2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #4

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #4

2015 жыл технология үдерісінде ерекше жаңалықтармен ерекшеленбек. Адамзаттың бұл саладағы ескеруге міндетті жағдайы қоршаған ортаның ластануы болып отыр. Демек ендігі жаңа технологиялық ашулар барынша экологияға зиянсыз болмақ. Айта кетсек, қоршаған ортаны ластамайтын көліктер шығарылып, қоқысты толтырып жатқан термореактивті полимерлерді енді қайта өңдеу мүмкін болады. Осы сынды бірқатар маңызды жаңалықты ұсынуды жалғастырамыз.

Генді инженерияның нақты техникасы

Дәстүрлі генді инженерия әртүрлі пікірталасты тудыруда. Жаңа зерттеулердің нәтижесінде табылған жаңа әдістер өсімдіктердің генетикалық кодын өзгертуге мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, оның гендік құрылымын өзгерту арқылы өсімдікті барынша жемісті етуге болады. Тіпті оның ауа-райына да әсерін ғалымдар бақылауда ұстайтын болады. Ғалымдардың айтуынша, генетикалық кодты өзгерту өсімдіктер модификациясын бақылау мүмкіндігін береді.

Қазіргі кезде егіншіліктегі генді инженерия өсімдік генінің дамуына қолдау білдіретін ДНҚ-ны жеткізуші Agrobacterium tumefaciens бактерияларына тікелей тәуелді. Бұл әдіс көптеген қоғамдық дау тудырған болса да, ғалымдар арасында дәстүрлі селекция әдісіне қарағанда әлдеқайда ұтымды әрі нәтижелі екендігі белгілі болып отыр. Бактериялар оң пайдасын беріп жатыр, дегенмен ғылым үшін нақты ген кодын бақылауға болатын әдісті анықтау маңызды болып отыр.

Ғалымдар ZFN, TALEN және вирустарға қарсы жақында құрастырылған CRISPR-Cas9 қорғаныс механизмінің жүйесін негізгі құрал ретінде пайдаланады. CRISPR-Cas9 жүйесі негізгі межедегі ДНҚ-ға ақпарат жеткізу үшін РНҚ молекуласын пайдаланады. Бұл әдіс табиғи мутацияның үдерісіне еш кері әсерін тигізбей, негативті гендерді жоя алады. Гомологиялық рекомбинацияның арқасында CRISPR жүйесі ДНҚ құрамын өзгертеді, тіпті оның геномын толық ауыстыра алады.

Генді инженерияның өзге аспектісі аталған салада РНҚ-интерференциясын (RNAi) қолдану болып табылады. RNAi әдісі патогенді саңырауқұлақтар мен вирустарға қарсы ұтымды және өсімдіктерді жәндіктерден қорғап, химиялық пестицидтерге деген тәуелділікті азайтады.

Осы сынды жаңа әдістер дамушы елдердегі фермерлік қожалықтардың шаруашылығына көмектеседі. Сонымен қатар, миллиондаған адамның рационын жақсартып, азықтың сапасын арттырады. Кейіннен ғалымдардың да генді иженерияға қарсы өзара қарсы пікірлері туындамайтын болады. 

Сурет: www.biosciencetechnology.com

Оқи отырыңыз: 

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2

2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #3

Америкалық миллиардер Элон Маскті жетістікке жеткізген бес жоба

Ж. Өрісбай