- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бишімбаевтың сотта телефонының...
Бишімбаевтың сотта телефонының құпиясөзін айтпауға құқығы болды ма? Заңгер түсіндірді
Астанада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот ісі өтіп жатыр. Оған әйелі Салтанат Нүкенованы "Аса қатыгездікпен өлтірді" деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін Қуандық Бишімбаев сотқа телефонының паролін айтудан бас тартып, оны тек адвокатына ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді. Заңгер Әйгерім Құсайынқызы сотталушының құқығын егжей-тегжей түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгердің айтуынша, Бішимбаевтың құқықтары Қылмыстық-процестік кодексте көрсетілген. Оның кез келген күдіктінің құқығынан ешқандай артықшылығы жоқ. Сот қылмыстық қудалау органы емес, сот айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерiнен басқа мүдделердi бiлдiрмейдi.
Сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажет және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объектив зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараны қолдануға мiндеттi. Бұл әрекеттерге ұялы телефонды зерттеу де кіреді.
"Бейбіт күндері полиция немесе өзге де құқық қорғау органдары азаматтардың телефондарындағы деректерді тексере алмайды. Ал Төтенше жағдай туындаған кездері тексеруге құқығы бар. Бірақ ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, процеске қатысушы ретіндегі күдіктінің телефондарын тексеруді мемлекеттік органдар; прокуратура, сот немесе өзге де құқық қорғау органдары талап ете алады. Ұялы телефондағы деректер істің тергеуіне әсер ететін құнды ақпаратты қамтиды деп танылса, жеке тұлғалар оның құпия кодын ұсынуға міндетті. Мұндай кезде галерея қаралып, хабарламалар оқылады", - дейді заңгер.
Әйгерім Құсайынқызы сотталушының ұялы телефоны қалай тексерілетінін айтты.
"Ұялы телефонды тексерудің өзіндік процедуралары бар: қосымша ақпараттар жойылмауы немесе қосылмауы үшін куәлердің қатысуымен жүргізіледі. Бішимбаев өзінің ұялы телефонының құпиясөзін тек қорғаушыларыма беремін деуі - оның құқығы. Бірақ істі қараушы судья бұл деректерді іске қатысты деп тапса, онда сотталушы құпиясөзді айтуға міндетті. Сотталушының құқығы мен міндеттері бірге жүреді", - дейді ол.
Заңгер тергеу мен сотта сотталушының айғақтары өзгеше болса, оның салдары қандай?
"Әдетте тергеу материалдары мен күдіктінің дәйектері жиі сәйкес келмейді, оның дұрыс-бұрысын анықтайтын адам - істі қараушы судья. Шешім шығаруда бұны алқабилер алқасы да ескереді. Оның салдарына ешкім кепілдік бермейді, тергеу материалдары барлық жағдайда айғақтарға негізделсе, күдіктінің сөзі ешбір материалды немесе материалды емес айғақтарға негізделмеген болуы мүмкін. Тергеу айғақтары тек сөзге негізделмейді, мемлекеттік бірнеше экспертизаның нәтижелеріне сүйенеді", - деп қорытындылады маман.
22 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алқабилерді сюжетте көрсетіп жіберген КТК телеарнасына қандай жаза қолданылғаны белгілі болды.
Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі
Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді.
Сонымен қатар, сот отырысында басты айыпталушы Бишімбаевтың ұялы телефоны қарала бастады. Бишімбаев құпиясөзді айтып, ұялы телефон судьяға берілді. Судья Айжан Құлбаеваның өзі Бишімбаевтың ұялы телефонын сот талқылауы аясында зерттеді. Оған қоса телефоннан суреттер мен видеоларды қарады.
17 сәуірде өткен сот отырысында судья Айжан Күлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырмады.
Сонымен қатар, Cалтанат қайтыс болған бөлмеде оның саусақ іздері табылмағаны белгілі болды.
Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйлеген болатын. Ол ресейлік сарапшының шешімін іс материалдарына қосуды қолдауды сұрады.
Бұған дейінгі сот отырысында қылмысты жасырып қалды деген Бақытжан Байжанов сөйледі.
10 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың құрбысымен диалогын оқып шықты.
Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?
Сотта Салтанат Нүкенова мерт болған vip-бөлмеде табылған заттар көрсетілді.
9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды.
Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.
Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді.
Бишімбаев Нүкенова оның өміріне қауіп төндіргенін айтты
Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын.
3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек