2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1

Жыл сайын жаңа технологияның мүмкіндіктері артып келеді. Тіпті кейбір жаңалықтармен танысу алдында терең ойланып қаламыз. Себебі жаңа технология заманның жылдам өзгеруіне негізгі түрткі болып отыр. Қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ сутекті көліктен бастап, адам миына ұқсайтын компьютер чиптері сынды жаңалықтарды ағымдағы жылы көретін боламыз. 2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы Әлемдік экономикалық форумның (WEF) жылдық жиынында айтылды.

Альтернативті көліктер

Сутек негізінде қозғалатын көліктер экологияға ешқандай қалдық шығармайтын болады. Соңғы жылдары автомобильді инженерияда бензиннің орнына электр энергиясын немесе көмірқышқыл газын қолданудың жолдары қарастырылуда. Автоөндірістік концерндердің бірнеше жылдық еңбектерінің арқасында сутекті көліктер осы жылдың соңына дейін тұтынушыларға берілмек. Өнімнің бастапқы бағасы 70 000 АҚШ доллары болып, кейіннен төмендейтін болады.

Электромобильдер күнделікті қуаттауды қажет ететіндіктен, құрастырушылар жаңа технология негізінде жасалатын көліктің ішіне сутек немесе табиғи газ негізінде энергия шығаратын құрылғы орнатуды көздеп отыр. Тәжірибе жүзінде жанармай элементтері энергия дайындауда қолданылса, батареялар артық электрді жинақтайды.

Сутекті көліктер электромобильді аналогына қарағанда көп шақырымды басып өтетін болады. Айта кетсек, толтырылған бір бак 650 шақырымға жетіп, оны қайта толтыруға небәрі 3 минут жұмсалмақ. Сутектің электр энергиясынан ұтымдылығы қозғалтқыш ішінде жану кезінде ешқандай қалдық шығармайды, яғни қоршаған ортаға еш зияны тимейді.

Сурет: avtomaniya.com

Оқи отырыңыз: 

Porsche электромобильдер нарығына көшеді

2017 жылдан бастап шведтер жаппай жүргізушісіз көліктерге мінеді

BMW көліктерін смарт-көзілдірікпен басқаруға болады

NASA мен Nissan бірігіп көлік шығарады

Ж. Өрісбай