Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына
айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз.
Пікіріңізді дəәйектерге сүйеніп, дəәлелдеп жазыңыз.
Ұлттық əәдебиет сарқылмас қазына. Халқымыздың асыл қазынасының бірі
– əәнші-ақындардан қалған поэзия жəәне əәндер тұтастығы.Қазақ музыка
өнерінде аттары алтын əәріппен жазылған біртуар тұлғалар: Біржан Сал,Ақан
сері,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай,ƏӘсет. Солардың бірі – Мұса Байжанұлы. Оның
«Ақ сиса» өлеңі бүкіл қазаққа мəәлім.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы
күрестің ұраны» деп те аталды. «Бұл өлеі Шорман тұқымына бағытталған
тоқтау сөз бе?» - деген сұрақ туындайды.
Мұса Байжанұлы Омбыда оқи жүріп,жазда ауыл аралайдыүОл өзінің
ақын-тұқымын əәңгімелеп,домбыра,сырнай,сскрипкасын кезек тартады.Ел
назарын бірден Жаяу Мұсаға аудартады. Мұса көп ұзамай беделді «жақсы»
атанады.Бұл сол ауылдың жуаны Шорман əәулетіне ұнамайды.Жуандар
ішінде пышақ айналмай қояды.Мұса Байжанұлы Шорман əәулетімен болған
шиеленістен соң «Ақ сиса» өлеңін шығарды.
«Он екі жыл айдадың тобыл жаққа,
Еш болмас,бастан бағын таяр щақта», -деп Мұса Байжанұлы
айдауда он екі жыл болғандығын көркем дəәлелдейді. Оның ерекшелігі –
өлеңді бар қазаққа түсінікті қара сөзбен, тура мағынада жазады.
«Параны мұнан былай тоқтат,Мұса,
Нашардың жол терісіне өзің сыймай»,- деген өлең
жолдарында басты ой жазылған. Біріншіден,мұнда сол уақыттағы əәлеуметтік
теңсіздік айқын бейнеленген.Мұстафадай бай феодалдар кедейлерге
əәлімжеттік жасайтыны жазылған.Екіншіден.өлең жолдары бұйрықты райда
жызалғын. Сондықтан,қазақ халқының əәлімжеттік пен қиянатқа қарсы
бағытталған ұраны.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні.Жаяу Мұса өз заманының шындығын
нақты жаза білген ақынсазгер.Оның «Ақ сиса» өлеңі Шорман əәулетіне
бағытталған тоқтау сөз.Қазақ музыка өнерінде аттарға алтын əәріппен
өшпейтін таңба қалдырған ақыл-сөздердің бірі болған.Тіпті қазақ даласында
«қиянатқа қарсы кұрес ұраны» деп те атап кеткен.Осындай əәнші ағамызға не
жетсін,содан үлгі алып ардақ тұтуымыз керек.
Жаяу Мұсаның қиянатқа жазылған “Ақ сиса” өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға
дəәлелдер келтіре жазыңдар
Жаяу Мұсаның Байжанұлының “Ақ сисасын” білмейтін исі қазақ жоқ шығар. Бұл – қазақ
топырағындағы теперішті тағдырдан хабар беретін сом туынды. “Ақ сиса” – өз уақытындағы
қоғамдық бүлік пен күрестің гимніне айналған атышулы өлең. “Ақ сиса” сияқты əәлеуметтік
теңсіздікті əәшкерлеген өлеңді күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Ақын, Жаяу Мұсаның өмірін
кеңінен зерттеп жүрген Ғалым Жайлыбайдың айтуынша, “Ақ сиса”-жеңілдікті көтермейтін
шығарма. ƏӘннің бойында қазақтың қамын жеген қайраткердің басындағы тратегия ғана емес,
бүкіл қазақ халқының “əәлімжеттік” кезеңдегі жағдайы сипатталған. Бұл өмір бойы тауқымет
тартқан ақын-сазгердің елі үшін жанайқайы іспетті. Бірақ Жаяу Мұсаның бұл өлеңі қиянатқа
қарсы жазылғанымен, мұнда оптимистік ой-толғамдар бар ма?
Негізінен, бұл өлең оптимистік рухтан туған өлең. Осы өлеңнің тарихына жүгінсек, Бір күні Жаяу
Мұса ауылдарының тұсынан өтіп бара жатқанда, Шормановтар астындағы атын тартып алып,
өзін көк ала қойдай етіп сабап жібереді. Бірақ Мұса Шормановтар тұқымының мұндай зорлығына
жасқанып, жасымайды. Мұса ат орнына қолына таяғын алып, жаяу-ақ ел аралап, əән шырқап жүре
береді. Осы жерден Мұсаның оптимистік көңіл-күйін байқауға болады. Оның өлеңінде мынандай
жолдар бар:
“Шорманның Мұстапасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса”.
Шормановтар оның атын тартып алып, “Жаяу Мұса” атандырғанымен, асқақ əәніне тұсау сала
алмайды.
“Жылансын екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын, не қылсаңда, айтар сөзім, ” деп Шорман тұқымының зорлық-зомбылығына деген ыза-
кектің əәсерінен композитордың күрделі шығармаларының бірі екенімен келісесіз бе? ƏӘрине, бұл –
теңсіздікке, зорлықшыл, қиянатшыл үстем таптардың іс-əәрекеттеріне деген наразылық пен ыза-
кектің уытты күшін көрсететін əәлеуметтік мəәні зор əән. Батыл, сонымен қатар оптимистік
рухтан туған бұл əән дұшпанға бітіспес кектіғана емес, шындық пен əәділеттіліктің жаршысындай
естіледі. Қазақ даласындағы феодалдық тұрмыс жағдайды сынайтын əәуезді туынды. “Ақ сиса” əәні
композитор шығармашылығының биік шыңы.
Сал серілердің (əәнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын жазыңыз.
Сал-серілер өлеңдерінде ару қызды, көрікті келіншекті аялау, жақсыларды дəәріптеу негізінде
жырға қосқан. Өлеңге жыр ете отырып табиғи сұлулықты жарастыра білген. Ол кезде көптеген
ақындар теңеу образы ретінде аркды-аққу, лашын, бұлбұл құсқа теңеген. Олардың өзіндік
ерекшіліктері бар. Теңеу образындағы құс атаулары адам бойындағы ерекшеліктерді таныта білді.
Қазақ елінде ежелден сал-серілер өлеңдерінде қазақ қызының инабаттылығын ерекше бейнелеген.
Оның əәр жүрісінен тəәрбиелігін аңғарған. Сондай-ақ ежелден қазақ қызын тыйым салып өсірген.
Мұның барлық қыздың өз орны бар екендігін айқын көрсетеді. Оларға: ақша маңдай, перизат, аймақ
ауыз, сүмбіл шаш, қарақат көз,жазық маңдай, алқызыл гүл деген тəәрізді көптеген эпитеттер
жазған. Ақындардың осындай өлеңдері əәсерлі əәдемілікті осылайша айқындайды. Ақындар
шығармаларында əәйел затын ерекше бейнелейді. Мұнда бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының
мұңы мен мүддесін негізге ала отырып жырлайды. Ақындарымыз қазақ қыздарын өз заманынан-ақ
жоғары бағалаған.
Жаяу Мұса өзінің "ƏӘйелдер сипаты" өлеңдерінде əәйелдердің қаіретін, қайғы-мұңын термелей келе,
ең жақсы деген əәйел жұртына назар аударады, əәйелдерді сыйлауға,бағалауға үндейді.
Кім мінер ел көшкенде тауып атын,
Адам көп танитұғын адам затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
Гүл жүзді, сырлы қөзді жақсы қатын
ƏӘйелді сыйлау керек ескеріп біз,
Оларға айту керек орынды сөз
Жақсы əәйелге көз салып бір қарасаң...
Шығып кете жаздайды бойыңнан жан-деп əәйел затының қасиеттерін тізіп көрсетеді.
Сал-серілердің бір айырмашылығы, олар ақын да, əәнші де болған. Сол əәндерін де, өлеңдерін де
қазақтың қыздарына арнағанын көремін. Өйткені қазақ қыздары осы өмірдің пəәк, таза гүлі. Оны
біз:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары,жаны жаздай жайраңдаған
"Қыз өссе елдің көркі..." деген сөзді.
Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам?-деген өлең жолдарынан түсінеміз.
Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен — ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын – жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды
Әндерін тыңдау: “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Зәуреш”
Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру – апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.” Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да
«Айнамкөз» болсын дейді. Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі — « Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңн тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» — үлкен, жылы жүректен шыққан ән.
Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі сал Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Соның бірі – байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» әні. Өрнегі бөлек. Бітімі өзгеше. Қалың қарындасқа Ғарекеңнің, Ғарифолла ата Құрманғалиевтің (1903 – 1993) орындауында тарап еді. Бірегей орындаушысы-тын.
Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек. Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш-ті, өмірімнің шырағы болар деген. Тағдыр оны көп көреді. Ажал тырнағына ілінеді. Саулы інгендей боздап келіп, суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мұхит кейін өлеңге айналдырып, зар – әнге қосқан дейді. Сөздері қамырықты. Эмоциялық бояуы өте күшті.
Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің өскен жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін деген едім?
Құланның жонда көрдім шоқырағын,
Қайыңның жаста көрдім жапырағын.
Қарамай кетіп қалып әкең сорға,
Бір уыс көп көрді ме топырағым.
(Ғарифолла Құрманғалиев. Мұхиттың әндері. Алматы. «Дастан» дыбыс жазу студиясы, 2001 ж.)
Ән терең психологиялық тебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды.Өлең шумақтарында қаралы жанның көрініс тапқан ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып, оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына тығыз байланысты-тын. Эстетикалық танымы да, мәні де осында жатыр. «Зәуреш» әнінің тарихы терең.Философиялық тербеністерге толы Мұхиттың “Дүние – ай” әні музыкалық мазмұнының тереңділігімен ерекшеленеді.
Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға, ғажайып дарында талант иесі.
Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның
көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
Әдебиет әлемінде ерекше суреткерлік болмысымен көзге түсетін сирек ақындардың бірі-Мұхит Мералыұлы. Белгілі өнер зерттеушісі А. Затаевич: «…қазақ әндері саласында Мұхит халық музыка элементтерінен өзіндік мағынасы бар ән мектебін құрды», – деп, дәл суреттеп жазған. Ал Мұхиттың өзін «қазақтың Баяны» деп атап өткен. Өлең мен ән шебері атанған халық психологиясының білгірі Мұхит ақынның туындылары мені тыңдаушы-оқырман ретінде түрлі сезімдер жетегінде, эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырды. Бұған оның «Айнамкөз», «Зәуреш», «Дүние-ау» атты әндері толық дәлел бола алады деп ойлаймын. Осы ретте музыка өнеріміздің алтын қорына енген өлеңдерін тілге тиек ете отырып, ой толғауды жөн көрдім.
Мералыұлының Құралайға арнаған «Айнамкөз» әніне тоқталсам, ең алдымен, әннің бастан-аяқ бір қайғысыз лирикаға, албырт сезімге толы туынды екенін айтар едім. Мәселен:
Есіме, сен түскенде, беу қарағым,
Шымырлап қан қайнайды өн бойдағы, -
деп жалғасатын өлең жолдары ғашықтық сезімді байсалдылықпен ұштастырып, жылы жүректен көркем әнді жанға майдай жағымды ететінін байқадым.
Сал Мұхиттың маған сезім әсерін эстетикалық-эмоционалдық дәрежеде жеткізе алған тағы бір туындысы – «Зәуреш» әні. Әкенің бар үміті, жұбанышы болған Зәурештің оқиғасы ақын жүрегін көркем тілменен шебер табыстырып, өлеңде:
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін маңдайыңды, -
деп өрілген. Өлеңдегі трагедия ақын өнерінің арқасында әрбір тыңдарманды тебіренте алатын күшке ие деп ойлаймын.
Ақынның тұла бойды қайғы-мұңымен толқытатын келесі әні- «Дүние-ау» деп аталады. Мен үшін бұл ән өзгелерден мазмұнының тереңдігімен ерекшеленеді. Әсіресе:
Ат басқа, доға басқа, шылия басқа,
Кез келсе қарамайсың, дүние-ай, кәрі-жасқа, -
деп берілген тармақтардан күйініш-реніші, философиялық толғаныстары маған түрлі ой салды. Өлең көркемдік жағынан сөз қайталауларымен ерекшеленеді. Аталған туындыларды халық жадында асқақ, ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасымен есте қалады десем, артық айтқандық емес.
Ойымды жинақтай келе, халқымыздың қателеспес талғамы қалыптастырған ғажайып әншілік өнерінің өкілі Мұхит Мералыұлының әндерінен әрбір тыңдарман керемет әсер алады деп мен сеніммен айта аламын. Алайда, әндерінің тек бір-бір тамшысын ғана алып, таңдай жібіткендей сезімдемін. Адамның жан дүниесі, ой-арманы мен махаббаты, жеке басына сүйсінуі тамаша үндестік тауып, көркем бейнелерімен елестейтіні мені ерекше таңғалдырады. Мұхит ақынның жүректі тебірентіп, сезімдерді құбылтатын сыршыл әндерімен қазақ даласына танылған аса ірі тұлға екеніне көзім жетті.
Мұхит Мералыұлының "Зəуреш", "Айнамкөз", "Дүние-ау" өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тəсілдерін талдап жазыңыз.
Өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сал Мұхит еді. Сүйегі асыл Барадур Әбілхайыр ханның үрпағы өз шығармаларын ерекще көңіл-күймен, ғашықтық сезімен жеткізіп, қарапайым қазақ халқының, өлеңді сүйген ұлтының жүрегінен ерекше орын алып, қазақтың әлеуметтік-психологиеялық болмысын. Таныта білді. Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі Мұхит Мералыұлы дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Солардың ішінде «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние ау» әндері. Әндер терең психологоиялықтебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды Өлең шумақтарында басты кейіпкерлердің ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына да тығыз байланысты. Эстетикалық танымен да мәнінде осында жатыр. Бұл шығармаларды оқи отыра Олардың шұрайлы, көркем екеніне көзім жетті. Біліміздің қаймағы бұзылмаған сонау дәуірде, жиын-той, басқа да жағдай кезінде бір ауыз өлеңді табан астынан шығарып айта алмайтын қазақ болмаған. Әйтсе де бұл шығармалар ақындық дарыны мол жанның шығармасы, Мұхиттікі. “Зәуреш” өлеңін тууына себеп – оның қайғылы оқиғасы тікілей куә боп, Медеттің қаралы халін көзімен көруі, сай-сүйект сырқырата зарлатып шығарған сөздерін құлағымен естуі. Қорытындылай келе, сол Мұхитың жырларын , қазақ топырағынан өрлей көтеріліп кең жайылған – Дала Реквиемі деп айтуға болады. Жаныңа жылылқ, ерекше әсер берген Мұхит өлеңдері қазақ халқымның бір байлығы болып қалмақ. Мұхиттың өлеңдерін, өзге тілге аударып, жалпы адамзаттық құндылыққа тәрбиелеудің көркем құралы ретінде және қазақ халқынның осыдай байлығын көрсету мақсатында таратылуы керек.
Өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сал Мұхит еді. Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі Мұхит Мералыұлы қашанда дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Оның халық арасына кең тараған «Айнамкөз», «Үлкен Айдай», «Кiшi Айдай», «Зәуреш», «Паңкөйлек», «Дүние», «Ақ Иiс» әндерi – қазақ музыка мәдениетiнiң алтын қорындағы арналы үлгiлер. Ендеше, сіз болып, біз болып Мұхит салдың әндері туралы аз-маз әңгіме қозғап көрелік. "Ақ иіс" әні Мұхиттың көпшілік әндері арнау ретінде дүниеге келген. "Ақ иіс" те сондай арнау ән. «Ақ Иіс» әнінің тарихы туралы А.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» еңбегінде былай дейді: «...Мұхтардың Қырмызы деген бәйбішесі болады. Елден таңдап алған сұлу, ауыл–аймаққа қадірлі келіншектірдің алдынғы қатарында болға деседі. Көрген адамның бәрі де Қырмызының келбетіне, адамшылығына ырза болады екен.. Бірақ Мұхтардың «бақытына, байлығына басы айналған бәйбіше бері келе өзінің бұрынғы кеңпейілдігінен айырылып, ашулы, өктемдікке көшеді. Оның себебі де жоқ емес-ті. Мұхтар Қырмызының үстіне екінші әйел алады. Әрине, күннен-күнге Мұхтардың назары жас әйеліне қарай ауа береді. Бұл бәйбішенің мазасын алады. Міне, осы кезде, жоқтықтан қоңсы қонып отырған Мұхиттың үй-ішіне бәйбіше теріс көзімен қарап, аздаған азық жәрдемін тыйып тастайды. Қайта жас та болса, екінші әйелі - Иіс шамасы келгенінше әншінің қадірін біліп, қол ұшын беріп тұрады. Ежелден қуақылық сөзсіз отырмайтын Мұхит осы арада тағы да бір «жағымсыз» сөз айтады. Ол сөз жай қарапайым әңгіме емес, әнмен байланысты болды. Байдың да, әсіресе бәйбішенің қытығына тию үшін Иісті көтеріп, Бәйбішені төмендетіп ән шығарады. Ән Мұхиттың шалқыған кең демалысты шығармаларына ұқсамай, көбіне сөзін есіттіріп, тақпақтап айтылуға арналған, екпіні жүрдек, мелодиясында қалжыңның мысқылдың үні бар. «Жылқыда ерте тұрсам күрең тай жоқ, Ноғайда бұрынғыдай енді шай жоқ. Ақ Иіс келгеннен соң арта берді, Ойласам Қырмызыға енді бай жоқ.» - деген сөздердің мәнісін музыка айнытпай береді. Дарынды суреткер, адамның жақсы қасиеттерін баяндағанда да, біреуді кемітейін дегенде де тиісті дыбыс бояуын тауып «жазады». Бұл ән халық арасында «Ақ Иіс» атанып кетті. "Айнамкөз" әні Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да « Айнамкөз» болсын» дейді. Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі - « Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңн тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» - үлкен, жылы жүректен шыққан ән. "Үлкен Айдай" және "Кіші Айдай" әндері Өзі ақын, әнші Мұхит жасынан көркем сөзге үйір болды. Оның қызығып тыңдайтын жыры, толғауының бірі ақын Бала Ораздың шығармалары болса керек. Бір күні Мұхит Бала Ораздың аузынан шыққан «Жылқышы хикаясын» жадына түйіп алады. Ол хикая бойынша, өзінің қызына ғашық болған жылқышыны бай нөкерлерін жалдап өлтіртеді. Әділетсіздіктің құрбан болған сүйіктісін көрген қыз да өзіне пышақ салады. Бұл аңыз Мұхиттың тұлабойын тегіс меңгеріп, қатты толқытады. Қыршынынан қиылған екі жас, жанбай сөнген таза махаббат, екінші жағынан соққы мен сойылға сүйенген қара күш-әншінің асқақ қиялын аралап, тыныштығын кетіреді. Дарынды компазитор сол арада домбырасын алып, қой шегінің шегіне жеткенше қатты бұрап, жан ашуының айқайындай, даусытың ең жоғарғы регисторынан бастап, ащы да , айбарлы да дыбыс шығарады. Бала Ораздан есіткен аңыздың суретін көз алдына келтіре отыра сол оқиғаны дыбыс өнерімен өрнектейді. Қазақ халқының ән байлығына емін-еркін еніп, көп зерттеген компазитор Е. Брусиловский Мұхиттың бұл әнін Пуччинидің музыкасындағы шыңға көтерілуімен теңейді. Әділ теңеу. Бейкүнә өлген екі жастың азасы ма жоқ әлде әділетсіз феодалдық заманның қара күшіне деген қаһарына мықтап мінді ме, тап осы бір әнде Мұхиттың творчестволық құлашы тіпті кең жайылғаны сондай, анау-мынау әнші айта алмауы осы күнге шейін келеді. Бұл ән халық арасында «Жылқышы» болып та, «Бала Ораз» болып та, «Кіші Айдай» болып та жайылып жүр. «Айдай» болатын себебі өлеңінен де болу керек. Сал дауысқа ыңғайлы «ай», «дай» дегендерді көп пайдаланады. Дыбыстың, сөздің техникасын консерватория ішінде өтетін жағдайы болмаған әнші, өзінің өткір сезімі арқасында созатын даусысқа икемді келетін дауысты дыбыстарды таңдауда шындықтың үстінен түсіп отырған. Саламын сал Ораздың Айдайына, Бақ бергей ер жігіттің маңдайына,-деп, сұм заманға кездемкен жастардың тағдырын баяндайды. Жылқышының, қойшының бұл сияқты хикаялары қазақта бұрыннан келе жатқан жай. Бұл тақырыпта жазылған поэмалар да аз емес. «Жылқышыға» диапазон, құрылыс, жігері жағынан жақын келетін Мұхиттың егіз шығармасы - «Үлкен Ораз». Бұл ән кейде «Үлкен айдай» деп те айтылады. Әннің шығуы жайлы дерек жоқ. Бұл да жоғары дауыс регистрінен басталады. Бірақ «Жылқышыдан» айырмасы-бұл ән бірден емес, орта регистрден жағалыңқырап барып, жоғары шығады. Мұнда бірінші және музыкалық сөйлем бірін бірі қайталайды. Тек екінші сөйлемнің аяғында мелодия қайтадан жоғары көтеріліп, әлі де әңгіменің бітпегенін тыңдаушыға хабарлайды. Содан кейін барып, куптеттің аяғына көшіп, мелодия жолы бірнеше рет иретіліп, оралып, бітеді. «Үлкен Ораз» да орындау дарынын, кең дауыс шеңберін, үлкен жігер-күшті керек етеді. Суреттер:adyrna.kz,horde.kz Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Мұхит Мералыұлының «Зəәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау»
өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?
Мұхит Мералыұлы – 1841 жылы Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданы,Ақбақай
ауылында туып,1918 жылы дүние салған.Баһадүр ƏӘбілқайыр ханның ұрпағы,Қаратай
сұлтанның шөбересі.Сүйегі асыл ауқатты отбасынан шыққан.Халық композиторы əәнші-
ақын,күйші – домбырашы.Мұхит уақыт,қоғам,өмір туралы «дүние-ай», «Зəәуреш» əәндерін
шығарды.
Мұхит Мералыұлының «Зəәуреш» əәні: аңызы мен ақиқатқа толы.Тарихында өзіндік
суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сол Мұхит еді.Шандоз əән
шебері,халық психологиясының білгірі сол Мұхит дыбыстар жүйесін əәр қырынан құбылта
құрімен тыңдаушысын эстетикалық – эмоциялық көңіл-күйде қалдырып отырған.Мəәтінде
бейнеленген ойлау формаларының сөзі дік əәсерін əәуен арқылы арттырып,күшін өсіре
түскен.Соның бірі-байтаққа жақсы таныс əәйгілі «Зəәуреш» еді.Өрнегі бөлек əәндердің
бірі.Бітімі өзгеше.
Зəәуреш еліне дəәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған
дерек.Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ.ƏӘкесінің бар үміті,бар
жұбанышы – Зəәуреш,өмірінің шырағы болар деген.Тағдырдың тауқыметін көп
көреді.Ажал тырнағына ілінеді.Саулы əәнгендей боздап келіп,суық қабірді құшақтап
айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мқхит кейін өлеңге айналдырып,зор əәнге қосқан, -
дейді.Сөздері қамықтырарлық.
Ка,Зəәуреш,сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің өскен жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін деген едім?
Құланның жонда өрдім шоқырағын,
Қайынның жаста көрдім жапырағын.
Қарамай кетіп қалып жең сорға,
Бір уыс көп көрді ме топырағын.
Атақты сол Мұхиттың осы «Зəәуреш» əәніндегі Зəәуреш Ырғызда ғұмыр кешкен екен.
«Айнамкөз» əәні.Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жұргенде біреудің үйіне
түсіп,əән салып,ауыл адамдары жиналып,кеш бойы сауықтайды.Ертеңінде сол үйдің
бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы,мінезі,ажары
Мұхитқа қатты ұнап,сол ара-бір əән шығарады.ƏӘншіге қыздың көзі ұнайды.Сондықтан ол:
«Шырағым,мына бір əәнді саған арнадым,нағыз айнамкөз екенсің,əәннің аты да «Айнамкөз»
болсын», - деген екен.
Мұхиттың əәні халық арасында көп тараған, «Айнамкөзді» айтпайтын адам
аз.ƏӘсіресе,жай үйде болған мəәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатыны анық.Мұхиттың
қай əәні болмасын,басынан аяғына дейін лирика,ешбір қайғының ұшқыны жоқ,сүйгенін
жақсы көргенін сағынған əәуендер.ƏӘннің кеудесі мен қайырмалары бір-бірімен жалғасып
кетеді.ƏӘндері байсалды,орнықты екпінде жүреді.Орындаушының шеберлігі де,өте жоғары
болған екен.
Мұхиттың келе,біз Мұхит ақынның əәндерінде адамның жан д.ниесін,ой-
арманын,махаббат сезімін суреттеу,табиғатты тамашалау,адамның жеке басына сүйсіну
сезімдері мол бейнеленгенін байқаймыз.Мұхит жүректі тебірентер сыршыл əәндерімен
бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға,ғажайып дарынды талант иесі.
Заты даңқты, тумысынан текті, кесек жаратылған Арқаның арысы Ыбырай Сандыбайұлының өлең-жырларының нәзік кестесі, өрнек-нақышы, сыр- сымбаты да сан қилы, нешеме алуан поэзиялық, музыкалық құбылыстарға бай. Саз-келісім жағынан алғанда, біресе жігерлі, серпінді, отты, ойнақы, бұрқыраған, қуатқа толы яки жұмсақтығы жібектей әсем әуенді, қоңыр үнді, терең сезімге құрылған, я болмаса салтанатты шадыман… Сондай әндерінің қатарына «Қарақат көз», «Гәкку», «Мақпал», «Алтыбасар», «Жиырма бес», «Желдірме», «Сүйгенім», «Арарай», «Қалдырғандарды» жатқызуға болады.
Ыбырай Көкше өңірінде, Володар ауданы, Қызыләскер ауылында дүниеге келіп, жастайынан өлеңге, әнге кұмар болып, молдадан оқып, арабша сауатын ашып өсіп жетіледі. «Сандыбайдың әнші баласы, өлеңші баласы» атанып, ауыл-аймақтағы жиын, той-думаннан қалмай, атақты ақын-әншілер: Орынбай Бертағұлы, Арыстанбай Табылбайұлы, Шөже Қарнаубайұлы, Біржан Қожағұлұлы, Ақан Қорамсаұлы, Балуан Шолақ Баймырзаұлы, Тезекбай Шоктыбайұлы, т.б. ұстаз тұтып, үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүріне еліктеп, Көкше өлкесіне әйгілі бола бастайды. Осылай ән мәдениетінің ортасынан өсіп жетілгеп сылқым, өнерпаз жас жігіт Ыбырай алдыңғы ағаларының Біржан сал, Ақан сері секілді әшекейленген киімімен атқа мініп, тазы, қаршыға ұстап, аңшылық, ойын-сауық ортасынан көрініп «Үкілі Ыбырай» атанады. Үкілі домбырасын тастамай, жас әнші — Ыбырай халық әндерін, халық композиторларының әндерін шебер орындаушылық шеберлігіне жетіп, өзі де ән, өлең шығарумен айналысады. Ыбырай әндерінің кұрылысында өз ерекшеліктерімен, қайырмасыз әннің күрделі түрі романс бағытына жақындайды. Дауыска жайлы, қиын емес ырғақтардан құралып, көңілге тез қонатын әуеннен тұрады. Композитордың 40-қа жуық әндері бар.
«ҚАЛДЫРҒАН» әні дуралы дерек….
…Тайга ішінің аязы бүгін ерекше шаңытып тұр. Барактан барынша жылы киініп шыққан қария қуаты қайта бастағанын бойының лезде қалтырап қоя бергенінен аңғарғандай болды. Қалың оппа қардан малтығып, бірер аттап үлгергені сол еді, жайдың оты түскендей әлде не жақын маңнан шатыр етті. Қарағай, самырсындар селк етіп, ағаштардың өн бойларынан қар ұшқыны саулап қоя берді. Еңсегей бойлы қария өзін басып қала жаздаған ақ ұлпадан үсті-басын қағынып, арылысымен-ақ қарсы алдына көз салды. Әлгінде ғана тұлғасы аспандай зорайған алып қарағай аязға шыдамай қақ айырылған екен. Өзегінің қызғылт беттерінен сары алтындай шырыны бұлақ болып ағып жатыр. “Ғұмыры біткен соң, қарағай да жылайды екен-ау” – деп, тебіренді ақын жаны. Дұшпандарының жаласымен Қиыр Шығысқа айдалып келгелі Үкілі Ыбырай болмысы боркеміктікке ауысқандай ма қалай. Көзіне жас алды. Жо-жоқ! Ақынның Айыртаудай ардағын, Көкшетаудай қымбатын, өзін әз көтерген асыл жұртын сағынғаны бұл.
– Шіркін бір дүние кең едің,Біраз күн алдап бөгедің.Өкпеледім, дүние-ай,Жолдас едің демедің.Арғын, Найман ұлынан,
Талайдан сарқыт жеп едім.
Жетпістен асқан шағымда,
Сақал, мұртым қуарып,
Тамыр біткен суалып,
Неліктен мұнша жүдедім.
– Қария, баракқа қайтқаныңыз жөн болар. Түсіңіз қашып кетіпті, – деді ағаш дайындап жатқан алаңда балтасын құлаштай сілтеп, құлатылған қайыңдарды бұтақтарынан арылтып жүрген башқұрт жігіті. – Бүгінгі нормаңызды біз-ақ орындармыз.
Айналайындар! Бұның әндерін кешкілік бараққа жиналып, темір пешті паналаған сәттерінде елти, құмарта тыңдайтын тұтқындағылар жетпістен асып кеткен қарт ақынды әрі аяйтын, әрі сыйлайтын. Ыбырайдың осында келгелі қарағайдан қиып жасап алған домбырасы ақынның екпіні, тегеуіріні қайта бастаған дауысын демеп отырар еді. Сұрапыл аяздан қатып қалған орман қоянын тауып алып, темір пешке жібітіп, етін елге беріп, тоқ шегін бабына келтіре илеп, домбырасына таққан ақын оның үнінің қоңырлап шығар қаз дауысын ұнатқан. Салалы саусақтарын аспабының шанағына тигізуі мұң екен, өзгеше бір сазды қаузай жөнелетін тұтқындағы домбыра да. Үкілі Ыбырайдың есіне сері інілері Сәкенмен, Сәбитпен жүздескен айбоз күндері оралды.
Бұл – 1927 жылдың шыбынсыз жазы болатын. Жер бөлісі деген айқай-ұйқайы көп шаруа шыққан ел ішінде. Жайлаудың шұрайлысын, шабындықтың құнарлысын, егістіктің майлы топырақтысын нешеме жылдар малына азық еткен байлардан кедейлер еншісіне жаңа үкімет жер алып бере бастаған. Болыстыққа өз адамдарын отырғызып, биліктен әлі де тастай қатып ажырағысы жоқ ауқаттылар жер бөлісіне келгенде қандай қулық-сұмдықтарға бармады десеңізші. Сіңірі шыққан, сауатсыз кедейлерді бойтаса етіп, “жер де, мал да соныкі, мендегі мынау ғана” деген көзбояушылыққа дейін баратын олар. Бірақ, Сәкендей сауатты, Сәбиттей талапты жастарды ақиқаттан адастыру оңай емес. Сол науқанның қарбалас бір күндерінде Сәкен Сейфуллин 71-ге иек артқан Үкілі Ыбырайды алдырды. Ақынның алысқа кеткен даңқына тәнті екендіктерін айтысты. Сәбит Мұқан баласы екеуі еңсегей бойлы ер мінезді ақын Ыбырай мақпал бешпентінің жез түймелерін жарқыратып, Оқжетпестей тұлғасын тік ұстады. Дауысы да кең тыныс, ерек екпінінен жаңылмағандай көрінді Сәкенге.
– Ыбекеңді Оқжетпестің түбінде отырып тыңдайық, — деді, Сәкен Сейфуллин қасына ерген бозбала жігіт Мұқанның Сәбитіне, мұнартқан көгілдір Көкшенің жасыл жоталары қоршап жатқан шыңды иегімен меңзеп. Үкілі сусар бөркін желкесіне жылжытып, құндыз жағасы күнмен шағылысып құлпырған шапанын желең жамылып, тізерлеп отыра қалған ақын күмбірлеген тынысты домбырасын толғап-толғап, шырқай жөнелді.
Кез болдың тәтті ұйқыда биыл маған,
Жел көңіл жігіттікте тыйылмаған.
Бір дұшпан арадағы қас ойлар деп,
Қалмады елде құрбым сыйынбаған.
Қардан аппақ етің бар,
Қаннан қызыл бетің бар.
Қайта айналып келгенше,
Көкіректе зарлы дертім бар.
Ал, Қаракөз,
Қалдың кейін,
Мен не дейін,
Уа, шіркін!.
Ақын дауысы қиянға шырқап, Оқжетпестің ұшар басына қанат қақты. Айдын көлдің беті жел тұрмай, әннің екпінімен толқып, толып алды. Ақ қайыңның көлеңкесіне жайылған текеметте қисайып жатқан Сәкен ән орындалып біткенде орнынан атып тұрып, Ыбырайдың алдына барып, тізерлеп отыра кетті.
– Айналайын, ағатай-ай! Не деген құдіретті едіңіз. Япыр-ай, мұндай да көркем, биік дауыс болады екен ғой – деп, тамсанды Сәкен ақ жүзі алабұртып, аса бір ризашылық пейілмен. Ғажайып әннің әсері Арқаның самал желіндей көңілді желпіп, жанды жадыратқаннан соңғы тыныстан кейін ақын Сәкен де қанаттанып жырдан шашу шашты.
Әнші бар Көкшетауда талай ірі,
Ыбырай топ жарғанның о да бірі.
Қаңбақша қыз-бозбала қағып алып,
Жайылған талай әсем ән мен жыры.
Өзі ақын, ән шығарғыш, домбырашы,
Сауықтың жан думаны, болған пірі.
Ақырып арыстандай ән салады,
Ыбырай жүйрік тарлан, әлі тірі.
Ақан сері, Балуан Шолақ, Біржан сал секілді қазақтың небір саңлақ ардагерлерін шабыттана жырына қосқан Сәкен Үкілі Ыбырайға да өз бейіл, бағасын осылай берді.
– Ыбырай жүйрік тарлан, әлі тірі, – деп күбірледі ақын, сол бір думанды күндерді көз алдына елестеткендей, тайганың аязы ақырған ауасымен тұншыға тыныстап.
Енді бір уақ қазанның қара дауылы тал, теректерін ерекше теңселткен Қызылжардағы базарлы, думанды күндер келді көлбеңдеп көз алдына. Қазақтың ардақты перзенттері Құлымбетов пен Сейфуллин қатысқан 1924 жылдың соңындағы сол бір жастар кешінде Ыбырай ақын айрықша шабытпен, зор дауыспен өзінің “Қалдырған” әнін тамылжыта айтып берген жиналғандарға. Ақынның шау тартса да, қуатынан таймағаны талайды тамсантқан сол жылы.
Суаты құмдақ көл қайда,
Жағалай қонған ел қайда.
Қыз-бозбала бас қосса,
Ыбырай ақын сен қайда.
Жан-жаққа гүлің балбырап,
Қызықты дүние сен едің.
Орта жүзді қыдырған,
Жалғыз да бұлбұл мен едім.
– Жас кезімде жазық далада шырқаған әнім жеті шақырым жерге жететін, – деген Үкілі Ыбырайдың жан сырларына жұрт имандай сенетін. Расы да солай еді-ау. Кең тынысты кеудесін жүрегінен нәр тарта жарып шығатын дауысының шалқар аясы мен құс қанатын көтерердей қуатына елінің қуана қол соғатыны, риза пейілдері, еркелеткен қамқорлықтары күш қосатын.
Осы 1931 жылдың Қиыр Шығысқа айдалып келген алғашқы айларының бірінде жетпістен асқан Үкілі Ыбырай сонау бала кезіндегі, сегіз жасындағы ғажайып түсін өзгеше мазмұнмен қайталап көрді де, өмірінің соңғы сәттері жақындағанын ақындық бір ерекше түйсікпен, көріпкелдікпен сезінді. Сезінді де ендігі халде алаң көңілінің ақ желкенін жайып, күндіз ағаш кескендерден бөлініп, тайга кезіп кететінді шығарды. Сол түсі қандай еді.
Ауылы аясына көз жеткісіз шалқар көлдің жағасына қонған екен. Айдынның аққу-қаздары сұңқылдап, шағалалары шаңқай түстің шұғыласына аппақ қанаттары шағылысып, аунап-төңкеріліп еркелей ұшып жүр. Жағалауда ақ боз ат мініп тұрған бұл көлдің арғы бетіне жанарын тіктеді. Бір сәтте көзіне көкжиектен бері ойысқан ақ киімді, ақ сақалды қария шалынды. Қолында үкілі домбыра. Сол қолындағы аса таяғымен бұл отырған жақты нұсқап, әлденені айтқандай, дауыстағандай болады абыз. Көл толқынын белден кешіп арғы бетке жақындап барған Ыбырайға әлгі абыз қарт: “Шырағым, мына домбыраны бала күніңде саған сыйлап едім, енді өзім қайыра алдым, сен ренжіме”, – деді.
…Азынаған суық барақтағы темір кереуетте жатқан қария қалтырап, шошып оянған сол жолы.
…Тайганың тасты талқан етер сұмдық аязынан күңірене қарс айырылған манағы алып қарағай құшағын жая құлап жатыр. “Менің де тамырым сенікіндей тереңде еді, қарағай! Құламастай, еш пенде құлата алмастай көруші едім өзімді, дариға!” Қарт ақынның жаны сыздап қоя берді. Жастығының жалаулы, жеңісті күндеріндегі ғашығы Кәкимә келді көлбеңдеп көз алдына. Не деп еді, сонда. Қалай-қалай төгілтіп еді ақын жаны жырларын жастығының сол жазираларында.
Құс салып, айдын көлде дабыл қақтым,
Ән салып, талай елдің дәмін таттым.
Жетсін деп осы дауысым Гәккуіме,
“Гәккуді” қоңыр қаздай қаңқылдаттым.
Түрлентіп тоқсан түрлі ән саламын,
Жай тастап құлашымды кең аламын.
Түскенде сен есіме, ерке Гәкку,
Құлпыртып осынау әнді толғанамын.
…Барактың өлеусіреген май шамының болар-болмас жарығымен қағазға сонау бір жылдары бастаған “Тотының тоқсан толғауын” мұңдана жаза бастады ақын. Арабша сауатқа зирек Үкілі Ыбырайдың айдауда жүріп бастаған күнделік дәптеріне 75 жастан асқан жанның елді сағынған, қиналған сәттерінің жанды сыздатқан сырлары тайганың аппақ қарының бетіндегі әлдебір жұмбақ іздердей өзгеше өрнек салып түсіп жатты.
Мына бір дүние өткен күн,
Кейінгі қуып жеткен күн.
Қара бура қартайып,
Жар басына шөккен күн.
Сексенге кеткен шағымда,
Жабысты мына жаманат,
Зарымды айтқан бұл әнді,
Қалдырдым саған аманат.
Сонау бір жылдары кең жайлаудың төсінде, Сасық көлінің жағасында: “Ыбырай жынданды”, – деп елді шулатып шығарған ардақты ақынның әні Қиыр Шығыстың бораны ұйытқып, аязы ақырған тайгасындағы саяси қылмыстылар паналаған барағында өзегіне өксік салып осылай өрілді. Бірақ, алыста жатқан жұртына Үкілі Ыбырайдың әйгілі “Қалдырған” әнінің осы жетінші нұсқасы жетпеді. Жазықсыз жер аударылған ақынның өзі 76-ға қараған шағында жат жұртта, туған елінен жырақта көз жұмды.
Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз.
Қазақ əәдебиеті мен өнерінің тарихында өзінің ерекше шығармашылық өнерімен айқын із қалдырған
əәнші – ақындардың бірі – Ыбырай Сандыбайұлы. Кешегі ХХ ғасырдың басындағы қазақ
топырағындағы тарихи-экономикалық жəәне əәлеуметтік-рухани өзгерістер, патша саясаты
ақынның көңіл күйі мен өмірлік көзқарасына əәсер етпей қалмады. Ыбырай сол заманның ащы
шындығын айыптау арқылы «Қалдырған» деп аталатын терең философиялық толғауын жарыққа
шығарады. Бұл толғауда қандай астырлы шындық жатыр деп ойлайсыз ? Сыршыл ақынның мына
сөзінең біз өз өміріне шолу жасағандығын байқаймыз. “Жасымнан халқымды сұлу сөздің нəәріне
қандырған ақын едім. Халқым да мені еркелетіп, маңдайымнан сипап, құрмет тұтты. Соның
арқасында Сарыарқаны сайраңдап ғұмыр кештім. Енді, міне, алпыстан асқан шағымда сұм дүние
теріс айналды, мені іздейтін жан қалмады” деген екен. Шығарманың соңында Ыбырай сақал-шашы
аппақ қудай етіп бейнелегенін көреміз. «Қалдырған» толғауында ақын мұңы мен кіршіксіз көңіле
сырын толық байқауға болады. Оны кіршіксіз ақын талай-талай тауқыметті бастан өткеріп,
өмірдің өріне көтеріліп, енді тағдырдын түбінді кезеңінде аяқ басқан сəәті осы «Қалдырған»
толғауымен байланысты. Өмірінің соңғы кезеңдерінде баяғы жолындаған жастықтың қайта
айналып келместігін түсінген ақын өткен өміріне тек көз жүгірте алатын ұғынды. Барлық жұмыр
басты пенделер бұл өмірдің, заңына бас елді. Біреу келіп, біреулер кетеді. Үкілі Ыбырайда өмірінің
соңғы сəәтінде осы толғауымен дүниенің жалған зат əәрі қайта оралмас шық екенін түсінді. Қорыта
келгенде, дарынды əәнші-сазгер, асқақ үнді ақын Ыбырай Сандыбайұлы өз заманындағы əәр алуан
əәлеуметтік мəәселердəә көтерген алдыңғы қатарлы өнер қайраткерлерінің бірі болды.
айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз.
Пікіріңізді дəәйектерге сүйеніп, дəәлелдеп жазыңыз.
Ұлттық əәдебиет сарқылмас қазына. Халқымыздың асыл қазынасының бірі
– əәнші-ақындардан қалған поэзия жəәне əәндер тұтастығы.Қазақ музыка
өнерінде аттары алтын əәріппен жазылған біртуар тұлғалар: Біржан Сал,Ақан
сері,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай,ƏӘсет. Солардың бірі – Мұса Байжанұлы. Оның
«Ақ сиса» өлеңі бүкіл қазаққа мəәлім.Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы
күрестің ұраны» деп те аталды. «Бұл өлеі Шорман тұқымына бағытталған
тоқтау сөз бе?» - деген сұрақ туындайды.
Мұса Байжанұлы Омбыда оқи жүріп,жазда ауыл аралайдыүОл өзінің
ақын-тұқымын əәңгімелеп,домбыра,сырнай,сскрипкасын кезек тартады.Ел
назарын бірден Жаяу Мұсаға аудартады. Мұса көп ұзамай беделді «жақсы»
атанады.Бұл сол ауылдың жуаны Шорман əәулетіне ұнамайды.Жуандар
ішінде пышақ айналмай қояды.Мұса Байжанұлы Шорман əәулетімен болған
шиеленістен соң «Ақ сиса» өлеңін шығарды.
«Он екі жыл айдадың тобыл жаққа,
Еш болмас,бастан бағын таяр щақта», -деп Мұса Байжанұлы
айдауда он екі жыл болғандығын көркем дəәлелдейді. Оның ерекшелігі –
өлеңді бар қазаққа түсінікті қара сөзбен, тура мағынада жазады.
«Параны мұнан былай тоқтат,Мұса,
Нашардың жол терісіне өзің сыймай»,- деген өлең
жолдарында басты ой жазылған. Біріншіден,мұнда сол уақыттағы əәлеуметтік
теңсіздік айқын бейнеленген.Мұстафадай бай феодалдар кедейлерге
əәлімжеттік жасайтыны жазылған.Екіншіден.өлең жолдары бұйрықты райда
жызалғын. Сондықтан,қазақ халқының əәлімжеттік пен қиянатқа қарсы
бағытталған ұраны.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні.Жаяу Мұса өз заманының шындығын
нақты жаза білген ақынсазгер.Оның «Ақ сиса» өлеңі Шорман əәулетіне
бағытталған тоқтау сөз.Қазақ музыка өнерінде аттарға алтын əәріппен
өшпейтін таңба қалдырған ақыл-сөздердің бірі болған.Тіпті қазақ даласында
«қиянатқа қарсы кұрес ұраны» деп те атап кеткен.Осындай əәнші ағамызға не
жетсін,содан үлгі алып ардақ тұтуымыз керек.
дəәлелдер келтіре жазыңдар
Жаяу Мұсаның Байжанұлының “Ақ сисасын” білмейтін исі қазақ жоқ шығар. Бұл – қазақ
топырағындағы теперішті тағдырдан хабар беретін сом туынды. “Ақ сиса” – өз уақытындағы
қоғамдық бүлік пен күрестің гимніне айналған атышулы өлең. “Ақ сиса” сияқты əәлеуметтік
теңсіздікті əәшкерлеген өлеңді күні бүгінге дейін халық сүйіп тыңдайды. Ақын, Жаяу Мұсаның өмірін
кеңінен зерттеп жүрген Ғалым Жайлыбайдың айтуынша, “Ақ сиса”-жеңілдікті көтермейтін
шығарма. ƏӘннің бойында қазақтың қамын жеген қайраткердің басындағы тратегия ғана емес,
бүкіл қазақ халқының “əәлімжеттік” кезеңдегі жағдайы сипатталған. Бұл өмір бойы тауқымет
тартқан ақын-сазгердің елі үшін жанайқайы іспетті. Бірақ Жаяу Мұсаның бұл өлеңі қиянатқа
қарсы жазылғанымен, мұнда оптимистік ой-толғамдар бар ма?
Негізінен, бұл өлең оптимистік рухтан туған өлең. Осы өлеңнің тарихына жүгінсек, Бір күні Жаяу
Мұса ауылдарының тұсынан өтіп бара жатқанда, Шормановтар астындағы атын тартып алып,
өзін көк ала қойдай етіп сабап жібереді. Бірақ Мұса Шормановтар тұқымының мұндай зорлығына
жасқанып, жасымайды. Мұса ат орнына қолына таяғын алып, жаяу-ақ ел аралап, əән шырқап жүре
береді. Осы жерден Мұсаның оптимистік көңіл-күйін байқауға болады. Оның өлеңінде мынандай
жолдар бар:
“Шорманның Мұстапасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса”.
Шормановтар оның атын тартып алып, “Жаяу Мұса” атандырғанымен, асқақ əәніне тұсау сала
алмайды.
“Жылансын екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын, не қылсаңда, айтар сөзім, ” деп Шорман тұқымының зорлық-зомбылығына деген ыза-
кектің əәсерінен композитордың күрделі шығармаларының бірі екенімен келісесіз бе? ƏӘрине, бұл –
теңсіздікке, зорлықшыл, қиянатшыл үстем таптардың іс-əәрекеттеріне деген наразылық пен ыза-
кектің уытты күшін көрсететін əәлеуметтік мəәні зор əән. Батыл, сонымен қатар оптимистік
рухтан туған бұл əән дұшпанға бітіспес кектіғана емес, шындық пен əәділеттіліктің жаршысындай
естіледі. Қазақ даласындағы феодалдық тұрмыс жағдайды сынайтын əәуезді туынды. “Ақ сиса” əәні
композитор шығармашылығының биік шыңы.
Сал-серілер өлеңдерінде ару қызды, көрікті келіншекті аялау, жақсыларды дəәріптеу негізінде
жырға қосқан. Өлеңге жыр ете отырып табиғи сұлулықты жарастыра білген. Ол кезде көптеген
ақындар теңеу образы ретінде аркды-аққу, лашын, бұлбұл құсқа теңеген. Олардың өзіндік
ерекшіліктері бар. Теңеу образындағы құс атаулары адам бойындағы ерекшеліктерді таныта білді.
Қазақ елінде ежелден сал-серілер өлеңдерінде қазақ қызының инабаттылығын ерекше бейнелеген.
Оның əәр жүрісінен тəәрбиелігін аңғарған. Сондай-ақ ежелден қазақ қызын тыйым салып өсірген.
Мұның барлық қыздың өз орны бар екендігін айқын көрсетеді. Оларға: ақша маңдай, перизат, аймақ
ауыз, сүмбіл шаш, қарақат көз,жазық маңдай, алқызыл гүл деген тəәрізді көптеген эпитеттер
жазған. Ақындардың осындай өлеңдері əәсерлі əәдемілікті осылайша айқындайды. Ақындар
шығармаларында əәйел затын ерекше бейнелейді. Мұнда бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының
мұңы мен мүддесін негізге ала отырып жырлайды. Ақындарымыз қазақ қыздарын өз заманынан-ақ
жоғары бағалаған.
Жаяу Мұса өзінің "ƏӘйелдер сипаты" өлеңдерінде əәйелдердің қаіретін, қайғы-мұңын термелей келе,
ең жақсы деген əәйел жұртына назар аударады, əәйелдерді сыйлауға,бағалауға үндейді.
Кім мінер ел көшкенде тауып атын,
Адам көп танитұғын адам затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
Гүл жүзді, сырлы қөзді жақсы қатын
ƏӘйелді сыйлау керек ескеріп біз,
Оларға айту керек орынды сөз
Жақсы əәйелге көз салып бір қарасаң...
Шығып кете жаздайды бойыңнан жан-деп əәйел затының қасиеттерін тізіп көрсетеді.
Сал-серілердің бір айырмашылығы, олар ақын да, əәнші де болған. Сол əәндерін де, өлеңдерін де
қазақтың қыздарына арнағанын көремін. Өйткені қазақ қыздары осы өмірдің пəәк, таза гүлі. Оны
біз:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары,жаны жаздай жайраңдаған
"Қыз өссе елдің көркі..." деген сөзді.
Қапысыз қалай айтқан, қайран бабам?-деген өлең жолдарынан түсінеміз.
Мұхит (Мұхаметкерей) Мерәліұлы қазіргі Орал облысы, Қаратөбе ауданындағы Жақсыбай өзенінің бойындағы Ақбақай деген жерде 1841 жылы ауқатты жанұяда туған. Мұхиттың туған ағалары Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер домбырашы, әншілер болған. Европалық аспап – скрипкада да ойнау өнерінде меңгерген. Мұхит жас кезінен — ақ әнге, домбыраға әуес болып өсті. Оның дарынының Жан – жақты ашылып оянуына өнерпаз ағаларының мол әсері тиді. Өсе келе Мұхит елге билік жүргізетін төреліктен, байлық – дәулеттен бас тартып, бар өмірін өнерге бағыштайды. Ауылға келген әнші, күйші, ақын – жыраулардың қасында жүріп, өнер үйренеді. Ел аралап, жәрмеңкелерге қатысып, той – думанның сәнін, халық мұрасын дәріптеуші насихаттаушы болып, “әнші Мұхит”, “сал Мұхит” атанды
Әндерін тыңдау: “Айнамкөз”, “Кіші айдай”, “Зәуреш”
Мұхиттың жүрегінен жарып шыққан күйінішті шығармасының бірі -“Зәуреш әні”. Қайғылы көңілдің зарын, жоқтауын баян ететін бұл әннің әуені аса терең, үні мұңды. “…Медеттің үш әйелінен отыз ұл, бір қыз болады. Елге келген ауру – апаттан Медеттің отыз ұлы бірдей қайтыс болып, жалғыз Зәуре деген қызы қалады. Медет Орынборға жолаушылап кетіп, қайтып келгенінде, Зәуре де дүниеден өтеді. Тек шошайып моласы ғана қалады. Медет моланы құшақтап күңіренеді. Міне, осы трагедия Мұхитты қатты қобалжытады. Ол домбырасын алып, “Медет айтыпты” деген сөздерге ән шығарады. Әннің аты халық арасында “Зәуреш” болып тарайды. Мұхитты толқытып, оның шығарған әні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай сүйегін сырқыратады.” Айтушылар Мұхит Қобда бойын аралап жүргенде біреудің үйіне түсіп, ән салып, ауыл адамдары жиналып, кеш бойы сауықтайды. Ертеңінде сол үйдің бойжеткен қызы Құралайдың шай құйып отырғандағы сыпайылығы, мінезі, ажары Мұхитқа қатты ұнап, сол арада бір ән шығарады. Әншіге қыздың көзі ұнайды. Сондықтан ол: «Шырағым, мына бір әнді саған арнадым, нағыз айнамкөз екенсің, әннің аты да
«Айнамкөз» болсын дейді. Бұл ән халық арасында көп тараған, « Айнамкөзді» айтпайтын адам аз. Әсіресе жай үйде болған мәжілістерде көпшіліктің қосылып айтатын әннің бірі — « Айнамкөз». Бұл Мұхитқа тән диапазонды, үлкен дауыс шеңберңн тілейтін ән. Басынан аяғына шейін лирика, ешбір қайғының ұшқыны жоқ, сүйгенін, жақсы көргенін сағынған әуен бар. Әннің кеудесі мен қайырмасы бірімен бірі жалғасып кетеді. Ән байсалды, орнықты екпінде жүреді. Әрбір дыбысы қатталып, орындаушыдан дауыс регисторінің тегістігін тілейді. «Айнамкөз» — үлкен, жылы жүректен шыққан ән.
Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі сал Мұхит дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Соның бірі – байтаққа жақсы таныс әйгілі «Зәуреш» әні. Өрнегі бөлек. Бітімі өзгеше. Қалың қарындасқа Ғарекеңнің, Ғарифолла ата Құрманғалиевтің (1903 – 1993) орындауында тарап еді. Бірегей орындаушысы-тын.
Зәуреш еліне дәріпті Медет есімді кісінің қызы екен дейді аңызға айналған дерек. Обадан опат болған отыз ұлдан соңғы жалғыз тұяқ. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш-ті, өмірімнің шырағы болар деген. Тағдыр оны көп көреді. Ажал тырнағына ілінеді. Саулы інгендей боздап келіп, суық қабірді құшақтап айтқан Медеттің сондағы сөздерін Мұхит кейін өлеңге айналдырып, зар – әнге қосқан дейді. Сөздері қамырықты. Эмоциялық бояуы өте күшті.
Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің өскен жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін деген едім?
Құланның жонда көрдім шоқырағын,
Қайыңның жаста көрдім жапырағын.
Қарамай кетіп қалып әкең сорға,
Бір уыс көп көрді ме топырағым.
(Ғарифолла Құрманғалиев. Мұхиттың әндері. Алматы. «Дастан» дыбыс жазу студиясы, 2001 ж.)
Ән терең психологиялық тебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды.Өлең шумақтарында қаралы жанның көрініс тапқан ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып, оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына тығыз байланысты-тын. Эстетикалық танымы да, мәні де осында жатыр. «Зәуреш» әнінің тарихы терең.Философиялық тербеністерге толы Мұхиттың “Дүние – ай” әні музыкалық мазмұнының тереңділігімен ерекшеленеді.
Мұхит жүректі тебірентер сыршыл әндерімен бүкіл қазақ даласына танылған аса ірі тұлға, ғажайып дарында талант иесі.
көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
Әдебиет әлемінде ерекше суреткерлік болмысымен көзге түсетін сирек ақындардың бірі-Мұхит Мералыұлы. Белгілі өнер зерттеушісі А. Затаевич: «…қазақ әндері саласында Мұхит халық музыка элементтерінен өзіндік мағынасы бар ән мектебін құрды», – деп, дәл суреттеп жазған. Ал Мұхиттың өзін «қазақтың Баяны» деп атап өткен. Өлең мен ән шебері атанған халық психологиясының білгірі Мұхит ақынның туындылары мені тыңдаушы-оқырман ретінде түрлі сезімдер жетегінде, эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырды. Бұған оның «Айнамкөз», «Зәуреш», «Дүние-ау» атты әндері толық дәлел бола алады деп ойлаймын. Осы ретте музыка өнеріміздің алтын қорына енген өлеңдерін тілге тиек ете отырып, ой толғауды жөн көрдім.
Мералыұлының Құралайға арнаған «Айнамкөз» әніне тоқталсам, ең алдымен, әннің бастан-аяқ бір қайғысыз лирикаға, албырт сезімге толы туынды екенін айтар едім. Мәселен:
Есіме, сен түскенде, беу қарағым,
Шымырлап қан қайнайды өн бойдағы, -
деп жалғасатын өлең жолдары ғашықтық сезімді байсалдылықпен ұштастырып, жылы жүректен көркем әнді жанға майдай жағымды ететінін байқадым.
Сал Мұхиттың маған сезім әсерін эстетикалық-эмоционалдық дәрежеде жеткізе алған тағы бір туындысы – «Зәуреш» әні. Әкенің бар үміті, жұбанышы болған Зәурештің оқиғасы ақын жүрегін көркем тілменен шебер табыстырып, өлеңде:
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін маңдайыңды, -
деп өрілген. Өлеңдегі трагедия ақын өнерінің арқасында әрбір тыңдарманды тебіренте алатын күшке ие деп ойлаймын.
Ақынның тұла бойды қайғы-мұңымен толқытатын келесі әні- «Дүние-ау» деп аталады. Мен үшін бұл ән өзгелерден мазмұнының тереңдігімен ерекшеленеді. Әсіресе:
Ат басқа, доға басқа, шылия басқа,
Кез келсе қарамайсың, дүние-ай, кәрі-жасқа, -
деп берілген тармақтардан күйініш-реніші, философиялық толғаныстары маған түрлі ой салды. Өлең көркемдік жағынан сөз қайталауларымен ерекшеленеді. Аталған туындыларды халық жадында асқақ, ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасымен есте қалады десем, артық айтқандық емес.
Ойымды жинақтай келе, халқымыздың қателеспес талғамы қалыптастырған ғажайып әншілік өнерінің өкілі Мұхит Мералыұлының әндерінен әрбір тыңдарман керемет әсер алады деп мен сеніммен айта аламын. Алайда, әндерінің тек бір-бір тамшысын ғана алып, таңдай жібіткендей сезімдемін. Адамның жан дүниесі, ой-арманы мен махаббаты, жеке басына сүйсінуі тамаша үндестік тауып, көркем бейнелерімен елестейтіні мені ерекше таңғалдырады. Мұхит ақынның жүректі тебірентіп, сезімдерді құбылтатын сыршыл әндерімен қазақ даласына танылған аса ірі тұлға екеніне көзім жетті.
325 сөз
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия
11 «Ә» сынып оқушысы Алмашова Камилла
Пән мұғалімі Б.Н.Азимханова
Өнернама тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған сирек дарақтың бірі сал Мұхит еді. Сүйегі асыл Барадур Әбілхайыр ханның үрпағы өз шығармаларын ерекще көңіл-күймен, ғашықтық сезімен жеткізіп, қарапайым қазақ халқының, өлеңді сүйген ұлтының жүрегінен ерекше орын алып, қазақтың әлеуметтік-психологиеялық болмысын. Таныта білді. Шандоз ән шебері, халық психологиясының білгірі Мұхит Мералыұлы дыбыстар жүйесін әр қырынан құбылта құруымен тыңдаушысын эстетикалық-эмоционалдық көңіл-күйде қалдырып отырған. Мәтінде бейнеленген ойлау формаларының сезімдік әсерін әуен арқылы арттырып, күшін өсіре түскен. Бұған оның қай шығармасы да толық дәлел. Солардың ішінде «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние ау» әндері. Әндер терең психологоиялықтебіреніске құрылған. Бейжай қалдырмайды Өлең шумақтарында басты кейіпкерлердің ішкі сезімі тыңдаушы жүрегінен орын алып оның қоғамдық санаға айналуының бір сыры мелодиясына да тығыз байланысты. Эстетикалық танымен да мәнінде осында жатыр. Бұл шығармаларды оқи отыра Олардың шұрайлы, көркем екеніне көзім жетті. Біліміздің қаймағы бұзылмаған сонау дәуірде, жиын-той, басқа да жағдай кезінде бір ауыз өлеңді табан астынан шығарып айта алмайтын қазақ болмаған. Әйтсе де бұл шығармалар ақындық дарыны мол жанның шығармасы, Мұхиттікі. “Зәуреш” өлеңін тууына себеп – оның қайғылы оқиғасы тікілей куә боп, Медеттің қаралы халін көзімен көруі, сай-сүйект сырқырата зарлатып шығарған сөздерін құлағымен естуі. Қорытындылай келе, сол Мұхитың жырларын , қазақ топырағынан өрлей көтеріліп кең жайылған – Дала Реквиемі деп айтуға болады. Жаныңа жылылқ, ерекше әсер берген Мұхит өлеңдері қазақ халқымның бір байлығы болып қалмақ. Мұхиттың өлеңдерін, өзге тілге аударып, жалпы адамзаттық құндылыққа тәрбиелеудің көркем құралы ретінде және қазақ халқынның осыдай байлығын көрсету мақсатында таратылуы керек.
29.08.2017 16:21 Мухамадиева Анара
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/6582/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз