Эссе жазу

11 сынып ҰБТ дайындалу тақырыптары бойынша жазылған эсселер керек, көмектесіп жібересіздер ме?

Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз!

Хакім Абайдың сыншыл бағалауына лайықты «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» поэзиялық туындылары арқылы дәлелдеген, шығармалары халықтық қабылдау ықыласына ие болғандар ғана ұлттық әдебиетіміздің тарихын құрағаны мәлім. Бұл әлем халықтары әдебиеттеріне ортақ сипат. Шығармалары халық көңілінен берік орын алған, өлең-толғаулары, айтыстары, дастандары жыршы орындаушылардың өнерімен аймақтарға, атыраптарға мол таралған осындай көрнекті ақын – Қашаған Күржіманұлы (1841–1929).

Қашағанның бірқатар туындылары алғаш рет «Әдебиет майданы» (1935), одан кейін «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Ақберен» (1972), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1-том; 1989, 2-том); «Топан» (1991), «Алқаласа әлеумет» (1991), «Жыр – дария» (1995) жинақ кітаптарда жарияланды. Ақын шығармаларының халық арасына кеңінен таралуында халық мұрасын насихаттаған жыршылардың, термеші-әншілердің еңбектерін, Қашағанның әдеби мұрасының оқытылуы мен зерттелуі тарихында бірқатар көрнекті ғалым-ұстаздарымыздың еңбектерін атаймыз. Академик Қ.Жұмалиевтің, профессор Х.Сүйіншәлиевтің «XVIII–ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің бағдарламасында» (1939–1987 жж.), академик А.Жұбановтың «Струны столетий» (1958), «Құрманғазы» (1960), «Қазақтың халық композиторлары» (1962), Е.Исмайыловтың «Ақындар» (1956), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (1967), «Қазақ әдебиеті. XVIII–ХІХ ғғ.» (1981), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2006), Қ.Сыдиқовтың «Ақын, жыраулар» (1974), т.б. кітаптарда ақын шығармашылығы аталған.

Қашаған Күржіманұлының дарыны негізінде туындаған ақындық өнері жастайынан байқалған. Ақын мұрасын жинап, құрастырып, баспаға дайындап, алғы сөзін, түсініктерін жазып, «Топан» атауымен жеке кітап етіп жариялаған көрнекті әдебиеттанушы ғалым Қабиболла Сыдиқов әкесінен жастай жетім қалған Қашағанның табиғи дарынымен ел назарына ілінгенін, «Ел әңгімелеріне қарағанда, Қашағанды жастай жиын-тойға апарып, ақындық өнерге баулыған Қалнияз ақын» екендігін атап көрсетеді. Қалнияз Шопықұлы (1816–1902) – дәстүрлі ақындар поэзиясының көрнекті тұлғаларының бірі.

«ОРАЗАЛЫҒА» – Ақынның Оразалы байды шенеуі – осы өлеңде көрініс табады. Бай болса да жарлының кейпін кешіп, мал соңында отыруы ақын тілінен мысқыл болып шығды. Осы күнде құдық түбінде жастанып, жанын мал соңына қиған байдың кескінсіз бейнесін әдемі бере алған. «Шаруаға жанды жүдетіп, Жүргенде кетпесе игі еді Біздің аршыланға тіл өтіп» – деп кекесінге де бой ұрады.

«БАЙЛАРҒА» – Ақын жоғарыдағы өлеңдегі ойды кеңінен жырлаған. Байлардың барлық характерін осы өлеңде ашып береді. Қора толған мал толса да аштан отыратын сол бай дейді. Келген қонағына мал соймай, туар қозыны күтетін де сол бай дейді. Кедейге кекесінмен күлетін де, қос-қостан пайдасы жоқ үй тігетін де сол бай, лепірме бос сөзге әуес, сонысына қарап мырза екен деп танитының да тағы сол бай. Ақын да мұндай байдан қашқақтайды. Одан да жалшының шаңырағын дұрыс деп есептейді. «Сыншылдық, шешендік, тапқырлық өнер, лирикалы, эпикалы жырларды, мақал-мәтелдерді, аңыз-ертегілерді, халықтық сатираларды әрі шығарып, әрі орындап, дамытып отырып, кейінгі ұрпаққа аса қызықты поэзиялық қазына етіп жеткізетін творчестволық тәжірибе, үлгі – қазақтың ақын, жыршы, жырау, әнші, өлеңшілерінің дәстүріндегі негізгі ерекшелік. Сүйінбай, Шөже, Шернияз, Абыл, Жанақ, Түбек сияқты асқан жүйрік импровизатор ақындардың, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Шашубай сияқты әнші ақындардың, Марабай Мұрын, Нұрпейіс сияқты атақты эпик жыраулардың творчестволық дәстүрлері өз заманындағы ақын-жыршыларды үнемі қызықтырып отырған» . Бұл – Қашаған шығармашылығының негізгі сипатын аңғартатын ғылыми-методологиялық мәнді пікір
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз!

Бағзы заманнан бері қарай өмір сүрген ақын, жыраулар қазақ жеріндегі замана көшінің бағыт-бағдарын елден бұрын бағамдап, өмір ағымының беталысын, тіршілігінің тынысын тамыршыдай дөп басып танып отырған. Іштен, тыстан келетін қауіп-қатерлерді алын-ала сезіп білген. Бұл өзгелерден артық туған ақын, жырауларға тәңірдің берген тән қасиеті болса керек. Олар қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заман болса, шаттана, масаттана жырлаған. Ел басына күн туған аласапыранда отты жырларымен қалың қазақтың жігерін жанып, тұтастық пен бірлікке шақырған. Ал туған жеріне жатжұрттықтар сұқ көздерін сүзіп, шеңгелдеп қол сала бастағанда жыландай жылжып келе жатқан қасіреттен халқын сақтандырып жырмен зар жылаған. Жат пиғылдылардың елдің іргесін ірітіп, ырысын шашып, қазынасын қасықтап та, шөміштеп те таситынын елден бұрын аңғарған. Ақындар алмағайып заманда елдің жігерін жанып, төнген қауіптің бетін қайтаруға халықты үндеп отырған.

Біздің дәуіріміздің ХVІІІ ғасырынан бастап Ресей патшалығы қазақ жерінде де отаршыл, озбыр саясат жүргізе бастады. Орыстар қазақ елін еріксіз билеп-төстеп, елдің шұрайлы, құйқалы өңірлерін емін-еркін егеленіп, халықты жерінен, әдет-ғұрпынан, дінінен бездіруге әрекет жүргізді. Әлімсақтан атадан балаға мирас болып, сан ғасырлар бойы алтын тіндей жалғасып келе жатқан қазақ қоғамындағы қалыптасқан құндылықтар орыс озбырлығының әсерінен өзгеріске түсті. Ел басқарудың жүйесі бұрынғыдан басқа сипат ала бастады. Халықты қисыны жоқ салықтармен, ретсіз алымдармен қанап, түкпір-түкпірде отаршылдықтың дендеп енуі, одан халықтың зардап шегіп, күйзеліске ұшырауының ақыры — тарих сахнасына елдің мұңын мұңдайтын бір шоғыр «зар заман ақындарын» шығарды. Олар қазақ халқының сол кезеңдегі мұң мен зарын, тарта бастаған азабын, көріп отырған теперішін, алдағы күнін ойлаған ұлт қайраткері дәрежесінде танылды. Өз заманының тамыр соғысын елден бұрын сезетін, өмір ағысының беталысын алдын ала біліп отыратын көріпкелдей сұңғыла ақындар күңірене небір толғауларды толғады, күрсіне тіл қатты. Ұлтқа қауіп-қатер жақындай түскенін естірте отырып, елді ата-баба дәстүрін қаймағы бұзылмаған күйінде сақтауға, ұлттық болмыстан ажырап қалмауға жалынды жырларымен үндеді. Осы арқылы халықты ел басына төніп келе жатқан қасіреттен сақтандырды.

Зауалды заманда ғұмыр кешіп, отарлық езгіге, орыс патшалығының қанауына түскен халықтың тағдырын запыранды зармен, күңіренген мұңмен жырлаған ақындар шоғырын қазақтың әдебиеттану ғылымына «зар заман ақындары» деп атайтын термин пайда болды. Бұл терминді ғылымға Мұхтар Әуезов 1927 жылы енгізген және зар заман ақындарының дәуірін бір ғасыр көлемі деп көрсеткен.

Осы зар заман ақындары шоғырында елге белгілі ақындар Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асандар болды.

Халықты зар илеткен зобалаң заманды жыр еткендердің бірі — ақын Шортанбай Қанайұлы. Ол 1818 жылы Қаратау өңірінде, Түркістан жерінде туылып, 1881 жылы Қарағанды облысы­ның Шет ауданына қарасты Ақсу-Аюлы ауылында өмірден озған. Шортанбайдың өз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген ұлдары мен Бәйіш атты қызы болған. Сыр бойы мен Түркістан аймағындағы ірі дін өкілі Мәді (Маһди) қажы — (Диуана) қожаның ұрпағы Шортанбай жас шағында арабша оқып білім алған. Көкірек көзі ояу, білімпаз Ш.Қанайұлы көрген-білгендерін көңіліне түйіп, санасына орнықтырып отырған. Тәңірдің берген дарынының арқасында ол ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақ халқының тарихындағы ірі қоғам қайраткерінің бірі болған ақын. Өз дәуірінің өмір шындығын айқын көрсете білген бірден-бір көреген ақын заманның, қоғамның әр саласын кеңінен қамтып, шынайы өмірді көзбен көргендей етіп бейнелеп берген ірі суреткер, өткір тілді жампоз жырау болды.

Діни сауатты Шортанбай Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани Хикметінен» сусындап, оны жаттап өскен. Ислам діні жолындағы оқуының нәтижесі Шортанбайды ишандық дәрежеге жеткізді. Шортанбай ишан Түркістан өңірінде ислам дінін тарату жолында қызмет атқарып жүріп, Сарыарқаның Қарқаралысындағы Жамантай төренің жанына біраз уақыт қоныс аударады. Кейіннен Жанғұтты бидің қолқасымен Ақсу-Аюлы бойына қоныс жаңғыртады. Онда барған соң мешіт салдырып, медресе ашып бала оқытады. Өмірден озғанға шейін Жанғұтты бидің қамқорында болады.

Бойына туа бітті тәңірден берілген ақындық шабыт дарын иесін осы жолға түсірмей қой­майды. Жан-жақты сауатты, өлең-жырға әуес, сөзге шешен Шортанбай жиын, той-думандарда жырға ден қоя бастайды. Ақырында толғау айтса — толғап айтатын, жыр айтса — төкпелеп төгетін ақынға айналады. Қасиетті Түркістан жері оны ишан дәрежелі дін иесі етсе, Қарқаралы байтағына арқалы ақын ретінде танылады. Шортанбай шығармаларында ХІХ ғасырдағы қазақтың өмірі шынайы болмысымен суреттеледі. Әсіресе, елдің тұрмыс-тірлігі, жоқ-жұтаңдардың жағдайы ақынды қатты толғандырып, жат жұрттық келімсектердің қазақ жерін талапайға сала бастауы ақынға шаншудай қадалады. Елге жасалған отаршылдық, халыққа істелген қиянат ақынның көптеген шығармасына арқау болды, зар заманның келгенін күңірене жырлап, халқын төнген қауіптен қорғады.

Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір кітаптарда жариялана бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Аталған жинақтарға ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Бала зары», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насихат сөздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға» тағы басқа да шығармалары енген.

Кешегі кеңес заманында бірқатар толғаулары мен айтыстары С.Сейфуллиннің 1931 жылы шыққан «Ескі әдебиет нұсқаларында», С.Мұқанов пен Қ.Бекхожиннің 1942 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің хрестоматиясында», 1962 жылғы «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» және1965 жылғы «Айтыс» жинағында жарияланған.

Ш.Қанайұлының «Бала зары» атты өлеңдер жинағы ХІХ ғасырдың 80-жылдарында Қазан қаласында баспаханадан басылып шыққан.

Келешекті көрегендікпен болжау, алдағы күндердегі елдің даму сипатындағы өзгерістерді көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп шынайы бейнелеп жырлау секілді зар заман ақындарына ортақ қасиет Ш.Қанайұлында да бар. Бұндай сипаттағы өлең мен толғаулар оның шығармаларында көптеп орын алады.

Шортанбай ақынның шығармаларының дені дерлік «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» мамыражай заманды аңсап, заман ағысының кері кетіп бара жатқанына налудан туған. Мысалы, «Зар заман» деген толғауында өткен заманның жақсылықтарын аңсау байқалады. Мұнда ақын заман азды, заң тозды, бұрынғы зорлар қор болды, қорлар зор болды, ұрпақ ата-анасын тыңдаудан қалды деп торығады. Ел ішіндегі әлеуметтік мәселені жырға арқау етіп, жұртқа төрелік айтатын билер мен ел билеушілерінің парақорлығы мен әділетсіздігін, ел ішіндегі алауыздықты тағы басқа да мін-қылықтарды шариғат жолымен кінәлап, бұрынғы өтіп кеткен замандағы билердің әділ іс-әрекеттерін аңсайды. Аласапыраны көп алмағайып замандағы өзгерістер мен жаңалық біткенді танығысы келмей, оған үрке қарап:

— Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман.

Азусызға тар заман,

Мұның өзі — зар заман…- деп, кейпі қашқан заманның кесір кепиетін ашына айтады, батыл толғайды. Қазақ жеріндегі ел билеушілерді сын садағына алып, Асанқайғыша толғанады әрі торығады.

Заман ағымының беталысының қалыптан ауып, адамдар арасындағы әлеуметтік теңдіктің ауытқуын, осыдан барып кедей мен жоқ-жұтаң елдің басына түскелі келе жатқан кесапаттан жұртты сақтандырып:

Мынау ақыр заманда,

Алуан-алуан жан шықты.

Арам, араз хан шықты,

Қайырымы жоқ бай шықты.

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты.

Кедей қайтіп күн көрер? —

Сол себепті қорқамын! — деп, заманның түнеріп келе жатқан қара бұлтын ашық көрсетеді.

Шортанбай шығармаларының өзегі — беталысы өзгерген заман, қайырымсыз қоғам, берекесі кете бастаған халық тұрмысы, елдің өмір сүру ырғағының бұзылуы, қонысы мен жерінен шеттетуге негізделген қысым көрсету, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған ел тонаудың небір түрлері, екі жүзді ел билеушілер, бұзақы тонаушы топтар. Патша отаршыларымен қатар елді қанауға малды байлар да, алып сатар саудагерлер де кірісіп жүргенін шығармаларында көрсетеді. Бұларға қоса князьдар мен генерал-губернаторлар, әскербасылар мен дуанбасылар, соттар, тілмаштар секілді сол кездің әкім-ұлықтары елдің тыныштығы мен дәулетін судай ша­шады. Осыны көріп отырған Шортанбай ақын:

Заман қайтып оңалсын,

Адам қайтып қуансын,

Жандарал болды ұлығың.

Майыр болды сыпайы,

Айрылмайтын дерт болды,

Кедейге қылған зорлығың.

Князьді көрдің піріңдей,

Тілмәшті көрдің биіңдей,

Дуанды көрдің үйіңдей,

Абақты тұр алдыңда,

Қазылып қойған көріңдей, — деп, олардың барлығын елдің ырыс-несібесін жалмайтын ауызын ашқан аждаһадай етіп көрсетеді.

Ол «Бір тәңірге аян-ды», «Бір насихат айтайын» және тағы басқа да өлеңдерінде қараша халықтың ауыр тұрмысын, би-болыстар, ұлықтар мен байлардың ел билеудегі кейбір келеңсіз әрекеттерін, озбырлықтарын әшкерелеп көрсетеді.

… Кедейлерге салып шығынды,

Негізі байдың тоймайды, — деп, байлардың тойымсыздығы мен ашкөздігін өткір тілімен түйрейді, олардың бет-бейнесін ашып береді.

Отаршыл Ресей патшасының қазақты үйреншікті сүйегіне сіңген әдет-ғұрыптан, наным-сенімінен, иманынан, ел билеу салтынан айыруға жасаған әрекеті мен зорлықшыл әділетсіздігін көрген Шортанбай одан әрі:

…Осы күнде заманың

Осылайша болып тұр.

Мұсылманды бұл күнде,

Орыс кәпір жеңіп тұр…- деп, түйіндейді.

Ш.Қанайұлы қазақтың бойындағы адами қасиеттердің айни бастағанын, ұлттық тұрпаты мен елдік сипатының бұзылғанын былай деп көрсетеді:

Заманақыр кезінде —

Ұл сыйламас атасын.

Қыз сыйламас енесін,

Ер жеттім деп егесіп,

Салыстырар денесін, — деп, қазақтың қанында жоқ жат қылықтардың өріс алып келе жатқанын ашына жырлап, ескертеді, кимелеп келе жатқан кесапаттың кері кеткен кейпіне ашынады.

Бұдан әрі мұсылмандық шарттар мен иманға жасалып жатқан қиянат, адал мен арамның ара қатынасы туралы да болашақ болжамын айтады.

…Зекетсіздің бұйырар

Сүндетсізге жиғаны.

Аузы түкті ие боп,

Қазаққа берер қиғанын, — деп, көреген ақын күйініш білдіреді.

Бұдан соң ақын ХХ ғасырда қазақтың басынан өткерер бар қияметі туралы:

…Қайран да халқым, қайтейін,

Кейісті көп тартасың.

Көппен көрген селебе,

Селебені елеме,- деп, егіле отырып, елін жұбатады.

Шортанбай ақын елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгеніне теңейді. Оның бұл жердегі ақырзаман дегені дүниені жойып жіберетін ғаламдық апат емес, отаршылық пен қанаудың аранына түскен ұлттың күйреуі мен тозаққа ұшырауы сипатындағы ақырзаман екенін көреміз. Ол осы тұрғыда:

Таңда махшар күн туса,

Таразыны аударар.

Жаһаннам деген дозақта,

Шайтан болар жолдасы.

Құбыласын білмей құл

Сонда тартар жазасын.

Кешірмейді Құдайым

Бес намаздың қазасын.

Құрт-құмырсқа жиылып,

Сонда алады мазасын.

Жаһаннамның белгісі

Жалғанға болар расың.

Мұқып қылмай құдайым

Ол залымның тәубасын

Сақта құдай солардан,

Сол себепті қорқамын!- дейді. Осылайша келер нәубеттің зардаптарын тайға таңба бас­қандай күн ілгері айтып береді.

Ақын өмірден өтер алдында көптен сыйлас досы Жанғұтты мен Асанбұғы қожаны ша­қыртып алып, араздасады. Заман ағымы, ұрпақ болашағы, ел болу қам-қаракеті туралы олармен ой бөліседі, пікірлеседі. Екі ақылдасына келер заман туралы өзінің болжамын жаздырады.

…Отыз, отыз бірінші жылдары,

Елдің ері еренде,

Жалғыз-ақ қара қалады.

Ұялмастан бұл кәпір,

Оған да салық салады.

…Сол уақыттың кезінде,

Ұмытпасаң тәубаңды,

Түтін салар соқпаққа.

Түзу жолдан сан қилы,

Жолығарсың күрзі менен соқпаққа, -деп, алдағы күннің болжалды, келер ұрпақтың мойнына түсер ауыртпалықты көзбен көргендей, қолға ұстатқандай етіп айтып берген.

Шортанбай негізінен болжампаз, көреген, ақылгөй, өсиетшіл ақын. Сондықтан жырлары­мен де адами ақыл айтып, халықты түзу жолға салып, жөн сілтеуді өзінің зор мақсаты санаған болса керек. Ақын әр кезде терең толғап, өрнекті де өрелі сөз термелейді. Орынды да орнықты ақылдар береді, нақылды сөз айтады.

Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның кәрі-жасына арнайды. Елдің бас көтерер адамдарын тәубаға шақырып, бір күндік мал-мүлік пен дүние жинап қор болмай, халық үшін, бір Құдай­дың жолында қызмет етуін тілейді. Ізгілік, әділет жолынан тайынбай іс қылып, саналы, салиқалы өмір кешуін уағыздайды. Ақирет жолы мен адамгершілік, әділет жолдарын тең ұстап, ешкімге обал, қиянат жасамай, тек қана ізгілік жасап өткенін қалайды. Адамдарды тойымсыздық пен опасыздықтан аулақ болып, қанағат пен рақымға жақын болуға үндейді.

Шортанбайды зар заман кезеңінде өмірден түңіле жырлаған жігерсіз, қайғы мен мұңның ақыны деп тұжырым жасауға келмейді. Жоғарыда келтірілген бірқатар өлеңдердің үзінділе­рінен-ақ ақынның бойындағы басым күш пен жігерді бағамдауға болады. Өлеңдер өзегінен елді бас көтеріп, серпілуге шақырып, батыл күреске үндеуді, халықтың сана-сезімін оятуды көздегенін көреміз. Шортанбай өмір сүрген зар заман деп аталған — тар заманда халыққа ұран тастап, үндеу жасап, алды-артын болжап бергеннің өзі үлкен ерлік, елге адал қызмет. Шортанбай шығармашылығын зерттеушілердің пайымдауынша, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тимеген. Ол ел-жұртының қасіретін ерлерше арқалап, мұңын мұңдады, ақындық шабытынан күрескерлік жыр толғады. Өз елінің мінезін, мінін түзетпек болды. Жасығандардың жігерін жанып, тәуелсіздігі үшін аянбай күресуге шақырды.

Сол замандағы қоғамның жай-жапсарын зерделеп, залалды зардабын елге түсіндірді, салдарынан сақтандырды, кесапаттың алдын алуға жатпай-тұрмай жұртын үгіттеп, ілгері жетеледі. Ел ішін дендей бастаған әр түрлі келеңсіздіктерге, талан-таражға, алауыздыққа, берекесіздікке, бейәдептікке, опасыздыққа қарсы халықты аянбай күресуге шақырды. Сол заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет ету екіталай еді.

Шортанбай өз заманындағы қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік пен өмір шындығын шынайы суреттей білген сұңғыла жыршы екендігімен қатар суырып салма айтыскер ақын болған. Кезінде ол Шөже, Орынбай, Асан ақындармен сөз сайыстырған. Осылардың ішіндегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен айтысы. Айтыстың өн бойынан ақынның тапқырлығын, сөзге шеберлігін, тілінің өткірлігін анық аңғаруға болады. Талай айтыстарда шыңдалып, сан рет жүлде алған Орынбай сияқты айтулы ақынмен сайысқа түскен Шортанбай өзінің алғырлығымен тілге тиек болар жағдайды бұрынырақ болжап, табан астында қарсыласының алдын орап кететін тапқырлығын танытады.

Шортанбай Қанайұлы өр мінезді өлеңдерімен қазақ әдебиетін түр, мазмұн жағынан байыта түскен, адами және бекзаттық қасиеттерді, ізгілік пен парасаттылықты жырлаған, оны елге насихаттаған ірі ақын.

Бір сөзбен айтқанда, Шортанбайды заманның тамыр соғысын дөп басып танитын, мезгіл мұғдарын алдын-ала болжап, күн ілгері көре білетін өз заманының да, одан бергі заманның жаршысы болған кемеңгер де көреген ақын деп бағалауға болады.

Бойындағы адами қадір-қасиетінің молдығына, дарынды білім иесі болуына, елі мен жерін қастерлей білуіне байланысты Шортанбай ақынды ел бүгінге дейін әулие деп есептейді.

Әулие ақын дүниеден озған соң мүрдесі жерленген орынға зират салмауды өсиет етіп кет­кен. Ақынның атын атауға, оның шығармаларын насихаттауға ХХ ғасырдағы әміршіл саясат рұқсат бермеді. Оның жырларын айтуға тыйым салынды, өлеңін айтатындар болса олар қуғындауға ұшырады.

Осы тыйымдардың кесірінен кеткен олқылықтың орнын толтыратын кезең енді келіп жет­ті. Ол үшін қазіргі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ұлттық ғылыми кітапханасында сақтаулы тұрған айтулы ақын­ның шығармаларының қолжазбасын толыққанды зерттеп, зерделеп, өлең-жырларын жинақтап жарыққа шығару, жұртшылық арасында насихаттау керек деп білеміз. Бүгінгі уақыт соны көрсетіп отыр.
Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз!

Хакім Абайдың сыншыл бағалауына лайықты «Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» поэзиялық туындылары арқылы дәлелдеген, шығармалары халықтық қабылдау ықыласына ие болғандар ғана ұлттық әдебиетіміздің тарихын құрағаны мәлім. Бұл әлем халықтары әдебиеттеріне ортақ сипат. Шығармалары халық көңілінен берік орын алған, өлең-толғаулары, айтыстары, дастандары жыршы орындаушылардың өнерімен аймақтарға, атыраптарға мол таралған осындай көрнекті ақын – Қашаған Күржіманұлы (1841–1929).

Қашағанның бірқатар туындылары алғаш рет «Әдебиет майданы» (1935), одан кейін «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Ақберен» (1972), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «Бес ғасыр жырлайды» (1984, 1-том; 1989, 2-том); «Топан» (1991), «Алқаласа әлеумет» (1991), «Жыр – дария» (1995) жинақ кітаптарда жарияланды. Ақын шығармаларының халық арасына кеңінен таралуында халық мұрасын насихаттаған жыршылардың, термеші-әншілердің еңбектерін, Қашағанның әдеби мұрасының оқытылуы мен зерттелуі тарихында бірқатар көрнекті ғалым-ұстаздарымыздың еңбектерін атаймыз. Академик Қ.Жұмалиевтің, профессор Х.Сүйіншәлиевтің «XVIII–ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің бағдарламасында» (1939–1987 жж.), академик А.Жұбановтың «Струны столетий» (1958), «Құрманғазы» (1960), «Қазақтың халық композиторлары» (1962), Е.Исмайыловтың «Ақындар» (1956), Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (1967), «Қазақ әдебиеті. XVIII–ХІХ ғғ.» (1981), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2006), Қ.Сыдиқовтың «Ақын, жыраулар» (1974), т.б. кітаптарда ақын шығармашылығы аталған.

Қашаған Күржіманұлының дарыны негізінде туындаған ақындық өнері жастайынан байқалған. Ақын мұрасын жинап, құрастырып, баспаға дайындап, алғы сөзін, түсініктерін жазып, «Топан» атауымен жеке кітап етіп жариялаған көрнекті әдебиеттанушы ғалым Қабиболла Сыдиқов әкесінен жастай жетім қалған Қашағанның табиғи дарынымен ел назарына ілінгенін, «Ел әңгімелеріне қарағанда, Қашағанды жастай жиын-тойға апарып, ақындық өнерге баулыған Қалнияз ақын» екендігін атап көрсетеді. Қалнияз Шопықұлы (1816–1902) – дәстүрлі ақындар поэзиясының көрнекті тұлғаларының бірі.

«ОРАЗАЛЫҒА» – Ақынның Оразалы байды шенеуі – осы өлеңде көрініс табады. Бай болса да жарлының кейпін кешіп, мал соңында отыруы ақын тілінен мысқыл болып шығды. Осы күнде құдық түбінде жастанып, жанын мал соңына қиған байдың кескінсіз бейнесін әдемі бере алған. «Шаруаға жанды жүдетіп, Жүргенде кетпесе игі еді Біздің аршыланға тіл өтіп» – деп кекесінге де бой ұрады.

«БАЙЛАРҒА» – Ақын жоғарыдағы өлеңдегі ойды кеңінен жырлаған. Байлардың барлық характерін осы өлеңде ашып береді. Қора толған мал толса да аштан отыратын сол бай дейді. Келген қонағына мал соймай, туар қозыны күтетін де сол бай дейді. Кедейге кекесінмен күлетін де, қос-қостан пайдасы жоқ үй тігетін де сол бай, лепірме бос сөзге әуес, сонысына қарап мырза екен деп танитының да тағы сол бай. Ақын да мұндай байдан қашқақтайды. Одан да жалшының шаңырағын дұрыс деп есептейді. «Сыншылдық, шешендік, тапқырлық өнер, лирикалы, эпикалы жырларды, мақал-мәтелдерді, аңыз-ертегілерді, халықтық сатираларды әрі шығарып, әрі орындап, дамытып отырып, кейінгі ұрпаққа аса қызықты поэзиялық қазына етіп жеткізетін творчестволық тәжірибе, үлгі – қазақтың ақын, жыршы, жырау, әнші, өлеңшілерінің дәстүріндегі негізгі ерекшелік. Сүйінбай, Шөже, Шернияз, Абыл, Жанақ, Түбек сияқты асқан жүйрік импровизатор ақындардың, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Шашубай сияқты әнші ақындардың, Марабай Мұрын, Нұрпейіс сияқты атақты эпик жыраулардың творчестволық дәстүрлері өз заманындағы ақын-жыршыларды үнемі қызықтырып отырған» . Бұл – Қашаған шығармашылығының негізгі сипатын аңғартатын ғылыми-методологиялық мәнді пікір
Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз

Адам бойына біткен сараңдық, өзгені қойып, дүние-байлығын өзіне қимай құл етеді. Қазақтың осындайларды «дүниенің құлы» деп жататыны осыдан. Осындай жағымсыз қасиеттерге бой алдырған жандарды Қашаған Күржіманұлы ащы сынға алған екен. Ендеше ақынның өлеңдеріндегі әлеуметтік мәселелерді қарастырып көрелік. Ақын жоғарыда айтылған ойды «Байларға» деген өлеңде кеңінен жырлаған. Байлардың барлық мінез-құлықтарын осы өлеңде ашып береді. Дәулеті асып тұрса да, сараңдығы асқан байларды былай деп сынайды:
Кейбір байды қарасаң,
Қорасында мал толы,
Үйінде ішер тағам жоқ,
Тағам жоқтан жаман жоқ...
деп ақынның сыншыл-ойлы, өлеңінде сараң байларды өмір шындығы аясында бейнелеген. Сараң екенін табағынан таны демекші, қора толған мал толса да өзіне ішерге ас бұйыртпай отырғанын сынаған. Қарап отырсам, адам байлықты қызығын көру үшін жимай ма? Дәулеттің ортасында отырып ішерге ас таппау, сорақы болмай не болсын? Адам ғұмыры қамшының сабындай ғана қысқа екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан да тәңірдің бұйыртқан сый-сияпатын барынша пайдаланып, іске жарату керек деп ойлаймын.
Осындай жалынды, сыншыл өлеңдерінің бірін Қашаған Оразалы деген бай ағайынына арнаған екен. Бай болса да жарлының кейпін кешіп, мал соңында отыруын ақын мысқылдап шенеген. Оған мысал, өлеңнің мына бір жолдары:
Қара ұннан көже ашытып,
Балқара деп қануын – Қарашы...
деген. Өлеңнің бұл жолдарын оқығанда өзі бір жиіркенішті сезім шақырады екен. Бай - дәулеті асып тұрған адамның қара ұннан көже ішіп отырғаны барып тұрған азғындық қой. Тіпті Қашағанның сынаған образдарына жаным ашиды десем, артық айтпағаным болар. Кедейдің аш отырғаны жоқтықтан дейсін, ал байлығы мен дәулеті асып тұрып ішер асына тарылғаны аянышты деп ойлаймын.
Қашаған заман сырын сезіне алды, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Жоғарыда айтқан Оразалыға және Байларға өлеңдерінің әлеуметтік мәселесі байлардың сараң, дүниекоңыздығы болып табылады. Олар мал-дәулеті шалқып жатса да, дүние рақатын көрмей өтер шықбермес сараң жандар екенін көрсетеді. Өкінішке орай, бұл мәселе бүгінгі күні де жалғасын тауып келе жатыр. Қазір де осы сыналған образдарды өмірде жиі кездестіреміз. Материалдық құндылықтарды бәріненде жоғары қоятын жандар аз емес екені аян. Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, өз парызына адал да бола алмайтыны анық.
Қорытындылай келе айтарым, Қашаған ақын сынға алған қасиеттерден аулақ болайық. Байлық пен дәулет тұрақсыз екенін ұмытпаған жөн. Дүниенің құлы болмай, барға қанағат еткен дұрыс. Соңымыздан көл көсір байлық қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға үлгі боларлық өнегелі іс қалсын!
Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз

Қашаған Күржіманұлы өзінің байларға өленінде байлардың характерін ашып береді. Байлардың бейнесін көлде жүрген құрбақның касиеттерімен суреттегені де дұрыс деп еспетеймін.Қорасында мыңғырған малы бола тұра ішерге асы жоқ адамдарша өзін-өзі ұстауы және келген қонақтарға мал соймай туатын қозысын күтетіндігі барып тұрған өзімшілдік және ашкөздік деп ойлаймын. Бұндайда рақатсыз көрген мал, үйқыда көрген түспен тең деген халық мақалы еске түседі.

Оразалыға өлеңінде ақын орзалы байдың арланбай-ақ ыстыққа да, суыққа да төзіп, өз малын өзі бағып, өзі күзетіп жүрген нағыз шаруқор жан ретінде сипаттай отырып шыбын жанын пида ететіндігі айқын суреттеліді. Осы жерде ақын құдық түбінде жастанып, жанын мал соңында қиған байдын кескінсіз бейнесін әдемі суреттей алған. «Шаруаға жанды жүдетіп, жүргенінде кетпес игі еді біздің аршыланға тіл өтіп» -деп кекесінге бой ұрады. Біреуді жалдап істетуге малын қимай өзі азып- тозып жүрген байды жеңіл мысқылмен түйреп өтеді.Қарап отырсақ осы екі өлеңнің де терең мағынылы екендігін түсін8уге болады.
5.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның
зарлығы мен тарлығының белгілерін дəәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

Мен сөз ететін Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген кезеңі - хандық биліктің жойылып,
патша өкіметінің қазақтың кең даласын емін-еркін билей бастаған кезі болатын. Өз елінде
өгейлікпен күн кешкен қазақтың қиыншылығы мен азабы көп еді. Осы тұста Шортанбай "Зар
заман" атты өлеңін қандай себеппен жазды? Өлең жазудағы мақсат не еді? Келешек ұрпаққа не
айтқысы келді? Осы сауалдарды негізге ала отырып, өз көзқарасымды білдіргім келеді.
Бірінші кезекте, Шортанбай өлеңінде əәр түрлі жағдайларды алға тарта отырып, заман
күйін суреттейді. Ақын "Зар заман" өлеңінде: "Мына заман қай заман?" деп біздерге сауал тастай
отырып, өзі қойған сауалға:"Азулыға бар заман, Азусызға тар заман" деп толықтырады. Өлеңнің
мазмұндық желісі сол кездегі қиыншылық кезеңдерді, кіріптарлық пен қорлықта өмір сүрген қазақ
елінің ауыр тұрмысын жеткізеді. Бұдан басқа өлең желісіннен, бүгінгі таңда адамдар арасында
дəәурені жүріп, барлығына масаттанған байлардың, кез-келген істе оңай жеңіске жетіп , жоқ
жітіктің өкініште қалатынын айтаға болады. Меніңше, бұл Шортанбай айтқан азулы мен
азусыздың белгісі.
Сондай-ақ, Шортанбай: "Тарлығының белгісі: Жақсы жаннан түңілген, Жаман - малдан
түңілген, Мұның өзі-зар заман" деп сол кездегі адамдардың ниеттерінің өзгеруін, жаманшылыққа
қарай бет алғандығы деп суреттейді. Заманның азуын қазақ арасындағы рулық заңның бұзылуын,
ар-ұят, адамгершіліктің азаюы деп бағалайды. "Зарлығының белгісі: Бір-бірлерін күндеген, Жай-
жайына жүрмеген,Мұның өзі - тар заман" деп ел бірлігінің ыдырауын, ағайын арасындағы
алауыздықтың өрши түскенін, халық арасындағы ынтымақ пен бірліктің əәлсіргенін сөз етеді.
Өкінішке орай, қазіргі қоғамдағы адамдардың жасап жатқан азғындығы жаныңды
ауыртады.Ата-анасын қарттарын үйіне өткізіп, сəәбиін босағаға тастап,досына қастық
жасағандардың заманды тарылтып, адам пейілін бұзатындығы анық
Алайда Шортанбай өлеңінде: "Бұл асылық асқан заманда, Ұл туады атаменен егесіп, Қыз
туады анаменен теңдесіп" деп сол кездегі қиыншылықты ғана емес, өкінішке орай қазіргі біздер
өмір сүріп жатқан кезеңді де анық суреттеп кетеді. Бұл ақын Шортанбайдың көрегендігі. Қарап
отырсақ, ақын тек сол замандағы оқиғаларды ғана қамтымайды, қазіргі кездің адамдарының
санасы мен адамгершілік болмысында болып жатқан өзгерістер нақ дəәл тауып айтқандай.
Қорытындылай келе, Шортанбай Қанайұлының"Зар заман" өлеңі тек сол қиын кезеңді ғана
емес, біздер өмір сүріп жатқан уақытты да қамиды.Олай болса, жамандықтан жиреніп,
жақсылыққа қарай қадам басайық. Ата-аналарымызды ардақтап, ұлдарымызды ұлықтап,
қыздарымызды қадірлей білейік!
6.Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын əәнші-ақындар шығармашылығындағы қыз
бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

Қазақ халқының көрнекті өкілі, зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының əәдеби
мұрасының біраз бөлігі- арнау өлеңдер. Сондай арнау өлеңдерінің бірі- «Қыз өлеңі». Қазақ
аруларының бейнесі талай ақындардың шабытына арқау болған. Осы туындыларда қыз бейнесі
қаншалықты шебер суреттелді?
Халқымыз ежелден қызды «қонақ» деп қадірлеп, əәспеттеген. Қызды ай мен күнге теңеп,
жаһутпен көмкере білген. Мысалы, Мұрат қыздың сұлулығын:
«Бұраңдаған ақ моншақтай керілген қыз,
Оздырдың салтанатты еліңнен қыз
Сəәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңкің сары алтындай көрінген қыз», - деп жырлайды. Бұл теңеулер- ізбасар ақындарға үлгі болар
өрнектер еді.
Мұрат Мөңкеұлы сияқты əәнші-ақындар Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мұхит т.б.
шығармаларында көбіне пəәк таза махаббатты, сұлу əәйел сипатын, əәйел теңсіздігін жырлады.
Мұрат ақын қазақ қызының сұлулығын оның ішкі жан дүниесімен астасып жатқандығын «лебізің,
сөзің – шырын, маржан-тісің» десе, Ақан сері «Ғашық жарға» өлеңінде: «аузың – бал, тілің шекер,
нəәзік таңдай,қиғаш қас, нұрлы жүзің, жазық маңдай» - деп суреттейді. Сырлы сөзбен қамал
тұрғызған əәнші-акындардың мұралары ұлт мəәдениетінің қазына қосылған інжу-маржандарымыз.
«Қыз» өлеңінде теңіне қосыла алмаған қыздың басындағы қиыншылықты: «...Басыңнан бұл
дүние өтеді деп, қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз» деп көрсете келе, «... шалықта ата-анаңның
дəәулетіне, бір күні жөнелерсің үйіңнен қыз» деп, əәке-шешеңнің қасында бұлаңдап жүрген қыз
еркіңнен тыс біреуге жар болып кетерсің, күнің не болар екен деген уайымын да жасырмайды. Ал
Ақан сері «Балқадиша» өлеңінде: «...бұраңдап асау тайдай жүрген басың, боласың қандай жанға
жар, Қадиша» - деп мұңайса, «Лəәйлім шырақ» өлеңінде: «Есен-аман жүрмісің, Лəәйлім шырақ,
жаңа таптым аулыңды көптен сұрап, жел тимесе жан тимес, деп жүргенде, қол ұстасып
жатпенен кеттің жырақ» деп басында билігі жоқ əәйел теңсіздігіне наразылықтарын ашық
білдіреді. Ал, Естай ақын «Құсни Қорлан» өлеңінде:
«... бар еді қимас күндер тату өскен, келер ме енді айналып, уа дариға-ай», - деп өзегін өртеген
өкінішін жасырмайды.
Қорытындылай келе, Мұрат Мөңкеұлы мен ХІХ ғасырдағы əәнші-ақындар
шығармашылығында қыз бейнесі өзіндік ортақ көркемдікке ие. Ақындар өз шығармаларында əәйел
затының көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын əәсерлі жырлаумен қатар, теңіне қосыла
алмаған қазақ қыздарының тағдырын да шынайы суреттеген.
Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер
өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз

Қазақ қызы!Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп,жан жараңды
емдеп,шабытыңды оятып,қолыңды сермеп,сезім гүлдеп жүректегі алаулаған
отты үрлеп жібереді.Қазақтың
мұңы,зары,арманы,үміті,ардағы,аманаты,тарихы,өмірі – бəәрі-бəәрі қазақ
қызының тұңғиық мұңды көздеріне тұрғандай көрінеді.Ұлт болып
ұйысуда,жұрт болып жұмылуда,халық болып қайрат танытуда қазақ
қызының атқарар рөлі,алар орны ерекше.
Міне,осы қазақ қызына арнап өлең шығармаған ақындар,сұлулығына
тамсанып жырламаған жыршылар қазақта кемде-кем шығар!Соның ішінд
М.Мөңкеұлы «Қыз» өлеңі өте ерекше.Бұл өлеңді оқи отырып,ойыма
«Сұлушаш» поэмасы түседі.Екі шығарманың қандай ұқсастықтары мен
айырмашылықтары бар?
Бір жағынан ұқсастықтарына тоқталсақ,М.Мөңкеұлы өлеңіндегі қыз
сипаты ақ моншақтай əәдемі,əәдемілігі соншалықты,ақ жүзінің сəәулесі жерге
түссе,сары алтындай көрінеді.Ол- құрбыларының алды болған байдың
қызы.Тісі – маржандай,сөзі – жағымды,сөйлесе тілінен бал тамады!Келген
адам қасынан кеткісі келмейтін.Сол сияқты «Сұлушаш» бейнесінде əәдемілігі
соншалықты,қарақат көзі,қыр мұрынды,ұзын кірпік,тістері меруерттің тізген
тасындай,дидары қоғалы көлдің құрағындай.
Екінші жағынан,айырмашықтарын да қарастыруға
болады.М.Мөңкеұлының «Қыз» өлеңінде қазақ халқының салт-дəәстүрінің
бірі – қызды құтты орнына қондыру бейнеленген.Автордың айтпағы «қыз
мұраты – кету» демекші,қыз өз ата – анасының дəәулетіне еркелеп
өскенімен,бір күні ол да ұясынан ұшып,өз орнын табады.
Ал Сұлушаш еркін ойлы,өз мүддесі үшін күресуге қабілетті өжет
жандардың бірі өзі ғашық болған қосылуға ата – анасының батасын ала
алмасада,ғашығына қосылатын еркін жан.
Қорытындылай келсек,бұл шығармалардағы қыз сипаты ұқсас
болғанымен,тағдырлары өзгеше.
ƏӘр шығармадағы қыз жеке тұлға.Біріншідегі қыз сипаты тұрмыс құрарға
дейінгі болып табылады.Қай шығарманы алсақ та, ертедегі қазақ қызының
бейнесі шебер суреттелген деп ойлаймын.
Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыру

Қазақ әдебиетінде шығармалары қайшылққа толы күрделі тұлға саналған ақындардың бірі — Мұрат Мөңкеұлы. Мұрат Мөңкеұлы өзі ғұмыр кешкен кезеңдегі ел ішіндегі ахуалды, халықтың басына түскен ауыртпалықты жырға қосты, жұртының жағдайын ойлап қабырғасы қайысты. Ахмет Байтұрсыновтың «ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай алуында» деп тұжырымдағаны сияқты Мұрат Мөңкеұлы да қара басын күйттеген ақын емес, халықтың үні мен елдің мұңын жеткізуші болды.
Жүз жылға созылған зар заман дәуірінің ақындары халықтың басына төнген қайғы-қасіретті сары уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады. Әсіресе, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы өмір сүрген кезең — патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен шағы еді. Бұл кезде патша өкіметі жаңаша реформалар жасап, қазақ жеріне орыс шаруалары көптеп қоныс аударып жатты.
Зар заман ақындарының көрнекті өкілі Мұрат Мөңкеұлы қазақ жері талауға түсіп, отаршылардың ойранына айналған жылдарда халқына ұран тастады. «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қазтуған» толғау-дастандарында ел жағдайы мен жер жағдайын байланыстыра жырлап, ата дәстүрінің үзіліп, ата-қоныстың қадірі кетіп, өлкенің тоз-тозы шыққанын сөз етті.
Қазақ қызы! Осы бір аяулы есім жаңынды тебеп , жараңды емдеп , шабыттандырып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты үрлеп жібереді. Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі-бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді. Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының атқарар ролі, алар орны ерекше.
Міне, осы қазақ қызына арнап өлең шығармаған ақындар, сұлулығына тамсанып жырлаған жыршылар,қазақта кемде кем. Соның ішінде М.Мөңкеұлының «Қыз» өлеңі өте ерекше. Бұл өлеңді оқи отырып, ойыма «Қыз Жібек» жыры түседі. Екі шығарманың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Бір жағынан ұқсастықтарына тоқталсақ. М.Мөңкеұлының өлеңіндегі қыз сипаты:ақ моншақтай әдемі, әдемілігі соншалықты, ақ жүзінің сәулесі жерге түссе сары алтындай көрінеді. Ол-құрбыларының алды болған байдың қызы.
Тісі- маржандай, сөзі-жағымды ,,сөйлесе, тілінен сүт шығады. Келген адам қасынан кеткісі келметін. Сол сияқты ұқсастықпен, Қыз Жібек бейнесінде әдемілігі соншалықты , әлемді мойындатады .Көзі жанып тұрған шырақтай,мдидары-қоғалы көлдің құрағындай. Бойы –ұзын, білегі-жіңішке,белі нәзік.
Екінші жағынан, айырмашылықтарын да қарастыруға болады. М.Мөңке ұлының «Қыз»өлеңінде қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі-қызды құтты орнына қондыру бейнеленген. Автордың айтпағы, «Қыз мұраты –кету»демекші, қыз өз ата-анасының дәулетіне шалықтап өскенімен ,бір күні ол да ұясынан ұшып, өз орнын табады.
Ал Жібек образы эпоста идеал болып суреттеледі. Жібек тірі жанды менсінбейді, бұла боп өскен ерке әрі өр мінезді.Сонымен қатар,онда қыз сипаты ғана емес, қыздың сезімі бейнеленген. Сұлулығымен қоса, адам әйел екендігі көрінеді.
Адам әсемдігін табиғат сұлулығына немесе хайуанаттардың әсем қылықтарымен суреттеу кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін дарын. Тек шебер өнерпаздар ғана оны адам сұлулығымен теңей отырып, қағаз беттеріне түсіре білген. Сондай сұлулыққа тамсана, ерекше мән беріп, ғашық болып оны қағаз беттеріне түсіргендердің бірі қазақтың сал-сері ақындары. Олар: Біржан сал, Ақан сері, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай және т,б. Осы сал-серілер шығармаларындағы арулар бейнесі тайға таңба басқандай етіп, түрлі көркемдегіш құралдармен берілген десем, тіптен қателеспейміз.
Әнші ақындар көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын, жастық шақ, жігіттік арман, ар-намыс бостандығын жырлауға ден қойды. Оған Ақан сері, Біржан сал, Естай, Балуан Шолақ тағы басқа ақындардың шығармашылығын айтуға болады. Әйел затының әдемі көрік-келбетін, жан-дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаған Ақан серінің «Ақтоқты», «Мақпал», «Перизат», «Ақсаусақ», «Жамал қыз», «Балқадиша» тәрізді әндері қыз есімімен аталады. Үкілі Ыбырай әйгілі «Гәкку» әнін Кәлима атты сүйген қызына арнап шығарған, мұнда ғашығы аққу құсқа баланып, ән қайырмасындағы аққу құстың үніне ұласатын «гәкку, гәкку» одағайларымен шебер үйлесім тауып, автордың ой-қиялынан туған арман мен зарды күшейте түседі. Әнші ақындар жастарды ықтиярсыз үйлендіретін неке заңына, ескі әдет-ғұрыптарына қарсы шықты.
Ақан серінің «Сырымбет» Естайдың «Қорлан», Қайыптың «Ақбөбек», Сауытбектің «Ақбөбек» тағы басқа әндері қалың мал жоралғыларын айыптаған, махаббат бостандығын, сұлулықты дәріптеген туындылар. Ақан сері өлеңдері трубадур лирикасындағы әйелді культке айналдыру сарындарын еске салады. Ғашықтық тақырыптағы өлеңдерден ұшқалақ сезім, құмарлық, ләззат алуға ұмтылысты жырлайтын тұстары да ұшырасады.
Әнші ақындар шығармашылығының поэзиямызда өзгеше арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. XIX ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырып, әнші ақындар өз әнін, өз өнерін ақы дәмету үшін пайдаланған емес, оны күрестің құралы деп таныған, бар ғұмырын өнерге қызмет етуге бағыттай білген жандар. Олардың еркін жүрісі, ерке әндері айналасындағылардың бәріне бір-бірдей жаға бермеген, ел тұтқасын ұстаған үстем топтан қысым да көрген. Олардың шығармаларында өнер жолындағы адам тағдырының қиындығы жырланады. Әнші ақындар айналасында өтіп жатқан құбылыстарды сырттан бақылаушы ретінде емес, өз басынан кешкен жайларды суреттеу арқылы махаббат пен ғадауат, теңсіздік пен әділетсіздікті қоғамдық орта мен адам арасындағы қатынастарды жырлап, бүгінгі күнге жеткізді деп ойымызды қорытамыз.
Эссемді қортындыласам,екі шығармадағы қыз сипаты ұқсас болғанмен, олардың әрқайсысы жеке тұлға.Біріншідегі қыз сипаты тұрмыс құрарға дейінгі болса, екіншідегі тұрмыстағы сипат болып табылады. Қай шығарманы алсақ та,ертедегі қазақ қызының бейнесі шебер суреттелген деп ойлаймын.
Мұрат Мөңкеұлының "Қыз" өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз

"Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды демекші" деген сияқты қыз баласына өлең арнау да ақынжанды үшін әсте жаңалық емес, тіпті кейбірінің бағын ашқан тақырып деуге де келеді. Әсіресе, әнші-ақындар әдебиетіндегі әуелгі тақырып осы десек, жаңылмаспыз. Осы тұста әдебиеттегі мені таң қалдырған тың туындылар жайында айтқым кеп отыр. Анау айтқандай "тың туынды" да емес-ау, таң қалдырғаны сол - зар заман өкілі мен XIXғ. 1-жартысының , яғни әнші-ақындар әдебиетінің өкілінің өлеңдері бір арнаға тоғысып, барлық тұрғыдан үндесуі. Дәлірек айтқанда, Мұрат Мөңкеұлының "Қыз" өлеңі мен Ақан Серінің "Қыз сипаты". "Әу" деместен, атауларынан-ақ ұқсастықты аңғарған боларсыз. Мазмұнына келейік. Мұрат Мөңкеұлы бар мақтауды бір қыз бойынан тауып, Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз, Оздырдың салтанатты төріңнен, қыз. Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе, Реңкің сары алтындай көрінген қыз,- деп шабыттана жырласа, ал Ақан Сері: Бірінші бір қыз келер ақша маңдай, Жамағат - үлкен-кіші мақтағандай. Екінші бір қыз келер тілі жорға, Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға. ...Алтыншы бір қыз келер толық сары, Бойына тең келмейді жанның бәрі,- деп қыз-қырқынның мақтауын асырады.Азды-көпті айырмашылығы осы. Мазмұны бір болғанымен, мақамында, сөз иірімдерінде де аздаған айырмашылық бар сияқты. Бірақ, екі түрлі ақынның туындысы болғандықтан, бұл, әрине, заңдылық. Қалай десек те, ұқсастығы басым боп тұр. Енді мазмұны бойынша ең басты ұқсастыққа келейік. Екі бірдей сөз шайырының өлеңдерін өрнектеп, өрелі оймен, ең негізгісі, қорытындысын келіскендей бір-біріне пара-пар оймен аяқтаған қайта көңіл аудартты. Мұрат Мөңкеұлының өлеңіде: Шалықта ата-анаңның дәулетіне, Бір күні жөнелерсің үйіңнен, қыз. Әуелде атаңа еріп, анаң келген Байқасаң, осы жерден білінген, қыз,- делінсе, Ақан Сері өз өлеңін: ...Жетінші бір қыз келер алым-салым, Болғанда мойны қысқа, шашы қалың. Әрқашан осындайға кез келеді. Қашаннан арылмаған соры қалың,- деп ақыры "Қыз мұраты - кету" деген қорытындыға келеді. Тек Ақан Сері сәл де болса, "әйел теңсіздігі" тақырыбын қамтып өткені бар. Жалпы, ақындар қауымының ең сүйікті тақырыбы осы ғой. Демек, бұл тақырыпта өлеңнің көп болары да анық. Ал, сол көп өлеңнің ішінен көзге ілініп, оқырман қауымның көңілінен шығып жатса - ақынның еңбегінің еленгені.

Айшолпан Керім

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/21401/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз