2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #10

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #10

Жаңа технологиялардың әртүрлі әдісі медицинаның шешілмеген проблемаларына да бағытталып дамуда. Айта кетсек, бүгінде ең қауіпті ауруларды сандық геном технологиясымен емдеу мүмкін болып отыр. 

Сандық геном

Миллиондаған АҚШ доллары жұмсалған адам геномының ДНҚ негізіндегі нуклеотидтерін анықтау экспериментінің жасалғанына да біршама уақыт болды. Бүгінде кез келген адам өзінің ДНҚ құрамын бірнеше минутта тексерте алады және оның қызметтік бағасы да арзан. Жуырда нәтижені жадқа немесе ғаламторға жүктеуге де мүмкіндік болады. Бұл әр адамның жеке геномының ерекшеліктерін зерттеуде үлкен жетістік болмақ.

Қазіргі заманда емі табыла қоймаған қатерлі ісік пен жүрек аурулары генетикалық негізден тұратынын ескерсек, сандық геномның зерттеулері нәтижесінде бәрінің алдын алуға болады. Негізі ғылымда қатерлі ісік геномды ауру деп түсіндіріледі.

Алдағы уақытта дәрігерлер медицинаның сандық технологиясын қолдана отырып, қатерлі ісіктің генетикалық мінездемесін түсіріп алу арқылы науқасты емдейтін болады. Сондай-ақ, жаңа жетістіктер негізінде онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу сапасын арттыру мүмкіндігін беретін жоғары сапалы терапия дайындалады.

Сурет: www.bluekep.com

Ұқсас жазбалар: 

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #3

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #4

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #5

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #6

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #7

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #8

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #9

Ж. Өрісбай