Эссе жазу

11 сынып ҰБТ дайындалу тақырыптары бойынша жазылған эсселер керек, көмектесіп жібересіздер ме?

Шəәкəәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің
себебін талдап жазыңыз.
Болашақ əәркімді де толғандыратыны рас.Сол болашақтың тірегі
кім?ƏӘрине,жас қанатты жастар.Жас ұрпақ болашақтың тірегі,елінің сенімі
отаның өркендетуші,күллі жұрттың ертеңі.Жаңа буындарға сенім артып өлең
жазып,қалам сілтемеген ақындар кемде кем шығар.
Соның бірі Шəәкəәрім Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі.
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
ƏӘртүрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегілі білсең – аласың,бас береді,
Тұтасынан ешкім жоө мұны тапқан,-деп Ш.Құдайбердіұлы
«Жастарға» өлеңінде Абайды жастарға үлгі еткісі келіп,Абай арқылы
түзеткісі келді.Шəәкəәрімнің Шəәкəәрім болып қалыптасуына əәсер еткен бірден
бір тұлға,ағасы – Абай.Себебі,жастайынан жетімқалған Шəәкəәрім Абайдың
қолында өсіп,болашақ ақынның балалық бесігі,ұшқан ұясы – Абай
мектебі.Абайдың ықпалымен өлеі жазды,Абайды түсінуге
тырысты.Кішкентай кезінен бастап.Абайдан үлгі алған Шəәкəәрім,Абайға
қатты еліктеген екен.20-30 жастар щамасында жазған өлеңдерінде көпшілігі
Абайға тікелей еліктеп шығарады.Сол сияқты,Абайды үлгі ету мақсатында
«Жастарға» өлеңін шығарды.
Шəәкəәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды жақсы жаққа
түзетіп тəәрбиелейді.Осындан неге Шəәкəәрім «Жастарға» өлеңінде жастарды
Абай арқылы түхзеткісі келеді?Менің ойымша,Абайды үлгі етіп көрсеткен
себебі,ол – өз ортасында білімді,əәрі ойшыл ақын,əәрі парасатты,əәділ жан деп
Абайды ғана таниды.Абай арқылы – жастарды адалдықты
сүюге,арамдық,ұрлықтан қалуға,үлкеннің ақылын тыңдауға шақырады.
Осы «Жастарға» өлеңі арқылы жастарды жаман мінезден аулық болуға
адами сезімді қастерлеуге,сүйіспеншілік пен ішкі рухани тазалықты сүюге
үйретеді,Абайдың өзінің өсиеттерінің бірінде: «жақсылық пен
жамандықты,əәділдік пен пен қиянат туралы білгіңіз келсе,Абайды оқыңыз»-
деген екен,осы өсиетпен толық түрде қосыламын.Себебі бойына қарап бой
түзейтін,ісіне қарап ой түзейтін тұлғалардың бірі.
Қорыта келсек,бұл өлеңнің негізгі ойы жақсылықпен
жамандықты,зұлымдықтаан адалдықты айыра білуге, бойына тек қана жақсы
қасиеттерді жинақтауға,топтастыруға үйретеді
Қазірдің өзінде Қазақстан жастары үшің қазірдің өзінде де көптеген
жағдайлар қарастырылған.Соның бірі «Болашақ» бағдарламасы.Жастарға
үлкен үміт сыйлайтын,жас қанатты қанаттандыратын жоба.
Шәкәрім Құдайбердиев қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында 1858 жылы дүниеге келген. Шәкәрім – қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленгеи. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүние көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шындалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік менгерген. Батыс, Шығыс әдебиеттерін жетік білген.Жеті жасынан бастап өлең жазып, омірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстаған. Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын болған. Шәкәрім шығармасы сан-салалығымен ерекшеленеді. «Жастарға», «Жастық туралы», «Кәрілік туралы» өлендері Абай үлгісінде жазылған. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар». «Анық асық әулие», «Шын сырым». «Арман», «Насихат» өлеңдерінің авторы.Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына, мазмұнынын өмірмен етене жақындасуына мол еңбек сіңірген. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік — Кебек» дастандарын жазған. «Нартайлак-Айсұлу» поэмасының, «Әділ — Мария»романының, «Кодар өлімі». «Крез патша» шығармаларының авторы.
Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның шығармашылығы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады.

Шәкәрім өзі өмір сүрген кездің, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өсу дәрежесін, кемшіліктерін т.б. жан-жақты саралап жете түсіне білген. Өз халқының болашағы үшін жанын ауыртып, тұйықтан шығар жол іздеумен болған. Келешек жастарға үлкен үмітпен қарап, сенім білдірген.

Шәкәрімнің «Жастарға» атты өлеңінде жақын ағасы Абайдың биік ақыл-ой-парасатын, білімін, халыққа, болашаққа жол сілтеуші ретінде ерекше бағалап, түсінгенін көреміз. Оның кемеңгер даналығына бас иеді, одан үлгі алуға, өнеге, ғибрат тұтуға бүкіл қазақ жастарын шақырады, үндеу айтады. Мыс:



Білімді сол кісіден ізденелік!

«Әдейі іздеп біз келдік сізге» – делік

«Өмір зая болмастық өнер үйрет,

Ақылыңды аяма бізге» – делік…
Өмірдің шам-шырағы, жарық, жұлдызы, бар қазақ үшін ұлы тұлға болатынын көрегендікпен дәл болжайды.
…Надандықтан еліріп босқа жүрсең,
Мына заман қөрсетер бізге тарлық», –дей философиялық тұрғыдан тұжырым жасай отырып, жастардың сана сарайын ашудың жолдарын іздестіреді.

Абайдың ұлылығын түсінбей, ұқпағандарды сынға алады, надандығын ашып айтып, олардан аулақ болуға шақырады. Халқының, жастардың болашақ тағдырына зор үмітпен қарап, алға ұмтылуға үндеуді азаматтық парызым деп ұққанын көреміз.
Қазақ халқының мәдениетті, білімді ел болып басқа елдермен тең болуын армандаған ақын, ел ішіндегі келеңсіз жайлардан қорқады, жаман әдеттен арылуды мақсат тұтады.
Қазақтың жайнар даласы,
Жетілер оқып баласы.
Шошытатын мені сол,
Олардың күнде, таласы, –деген өлең жолдарынан ақынның ащы даусын, жүрек жарды үнін анық танимыз. Бұл толғаныстың бүгінгі, ертеңгі заманның адамдары үшін қажеттілігі мен құндылығы, мән-мағынасы жарқырай беретіні сөзсіз. Ақын қорқынышы кімді де болса ойлантпай қоймайды. Күндестік, мақтаншақтық жақсы жолға апармайтынын жеріне жеткізе айтады.

Өз халқының тағдырына ерекше жаны ашыған ақын Абай сияқты айналасындағы келеңсіз жайттарға сын көзбен қарайды, озық елдердің тәжірибесін үлгі тұтады.
«Көрінгенге көз сүзбей күнін көріп,
Қазақ қашан ел болар құдайым-ай, – деп жалқаулық пен еңбексіз, қыдырымпаз тоғышарларды паш ете отырып, өзінің лирикалық туындыларында қатты сынға алып көрсетіп, одан құтылудың жолын нұсқайды, өзіндік ой-тұжырымдарын білдіреді.
Шығыс пен Батыстың көптеген туындылары Шәкәрім шығармашылығы арқылы қазақ еліне белгілі болды. Ол XIX ғасырдағы орыс әдебиетінің озық туындыларымен танысты. Гоголь, Пушкин, Лермонтов, Тургенев, Л.Толстой, Некрасов, Салтықов, Щедрин т.б. еңбектерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп үйреніп, терең үңіліп, нәрін түсінген. Өзінің тарихи-философиялық, эстетикалық ой-тұжырымдарын қалыптастыруға орнымен пайдалана білген, өзін «Толстойдың шәкіртімін» – деп мақтан тұтып, бірнеше әңгімелерін қазақ тіліне аударған; Пушкиннің «Дубровский», «Боран», повесін өлеңмен аударып, 1908 жылы жариялаған.
Тынбай ізденуінің арқасында Шәкәрім философ Шопэнгауердің, Ало Бичер Стоу Гариэттидің еңбектерімен танысып қоғам, өмір жайлы көзқарастарына сын пікір білдірген. Ақын ең негізгі артта қалар байлық ғылым, білім, өнер екенін айтып ерекше бағалағанын
Анық байлық дүниеге біткен өнер,
Білімдінің бәрі де соған көнер, – деген жолдарынан анық көреміз. Шәкәрім – өзінің ізгі ойларын, халқына деген адал махаббатын өлеңмен өрнектеп жеткізген ақын.
Ш. Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көребілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Ш. Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу» дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады. Жастай жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосады.
Шәкәрімге бір кездері әжелері «Енді бұдан былай өлең шығарма!» деп тыйым салыпты. Мұны естіген Абай тірі тұқымнан шыққандарға өлең жазу айып саналатынын біле тұра, әлгі аналарға қарсы, «өлең жазба деу дұрыс емес» деп Шәкәрімді қорғап қалыпты. Осы бір ауыз сөз Шәкәрімнің ақын болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Есейе келе Шәкәрім ағасы Абайдың сол ұмытылмас қамқорлығын еске алып: «Абай болмаса, менің ақын болуым екіталай еді» деген екен. Сондықтанда, ақын бүкіл шығармаларына дерлік Абайды үлгі ретінде көрсетіп, жастарды Абай арқылы тәрбиелеудә қолға алады. Ақын өзінің 19 жаста жазған «Жастарға» атты өлеңінде де ұлы ұстазының өз өмірінен алатын орны мен мәнін, тіпті кейінгі буын жастарға деген әсер-ықпалын орынды бағалап:
Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөзді ұғарлық.
Амалы жоқ, айналды енді бізге,
Күн туды етегіне жабысарлық!» - дейді.

Осындай арналы бағыт беретін өлең жолдары ақын оқу, білімсіз надандық пен қараңғылық түнегінде қалған халқын оятып, оның мәдениетті елдер қатарына қосылуы үшін, Абай ұстанған жолды жастарға үлгі етіп ұсынады, алдағы жарқын болашақтың тек жастарға байланысты екенін дұрыс түсініп, надандықтан арылуға үндеп, надандардың артына ешнәрсе қалмайтынын ескертеді.
Қорыта айтқанда, Шәкәрім өзі жемісті кезең деп атаған жылдарында да ұлы Абай бастаған игі дәстүрді жалғастыруға, ел өмірінің шындық көріністерін көркем бейнелеуге айтарлықтай үлес қосты, әдебиетімізге сан алуан поэзиялық туындылармен қатар проза мен аударма саласында да мәні зор еңбектер қалдырды, ұлы Абайдың лайықты шәкірті бола білді.
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген көрнекті қазақ ақындарының бірі-Шәкәрім Құдайбердиев.Оның есімін мәңгілік биік тұғырға қондырған ұлы мектеп Абай негізін қалаған жаңа сипаттағы әдебиет дәстүрі болды.Шәкәрім шығармашылығындағы Абай өнегесінің ықпалы оның реализмінен,шыншыл да сыршыл өлеңдерінен көрінді.Айналасындағы адамдардың мінез-құлқын,іс-әрекеттерінен бастап,халықтың тәуелсіздігіне дейінгі мәселелердің бәрі де Шәкәрімнің жырларына арқау болды.Ол да ұстазы Абай тәрізді қоғамдағы кемшіліктерді әшкереледі.Шәкәрім жамандық пен кемшілікті әшкерелеумен ғана шектелген жоқ,Абай секілді айналасындағыларға бағыт-бағдар сілтеуші де бола білді.Онсыздықараңғы халықтың кемшілігін бетіне қайталап баса беруде не өнеді? Одан да сол тығырықтан шығудың жолын қарастыру қажет.Ондай жол қайдан табылмақ?Әрине,Абайдан! Шәкәрімнің түп байламы -осы."Жалыналық Абайға,жүр,баралық!-дейтіні де сондықтан.
Шәкәрімнің осы тақырыптағы терең мазмұнды реалистік шығармаларының бірі-«Жастарға» деп аталатын ұзақ өлеңі.Өлеңде ақын талантының адамға тән сезімталдылығы мен көрегендік қасиеттерінің астасып жатқан аңғарылады. «Жастарға»өлеңінде ақын өзінің ғибратты сөздерін бірінші кезекте жастарға арнайды.Жасөспірім замандастарын ескіден арылып,жаңамен жалғасуға үндейді. Ізгілік жолына түсудің, адамдық пен алдаудың, қүлық пен сұмдықтың зиянын, білім мен ғылым үйренудің шексіз падасын түсіндіреді. Сол арқылы өз заманының бейнесін жасайды. Өзіңе де өзгеге де Абайды жолбасшы,ақылшы көсем етіп ұсынады.Шәкәрім Абайдың кемеңгер даналығын асқақтата бағалайды,ұлы тұлғаның биік парасатын, болашақтағы ұстаздық жасын көрегендікпен дәл зерделейді.
Ағартушылық сарындағы осы «Жастарға» өлеңінде Шәкәрім өзінен кейінгі жас буынға насихат айтумен ғана шектелмейді.Ақынның сыншыл көзі қарапайым елдің жағдайына түседі. Шәкәрім өз дәуірінің рухани болмысын, қазақ қоғамының даму дәрежесін жан-жақты түсіне білді.Оның қазақ халқының болашағы үшін жаны ауырып, қанатымен су сепкен қарлығаш секілді,игілікті іс тындыруға,еліне мысқалдай болса да жақсылық жасауға ұмтылған швғармаларында осы сипат айрықша айқын аңғарылады.Ақынның адамгершілік нысанасы болған осы идеяны жүзеге асыру бағытындағы еңбгі осы «Жастарға» атты өленіңен бастау алған деуге болады.
Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?

Қазақ әдебиетінде ойып тұрып алатын орны бар Шәкәрім Құдайбердиевті алып бір бәйтерек ағашына теңесек болады. Оның жаңалыққа қызуғышылығы , кез келген адамның қолынан келе бермейтін сан түрлі өнері , ұсталығы, өз киімін өзі пішіп киетін шеберлігі, құралайды көзге атқан мергендігі мен бойында жатқан талай таланттары сол бәйтеректің бір бұтағы іспеттес. Ақындығы – бір төбе.Ұлы Абайды тудырған Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген өзінің тамырлас, рухтас,немере ағасы Абайдың қолында өсуі, тәрбиеленуі Шәкәрімнің тұлға болып қалыптасуына зор әсерін тигізді.Текті әулеттің ұрпағы адам болмысын танып, әлем сырларын білгісі келді. Қырық жасқа дейінгі өмірін бос өтті деп санаған ақын сауық –сайранға толы өмірінен бас тартып, адамдық пен азаматтық тақырыбына бет бұрады, Абайды жағалап, кеңесіне жүгінеді. Жоғын Абайдан тапқан ол шын өмірдің мәні адамшылықта екенін ұғып, Абайдың жолын ең бір сара жол деп санайды. Қай кезде болмасын Абайдай ағасының пікірімен санасып отырған Шәкәрім ,Абайдың айналасында өскендіктен оның жайы мен хәлін жақсы түсінді. Көпшіліктің ,қара халықтың, қазағының бүгінгі күйіне налыды. Ел ішіндегі жағдайлар шаршатты. Бар үмітті болашақтан, жастардан күтті. Сондай бір толқынысты сәтте ақын қаламынан туған «Жастарға» дейтін өлеңі. Кел,жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла ,зорлықсыз, мал табалық. Қанша айтқанмен өзгенің бәрі надан Жалыналық, Абайға, жүр баралық – деп бар мәселенің шешімі келер ұрпақ, ертеңгі күннің қалай болары жастардың еншісінде екенін түсініп, оларды Абайдың нәрімен сусындауға шақырды.Осы бір өлеңі арқылы ол Абайды қазақ баласы ішіндегі ең биігі деп бағалайды.Оқу ,білімсіз қалған қараңғы халықтың оянуына түрткі болсам деген ойына оның біз қазақ елі де мәдениетті елдер қатарына қосылу жолында Абайдың жолын жастарға ұсынғаны дәлел. Жастарға тек білім мен ғылым арқылы ғана адам өркендей алатынын ұғындырғысы келген ақын, надан болып , түбі жоқ тереңдікте қалғанның артында ешнәрсе қалдыра алмайтынын ескертті: Сендерден белгі нең қалар, Жемтігін жеген жем қалар. Ақылы дария Абайдан Таусылмас қоры –кен қалар. Абайдың сөзін ұғар замандасы болмағанына қиналып, "ендігі сенері біз" деген пікірде болып,жастардың көкірегін ілім –білімге толтыруды қалаған Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы –заманының заңғар тұлғасы. Мұхтар Әуезовтың «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласында атап көрсеткен ізін жалғастырушы Шәкәрім болғандықтан, оның Абайға бір табан жақын жүргені, жоғын Абайдан іздеп , үлгіні Абайдан алғаны сөзсіз. Шәкәрімнің Абайдың шәкірті бола жүріп, даңғыл жолға жастарды бастамауы һәм өнеге көрсетпеуі мүмкін емес еді. Бір қызығы, арадан бір ғасырдан астам уақыт өтсе де, оның бұл өлеңі қазіргі кездің жастарына да арналып тұрғандай. Абайды таныған, Абаймен жаны үндескен адамның әрдайым іздегенін Абайдан табатыны анық себебі...

Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/22211/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Авторы: Сымбат Еркінбек
Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап жазыңыз

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін
талдап жазыңыз.
Қазақ əәдебиетіндегі көпетеген поэмаларда кейіпкерлерден болашағымызға улгі етерлік
қасиеттері мен өзіміздің бойымыздан алшақ етуге тырысатын қасиеттер болады.Қазақ
əәдебиетінің шығармашылығында кейіпкердің бейнесін керемет суреттейді.Соның бірі Шəәкəәрім
Құдайбердиевтің Еңлік-Кебек поэмасындағы екі ғашықтың бейнесі.Батыр Кебек пен тік мінезді
сұлу Еңліктің бейнелерін оқып отырып көзге елестете аламыз.Кебектің батырлық ер
мінезіді,парасатты əәрі ақылды ер екені,ел-жұрты үшін жасқанбайтын азамат екенін
білеміз.Еңліктің сұлулығымен қатар бойындағы батылдықпен күресшілдік қасиетерін
байқаймыз.Бірақ Еңліктің бойынан қазақ қызына тəән емес қасиеттері байқалады.Еңліктің қай
мінезі қазақ қызына сай емес екендігін талдап көрейік.
Біріншіден,Еңліктің бойындағы еркекшоралық.Ер балаша киіну қазақ қызына мүлдем
жараспайды.Қазақ қыздары ұзын көйлекпен орамал киюдің арқасында өздерінің гүлдей нəәзік сұлу
жандар екенін көрсете білген.Еңліктің ер балаша əәрекет жасауы да қазақ қызына жат
қылықтың бірі.
Екіншіден,қазақ қызы ешқашан ата-анасына қарсы шықпаған,ата-анасының ақ батасын алмай
кетпеген.Еңлік өзінің атастырылған адамы бар екенін біле тұра ол Кебекке өз сезімін
айтадаы.Еңліктің Кебекпен қашып кеткенін есту қыздың ата-анасына оңай болмады.Қазақ қызы
ешқашан ата-анасының рұқсатынсыз қашып кетпейді.Ата-анасы қабылдаған шешіміне Еңліктің
қарсы шығуыда қазақ қызына кереғар мінездерінің бірі.Қыз бала өзінің орнын білген,үлкендердің
шешіміне қарсы шықпаған. "Мен жүрген бір сорлымынбағым жанбай "деп Кебекке өзінің басқаға
атастырылып сорлының кейіпін кешіп жүргенін айтады.Еңліктің бойында қыз балаға тəән ұяңдық
байқалмайды.Қазақ қызы əәрдайым гүлдей нəәзік ,тəәрбиелі жан болуы қажет.Қазақ халқы қыз
баланы ерекше құрмет тұтады.Парасаттылығы мен инабаттылығы бойында,көркіне ақылы сай
қазақ қыздары əәрдайым ұлтымыздың ұлылығының дəәлелі бола алады.
Нысан абыз бейнесі кездесетін «Еңлік-Кебек» оқиғасы он сегізінші ғасырдың үшінші ширегінде, дәлірек топшылағанда 1770-1780 жылдардың аралығында Шыңғыс тауының алқабындағы Бөкенші өзенінің бойы мен Кіші Орда тауының балақ сілемінде өткен. Ол оқиғада мынадай тарихи шындық ізі жатыр: Қазақ басына ауыр күн туған заманда жоңғар шапқыншылығынан ығысқан қазақ елінің дені Сыр бойын сағалайды. Сарыарқа иен қалады. Тобықты ол кезде Қаратауды мекен еткен екен. Жоңғарлықтарды өкшелей қуған жұрт өзіне жол-жөнекей ұнаған жерлерге қоныстанған. Тобықты биі Қараменде мен батыр Бақай өз елімен Ертісті өрлеп барып, жоғары ағысына мекен етуді көздейді. Алайда олардан бұрын келген қалың найман мен керей Ертісті қапталдай жайғасады. Сондықтан да олар Шыңғыстаудың етегін баса, сыбан мен матайлардың арасына сыналай тұрақ тебеді. Жер дауы, жесір дауы өршиді. Мұның соңы тобықты Бақай батыр мен сыбан Маян батырдың жекпе-жегіне ұласады. Екеуі де қаза табады. Осы оқиғадан соң тобықты мен матай арасындағы қызыл жаулыққа әкеледі. Міне, осы кезде Еңлік-Кебек оқиғасы бұрқ ете түседі. М. Әуезов: «Шыңғыстың бұрынғы иесі матай болады. Сол матайды Кеңгірбай тұсында тобықты ру басылары алғаш ірге тепкен жерінен тайдырмақ болады. Бұның арты шабуылға ұласады. «Еңлік-Кебек» оқиғасы дәл осы алғашқы талас-тартыстың кезін көрсетуші еді», -деп түсініктеме береді. Еңлік – Кебек оқиғасына байланысты жазылған туындылардағы әлеуметтік тартыс, трагедиялық дау-дамайдың түп тамырында сонау ел басына күн туып, есіл жұрт үдере көшіп, қоныс іздеген тарихи кезеңнің зардаптары жатыр. Шығармаларда найман көптігінен тобықтының сескенетіні айтылғандығы болмаса, бұл тікелей сөз болмайды. Дегенмен, Еңлік пен Кебектің махаббат сапарында қайғылы қазаға ұшырауын тарихи оқиғалар аясындағы қоғамдық, әлеуметтік тартыстың қаталдығынан көреді. Еңлік пен Кебек оқиғасының драматизмін «ақтабан шұбырынды алқакөл сұламадан» кейінгі қайғылы ел тарихының ауыр жағдайы, ру мен ру арасындағы тартыс, рубасылардың арасындағы бітіспес кикілжің, қазақтың баласын бесікте айттырып қоятын, қыз баланы малға қалыңмалға сататын ескілік салты — бәрі-бәрі қосылып матастырып, қояландырып жібереді. Еңлік пен Кебек оқиғасы туралы мәлімет баспасөз бетінде 1892 жылы «Дала уалаяты газетінде» «Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жарияланды. Кейіннен 1900 жылы тағы да осы газетте «Қазақ турасынан хикая» деген атпен шықты. Мағауия Абайұлы да «Еңлік-Кебек» дастанын жазған. «Еңлік – Кебек» оқиғасының сюжетіне Шәкәрім ақын поэма арнаған. «Еңлік-Кебек» поэмасы Абайдың көзі тірісінде, оның ақылымен жазылған. Оқиғаны Абай шәкірттеріне айтып беріп, поэма етіп жазуды ұсынады. Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанмен, Шәкәрім замана кейпін нақтылау, оқиғаның ескі күндерде өткенін, ендігі жерде ел арасында мұндай келеңсіз істер болмауға тиісін дәлелдей түсу үшін хикаяның өмірлік фонына айрықша мән беріп, шағын көлемді тарихи ақпар жасайды. Дастанның кіріспесі ел-жұрттың бұл жерге келу тарихына барлау іспетті. Ақын осы тарихи процесс үстіндегі нақты жағдайларды тәптіштеп баяндайды.

Ақынның мұны ғажайып тартысты ойдан шығару емес, сол адам нанғысыз оқиғаны өмip заңдарымен дәлелдей білуде». Бұл айтылған пікірлердің қайсысы да шығарма шындығының төркіні өмірдің өз ағымынан туатынын қуаттайды. Ш.Құдайбердиевтің адам бостандығы туралы заман идеясына үн қосу қадамынан туған ғашықтық тақырыбындағы поэмалары осы махаббат деген ұлы сезімнің барлық уақыттарда бірдей, бip қалыпты, бip мөлшерде таныла, бағалана бермегенін білдіреді. Қоғамдық қатынастар мен өмip салтына, мәдениеттің әр алуан дережеде болуына байланысты, шындығында, махаббат туралы түсініктер де үлкенді­кішілі өзгерістерге ұшырап, тың түciнiк, талғамдарға ие болып, соған сәйкес өмірден де өзінше бағалар алып отырған. Мұның өзi заңды да. Адамның тipшiлік харакеті, санасы өскен сайын оның жалпы жайды ондағы құбылыстарды, өзімен бipгe басқаларды тануы, білуі, бағалауы да тереңдей түспек. Біз Ш.Құдайбердиевтің поэмаларынан осы жайды байқаймыз. Атап айтсақ, олардан бiз, махаббат деген асыл сезімнің қазақ жағдайында, қазақтың екі­үш ұрпағының өмipi тұсында ру таласын қоздыра түскен қатал да қатыгез кектің құралы дәрежесінен адамдық абзал қасиетті білдіретін үлкен сезім қалпына келуін, өсу жолын көргенбіз. XX ғасырдың бас кезі еді, ұлы өзгеріс заманының қарсаңы үшін бұл махаббатты асыра бағалағандық өмipді тepic түсінушілік емес еді, керісінше, адамдық байырғы абзал сезімге тың сипат, соны мазмұн берушілік еді. Махаббат сөзінің әр кезде, әр ортада әр түрлі танылып, әр­алуан бағалар алып келгенін бiз тек Ш.Құдайбердиев поэмаларынан ғана емес, әдебиет пен мәдениеті көне кездерден дамып келе жатқан өзге елдердің өмірінен де көреміз. «Үлкен әдебиет пен мәдениет бар Жапонияға Толстойдың «Воскресение» романы алғаш келгенде, — деп жазады В.Шкловский, — халық Катюша Маслованың жезөкшелігіне таңданбапты. Өйткені, жезөкшелік туралы ұғым мұнда біздегідей масқара мінез­құлықты білдірмейді жұртты таңдандырған нәрсе — Катюшаның Нехлюдовты сүйе тұрып, оған тұрмысқа шықпауы, басқа адаммен кетуі бопты. Махаббаттың осы бip жаңа қасиеті бүкіл елде күндей күлімдеп, мұхиттың асыл жағалауларындағы кiшiгiрім ауылдарға деген неше алуан әндер туғызыпты, ал Катюшаның eciмi адамдық жаңа сезімдердің символындай ұғынып кeтiптi. Tiптi сөздерінде «Махаббат» деген сөзге түсінік бергенде де, осы eciм бipгe аталды дегендей айтады». Бұл сияқты деректерге қарағанда, бip кезде ел бұзар, жұрт аздырар кесапаттай көpiнiп, керітартпа әдет­ғұрыптардың құрбаны боп кеткен Қалқаман мен Мамыр, Еңлік пен Кебек махаббатын кейінгі кезеңдерде үлкен адамдық қасиет, аса қадірлі сезім ретінде ашықтан­ ашық жырлануы, қоғамдық, әлеуметтік сипат, салмақ алуы тiптi де кездейсоқ жағдай емес. Мұның өзi, сайып келгенде, махаббатты тану, бағалау дәрежесінің адамның өзімен бipгe өciп, адамдық, қоғамдық маңызды құбылыс ретінде қадір ­ қасиетінің үнемі артып, тіпті бағасын алып келе жатқандығының айғағы боп табылады. Сонымен Ш.Құдайбердиев поэмаларының белгілі аңыздар негізінде туу мысалын, автордың сол аңыздарды жаңа заман талабына лайық суреттеу мақсатын көрсетіп өттік.

Мұның қайсысы да уақыт рухына сай көркем шығарма жасау үшін қажет шарттар, бipaқ олар әлі де шығарманың өзi емес. Шығарманың өзін жасау үшін ешкімнің, өлгенге жан берерліктей үлкен суреткердің қолы керек. Тарихтың дерегі — жеке нәрсе. Ол қаз қалпында өзгермей керісінше, оқушыға көп әсер ете де бермейді. Сол тарихи жеке нәрсені жинақтау, көпке ортақ үлкен көркем дүниеге айналдыру және оған тартымды, жанды сипат беру — көркемөнер ici. Өнер табиғаты осыны талап етеді. «Қалқаман — Мамыр», «Еңлік — Кебек» аңызы жұрттың бәріне белгілі. Сол көпке мәлім аңызды уақыт пен адамдардың өзара қатынасымен, өткен өмip, алдағы болашақпен, жалпы адамгершілік идеялармен тығыз байланысты түрде бейнелегенде ғана жұрт құптарлықтай көркем дүние жасауға болады. «Ақынның міндеті — деген данышпан Аристотель («Поэтика», IV тарау), — болған нәрсені айту емес, анық болу мүмкіндігін, болуға ықтимал мүмкіндіктері мен қажеттілігін айту… Геродоттың шығармаларында өлеңге аударуға болады. Бipaқ бipi метраз (өлең өлшемі, бipi метрге тарих боп қалар еді». Сондықтан көркем шығармаға баға бергенде, оның тарихи шындықпен арасындағы айырмасын тeкcepiп жатудың онша қажеттілігі жоқ. Мәселен сол көркем дүниенің көркемдік құнын күңіретіп ғана, айқындай білуде. Осы әңгіменің үлкен түйіні осында. Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман — Мамыр», «Еңлік — Кебек» поэмалары әдебиетімізде өмip құбылыстарын адам тағдыры арқылы ашудың, оны мұқият зерттеуге батыл бет бұрыстың алғашқы тәжірибелерінен саналады. Олардағы сюжеттік арналар бip­бipiнe ұқсас болғанымен, коғамдық өмip қайшылықтарын бейнелеу деп негізгі көркемдік тәсіл ретінде тартымды да тапқыр тартылған. Қазақ қоғамын сан ғасыр бойы жегідей жеп, тежеп, өзара атыстырып, шабыстырумен келген ру таласы, ру тартысы поэмалардың негізгі арқауын белгілеп, автордың қоғамдық өмipдегi көп кecip, сан сұрапыл зорлық­зомбылықтың сырларын ашуына мүмкіндік береді, адалдық, әділдік, теңдік іздеген аяулы жандардың мойнына қыл арқан боп түскен кесапат сиқын бейнелейді Ру таласы, семьялар тартысы — дүние жүзі әдебиетіне неше алуан ғашықтық дастандардың, трагедиялардың тууына себепкер болған белгілі сюжеттік желі зұлымдық пен махаббатты суреттегенде бірсыпыра ұлы жазушылар осы тартысты негізге алып, өз дәуірінің өз қоғамының кескін­кейпін терең сындарлы аша білген. Мысал үшін алысқа бармай­ақ, әлемге әйгілі «Ромео­Жульетта» трагедиясындағы (В. Белинский бұл шығарманы лирикалық трагедия деп атайды) Монтекки мен Капулетти семьяларының арасындағы қарым­қатынасты және оның белгілі нәтижесін айтсақ та жеткілікті. Тағы басқа осындай ұқсас жайттар көбінесе бip жазушының eкiншi бip жазушыдан үйренуінен, үлгі алуынан туа бермеген. Қоғамның осы, өрлеу жолындағы ортақ, ұқсас жағдайлардың талас­тартыстардан туып, ақын жазушылардың творчествосынан өзіне лайық орын алып отырған. Мысалы, Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман — Мамыр» поэмасындағы негізгі түйін — Мәжетай мен Олжай арасындағы тартыс Қалқаман — Мамыр оқиғасына немесе «Еңлік — Кебек» поэмасындағы Матай мен Тобықты руларының тартысы Еңлік — Кебек трагедиясына әкеледі, бipaқ бұл жәйтті автордың Шекспир тағлымынан үйренуінен немесе соған еліктеуінен туған нәтиже деп бағалау қиын.
Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап, жазыңыз

9- сынып оқушысы

Қызырбек Ернар

Қошқарбаев атындағы орта мектебі

Мұғалімі: А.С.Жарманова



Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап, жазыңыз

Қазақ поэмаларының қайсысын алсақ та, ғашықтардың бас қосып, бақытты болуы өте сирек. Сол сияқты, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы екі ғашық тағдырынан да қайғылы хәлді көреміз.

Шығарманы оқи отырып, ойым бірнешеге бөлінді. Автор ғашықтардың қай қылығына бола тағдырларын қайғымен аяқтады?- деген ой мазалады. Бірде, Тобықты мен Еңліктің елі Матайлар бір - бірімен жауласқан елдер екенін ескеріп, екі жастың нәзік махаббатын кешіре алмады, жас сәбидің тағдырына алаңдамастан ат құйрығына сүйреп өлтірді, яғни, Еңлік пен Кебек тағдыры— матай мен тобықты руларының арасындағы бітпес тартыс, - деп ойласам, енді бірде, салт-дәстүрге бағынғысы келмей, махаббат еркіндігін аңсап, үлбіреген сезімнің жетегіне ерген жастардың шолақ ойларынан түңіліп, онсыз да жаға жыртысып жатқан қазақ руларының арасына шоқ тастауы деп түсіндім. Әрі біздің санамызға жат қылық, Еңліктің ер балаға бірінші боп сөз салуы, босаға аттамастан аяғының ауыр болуы менің жаныма түрпідей тиді. Әсіресе, тағдырының немен аяқталарын біле тұра, басқа жол таңдамаған, махаббатынан айнымай ажалға қарай қадам басқан Кебек мінезіне таңданысым бөлек. Осындай асығыс шешім арқасында, өмір есігін жаңа ғана аттаған сәбидің жазығы не?- деген ой еріксіз келеді екен. Меніңше, Еңлік пен Кебектің махаббатқа сапары — үш рулы елдің ортасына түскен от, кісі өлген қанды оқиға болып отырғаны да осыдан.

Сонымен, ғашықтар тағдырының қайғымен аяқталуы— «...Есітіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ, Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ»- деп шығарманың басында айтып кеткендей, ендігі жерде ел арасында бұндай келеңсіз істер болмау үшін, автордың кейінгі ұрпаққа ескертуі деп ойлаймын.

Ойымды түйіндей келе, поэмадағы махаббатты аңсаған қос ғашықтың тағдырының қайғымен аяқталуы, жас нәрестенің жетім қалуы, бәрі-бәрі де болашақ жастарға ой түйер оқиға болып қалса екен.(247 сөз)
Сал серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз

Сұлулық – адам баласына берілген нығметтердің бірі. Осындай сұлулыққа тамсанып, ғашық болып, арулар бейнесін әсем суреттегендер қазақтың сал-сері ақындары.

Сал - серілер дегенде, көз алдыма сымбатты, тап-таза, сұлу жүзді, ұзын бойлы, жүйрік атқа мінген қазақ жігіттері елестейді. Өзінің жаны да, тұлғасы да сұлу адам, қыздың жүріс тұрысын, әдемі келбетін бірден аңғаратыны анық. Біржан сал, Ақан сері, Әсет Найманбайұлы, Жаяу мұса шығармаларын оқып отырып, қыз баланың жай адам аңғара бермейтін қимыл- қозғалысын шеберлікпен суреттеулері мені таңқалдырды. Мысалы, Әсет Найманбайұлы Салиханы айтқанда: «...Тамағы ақ торғындай үлбіреген, Сүйріктей он саусақтың бір саласы, -деп қыздың келбетін, бет- жүзін қиялдың қанатымен көкке көтерсе, Біржан сал «Алтын балдақ» әнінде: «...Болғанда кешке жақын апақ-сапақ, Алдымен шықты сәулем бейне шуақ.» - деп адамға тән сұлулықты, әдемілікті тамаша бейне шуақ ретінде ұтымды жеткізеді. Яғни, ақындар арулар бейнесін жырлаудың нағыз шебері екенін көреміз.

Ақындар әйел затының сұлулығын ғана жырламаған, жан дүниесіне де үңіле білген. Айта кетсем, Ақан серінің «Балқадиша», «Үш тоты», «Сырымбет» сынды атақты ән -өлеңдері өз теңіне қосылуын аңсаған ақын жүрегінің тебіреніс-толғанысын білдіреді. Мысалы, «Ұзатылайын деп жатқан қызға» өлеңінде: «...Сыланар тоты құстай қыз оң жақта, Кеткен соң әркім - ақ би ол бейбаққа» - деп қыздың әсемдігін құсқа теңеп, артынша сол кездегі салт-дәстүрдің қиыншылығынан, торға түскен құстай болған тағдырын жырмен елге жеткізгісі келген. Бұл жерде ақынның қыз сипатымен бірге мұңын да әсерлі жеткізетінін көреміз.

Қорытындылай келе, сал-серілер мен ақындардың өлеңдеріндегі қыз сипаты әлемдегі сұлулықты дәріптейді. Әрбір адам ақындар жырлағандай әсемдік пен сұлулыққа жақын болса игі. Өйткені, адамның сұлулығы тәнімен ғана емес, жанымен де өлшенеді.(227 сөз)
Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз

Қазақ поэзиясының ерекше дамыған кезі – XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясының басында сал-серілер шығармашылығы тұрды. Сал-серілер поэзиясы — өзіне дейінгі ауызша поэзия мен жазба поэзияның жалғастыратын буын сияқты, өзінің алдында өткендерге қарағанда бір адым ілгері кеткен, жаңалығы, ерекше сипаты бар өнер. Оның қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейткен, тың өрістерге көтерген арна екені дау тудырмайды» — дейді профессор Ш.Керимов [1,120]. Шындығында да сал-серілер мұралары – қазақ поэзиясын көкке көтеріп, жұлдызын жарқыратты. Осы кезде қазақ поэзиясы жаңа түрге ие болып, сан алуан бояу — өрнектермен дами түсті.
Сал-серілер — әдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да есімдері алтын әріппен жазылып, халықтың ерекше сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленген талант иелері. Сал-серілер сегіз қырлы бір сырлы жандар болғаны бәрімізге мәлім. «Жігітке жеті өнер де аз» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек. Сал-серілер сан түрлі өнерді игерген. Олар ақын, әнші, композитор болумен қатар, әрі бишілік, әрі артистік, әрі фокусшілдік қасиеттерін бойына жинақтаған жан-жақты талант иелері. Сал-серілердің әнші, композитор ретінде қазақтың өнерін, музыкасын дамытып, жаңа белеске көтергендігін әрі әншілік-сазгерлік шығармашылықтың өзіндік озық үлгі — өрнегін қалыптастырғандығын, поэзия мен музыканың, халықтың ойын-сауық өнерлерін ұштастырып келгендігін, ең бастысы қазақ поэзиясының дамуына зор үлестерін қосқандықтарын әдебиетші, өнертанушы ғалымдар әлі күнге дейін зерттеп жазып келеді.
Сал-серілер туралы алғашқы жазба деректер Қазан төңкерісіне дейін де әр түрлі Ресей басылымдарында жарияланған. Бірақ олар негізінен сипаттама түрінде болды.
Сал-серілердің өмірбаяндық деректерін жинап, өлеңдерін жазып алу, нотаға түсіру ісі Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алынды. XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап сал-серілер туралы зерттеулер жариялана бастады.
Сал-серілердің өмірбаянын, шығармашылығын, композиторлық, әншілік өнерін жан-жақты зерттеген ғалымдар кімдер деген сұраққа, ең бірінші ауызға алатынымыз – С.Мұқанов, А.Затаевич, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Қ.Жұмалиев, А.Жұбанов, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайылов, Ғ.Әбетов, Ғ.Малдыбаев, І.Жақанов т.б.
Ең алғаш баспа жүзінде Біржанның атақты сал ақын, әнші ретінде есімі С.Мұқанов, А.Затаевич, С.Сейфуллиннің еңбектерінде аталады. М.Жұмабаевтың «Ақан сері», С.Мұқановтың «Үкілі Ыбырай» деген мақалалары жарияланды. А.Затаевич әнші ақындардың туындыларын нотаға түсірумен қатар, оның авторы, орындаушысы жайлы деректер береді. Мәселен, Біржан әніне жазған түсініктемесінде сал мен серінің айырмашылығы, мінездері туралы айтады.

Ақан сері Қорамсаұлы.

Ақан сері өмір шындығын терең жырлаған. Асқақ ақын ғана емес, сыршыл лирикалық сезіммен, әншілік орындаушылық композиторлық өнерімен бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иесі, арқаның ардагер ақын әншісі болды. «Ойқалқа», «Біздің көңіл қайда жатыр».
Жастық, бозбалалық көңілде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы достық, махаббат болды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі аңшы сұлу жігіт Ақанның халық арасына атағы тез жайылады. Оның айналасына қыз-бозбала топтала береді. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, ол Көкшенің көркем табиғатында туған небір әсем әндерін бабына келтіріп орындайтын болған. Ақанның енді қадірі ел арасында күннен-күнге арта түскен. Нәзік жанды ақын өмірдегі небір сұлу, әдемінің бәрін беріле жырлаған. Ол өзінің «Желдірме» өлеңінде:

…Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық.

Жарлы, бай, жаман, жақсы дегізбейді

Уа, шіркін, желіктірсе жігітшілік, –

деп бастан өткізген албырт жастықтың бір кезеңін сүйсіне толғайды;

Ақынның «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек» т.б. лирикалық өлеңдерінде көркі көз сүріндірер сұлу арулар ақын назарынан тыс қалмайды. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын қалайды, өлеңдерінің лирикалық қаһарманы – әсем бейнелі, жаны сұлу адам болып келеді. Оны суреттеу барысында неше алуан теңеу, метафоралар, бейнелі сөздер, үздік эпитет, теңеу, шендестірулерді молынан шебер пайдаланады. «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы» өлеңінде:

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,

Алдымен сен бір қашқан маралдағы.

Ертістің құба талы секілденіп,

Жаудырап екі көзің отырасың

Тұндырған шай секілді құмандағы, –

деп келіп енді бірде:

«Сен болсаң, ол – қызыл гүл асыл еркем,

Мен – бұлбұл сайрап тұрған иран бағы, –

деп қызды гүлге теңеп, еркелете келіп, өзін бұлбұлға теңейді. Қыз бейнесін суреттеуде Ақан ең әдемі, нәзік суреттермен береді; «ақ түлкі», «ақ марал» өмірде сирек кездесетін, ешкімнің қолына оңайшылықпен түсе бермейтін сүйкімді хайуанаттар.

Ары қарай:

Қалқыған дариядағы сен бір кеме,

Ішінде бір шамшырақ бұрандалы,

немесе:

Сен болсаң адамзаттың асылысың,

Біз қанжар алтындаған қыныңдағы.

Ұнаса көңіліңе, перизатым

Жүре бер беліңе, орап буын-дағы, –

деп ақын қыз бейнесін ерекше бір нәзіктікпен суреттей отырып, өзінің де осал еместігін ұмытпайды, «Алтын қанжарға», «Сұңқарға» теңеп, қияға қол созып, арманын ашық көрсетеді.

Жүсіп төренің сұлу қызы Жамалға ғашық болған Ақан оны ешбір қызға теңемейтінін өлең шумағында анық білдіреді.

… Етегін ақ көйлектің алтындаған,

Ажарың ақжамбыдай жарқылдаған.

Сексен қыз серуенге шықса-дағы

Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған.

Сармойын ақкуымсың көлге тартқан.

Жүйрік ат көлденеңдей жемге тартқан.

Болғанда сен аққу құс көлде жүзген

Лашын кұс не болады талпынбаған.

Мұнда ақын Жамалды «Ақ жамбы», «Аққу» «Қоңырқыз» т.б. сияқты небір теңеулермен аспандата суреттеп эмоциялық әсерін күшейте түседі. Осындай сұлу жанның өзіне тең келмейтін сүймеген адамына баруына мүлде қарсылық білдіреді. Жамалды мүлде ұмыта алмаған Ақан сері оның өзі ұнатпаған адамына ұзатылу кезінде іштегі мұң-шерін өлеңнің, музыканың тілімен сыртқы шығарған әйгілі «Сырымбет» әні дүниеге келеді. Бұл ән кімнің болса да жүрегін қозғайтын, ішкі жан ашуының, сезімінің адамшылық, азаматтық сырларын паш еткен шығарма. Ақан суреттеген бейнелер Шығыс поэзиясында кездесетін қыздардың романтикалық сипатымен ұқсас келуі, оның шығыс әдебиетін жақсы білгенін көрсетеді. Ақан әндерінің ішінде көңілді, ойнақы, қысқа қайырылатын әні – «Балқадиша», бұл да – халық арасында кең тараған әндерінің бірі. Бір сапарында Ақан Қарауыл Шәкейдің Ыбырайының қызы Балқадишаны кездестіреді. Атына сай көрікті қылықты қыз Ақанды өзіне тарта түседі. Қыздың мінез-құлқын, түрінің әдемілігін, әдептілігін бірден байқаған сері Ақан оны қасынан жібергісі келмейді. Бірақ, қыздың жеңгесі қайталық деп болмайды, қыз екі оттың арасында қалып мазасыздана береді. Сезімтал Ақан оны байқап: –

Дегенде Балқадиша, Балқадиша

Есілді өрлей біткен тал Қадиша

Жеңгеңіз қайталық деп асығып тұр,

Рұхсат бізден сізге бар, Қадиша, –

деп табан астында өлеңмен өзі амалсыздан қимаса да рұхсат беретінін білдіреді. Өлең – асығып тұрған қызға тілек-ықыласын байқату мақсатында шығарылған ән. Мұнда мұң, қасірет, өкініштен бөлек, ашық-жарқын көңілділік, ойнақылық басым.

«Құлагер». Ереймен еліндегі Сағынайдың асында Ақанның сүйікті аты Құлагерге қастық жасалады. Бұл кез серінің сүйген жары Ұрқиядан, қыран құсы Қараторғайдан, құмай тазысы Базаралыдан айрылған кезі болатын. Ат арқылы халық арасында беделі айырықша артып бара жатқан Ақанды дұшпандары көре алмайды. Топ аттың алдында озып келе жатқан Құлагерді Батыраш-Қотыраштың адамдары тосып тұрып, шоқпармен ұрып өлтіреді. Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін көріп, бір жамандықты көңілі сезеді.

Біржан сал Қожағұлұлы.
Қожағұлұлы Біржан (1825 — 1897) – қазақ халқының әйгілі әнші — композиторы, ақын. Соңғы деректерге сүйенсек және ең бастысы Біржанның өз өлеңдеріне табан тіресек — ол 1925 жылы наурыз айында Ғ. Мүсіреповтің туған ауылы Жаңажолдан 4 — 5 шақырым жердегі «Қожағұл бүркеуі» делінетін қалың орман мекендеген Бертіс ауылындағы зергер Тұрлыбай Қожағұлұлының отбасында туған. Топырақ бұйырған жері Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданына қарасты Қожағұл бүркеуі деген жер. Шыққан тегі — Орта жүз Ақсары Керей, оның ішінде Көшебе. Үлкен әкесі Қожағұл Бертісұлы Ресей отаршыларының қысымын көріп, 1826 жылы Көкшетау, Ақмола өңіріне қарай қоныс ауыстыруға мәжбүр болады. Бозбала кезінен әнші — ақындардың қасына еріп, той — думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. Біржан сал алғашқыда Қызылжардағы екі жылдық орыс — қазақ мектебін оқып бітірген. Сонан соң осындағы медресеге оқуға түседі. Оның өнер жолына біржола бет бұруы осы медреседен басталады. Өйткені, медреседе ұстаздық еткен Имағамбет Ырғызбекұлы, Көрпеш Бахрамұлы деген кісілер Көшебелі көп Керейге аттары мәлім ақын, өнерпаз болған. Бұлар Біржанға діни ғибадатшылыққа қоса, ән — күй өнерін, ақындық — жыршылықты, қол өнерінің алуан түрлерін, атбегілікті, аңшылық — саятшылықты үйреткен. Тіптен тоғызқұмалақ, дойбы ойындарына дейін терең меңгеріп шығуға мән берілген. Яғни, Біржанның болашақ сал — сері атағына лайық болып, өнердің үлкен жолына түсуіне бірден — бір негіз болған. Ол Қызылжар медресесінен араб, парсы, шағатай тілін меңгеріп, оң — солын танып, өз ортасының сауатты адамы болып шыққан. Біржан сал өмірінде төрт рет некелі болып, он бір ұл сүйген адам. Бірінші әйелі Балқаштан — Ақыл, Алтынбек, Әділбек, Мақұлбек, екінші әйелі Ләйләдан — Ахметжан, Ахметбек, үшінші әйелі Айтбайдан — Ахметқали, Айтжан, Айтмұхаммед, төртінші әйелі Әпіштен — Теміртас, Қалкен есімді ұлдар туған. Әлеуметтік ауыртпалық, репрессия зобалаңы, соғыс салдарынан осы балалардың ішінде тек Теміртастан ғана ұрпақ жалғасты. Теміртастан Мұхаммедқали туған. Біржан Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге құмар жас тар аяда оңалмай, ошақ басы, от анасы әңгімелерінен биік тұрып, ел тамсандырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік құра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арқасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салт — дәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік тұлғасына айналады. Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші — ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс құрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.