақсатым орындалмаған күннің өзінде ғаламға жақсы атым жайылады дейді. Шын мәнінде де сол заманда қаншама адам өмір сүрсе де, біз осы бұлбұлдай еркін ойлаған санаулы ердің атын ардақтап айтамыз.
Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дəәлелдеп жазыңыз.
Елбасымыз «Тарих толқынында» кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш
абызы деп атады. Ыбырай расында да қазақстандық білім берудің іргетасын қалады. Бұл бағаға
ағартушы қандай еңбегімен жетті? Сұраққа бүгінгі өркениетке өркендеу кезеңіндегі көзқараспен
жауап беріп көрейін.
Ең бастысы, Ыбырай ұлтын жан-тəәнімен сүйген ұлтжанды азамат деп санаймын. Он
тоғыз жасында–ақ игі іске жол бастаған жігерлі жас болды. Оның жігерін жаныған қараңғыда
қамалған қазағының надандығы еді.Қазақ даласында мектеп ашу ісі оңай болмағаны рас. Өкімет
пен жергілікті биліктің кедергісіне ұшырай жүріп, тұңғыш қазақ мектебін ашты. Қазақтың
даласында «Дала қоңырауы» сыңғырлады. Ұлы ағартушының жүректілігі Мəәңгілік елімізді
өркендету үшін қызмет атқарып жүрген азаматтарға үлгі боларлықтай.
Тың жерден түрен тартып, дəән сепкен дихандай өз ісіне құлшына кіріскен ұстаздың
алдында оңайлықпен алынбас қамалдар тұрды. Біріншіден, оқушы алдында оқулық болмады. Не
оқытам, қалай оқытам деген сұрақтың да жауабын талмай іздену арқылы 1879жылы қазақтың
тұңғыш оқулығын жазып шығарды. Екіншіден, «Барлық күш-жігерімді олардың мінез-құлқына да
ықпал етуге жұмсаймын» деген ағартушы озық өнер- білімді, мəәдениетті мектеп арқылы
таратуды мақсат етіп қойды. Оның озық идеялары бүгінгі күн талабымен нақты ұштасып
жатыр. Оқулықтың алғашқы бетіне «Кел, балалар, оқылық» өлеңін жазуы да тегіннен тегін емес.
Өйткені оқушының басты міндеті - жаппай білім алу. Ақын-ұстаз «Оқысаңыз, балалар, Шамнан
шырақ жағылар» деп білімнің пайдасын уағыздап тұр. Бүгінгі күннің өткір мəәселесінің бірі –
балаларға терең білім беру. Кейбір жастардың «ақшам болса, білімсіз күн көре аламын» деген қате
түсінігіне еңбексіз табылған байлықтың баянсыздығын жетелеріне құйып тұр емес пе!?
Үшіншіден, «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде ғылымның жетістіктерін тікелей мадақтай келіп,
озық елдің салтын баяндайды. Бұл идея - жаһанданудың алғышарты. ƏӘр сөзін ұлт болашағына
арнаған Ұлы Ұстаз надандықтың қамалын ерен еңбегімен бұзды. Сондықтан, ақын-жазушының
шығармалары тереңдетіліп оқылса, тəәрбие діңгегі мызғымас еді.
Ыбырай өмірінің соңғы минутына шейін ұстаз болып, талай жаңалықтын жаршысы
болды. Инспекторлық қызметті атқара жүріп, облыс, уез орталықтарында училищелер ашты.
Ырғыздағы ашылған қыздар мектебі мен Омскіде тұңғыш мұғалімдер мектебі де осының айғағы.
Торғайда тұңғыш ашылған қолөнер мектебінің жұмысын алға бастыру да оңайға соққан жоқ.
Құдды Ыбырай дəәуірі қайта жаңғырып, қайта оралғандай. Қазіргі еңбек нарығы талаптарына сай,
түрлі салада қызмет көрсете алатын мамандық иелеріне сұраныс артуда. Иəә, ұлы Алтынсарин
негізін қалаған кəәсіптік білім беру ісі бүгін де лайықты жалғасын тауып, жандана түсуде.
Осындай ұлағатты қызметте жүрген азаматтар Ыбырай ісін өнеге тұтып, ғұмырын халқына
арнаса құба-құп болар еді.
Ыбырай салған сара жол Тəәуелсіз Қазақстанмен бірге қанатын кеңге жайып, жалғасын
табуда. «Біз болмасақ,- сіз барсыз, сіздерге берем батамды, үміт еткен достарым» деген
ұстаздардың ұлы ұстазы қазіргі жастарға кеңес береді, тəәрбиелейді, ғибрат алғызады.
Ыбырай Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз

Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Олар елдің мұң-мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзенттік махаббатын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу-маржан жырларын жақсы біліп, ееңбектер жазған ғұлама. Бірақ оның атын атағанда ең алдымен ойға келетіні «дала қоңырауы» деген сөз.
Ауыр заманда білім алып, ат жалын тартып мінгенсін-ақ Ыбырай Алтынсарин бірім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді. Сондықтан ол қазақ даласында мектеп ашу мәселесін алға қояды. Оған 1860 жылы Орынборда мектеп ашуға рұқсат етіледі. Алайда әртүрлі мәселелерге байланысты ол мектеп Орынборда ашылмай қалады. Бірақ бір жылдан кейін яғни 1861 жылы Торғай қаласында мектеп ашылып, Ыбырай Алтынсарин сол мектепке мұғалім болып барады. Және ол қазақтан шыққан тұңғыш мұғалім.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ христоматиясы» ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды. Ақын бұл өлеңдерде өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу-білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті. Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін, әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге, бойға сіңіруге шақырды. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, онер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді. Мәселен, «сарай салғызды», «құстай ұшу», «балықтай жүзу», т.б.
Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп аталады. Оның шығармаларынан жазушының биік адамгершілік қасиетін, азаматтық тұлғасын көреміз, сүйсінеміз. Және оның жазғандарын оқи отырып, қазіргі күнде де өнер-білімге талпынуға тырысамыз. Себебі ол бізді оқуға құштар етеді. Демек ол мәңгілікке қазақтың «дала қоңырауы» болып қала бермек.
Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз

Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға.
А.Құнанбаев.
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы , жаңашыл педагог , жазушы әрі қоғам қайраткері.
Белгілі ақын Ғафу Қайырбеков Ыбырайға «Дала қоңырауы» деп баға бергені бәрімізге мәлім . Ыбырай атамыздың сол кездегі мектеп ашу ісі , алғашқы оқулық , қазақ даласында қоңырау болып соғылып , жастарды:
Бір Аллаға сиынып,
Кел балалар , оқылық –
деп білімге шақырды . Кеңес дәуірі тұсында бәрі түгенделмесе де , кей қазақ зиялыларының өмірбаяндық деректері , шынайы шығармалары мектептерде , жоғарғы оқу орындарында оқытылды . Сапасы , мазмұны жөнінде әңгіме бөлек , әрине. Алашта Алтынсарин десе алаңдамайтын қандастар жоқ шығар , сірә.
Қазақ даласында мектеп ашу ісі оңай болмағаны рас. Ыбырайға дейін қыздарға арнап ашылған мектеп болмап еді. Ыбырай зиялы, зерделі жан, маңдай терімен , өз күш-қуатымен мектеп ашып, қазақ балаларының білімге деген құштарлығын оятқан. Ыбырайдан бастау алған мектептер қазақ қыздарының көзін ашып, ер азаматтар мен тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік бергені, мені қуантады! Кезінде Ыбырайдан бастау алған білім бұлағың сусындап, бүгінгі қыздарымыз, әпкелеріміз қоғамның түрлі саласында қызмет етіп жатыр. Алтынсарин өзінің бүкіл саналы, ғибратты ғұмырын жалпы жұртты сауаттандыруға, алыс елді мекендерде мектеп ашып, керекті оқулық кітаптарды жазып, ұрпақтарды дұрыс бағытта тәрбиелеу ісіне арнады . Алғашында мектепке бірнеше қара домалақ баланы қабылдаған Ыбырайдың білім беру дәстүрлі жалғасын тауып, бүгінгі таңда қаншама зиялы , парасатты елімізге пайдасы зор азаматтар білім алуда. Жаңа заманға сай мектептер салынып, қазіргі талаптарға сәйкес оқулықтар шығарылып жатыр. Арманың орындылды деген осы шығар.
Қорытындылай келе, мектеп ашу ісі оңай болмады , талай қиындық кешті. Сол қиындыққа төтеп берген Ыбырай Алтынсарин атамызға мың алғыс айтқым келеді. Қазіргі кезде Елбасымыздың жүз нақты қадам даму жолында білім беруге ерекше мән беріп отыр. Сол кездегі Ыбырайдың мектепті ашу ісі , қазірде осылай жалғасын тауып жатыр.
Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз

Әр кезең өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Тұған халқының игілігі үшін бар күш жигерін жұмсап, халық тарихынан орын алған ақын-жазушыларымыз жеткілікті болды. Солардың бірі - Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсариннің тұңғыш қазақ еліне ашқан мектебі болашаққа деген сенімді қадамның алғашқы баспалдағы секілді. Бүгінгі күнде қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алып, еліміздің дала қоңырауы атанды. Білім нәрін беретін алтын ұя мектеп ашып, оқу-білім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқаратын, игіліктің жолына бастайтын тек білім деп есептеді. Бұқара хылықтың көзін ашып, әріп танытып өмір сүруге үйретті. Жас буындарды әдебиетке баулып, өзінің «Қазақ христоматиясы» деген еңбегін шығарды. «Кел, балалар, оқылық» деп халық үшін ғылым мен білімнің айрықша ұғымдарын түсіндірді. Сол кезеңдегі халықтың жағдайы мәз болмады. Сол себепті де көптеген балалар мектеп табалдырығын аттай алмады. Ыбырай Алтынсарин қазақ буындарының «Көзі ашық, көкірегі аяу» болғанын қалады, әрі сол үшін аянбай еңбек етті. Ыбырайдың басқа ақын – жазушылардан ерекшелігі өскелең ұрпаққа ең алғаш білім ордасын ашып берді. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы және озық ойлы әдебиеттердің арнасына түсіріші ретінде де ірі қайраткер болып саналды.
Ыбырай Алтынсариннің еңбегі мен шығармашылығын бүгінгі жастар ұмыт қалдырмауымыз қажет. Ыбырай өзінің қазақ екенін жадынан еш уақытта да шығармағанын өлең, шығарма жұмыстарынан аңғаруға болады. Қазіргі күнде еліміз тәуелсіздікте, еркін өмір сүріп жатыр. Бұл әрине ата-бабаларымыздың арқасы. Ел басы мыздың жастардың ғылым мен білімге бет бұруы үшін бар қолдауы көрсетіп, жағдайын жасауда. XXI ғасыр ғылымның дамыған кезеңі. Бізге берілген мүмкіндік бұрын қазақтың қарапайым қара домалақ балаларына бұйырмады. Олар білім алуға ұмтылып тырысса да, қатыгез кезең жол бермеді. Ал біздің бүгінгі күніміз ол кезбен салыстыруға келмейді. Осы еліміз көркейіп одан әрмен өсуде. Бұл біз үшін үлкен бақыт!
Ойымды қорытындыласам, ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің жасаған еңбегі ерең. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге, бойға сіңіруге шақырды. Оның өлеңдерін оқи отырып, өмірге жаңа көзқараспен қарауға үйренесін.
Ыбырай Алтынсариннің "Дала қоңырауы" екенін дәлелдеп жазыңыз

Адамның бала күннен армандап, аңсары ауған бір саласы, яғни ма­ман­дығы болады. Ол өзін соған ба­ғыт­тап, білім-білігін жұмсайды. Сон­­дай ма­ман­дықтың бірі ұстаз болу. Әу баста ниет білдірген жас талаптың бар­лы­ғы дерлік оның тұтқасын ұстап кете алмайды. Оған себеп біріншіден, аяу­лы да ардақты мамандықтың адам көзін ашудағы қиын тұстарына төтеп бере алмауы болса, екіншіден, аса табанды­лық­тың кем болуы дер едік. Өз басым осы қиындықтарды жеңдім деп ойлаймын. Сөйтіп ұстаз бол­дым. Бұл жолды таңдап, ғұмы­рымды бер­ген аяулы мамандық иесі бо­лып, зейнетке шыққан маған оған бет бұруы­ма сөз жоқ, тұңғыш ағар­ту­шы Ыбы­рай Алтынсариннің ұр­пақ­қа қал­дыр­ған тәлім-тәрбиеге то­лы өсиет­тері мен ғибратты мысал­дарына сусындауым­ның әсері мол болды десем, жаңсақ­тық бола қой­мас. Оған мен бітірген, мен ғана емес қазақтың менмін деген талай марқасқалары білім алған ұлы ұс­таздың өз қолымен тұрғызған білім ошағын қоссаңыз, мұғалім болуым­­ның заңдылық екенін айт­пай-ақ тү­сі­несіз.

Осы тұрғыда ұлы ағар­тушы тұрғызған мектептің тү­ле­гі ретінде және сол бабамыздың биыл туғаны­на 170 жыл толуына орай мектеп тарихы мен тұңғыш дала қоңы­рауы иесінің мектептер ашуы жайын­дағы аз-кем білгенімді оқырман­мен бөліссем деп отырмын. Орынборда1850 жылы алғаш ашыл­­ған қазақ-орыс мектебіне оқу­­­ға түскен Ы.Алтынсарин келе-келе Шы­­ғысты зерттеуші ғалым, профессор В.В.Григорьевтің көмегі­мен оның бай кітапханасынан су­сын­­дайды. Сол жерде туған халқының өнер-білім­нен, оқу-ағар­ту ісінен кенде қал­ғанын біліп, алған ілімін халқына пайдалану ниетіне кіріседі. Бойында жоғары ағар­ту­шылық ынта туады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін мектеп ашу ұйғары­лып, Ы.Алтынсарин Орынбор об­лыс­тық басқармасының шешімімен Торғайға келіп, өзі арман­даған мақ­сатты ісіне кірісуді бастайды. Әри­не, бұл өте қиын шаруа болса да халқының бола­шағы үшін тәуекел­ге бел бай­лайды. Мектеп ашуға өкімет тарапы­нан қаражат кешіктіріледі. Жергілікті билік түрлі сыл­тау айтып, жәр­дем көрсетуден бас тартады. Осындай қиын­­дыққа кезіккен Ыбы­­рай ұстаз ойынан қайт­пай­ды. Тың жерден тү­рен тартып, дән сепкен диқандай қазақ дала­сына білімнің ал­ғаш­қы нәрін себуге белсене кіріседі. Білімге су­саған қара­па­йым халық бұл маңызды баста­маны қуа­­на қарсы алады. Тор­ғайдағы наға­шысы, әй­гі­лі Шеген би әулетімен Ыбырай мақ­са­­тына қыз­мет етсе, игілікті іс бас­таған немересіне қолдау білдірген Бал­қожа би де беретін көмегін ая­май­ды. «Ба­лаң мектептің ірге­тасын көтеріп жатыр», дегенді естіген ол кісі үйір­лі жыл­қы­ны айдатып, 500 ша­қырымдай жердегі Аманқара­ғай­дан бөренелер тиетіп жіберіп жа­тып­ты дейді білетіндер. Әйтсе де мек­тептің құры­лыс жұмыстары өте баяу жүріп, ол 3-4 жылға созылады. Ұлы ұстаз мектеп үйінің әр кірпішін өз қолы­мен қа­лап, көп қиын­ды­қ­тар­дан соң мақ­са­ты­­на жетеді. Сөй­тіп 1864 жы­лы Тор­­ғай қала­сын­да ал­ғаш­қы қазақ мектебі бой көтереді. Бұл білім ұясын Ыбырай баба сол кездегі озық педагогика үрдісі негізіне құ­ра отырып, жаңа оқыту жүйе­сі­мен жұмыс істеуге талпыныс жа­сайды. Оқуды ана тілінде жүргі­зіп, оқыту әдістерін оқу­шының ын­та мен қызы­ғу­шылы­ғына бағыттай оты­­рып, тәр­биелей оқытуды жос­пар­­лайды.

Ал­ғаш­қы оқулықты өзі құ­рас­тырып, өзі сабақ жүргізеді. Оның бірінші беті­не бәрімізге белгілі: Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық, – деп бүкіл қазақ даласын білімге ша­қы­ра­ды. Бұл қанатты сөздер жас ұр­пақ санасына мәңгілік ұран бо­лып сақталып қал­ға­ны анық. Жас ұстаз мектепте бала оқыта жүріп, қа­зақ дала­сы­нда басқа да жаңа мектептер ашу­­мен шұ­ғыл­данады. 1876 жылы Петербург, Қазан қа­ла­лары­на барып орыс­тың ағар­тушылық жү­йесін, сонымен бірге ондағы озық ойлы педагогтар еңбектерін зерттейді. Осыдан кейін қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Ал­ғаш­қы оқу­лықтан соң Ыбырай баба алдыңғы қатарлы орыс педагог­тары­ның оқу құралдарын басшы­лыққа ала оты­рып, екі төл оқу құралы – «Қазақ хресто­матиясы» мен «Қа­зақ­тарға орыс тілін үйре­тудің бас­тауыш құралын» басты­рып шығарады. 1879жылы Ы.Алтынсарин Тор­ғай облысы мектептерінің инс­пек­торы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметіне кең жол ашады. 1879-1883 жылдар ара­лы­ғында Торғай облысының төрт уе­зінде жаңа мектептердің ашы­луы­на тікелей мұрындық болса, 1-2 сы­нып­тық орыс-қазақ мектептерін ашып, оларды оқулық­тар­мен қамта­ма­сыз етуді де назардан тыс қалдыр­май­ды. 1883 жылы Торғай қала­сын­да қолөнер мектебін өмірге әкеліп, бұл қазақ жерінде техникалық білім беретін оқу орны ретінде тарихта қалды. Сондай-ақ 1887 жылы Ыр­ғыз­дағы ашылған қыздар мектебі де үлкен қуанышты жаңалықтың жар­шысындай болды. Мектептерсаны артып, ойлаған арман-тілегі орындала бастаған ағартушыға енді жаңа мектептерге жаңаша тәлім-тәрбие беріп оқыта­тын мұғалімдер қажет еді.

Сол себептен де Ор қаласында тұңғыш мұ­ғалімдер мектебінің негізі қа­лануы да заңдылық-тын. Бұл 1881 жыл еді.Осындай игі істерді ұстаз аз ғұ­мырында көптеп істеуге барын сал­ды. Торғайда Ыбекең ашқан мек­тептен қоғам қайраткерлері, ға­лым-ұстаздар Ахмет Байтұр­сынов, Мір­­жақып Дулатов білім алды. Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын кеңінен табуда. Міне осы мақсатта осы зерттеу жұмысын педагогикалық институт, колледж студенттері қолдануға да болады. Ы.Алтынсаринның шығармаларының, соның ішінде әңгімелерінің және өлеңдерінде айтылған мәселелердің әлі күнде өзекті екендігін тереңірек зерттеуге бағыт беріп, жас зертеушінің жұмысына «өте жақсы» деп бағалауға болады.
9.Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай
адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дəәлелдеп жазыңыз.
«Адамзаттың Абайы» атанған хакім , дана да, дара ақын, ойшыл Абайдың артына
қалдырған мұраларының бірі – қара сөздері.Абайдың қара сөздері күллі адамзат баласына
арналған.Себебі, өзінің қара сөздерінде жақсылық пен жаманның, естілік пен ессіздіктің парқын
ажыратып көзіңе көрсетеді.Көрсетіп қана қоймай, нағыз, толық адам болу жолын ұсынады.
Ақынның естілік пен білімділікті дəәріптейтін қара сөзінің бірі – он тоғызыншы сөзі.Абайдың
он тоғызыншы қара сөзінің өзектілігі неде жатыр?
Біріншіден, Хакім Абай бұл қара сөзінде дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда
болуы күнделікті өмір тəәжірибесінің ғана нəәтижесі мен тəәрбиеден туындайтын нəәрсе деген ой
тастайды.Яғни, адам баласының туа салып есті болмай, көріп, естіп, ұстап көре біле білімді
болатынын айтады.Сонымен қатар, естіліктің жеке өзі ғана іске жарамайтынын тілге тиек
етеді.Себебі, естілердің сөзін ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр
естіліктен пайда жоқтығын ескертеді.
Екіншіден, есті сөздерді есіткенде салғырттанып, шайқақтамау керек дейді.Себебі, өмірде
кейбір адамдар естілердің айтқан ақылын есіткен соң, шыға бере ұмытып кетеді.Осылайша,
бұрынғы өз қалпына түседі.Мұндай адамдарды ақын сөз танымайтын, сөздің мəәнісін ұғынбайтын
адамдар деп ойлайды.Одан да шошқаны баққан жақсы деп, сөз танымайтындарды қатты сынға
алады.
Расымен де, ақын айтқандай, өмірде сөзді ұқпайтын адамдар кездеседі.Ондай адамдар
өзімдікі жөн деген өзімшіл пікірмен жүреді.Ал, қоғамда мұндай адамдардың айналасына зиянын
тигізетінін білеміз.Өзімдікі жөн деген адамда сабыр да, сақтық та болмайтыны белгілі деп
ойлаймын.
Ойымды қорытындылай келе, мың жерден білімді болып тұрсаң да, есті сөзді ескеріп,
қажетіңе жаратпасаң, білімділігің түкке тұрғысыз деп ойлаймын.Себебі, жақсылыққа жақсылық,
естілікке естілік қана үйір болады.Есті сөзге сүйініп, көңілге түйінгенде ғана мəәніне терең бойлап,
өміріңе жаратады екенсің.Ендеше, Абай айтқандай, естілердің сөзін ескеріп жүрейік.
Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі естелік пен білімділікке қандай адам жетіп,қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.

Абай шығармалары арқылы қазақ халқының XIX ғасырдағы тағдырын танимыз…

Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы мен жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым-ақ зор тұтып»деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді.Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылдықты сақтайтын ұят-намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек-адамның ішкі сезімі деген ұғымды қолданған.

Абай халықтың жоғын жастанып,кемел жолға бастар жолды іздеді.Сол жолда аянбай тер төгіп,өз заманының сипатын,халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнелейді.Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.

Расында да, Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне , логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп, көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара- сөздеріндегі гуманистик, ағартушылық,әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды.Мен он төртінші қара сөзіне тоқталсам:Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген адам өзі де есті болады.Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап,шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса,не сол жерде сөздің расына көз жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол туралы сөз болады.

Қорыта келгенде,Абайдың қара сөздері-оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.Қарасөздің бағасы-бай заманындағы жағдайды,тарихи шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып берді.
Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз

Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз «Адамзаттың Абайы» атанған хакім , дана да, дара ақын, ойшыл Абайдың артына қалдырған мұраларының бірі – қара сөздері.Абайдың қара сөздері күллі адамзат баласына арналған.Себебі, өзінің қара сөздерінде жақсылық пен жаманның, естілік пен ессіздіктің парқын ажыратып көзіңе көрсетеді.Көрсетіп қана қоймай, нағыз, толық адам болу жолын ұсынады.
Ақынның естілік пен білімділікті дәріптейтін қара сөзінің бірі – он тоғызыншы сөзі.Абайдың он тоғызыншы қара сөзінің өзектілігі неде жатыр?
Біріншіден, Хакім Абай бұл қара сөзінде дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің ғана нәтижесі мен тәрбиеден туындайтын нәрсе деген ой тастайды.Яғни, адам баласының туа салып есті болмай, көріп, естіп, ұстап көре біле білімді болатынын айтады.Сонымен қатар, естіліктің жеке өзі ғана іске жарамайтынын тілге тиек етеді.Себебі, естілердің сөзін ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр естіліктен пайда жоқтығын ескертеді. Екіншіден, есті сөздерді есіткенде салғырттанып, шайқақтамау керек дейді.Себебі, өмірде кейбір адамдар естілердің айтқан ақылын есіткен соң, шыға бере ұмытып кетеді.Осылайша, бұрынғы өз қалпына түседі.Мұндай адамдарды ақын сөз танымайтын, сөздің мәнісін ұғынбайтын адамдар деп ойлайды.Одан да шошқаны баққан жақсы деп, сөз танымайтындарды қатты сынға алады.
Расымен де, ақын айтқандай, өмірде сөзді ұқпайтын адамдар кездеседі.Ондай адамдар өзімдікі жөн деген өзімшіл пікірмен жүреді.Ал, қоғамда мұндай адамдардың айналасына зиянын тигізетінін білеміз.Өзімдікі жөн деген адамда сабыр да, сақтық та болмайтыны белгілі деп ойлаймын.
Ойымды қорытындылай келе, мың жерден білімді болып тұрсаң да, есті сөзді ескеріп, қажетіңе жаратпасаң, білімділігің түкке тұрғысыз деп ойлаймын.Себебі, жақсылыққа жақсылық, естілікке естілік қана үйір болады.Есті сөзге сүйініп, көңілге түйінгенде ғана мәніне терең бойлап, өміріңе жаратады екенсің.Ендеше, Абай айтқандай, естілердің сөзін ескеріп жүрейік.
Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп,қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз.

«Ақыл-ой адам баласының дүниедегі ең асыл қазынасының ғой!»,-деп Шыңғыс Айтматовтың Найман-Ана шығармасында айтқандай, біліммен,естілік адамға ең керек нәрсе екен. Абайдың он тоғызыншы қара сөзінде де естілік туралы айтады. Ойымша, адам баласы естілік пен білімділікке қол жеткізу үшін түрлі қиындықтарға тап бола тұра, тығырықтан шығар жол іздеп үлкенді-кішілерден естіп, көріп ақылға жүгініп,ой түйе білуі қажет. Мен естіліктің арқасында Хан Тәңіріндей биік шыңға жеткен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын мысал ретінде келтіргім келеді.

Президент қарапайым қазақ отбасынан қияға ұшқан тұлғалардың бірі. Ол жастайынан әжесінің қисынды да қызықты ертегісін тыңдап, әкесінің темірдей тәртібімен, анасының асыл мейіріміне қанып өскен. Ақыл мен білімнің қайнар өзегінде тәрбие алған ол ел қамын ойлар ер болып шығады. Абайдың қара сөзінде де «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап,татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы…»,-деп айтады. Елбасымыз бірден биік жетістікке қиындықсыз жетті десек, қателесеміз. Ол көптеген сынақтардан, үлкеннен естігенін түйіп, кішінің білгенін жинап, отбасымен қоғамның игі жақсысын талдап, естілер қатарына қосылды. Осы себептен мен Абайдың он тоғызыншы қара сөзіндегі есті адам ретінде, елбасымызды алға тартып отырмын. Мұхтар Әуезовтің «Анығында өсиетші қария толғаушыл жыраудың міндеті өлеңшілік емес, елге басшылық істеп, босалқы айту болатын. Хан шеше алмаған ауыр түйін, қиын жұмбақ, көмескі келешек болса, барлығына шешу сөзді солар айтатын…»,-деген ақындар жайлы көзқарасын негізге ала отырып, Абайдың қара сөзін Нұрсұлтан Әбішұлына өсиет деп олаймын. Осы ойымды президенттің өзі де қостайтындай. «Келер қазақтың ішетін уы мен балы-Абай»,-деп бір сөзінде айтқан еді.Мұның тағы бір себебі елбасы қазақ әдебиетінің ұлттық рухын көтеріп жүрген ақын-жазушылар қатарынан да табылады. Дәлел ретінде оның елге рух беретін әнұран сөздерінен, халыққа айтқан әрбір күш беретін ақылынан, сонғы жылдары шығып жатқан кітаптарын айта аламыз. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» деген Абай атамыздың сөзін өскелең білімді ұрпақтан тартып үлкен көшбасшыға дейін естіп, көріп, үйренуге ақылға жүгініп, өмірде сол біліктілікті қолданып жүр деген қорытындыға келдім.