Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / 2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #5

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #5

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #5

2015 жылы ашылуы тиіс 10 жаңалық туралы Әлемдік экономикалық форумның (WEF) жылдық жиынында айтылды. Сондықтан биылғы жылдың ерекше жаңалықтармен ерекшеленетінін ашып айта аламыз. Мысалы, өсімдіктердің құрылымын гендік деңгейде өзгерту ауылшаруашылық саласында қолданылатын химиялық пестицидтерге деген тәуелділікті азайтып, қоршаған ортаның ластанбауына аз да болса септігін тигізеді. Осы сынды биыл ашылатын бірқатар маңызды жаңалықтар туралы айтуды жалғастырамыз.

Аддитивті өндіріс – 3D-басылымның мүмкіндіктері

Аддитивті өндіріс деп сандық шаблонның көмегімен сұйық немесе құм тәрізді заттан үш өлшемді форма шығаруды айтады.

Үш өлшемді өнімдер ғаламның көптеген тұрғындарына пайдалы болмақ. Мысалы, Invisalign компаниясы науқастардың тісін томографияға түсіру арқылы олардың тістеріне өте қолайлы қаптау жасайды. Өзге медициналық орталықтар микробиологиялық 3D-принтердің көмегімен адамның ағзасындағы тірі жасушаларды өндіріп қана қоймай, жаңа ағза мүшесін трансплантацияға дайындауды зерттеу үстінде. Мысалы, Organovo бауырдың тірі жасушасын шығарып, оны әзірге дәрілерді тәжірибеден өткізу мақсатында қолданып келеді. Алдағы уақытта адам ағзасына толыққанды қызмет ете алатын бауыр (ағза мүшесі) басылып шығуы әбден мүмкін. Бүгінде биобасылым тері мен сүйек ақауларына ғана қатысты қолданылуда.

Аддитивті өндірістің келесі маңызды сатысы - 3D-басылым технологиясын дамыған электронды компоненттерді, яғни компьютерлік платформаларды басып шығаруда пайдалану. Компьютер бөлшектерінің наноөлшемді бөлшектері мен процессорларын басып шығару әзірге мүмкін болмай тұр. Дегенмен бұл үдерісті 4D-басылым технологиясы алып келеді деген үміттеміз. 

Сурет: www.healthtap.com

Оқи отырыңыз: 

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #3

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #4

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 12 наурыз 2015, 11:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.