ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры деп текке атамаса керек. Бұл кезең – қазақтың төл әдебиетінің көш басшысы – жыраулар поэзиясының шырқау биікке көтерілген кезеңі. Бұл кезең – ақын, сал, сері, тал бойына өнер қонақтаған жандардың шығармашылығының өркендеген тұсы.
Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші – ақындардан қалған поэзия, өлеңдер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып, халқымыздың өзімен бірге туғандай. ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында ақындық пен әншілік өнерді бойына тоғыстырған айрықша талант иелері пайда болды. Олар – әншілік пен ақындықтан басқа сазгершілік, актерлік, күйшілік, спорт өнерлерін де қоса меңгерген сегіз қырлы,бір сырлы жандар болған.
Жүрегін ән тербеген бабаларымыздан қалған өлмес өнер дәуірден- дәуір өткізіп бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалардың(слайдта көрсетіледі) Біржан сал, Ақан сері, Сегіз сері, Мұхит, Жаяу мұса, Мәди, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Иманжүсіп, Әсет, Естайлардың сазгерлік, әншілік өнерлерінің алдында тұрғаны – өнер атаулының патшасы –сөз өнері, ақындық өнер. Сөз құдіреті арқылы олар ел мен жерге, сүйген жарға деген махаббаттарын, сырлы сезімдерін, үстемдік жасап, жер аударып, түрмеге қамаған әкім-төрелерге өкпе – назын, ашуын да өлеңмен жеткізеді. Ән мен әуеннің, әншінің бірлігінің артықшылығы – оның аумақтық та, әлеуметтік те шегарасының болмауы, самғаған құстай ұшып барып, қонған жерінде шырқала берді. Әнді іліп алып, ел боп жырлады. Атадан бала үйреніп, өнер керуені бүгінгі күнге жетті.
Бүгінгідей «Халық әншісі», «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» деген атақтары болмаса да, халқымыз оларды еркелетіп, «Сал-сері» деп атаған. Артистерше жарқ-жарқ әшекейлену, ерекше көз тартатын кескінмен жүріп-тұру, халқына еркелеу – әнші-ақындардың негізгі салты болған.
Әдетте сал-серілер шығармашылықтарында махаббат, сүйіспеншілік туралы, сұлулар, ғашықтықтың сыры мен сипаты, психологиясы жайында жырланатын болған. Тақырыптарымен, мағыналы мазмұндарымен ерекшеленетін халық әндерінің поэтикалық тексі, мәтіні төңірегінде айтар болсақ, бүгінгі қазақ лирикалық поэзиясындағы мазмұн мен түрге тікелей қатысты жетістіктерге олардың негіз болғанын айтпай тұра алмаймыз. Мәтіндерінде бір ауыз артық сөзі жоқ, бәрі өлең идеясы мен мазмұнына бағындырылған, тіпті қысқа қайырмаларының өзі кейінгі кәсіби жазба әдебиетіміздегі лирикалық өлеңдерге буын, бунақ ерекшеліктері күйінде сіңісіп кеткен. Иманжүсіп Құтпанұлы өнерінің бағасы мен бәсінің жоғары болатынын осы бағыттан бір бағамдап қоюға болады. Иманжүсіптің ән өлеңдерінің мәтіні — ақындық поэзияға қойылатын қандай талаптың болса да үдесінен шығатындай көркем, өнерпаз талғамының биіктігін дәлелдейтін шынайы туындылар. Оның «Қазақ поэзиясының антологиясындағы» өлеңдері — жеке тұрып та көркемдігіне қамшы салдырмайтын, әдеби-эстетикалық тұрғыдан бүтін бітімге ие шығармалар. Өлең құрылысы жағынан қара өлең үлгісімен шығарылған, а-а-б-а ұйқасымен беріледі. Бұл түр яғни 11 буынды қара өлең ұйқасымен дүниеге келетін шығармалар қазақ поэзиясы үшін дәстүрлі, Біржан сал, Ақан сері ән-өлеңдерінің дені осы түрмен шығарылған. Балуан Шолақтың атақты «Ғалиясы» да осы түрге, осы ұйқасқа құрылған.
Әнші ақындар шығармашылығының поэзиямызда өзгеше арналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. XIX ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, қауым мен қауым, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырып, әнші ақындар өз әнін, өз өнерін ақы дәмету үшін пайдаланған емес, оны күрестің құралы деп таныған, бар ғұмырын өнерге қызмет етуге бағыттай білген жандар. Олардың еркін жүрісі, ерке әндері айналасындағылардың бәріне бір-бірдей жаға бермеген, ел тұтқасын ұстаған үстем топтан қысым да көрген. Олардың шығармаларында өнер жолындағы адам тағдырының қиындығы жырланады. Әнші ақындар айналасында өтіп жатқан құбылыстарды сырттан бақылаушы ретінде емес, өз басынан кешкен жайларды суреттеу арқылы махаббат пен ғадауат, теңсіздік пен әділетсіздікті қоғамдық орта мен адам арасындағы қатынастарды жырлап, бүгінгі күнге жеткізді деп ойымызды қорытамыз.
Сал-серілердің жеке тағдырына əәсер еткен əәлеуметтік мəәселелер ме,
əәлде ғашықтық па?
Әнші – ақындар поэзиясында – қазақ əәдебиетіндегі ерекше дəәстүр. ƏӘнші
ақындар поэзиясының ерекше дамыған кезі ХІХ ғасырдың екінші жартысы
мен ХХ ғасырдың басы. Қазақстанның əәр өлкесінен шыққан өнерпаздар
халыққа өнер көрсете жүріп, əәншілік-өнер мектептерін, орта дəәстүрін
орнықтырды. ƏӘнші ақындар композиторлық дарынмен бірге тыңдаушысын
арбап алатын сазы, құдіретті даусымен жұртшылыққа танылған.
Қазақ əәнінің классик, биікке жетіп , формалық, əәуендік жағынан байи
түсуіне шексіз үлес қосқан əәнші-ақындар. Олар көбіне пəәк таза махаббатты,
сұлу əәйел сипатын, жастық шақ, жігіттік арман, ар намыс бостандығын
жырлауғаден қойды. Ойымызды мəәліметтермен дəәлелдесек,оған Ақан сері,
Біржан сал,Естай,Балуан-Шолақ,т.б. ақындардың шығармашылығын айтуға
болады. ƏӘйел заттың əәдемі көрік-келбетін,жан-дүниесінің сұлулығын əәсерлі
жырлаған Ақан Серінің «Ақтоты», «Мақпал», «Перизат», «Ақсаусақ»,
«Жаман қыз», «Балқадиша» т.б. махаббат тақырыбына арнаған.ƏӘнші ақындар
шығармашылығының поэзиямызда өзгеше, орналы болып қалыптасуына
қазақ даласындағы тарихи əәлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. ХІХ
ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дəәстүрдің, адам мен адам
арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы əәншілік поэзиямыздың
қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырды. Жаяу Мұса,Сары
Батақұлы,Қанапия, т.б. ақындар өлеңдерінде əәлеуметтік теңсіздікті
сынады.Мəәселен, Жаяу Мұсаның «Ақсиса» - теңсіздікке,
зорлықшыл,Қиянатшыл үстем топтардың іс-əәрекетіне деген наразылық пен
ыза-кектің уытты күшін көрсететін əәлеуметтік мəәні зор туынды.
Қорыта келе, біз бұл шығармада серінің тағдырын өзгерткен ғашықтық
жəәне əәлеуметтік мəәселе екенін байқаймыз. Сал – серілердің əәр-қайсысы
халықтың рухани тұрмысында өнерді насихаттап қана қойған жоқ.
ƏӘлеуметтік тұрғыда ой қозғап, қоғамдық мəәселелер көтерді.Ұлт бірлігін,
жерін сақтау,өнерді қастерлеу – ғасырдан ғасырға жеткен сал – серілер
өнернамысының негізі болмақ.
Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз.
Сал-серілік өнерді жоғары дəәрежеге көтерген əәнші, күйші, суырып салма ақындар серлік үрдісті
қатаң сақтап, нағыз бесаспап өнер иісі бола білген. Сонымен қатар олар атақты шерген, сұңқар,
лашын ұстаған құсбегі. Аттың өң жүйрігін таңдап мінген атбегі, он саусағынан өнері тамған
теңдессіз шебер, керемет зергер де бола білген. Сал-серілерді халық əәрқашан ардақ тұтып, оларды
қайда болса да қуанышпен қарсы алып, өнерін аңыз етіп, мақтан тұтқан. Қазақ ұлтының
мəәдениеті тарихындағы XIX ғасыр ақын-əәнші, сазгерлердің өзіндік "алтын ғасырына" айналып,
қазақтың кəәсіби өнері-əәдебиетінің, поэзиясының, музыкасының шыңына шыққан кезі болды. Сөйтіп,
XIXғ екінші жартысы-қазақтың ақындық өнерінің барынша өркендеген кезеңі болды. Осы кезде
ақындық өнерге тəән тұрақты жанарлар қалыптасты. Солардың ішінде, əәсіресе, ақындардың өзін-
өзі бейкелеуге арналған əәндерін келтіруге болады. Оған мысал ретінде “Біржан сал”, “Ақын ƏӘнші”,
“Мұса”, “Мəәди” “Сары”, “ƏӘсет” өлеңдерін атауға болады. Олар мұндай əәндерінде əәрі ақын, бір
жағынан өзін тыңдаушыларына таныстырып өткен, екіншіден, туған ел өмірі мен мəәдениетінде
алып отырған өз орнын жақсы түсініп, соны əәнге қосады. Менім ойымша əәр əәнші-ақының өзіндік
шығармашылық өнері дербес қалыптасады. Мысалы,əәрбір ақындағы шешендіктің, суырып-салма
өнердің, актерлік элементтердің болуы, тіпті, киген киімі, жүріс-тұрысы, өнерге деген көз қарасы,
əәнші, сал-серілерге ортақ нəәрсе болды. Мұхтар ƏӘуезов ақынның осындай орындаушылық жерлерін
сипаттай келіп, оны “жалғыз актердің театры” деп айтқаны кездейсоқтық емес.
Сері де – сол атақты əәнші, күйші, ақын өнерпаз. Оның киім киісі сұлу да сыпайы. Осындай жердің
сыртында ол сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын. ƏӘрі аңшы, саятшы, əәрі мерген, əәрі палуан,
шешен, шебер, қысқасы халық сөзімен айтқанда “сегіз қырлы, бір сырлы” аса биік азамат – қазақ
əәнші-ақындарының өлеңдеріндегі серілер дəәл осындай.
Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».
Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.
Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».
Біз қарастырғалы отырған сал-серілер тұлғасы – ғасырлар бойы ұлт мақтанышы болатын, жаратылысында дарынды, қазақтың өзгеге ұқсамайтын дара болмысын жаһандану үрдісінде жарқырата көрсететін сегіз қырлы, бір сырлы, импровизаторлық, синкретті өнерді дәріптеуші, дарынды өнер иелері. Ұлт әдебиеті қазақтың халықтық музыка мәдениетінде өзіндік орны бар ХIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Құлтума, Естай, Қанапия т.б.
Ұлттық әдебиет пен халықтық музыка мәдениетінің көрнекті өкілдері – сал-серілер мұрасы мен дәстүрі ерте дәуірден осы заманға дейін сақталған. Сал-серілер дәстүрді ұстанған, адамзаттық құндылығы бар, танымдық, тағылымдық мұраларға бай жан-жақты өнер иелері – қазақ сахарасының рухани келбеті. Дәл нақты кезеңі белгісіз, сал-сері типі ескі дәуірден сақталған. Тарихи-археологиялық мәліметтерге сүйенген Е.Тұрсыновтың зерттеуінде андронов дәуірі кезеңінде, б.з.б. ХIҮ–XIII ғасырларда ру, тайпалардың өз ішінде отау құрып, даралау болған. Үлкен отаулар рудан бөлініп, аруақтарды қастерлеу, ас беру салтын ұстанған. Бұдан шығатын қорытынды сал және сері типінің пайда болуы мифологияның жаңғыруы нәтижесінде «даралану», яғни құпия одақтардың, тотем-ру атасының болуы төркінінде жатса керек.
Е.Ысмайыловтың, Ә.Марғұланның, Е.Тұрсыновтың, А.Сейдімбектің, М.Мағауиннің, С.Кенжеахметұлының, С.Негимовтің, Қ.Әбдезұлының ғылыми еңбектерінде сал-сері феноменіне жан-жақты анықтамалар беріліп, құнды пікірлер айтылды. Академик Ә.Марғұлан сал және сері типінің өзгешелігі мен ұқсастығын жан-жақты талдап көрсетеді: «Бір айтатын ой, сал мен сері бір типті емес, екеуі алуан, екі дәстүр өрнектері. Олардың бірінен-бірінің өзгешелігі — тұрмыс көрінісінде, типінде. Ең алдымен сал, сері деген сөздер қалай туған? Осыдан бастайық. «Сал» европа тілімен айтқанда эксцентрик, немесе өз бағытымен жүретін бір алуан адам. Оның бар арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі киіну, өзімен қатар жүрген адамның бәрінен де қияпатымен де, киімімен де артық болу, асып түсу. Ертоқымның өзі де басқаныкіндей болмайды, алтынмен, күміспен өрнектеліп, ерекше салтанатпен жасалады.
Орта Азия сопыларының басты пірі-Қожа Ахмет Ясауи. Осы Қожа Ахметтің көп шәкірттерінің бірі және ең қабілеттісі- Бекташ есімді сопы болған. Қазақтың сал-серілерінің пірі-осы Бекташ. (Осман империясының тарихында Қожа Ахмет пен Азияда шыққан сопылардың есімі ерекше құрметпен аталады. Қазіргі Ыстамбұл, бұрынғы Византияның астанасы Константинопольді жаулаған әскердің алдыңғы легі тұтастай Қожо Ахмет Ясауидің жаужүрек шәкірттері болған деседі). Қазақтың сал-серілері соғысқа жеке шерік болып және сауытсыз, жанболатсыз шығатын болған.
«Сал» сөзі киімді салпаңдатып кең тігуден шыққан. «Сал», «салпаң». Әрбір салдың шалбарының балағы сондай кең, оған бір кісі толығынан сиып кетеді. Ақселеудің «сал» сөзі «Сал ауруынан алынды» деуі келіңкіремейді. Халықтың әдеті бойынша, өнер иесіне ондай ат қоймайды. Қайта сол «сал аурудың» өзі осы «сал» сөзінен шыққан болу керек. «Атым сал бөксе болып жүр» десе, салды басқан кең киім сияқты атты да ауырлатып жүр дегенді білдіреді. Демек, бұл сөздің өзі салдың киімінен шыққан. Құлағы үлкен кісі мен құлағы үлкен малды да «салпаң құлақ» дейді, о да үлкендікті, кеңдікті көрсетеді. Ілгеріде мысалмен келтірілмек «Серілік», «салдықтан» бүтіндей басқа, ал екеуінің қосылатын жері, екеуі де ақын, күйші, әнші, екеуіне де ортақ болатын музыка аспаптары. «Сері» сөзі серпілуден шыққан, бой жазу, шалқу, асқақтау дегендерді білдіреді» [3, 175]. Ғалым Е.Тұрсынов «сал» мен «серінің» кейде қатар айтылатынын, серілер салдардан кейін пайда болған богема сарындарын жырлаушы өнер адамдары деген қорытындыға келеді. «ХIX ғасырда сал дәстүрінің түр ерекшеліктерінің ғана кейбір элементтерін сақтап қалған Біржан секілді жаңа сапалы салдармен қатар серілер тобына жататын Ақан сияқты өнер иелерінің пайда болуына және осы кезде «сал», «сері» деген ұғымдардың бір тектес ұғымдар есебінде пайдалана бастауына қарағанда, сал, серілер творчествосы мен дәстүрлерінің тығыз ішкі байланыстылығына қарағанда, серілер – сал типінің негізінде өткен ғасырда қалыптасқан өнер иелерінің жаңа түрі деп айтуымызға болады. Генезисі жағынан алғанда, серілер- ыдырай бастаған құпия одақтар мүшелерінің соңында жүріп, олардың ойындары мен билеріне қатысқан «фанаунау» секілді серіктерімен тамырлас болғанға ұқсайды. Серілердің жүріс-тұрыстары мен репертуарларында оларды салдардан спецификалық айыратын элементтер жоқ. Алайда салдар творчествосына тән негізгі сарындар-богема сарындары өз дамуын серілер поэзиясынан тауып отыр» [4, 148]. Ендеше, сал-серілер –музыкалық шығармаларды, ән-күйді қазақ даласында өркендетіп, таратушы өнер иелері. Олардың ерекше қасиеті – ақындығы, әншілігі, күйшілігі, елді ән мен сәнге бөлейтін, адам жанына ізгілік нұрын себетін зиялығы. Сал-серілер тобының көш салтанаты сияқты сәнін, өзгеге ұқсамайтын ұлттық ерекшелігін С.Жүнісов «Қазақтың кең сахарасында бұлайша топ-тобымен жүру, бүгінгі күнгі бір мекемеге бағынған артистер ұжымы секілді гастрольдік сапармен жүру салты бұрын-соңды тап осындай болды ма екен? Бұл топ – орыс халқының трубадурларына да, француздың жонглерларына да, испандық хугларлерге де, немістің шпильмандері мен тәжіктің масқарапаздарына да ұқсамайтын, тағдыры, сүйегі жағынан паяциларға, өзбектің қызықшыларына, Шолом Алейхан жазатын еврейлік «қаңғырған жұлдыздарға» аздап жақындайтын, тіршілігі жағынан тек қазаққа ғана тән Ақан сері, Біржан сал атымен байланысты өзінше бір жаңа серілер, салдар тобы еді» [5, 2]. Сал-серілердің даму эволюциясы қазақ музыкасымен, драмалық, сонымен қатар спорт, жонглер, плоди өнерімен тығыз байланысты. Сал-серілер импровизаторлық, жыршылық, орындаушылықпен қатар драмалық элементтерді ұштастырған. Мимика, жесть, яғни бет-жүзін құбылту, бас терісін қозғалту, бір орында тұрып бірнеше қимылды кезекпен сәтті орындау негізінен салдарға тән құбылыс. Адамзат баласы өмір сүрген уақыт, өткен дәуір тарихи фактілерімен құнды.
Сал серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз
Сал-серілер өлеңдерінде ару қызды, көрікті келіншекті аялау, жақсыларды дәріптеу негізінде жырға қосқан. Өлеңге жыр ете отырып табиғи сұлулықты жарастыра білген. Ол кезде көптеген ақындар теңеу образы ретінде аркды-аққу, лашын, бұлбұл құсқа теңеген. Олардың өзіндік ерекшіліктері бар. Теңеу образындағы құс атаулары адам бойындағы ерекшеліктерді таныта білді. Қазақ елінде ежелден сал-серілер өлеңдерінде қазақ қызының инабаттылығын ерекше бейнелеген. Оның әр жүрісінен тәрбиелігін аңғарған. Сондай-ақ ежелден қазақ қызын тыйым салып өсірген. Мұның барлық қыздың өз орны бар екендігін айқын көрсетеді. Оларға: ақша маңдай, перизат, аймақ ауыз, сүмбіл шаш, қарақат көз,жазық маңдай, алқызыл гүл деген тәрізді көптеген эпитеттер жазған. Ақындардың осындай өлеңдері әсерлі әдемілікті осылайша айқындайды. Ақындар шығармаларында әйел затын ерекше бейнелейді. Мұнда бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының мұңы мен мүддесін негізге ала отырып жырлайды. Ақындарымыз қазақ қыздарын өз заманынан-ақ жоғары бағалаған.
Жаяу Мұса өзінің "Әйелдер сипаты" өлеңдерінде әйелдердің қаіретін, қайғы-мұңын термелей келе, ең жақсы деген әйел жұртына назар аударады, әйелдерді сыйлауға,бағалауға үндейді.
Кім мінер ел көшкенде тауып атын,
Адам көп танитұғын адам затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
Гүл жүзді, сырлы қөзді жақсы қатын
Әйелді сыйлау керек ескеріп біз,
Оларға айту керек орынды сөз
Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң...
Шығып кете жаздайды бойыңнан жан-деп әйел затының қасиеттерін тізіп көрсетеді.
Сал-серілердің бір айырмашылығы, олар ақын да, әнші де болған. Сол әндерін де, өлеңдерін де қазақтың қыздарына арнағанын көремін. Өйткені қазақ қыздары осы өмірдің пәк, таза гүлі. Оны біз:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары,жаны жаздай жайраңдаған
"Қыз өссе елдің көркі..." деген сөзді.
Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам?-деген өлең жолдарынан түсінеміз.
Бұл заманда адамның сан түрін жолықтырасың... Бірі ақылы таяз, бірі надан, ал бірі жомарт жан. Кейінгісі мал-дүниеге бай, ішкені артында, ішпегені алдында... Байлық адамды қатты өзгертеді. Қазір де адамды көзін, құлағын, аузын ақшамен жапқан заман торлады. Баяғыда да Қашаған Күржіманұлының заманы да сондай болған деседі. Оған тоқтала кетсем жөн болар.
Қашаған – елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, тойымсыз бай мен биді, қанағатсыз болыс пен молданы аяусыз сынға алып, бетпердесін ашқан ақын. Осындай жанрдағы өлеңдерінің бірі - «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңі. Қаншама жыл өтсе де, бұл өлең өз құдіреттілігін жойған емес. Себебі бұл өлең қазіргі заманға арнайы жазылғандай көрінеді. Неге десең, қандай жоғары оқу орнын алсаң да, дәрігерлерді алсаң да, сот істерінде, жол полиция қызметкерлерінде және т.б. қағазбасты жұмыс орындарының барлығында жемқорлық жүріп жатқанын көреміз. Қайткенмен судың да сұрауы бар емес пе? Тек ақыретте ғана оның істері қаралатындай көрінеді. Осы өлеңіндегі надан дінбұзар молдалар мен сараң байларды ашына жырлаған. Бірде Қашаған, Құрманғазы Маңғыстаудың бір аулына келе жатып, малшылардың айтуымен Есқали деген сұпының үйіне қонуға барады. Барса келіні, баласы оған «Қонаққа тіккен үйіміз жоқ», - деп үйіне кіргізбейді. Сонда Қашаған қолына домбырасын алып, ұятсыз, имансыз келінді сынға алады. Оған ақыл бермеген ата-енесінің де ақылының жоқтығын айтып, масқаралайды. Есқали Қашағанды күтпей, намаз оқи жөнеледі. Ал Қашағанның домбырасы сонда үн қатады. Оған ашуланған Есқали аузын тоқтатпастан қу таяқ, шайтанның таяғы деп кір жағады. Сонда Қашаған намыстанып, домбыраның маңызын, діни жағынан да керектігін айтып, сұпының үнін біраз уақытқа өшірген деседі. Соңында Қашаған Есқали сұпының ән-күйді «шайтанның ісі» дегеніне тойтарыс беріп, домбыра өнерінің ақ екенін айтып қорғап қалады.
Сөз соңында айтарым, «Есқали сұпыға айтқаны» әдебиетіміздің бір биік шоқтығы болып табылады әрі ол Қашағаннан қалған асыл мұра болып саналады. Ендігі міндетіміз – сол мұраны қадірлеп, әдебиет тізгінін сөз өнерін қадірлеушілерге мәңгі ұстату, сонымен қатар адам бойындағы кездесер «есқалилық» мінез-құлықтарды қазақ санасында болдыртпау.
Ш.Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз
Атақты ақын, жазушы, аудармашы Ш.Құдайбердіұлы қазақ әдебиетінің алып тұлғаларының бірі болып саналады. Ол философ, тарихшы және өте ойшыл кісі болған. Менің білуімше, оның пірі - Абай Құнанбайұлы. Себебі оған дәлел ретінде Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңін алайын. Тек жастарға емес, басқа да бірнеше шығармашылығында Абай өмірі тоғысады.
Шәкәрімнің бұл «Жастарға» деген өлеңін жазудағы мақсатын айта кетейін. Мұнда өскелең ұрпақтың жас жеткіншектердің алдағы өмірі, бүгіні мен ертеңі, жақсылыққа бет бұруы айтылады және соған ұмтылыс насихатталады. Бұл өлең жолдарының бас жағында Абайдай тұлғаны үлгі етіп, жастарға сол хакімге қарап бой түзеу керектігін ұғындыра жырлайды. Мұнысы, әрине, өте орынды деп ойлаймын. Себебі Абай қазақ елінің ғана емес, әлемнің мақтанышы деп еш тайсалмай айта аламын. Абай мен Шәкәрім бір-бірімен тығыз байланысты жандар, онымен қоймай шығармашылығы да тағы ұқсас. Екеуі де әділдікті қалады, исламға қатты көңіл бөлді. Біреудің ала жібін аттамауды мақсат тұтты. Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде өзін барынша қамқоршы іспеттес көрсеткендей. Ол болашағына, өзінің емес, ұлт болашағына алаңдайтынын көрсетіп тұрғандай. Оған дәлел ол жастарды бөгде біреуге емес, дана хакімге ұқсауын қалады. Оны мына өлең жолдарынан анық байқаймыз:
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыныалық Абайға, жүр, баралық! –
деген өлең жолдары нағыз дәлел бола алады. Енді «Неге Шәкәрім Абайды үлгі етті?» деген сұраққа жауап беріп көрейін. Шәкәрім жастарға үлгі таңдарда көрегенділік көрсеткен дер едім. Себебі Абай – әлем әдебиетіндегі еліміздің жанашыры, ұстазы. Абайдай тұлға болу бар қазақтың арманы ғой, шіркін! Осы деңгейге жеткен Абайдың өзі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын біле тұра тексермедім....» деп қынжыла жазған екен. Осындай биік шыңды бағындырса да, әлі талай асуды бағындыра алар еді Абай. Сондықтан да Шәкәрім жастардың осы тұлға секілді соңына дейін білім-ғылым қуғанын қалағанын білу қиын емес.
Сөз соңында айтарым, «Жастарға» өлеңі әрқашанда жастардың жан жүрегінде сақталса екен. Бүгінгі егеменді еліміздің жастары Шәкәрімді, Абайды сүйіп оқып, алға мақсат қоя білуді, табандылықпен өмір сүруді үйренетініне сенімім мол. Егер бұл өлең сұраныстан шығып жатса, жастардың бұзылғанының үлкен көрінісі болар, бәлкім!
ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
Бүгінгі заманға дейін әлем тарихында көптеген қолбасшылардың, патшалардың ғұмыр кешкені баршамызға мәлім. Ал сол тұлғалардың қалай ел басқарып, қалай ғұмыр кешкені жайлы әр ақын әр түрлі жырлаған. Әйгілі Атиллоға Джузепе Верди атақты операсын арнаса, бүкіл әлемді жаулап алғысы келген Ескендір Зұлқарнайынға ұлы Абай «Ескендір» поэмасын арнаған.
«Ескендір» поэмасы Абай поэмаларының ішіндегі елеулі поэмасы. Бұған ұлы жазушы М.Әуезовтің ««Ескендір» Абайдың ең жақсы поэмасы» деген сөзі дәлел. Поэманың басты кейіпкері Ескендір шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген тойымсыз, қанағатсыз етіп суреттеген. Бұл ащы шындық. Ескендір өмірінде көп халықты қырып, талай елді қиратқан әділетсіз басшы. Ол әлемді бағындырам деп ойлады және тойымсыздық танытты. Міне, осы тойымсыздық Ескендір Зұлқарнайынның ең әлсіз тұсы дер едім. Себебі, осы уақытқа дейін ешкім әлемді жаулап ала алмаған. Тіпті, Аттилло, Шыңғыс хан, Әмір Темір, Кир, т.б. ол осы қағиданы ескермеді. Ескергісі де келмеді. Сөзіме дәлел ретінде поэмада Ескендір Зұлқарнайын өз жорықтарының бірінде бір шөлге тап болады. Барлық әскері шаршап шалдығып, бір бұлақтың басына келіп сол жерден шөлдерін қандырып шабуылға дайындалады. Егер осы кезде Ескендір қанағат танытып кері қайтқанда бәрі басқаша бола ма еді? Поэмада Абай Ескендірің қасына ақылшы етіп ұлы Аристотельді қойған. Аристотель Ескендірдің әлсіздігін бетіне айтатын жан болған. Ескендірдің әдсіз тұсы Ескендірдің қамал алдындағы іс әрекеті. Ескендір сабырсыздық жасап алдындағы қақпаны ашуын бұйырады. Сонда қақпаның ар жағынан ақ орамалға түйілген көз сүйегін көріп ашуға булығады. Сонда ұлы ұстазы Аристотель ол сүйектің мәнісін түсіндіреді. Көз сүйекке тек құм салынғанда ғана басылатынын, адам ана дүниеге аттанғанда анадан қалай туылса солай кететінін айтып оған ой салады. Содан Ескендір барлығын түсініп өз еліне қайтады.
Қорыта келе, Абай «Ескендір» поэмасында «Адам қанша биікке өрлегенмен, бір күні құлайтынын, еш нәрсе де мәңгілік емес екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, адам бойындағы ең әлсіз қасиет ақылсыздық пен тойымсыздық екенін айтып өткен.
Абайдың он тоғызыншы қара сөзіндегі естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз
Қай істің болсын өнуіне
ең әуелі- ниет керек,
содан соң – күш керек.
М.Әуезов
Қазақтың маңдайына біткен ғұламасы Абай атамыз өзінің он тоғызыншы қара сөзінде адамзатты білімді, есті болуға, жақсы мен жаманды ажырата өмір сүруге шақырады.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды», - дейді хакім Абай. Толығырақ талдап айтар болсақ, туылған сәттен кейін нәресте ішкі түйсік пен кейбір сезу мүшелері арқылы ата-анасын, ет жақындарын таниды, қарны ашқанын сезеді. Тек инстинкты түрде әрекет етеді.
Екінші, «естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды» делінеді. Демек, енді нәресте көзбен көргенін қолмен ұстап, атын біліп, түрін түстеуге, дәмін көріп, түйсінуге тырысады. Ата-анасы, туыстарынан өзге адамдардың бар екенін түсінеді. Өсе келе әсем табиғаттың әрбір бөлшегін, өзі үшін жұмбақ дүниелерді танып білуге тырысады. Осының бәрін танып білуге әрине оған маңайындағылар көмектеседі.
Яғни, «...жаманды, жақсыны таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,- дейді Хакім Абай.
Білімді болатын бала мектеп қабырғасына келгеннен бастап бәрін танып-білуге тырысып, кітап деген асыл қазынаға көзі тоймай, білім бұлағының мөлдір нәріне қанбай шөлдеп оны құмарлана жұта береді, жұта береді.
Ал, әлемнің құпиясы мен тылсым беттерін танып, өмірдің мәнін тұщынуға тырыспайтын, немесе тек «қарыны тоқтық», «уайымы жоқтықты» көздейтін адамдар қаншама. Олар туралы Абай есті сөздерді есіткенде «шайқақтап, шалықтап не салбырап, салғырттанып естісе, не... ұғайын деп тұшынбаса, не ...шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?» дейді. Олардың барлығы сәби кезінде «естіп, көріп, ұстап, татып ескеруге» ұмтылмады ма? Ұмтылған болса, неге білуге құштарлығы тоқтады. Бұған кім, не кінәлі?..
Енді, есті, білімді болуды қалай жүзеге асыратынымызды зерделесек. Жақсы мен жаманды ажыратып есті өмір сүруді түсіну бар да, соны жүзеге асыру бар.
Ол үшін білімді болуға ниеттеніп, көп оқып, іздену керек. Дұрыс жолды таңдап, үлкендерді тыңдап, ойы мен сөзінің құнары бар тұлғалардың насихатына құлақ түріп, көңілге тоқу керек.
Екіншіден, айтылған бағыттардан танбау үшін шыдамдылық пен жігер, күш керек. Тек рухы мықты адам ғана білім шыңына жетіп, құпиялар сыры мен жаңалықтарды аша алады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» демекші, Абай, Дінмұхамед аталарымыз қамын жеген қазақ еліміздің болашағы күңгірттенбесін десек, барынша білім жинап, есті жолмен жүруге тырысайық, достар!
М.Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңіндегіқыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз
«Қыз» деген атаудың өзі өте әсерлі, өте нәзік. Құдіреті күшті Аллах Тағаланың ерекше ғып жаратқан бір бейнесі ол - әйел заты. Қыз – ол қарындас, сіңлі, әпке және болашақ ана. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетіп, мейірімге бөлеп отыратын жан. Аналарымыз пайғамбар бола алмаса да, пайғамбарлар мен кейбір ғұламаларды дүниеге әкеліп жатқан батыр аналарымыз. Міне, осы нәзік «қыздарымыз» атақты ақындардың қаламынан шыққан туындыда өз орнын тауып отыр. М.Мөңкеұлының сұлулық туралы өлеңдері өте әсерлі. «Қыз» деген өлеңінде жаны таза, ақылы дана, сырт пішіні көркем қыз бейнесін жасайды.
Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз
Өздырдың салтанатты еліңнен, қыз
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңің сары алтындай көрінген қыз.
Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан, қыз,
Лебізің, сөзің-шырын, маржан-тісің,
Кеткісіз келген адам қасыңнан, қыз.
Ақын ағаның осы орайда айтқан лебізіне менде бір қыз туралы ой қоссам, қыз-көктемнің жайма шуақ күнінде қырда жайқалып әлдебір әлемнің әсемдігін паш ететұғын түбіне қарасаң ,түпсіз тұңғиық гүл іспеттес.
Ақын ағаларымыз сұлулықтың бейнесін қыз деп біліп, оларды өз қара өлеңдеріне қосып жатса, сол заманға атақты сал-серілеріміз ән-жырына арқау етіп, сүйіспеншілік жырларында кіршіксіз махаббат пен сұлулықты әспеттейді. Біржанның «Ләйлім шырақ» өлеңінің өзі былай басталады:
«Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,
Таудан аққан сылдырап ән бір бұлақ ... .»
Қандай әдемі сурет! Сұлу қыздың портреті, мінезі көз алдыңа келеді. Әнге салмай-ақ, өлеңнің өзінен әуен төгіліп тұр. Ақынның өткір тілі, нанымды байлауы, «Ләйлім шырақ» деп қызға қарата айтқан сөздің өзінен сезіледі. Бұл өлеңдегі жарықсыз қыздың түрін көрген ақын-әнші жүрегі әннің қайырмасына келгенде баяулап, дыбыстар еркеленіп шығады. Бұл ән табиғатында сыпайылықта, нәзік сезім де, қыз келбетіне қызығушылық та бар. Өз сезімдерін астарлап әдемі ән шумақтары арқылы жеткізген Біржанның қыздарға деген сыпайылығы өте басым келген.
Жалпы, қай ақынның шығармасын ашып қарасақ та, аяулы аналарымызға, нәзік жанды қыздарымызға, сұлулыққа арналған туындыларды оқып жатамыз. Сол, себепті де, менің ойымша, Мұрат ақынның да, сал-серілердіңде «қыз» тақырыбындағы өлеңдері өте әсерлі, сұлулық пен сүйіспеншілікке толы. Бұл жерде бірақ нәрсе айтуға болады, ол-әркімнің жазу және жеткізу стилі әр түрлі.
Қыздың жаратылысы кең дүниенің нәзіктігінен тұрса дағы, жауырыны жерге тимеген батырдың да, ел басқаратын елбасының да артында өз бойындағы жергілікті тарту ететін керемет қайсарлыққа ие.

298 сөз
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия
11 «Ә» сынып оқушысы Алмашова Камилла
Пән мұғалімі Б.Н.Азимханова
Атақты ақын, жазушы, аудармашы Ш.Құдайбердіұлы қазақ әдебиетінің алып тұлғаларының бірі болып саналады. Ол философ, тарихшы және өте ойшыл кісі болған. Менің білуімше, оның пірі - Абай Құнанбайұлы. Себебі оған дәлел ретінде Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңін алайын. Тек жастарға емес, басқа да бірнеше шығармашылығында Абай өмірі тоғысады.
Шәкәрімнің бұл «Жастарға» деген өлеңін жазудағы мақсатын айта кетейін. Мұнда өскелең ұрпақтың жас жеткіншектердің алдағы өмірі, бүгіні мен ертеңі, жақсылыққа бет бұруы айтылады және соған ұмтылыс насихатталады. Бұл өлең жолдарының бас жағында Абайдай тұлғаны үлгі етіп, жастарға сол хакімге қарап бой түзеу керектігін ұғындыра жырлайды. Мұнысы, әрине, өте орынды деп ойлаймын. Себебі Абай қазақ елінің ғана емес, әлемнің мақтанышы деп еш тайсалмай айта аламын. Абай мен Шәкәрім бір-бірімен тығыз байланысты жандар, онымен қоймай шығармашылығы да тағы ұқсас. Екеуі де әділдікті қалады, исламға қатты көңіл бөлді. Біреудің ала жібін аттамауды мақсат тұтты. Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде өзін барынша қамқоршы іспеттес көрсеткендей. Ол болашағына, өзінің емес, ұлт болашағына алаңдайтынын көрсетіп тұрғандай. Оған дәлел ол жастарды бөгде біреуге емес, дана хакімге ұқсауын қалады. Оны мына өлең жолдарынан анық байқаймыз:
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыныалық Абайға, жүр, баралық! –
деген өлең жолдары нағыз дәлел бола алады. Енді «Неге Шәкәрім Абайды үлгі етті?» деген сұраққа жауап беріп көрейін. Шәкәрім жастарға үлгі таңдарда көрегенділік көрсеткен дер едім. Себебі Абай – әлем әдебиетіндегі еліміздің жанашыры, ұстазы. Абайдай тұлға болу бар қазақтың арманы ғой, шіркін! Осы деңгейге жеткен Абайдың өзі «Жасымда ғылым бар деп ескермедім, пайдасын біле тұра тексермедім....» деп қынжыла жазған екен. Осындай биік шыңды бағындырса да, әлі талай асуды бағындыра алар еді Абай. Сондықтан да Шәкәрім жастардың осы тұлға секілді соңына дейін білім-ғылым қуғанын қалағанын білу қиын емес.
Сөз соңында айтарым, «Жастарға» өлеңі әрқашанда жастардың жан жүрегінде сақталса екен. Бүгінгі егеменді еліміздің жастары Шәкәрімді, Абайды сүйіп оқып, алға мақсат қоя білуді, табандылықпен өмір сүруді үйренетініне сенімім мол. Егер бұл өлең сұраныстан шығып жатса, жастардың бұзылғанының үлкен көрінісі болар, бәлкім!
318 сөз
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия
11 «Ә» сынып оқушысы Әмірханұлы Дарын
Пән мұғалімі Б.Н.Азимханова
ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
Бүгінгі заманға дейін әлем тарихында көптеген қолбасшылардың, патшалардың ғұмыр кешкені баршамызға мәлім. Ал сол тұлғалардың қалай ел басқарып, қалай ғұмыр кешкені жайлы әр ақын әр түрлі жырлаған. Әйгілі Атиллоға Джузепе Верди атақты операсын арнаса, бүкіл әлемді жаулап алғысы келген Ескендір Зұлқарнайынға ұлы Абай «Ескендір» поэмасын арнаған.
«Ескендір» поэмасы Абай поэмаларының ішіндегі елеулі поэмасы. Бұған ұлы жазушы М.Әуезовтің ««Ескендір» Абайдың ең жақсы поэмасы» деген сөзі дәлел. Поэманың басты кейіпкері Ескендір шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген тойымсыз, қанағатсыз етіп суреттеген. Бұл ащы шындық. Ескендір өмірінде көп халықты қырып, талай елді қиратқан әділетсіз басшы. Ол әлемді бағындырам деп ойлады және тойымсыздық танытты. Міне, осы тойымсыздық Ескендір Зұлқарнайынның ең әлсіз тұсы дер едім. Себебі, осы уақытқа дейін ешкім әлемді жаулап ала алмаған. Тіпті, Аттилло, Шыңғыс хан, Әмір Темір, Кир, т.б. ол осы қағиданы ескермеді. Ескергісі де келмеді. Сөзіме дәлел ретінде поэмада Ескендір Зұлқарнайын өз жорықтарының бірінде бір шөлге тап болады. Барлық әскері шаршап шалдығып, бір бұлақтың басына келіп сол жерден шөлдерін қандырып шабуылға дайындалады. Егер осы кезде Ескендір қанағат танытып кері қайтқанда бәрі басқаша бола ма еді? Поэмада Абай Ескендірің қасына ақылшы етіп ұлы Аристотельді қойған. Аристотель Ескендірдің әлсіздігін бетіне айтатын жан болған. Ескендірдің әдсіз тұсы Ескендірдің қамал алдындағы іс әрекеті. Ескендір сабырсыздық жасап алдындағы қақпаны ашуын бұйырады. Сонда қақпаның ар жағынан ақ орамалға түйілген көз сүйегін көріп ашуға булығады. Сонда ұлы ұстазы Аристотель ол сүйектің мәнісін түсіндіреді. Көз сүйекке тек құм салынғанда ғана басылатынын, адам ана дүниеге аттанғанда анадан қалай туылса солай кететінін айтып оған ой салады. Содан Ескендір барлығын түсініп өз еліне қайтады.
Қорыта келе, Абай «Ескендір» поэмасында «Адам қанша биікке өрлегенмен, бір күні құлайтынын, еш нәрсе де мәңгілік емес екенін түсіндіреді. Сонымен қатар, адам бойындағы ең әлсіз қасиет ақылсыздық пен тойымсыздық екенін айтып өткен.
289 сөз
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия
11 «А» сынып оқушысы Аманқұл Зағипа
Пән мұғалімі Б.Н.Азимханова
Қай істің болсын өнуіне
ең әуелі- ниет керек,
содан соң – күш керек.
М.Әуезов
Қазақтың маңдайына біткен ғұламасы Абай атамыз өзінің он тоғызыншы қара сөзінде адамзатты білімді, есті болуға, жақсы мен жаманды ажырата өмір сүруге шақырады.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды», - дейді хакім Абай. Толығырақ талдап айтар болсақ, туылған сәттен кейін нәресте ішкі түйсік пен кейбір сезу мүшелері арқылы ата-анасын, ет жақындарын таниды, қарны ашқанын сезеді. Тек инстинкты түрде әрекет етеді.
Екінші, «естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды» делінеді. Демек, енді нәресте көзбен көргенін қолмен ұстап, атын біліп, түрін түстеуге, дәмін көріп, түйсінуге тырысады. Ата-анасы, туыстарынан өзге адамдардың бар екенін түсінеді. Өсе келе әсем табиғаттың әрбір бөлшегін, өзі үшін жұмбақ дүниелерді танып білуге тырысады. Осының бәрін танып білуге әрине оған маңайындағылар көмектеседі.
Яғни, «...жаманды, жақсыны таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»,- дейді Хакім Абай.
Білімді болатын бала мектеп қабырғасына келгеннен бастап бәрін танып-білуге тырысып, кітап деген асыл қазынаға көзі тоймай, білім бұлағының мөлдір нәріне қанбай шөлдеп оны құмарлана жұта береді, жұта береді.
Ал, әлемнің құпиясы мен тылсым беттерін танып, өмірдің мәнін тұщынуға тырыспайтын, немесе тек «қарыны тоқтық», «уайымы жоқтықты» көздейтін адамдар қаншама. Олар туралы Абай есті сөздерді есіткенде «шайқақтап, шалықтап не салбырап, салғырттанып естісе, не... ұғайын деп тұшынбаса, не ...шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек?» дейді. Олардың барлығы сәби кезінде «естіп, көріп, ұстап, татып ескеруге» ұмтылмады ма? Ұмтылған болса, неге білуге құштарлығы тоқтады. Бұған кім, не кінәлі?..
Енді, есті, білімді болуды қалай жүзеге асыратынымызды зерделесек. Жақсы мен жаманды ажыратып есті өмір сүруді түсіну бар да, соны жүзеге асыру бар.
Ол үшін білімді болуға ниеттеніп, көп оқып, іздену керек. Дұрыс жолды таңдап, үлкендерді тыңдап, ойы мен сөзінің құнары бар тұлғалардың насихатына құлақ түріп, көңілге тоқу керек.
Екіншіден, айтылған бағыттардан танбау үшін шыдамдылық пен жігер, күш керек. Тек рухы мықты адам ғана білім шыңына жетіп, құпиялар сыры мен жаңалықтарды аша алады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» демекші, Абай, Дінмұхамед аталарымыз қамын жеген қазақ еліміздің болашағы күңгірттенбесін десек, барынша білім жинап, есті жолмен жүруге тырысайық, достар!
337 сөз
11"Б"сынып оқушысы Тоқанова Шолпан
«Қыз» деген атаудың өзі өте әсерлі, өте нәзік. Құдіреті күшті Аллах Тағаланың ерекше ғып жаратқан бір бейнесі ол - әйел заты. Қыз – ол қарындас, сіңлі, әпке және болашақ ана. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетіп, мейірімге бөлеп отыратын жан. Аналарымыз пайғамбар бола алмаса да, пайғамбарлар мен кейбір ғұламаларды дүниеге әкеліп жатқан батыр аналарымыз. Міне, осы нәзік «қыздарымыз» атақты ақындардың қаламынан шыққан туындыда өз орнын тауып отыр. М.Мөңкеұлының сұлулық туралы өлеңдері өте әсерлі. «Қыз» деген өлеңінде жаны таза, ақылы дана, сырт пішіні көркем қыз бейнесін жасайды.
Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз
Өздырдың салтанатты еліңнен, қыз
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңің сары алтындай көрінген қыз.
Бұлаңда дәурен өтпей басыңнан, қыз,
Лебізің, сөзің-шырын, маржан-тісің,
Кеткісіз келген адам қасыңнан, қыз.
Ақын ағаның осы орайда айтқан лебізіне менде бір қыз туралы ой қоссам, қыз-көктемнің жайма шуақ күнінде қырда жайқалып әлдебір әлемнің әсемдігін паш ететұғын түбіне қарасаң ,түпсіз тұңғиық гүл іспеттес.
Ақын ағаларымыз сұлулықтың бейнесін қыз деп біліп, оларды өз қара өлеңдеріне қосып жатса, сол заманға атақты сал-серілеріміз ән-жырына арқау етіп, сүйіспеншілік жырларында кіршіксіз махаббат пен сұлулықты әспеттейді. Біржанның «Ләйлім шырақ» өлеңінің өзі былай басталады:
«Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ,
Таудан аққан сылдырап ән бір бұлақ ... .»
Қандай әдемі сурет! Сұлу қыздың портреті, мінезі көз алдыңа келеді. Әнге салмай-ақ, өлеңнің өзінен әуен төгіліп тұр. Ақынның өткір тілі, нанымды байлауы, «Ләйлім шырақ» деп қызға қарата айтқан сөздің өзінен сезіледі. Бұл өлеңдегі жарықсыз қыздың түрін көрген ақын-әнші жүрегі әннің қайырмасына келгенде баяулап, дыбыстар еркеленіп шығады. Бұл ән табиғатында сыпайылықта, нәзік сезім де, қыз келбетіне қызығушылық та бар. Өз сезімдерін астарлап әдемі ән шумақтары арқылы жеткізген Біржанның қыздарға деген сыпайылығы өте басым келген.
Жалпы, қай ақынның шығармасын ашып қарасақ та, аяулы аналарымызға, нәзік жанды қыздарымызға, сұлулыққа арналған туындыларды оқып жатамыз. Сол, себепті де, менің ойымша, Мұрат ақынның да, сал-серілердіңде «қыз» тақырыбындағы өлеңдері өте әсерлі, сұлулық пен сүйіспеншілікке толы. Бұл жерде бірақ нәрсе айтуға болады, ол-әркімнің жазу және жеткізу стилі әр түрлі.
Қыздың жаратылысы кең дүниенің нәзіктігінен тұрса дағы, жауырыны жерге тимеген батырдың да, ел басқаратын елбасының да артында өз бойындағы жергілікті тарту ететін керемет қайсарлыққа ие.
Қорытындылай келе, қыздарымыз жайлы:
Жетіп қолы құлпырған қырмызыдай,
Десек керек болса егер хор қызындай.
Көркіне көз тоймаған қайран сәт,
Қалмайтын жігіт біткен бір қызынбай.
Біздің қазақ қыздары осындай-ды
Жалғандыққа ешқашан бас ұрмайды,
Жотасында қос бұрым белге түскен,
Сұлу қалпын ашпас жасырмайды.
385 сөз
Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицей
11 «А» сынып оқушысы Абдуалиева Назерке