2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2

Жаңа технология қазіргі заманның жылдам өзгеруіне негізгі түрткі болып отыр. Қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ сутекті көліктен бастап, адам миына ұқсайтын компьютер чиптері сынды жаңалықтарды ағымдағы жылда көретін боламыз. 2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы Әлемдік экономикалық форумның (WEF) жылдық жиынында айтылды.

Роботтардың жаңа ұрпағы

Роботтар адамның өмірін жеңілдету мақсатында ойлап табылған ең күрделі технологиялардың бірі болып табылады. Олар біздің күнделікті жұмысымызды өз арқауына алады. Бірақ роботтардың белгілі бір шектеулі функцияларды ғана орындайтынын ескерсек, енді оның әмбебап құрылымға және жасанды санаға ие болуы ғана қалды.

Роботтық технологиядағы жетістіктердің арқасында адамның күнделікті өмірде роботпен бетпе-бет келуі жиі орын алуда. Роботтың жасанды санаға ие болуы оның қоршаған ортаны танып, берілген ақпаратты шынайы уақыт мерзімінде талдап, пайымдай алуына және оған жауап қатып немесе әрекет ете алуына мүмкіндік береді. Ал оның сыртқы корпусы сәйкесінше икемді әрі жеңіл болмақ.

Роботтардың жаңа ұрпағы смартфондар сияқты GPS технологиясына ие болып, ауыл шаруашылығында да аймақтық ақпаратты дұрыс қолдануды үйренеді. Осы сынды роботтар Жапонияда медбике қызметінде сынақтан өтуде. Олар науқастарды орнынан тұрғызып, инсульттан кейінгі жағдайын тұрақтандыру үшін үдемелі уқалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетсек, Dexter Bot, Baxter және LBR iiwa сынды «ақылды» роботтар адам үшін қолайсыз болған жұмыстарды орындауға бағдарламаланған.

Расында роботтар адам үшін күрделі немесе күнделікті қайталанатын жұмыстарды тәулігіне 24 сағат бойы орындауға бағытталмақ. Сосын оларға жалақы төлеудің де қажеті болмайды. Дегенмен инженер мамандар темір адамның (жасанды санаға ие роботтың) тәжірибесі сәтті аяқталса да, оған адамның бақылауын қойған жөн деп отыр. Себебі оларға толық сенім арту әзірге мүмкін емес.

Бір жағынан адамның еңбегін тегін жұмысшылар жасайтын болса, әлемдегі жұмыссыздық санының артуына алып келуі мүмкін. Одан бөлек, жасанды сананың бақылаудан шығып кету қаупі де саябырсыған жоқ. Себебі Стивен Хокинг және Элон Маск сынды дабыл қағушы ғалымдар қарсылық білдірген болатын. Жапондар үй роботына бейімделіп жатқандарын айтады. Бірақ осы жылы негізделетін роботтардың жаңа ұрпағы адам мен машинаның қарым-қатынасын толығымен өзгертіп жіберетін сияқты. 

Сурет: www.robaid.com

Оқи отырыңыз: 

Жапондар оқушыдан да "ақылды" робот жасап шықты

Ғалымдар жылан-робот жасады

CES 2015. Жасанды санаға ие алғашқы робот таныстырылды

Қыздардың суретіне like басатын робот жасалды

Ж. Өрісбай