«Беу, қыздар-ай» байқауы: Талапқа сай емес сурет қатыстырылмайды

«Беу, қыздар-ай» байқауы: Талапқа сай емес сурет қатыстырылмайды
Фото: massaget.kz

Массагет сайты қазақтың көркем де көрікті қыздарына өзін жаңа қырынан танытып, суретке түсу шеберлігін шыңдап, талғамын арттыруға мүмкіндік сыйлайтын байқау бастағанын жазған болатынбыз.

Байқауға негізінен студент қыздар және (оқушылар тарапынан сұраныс көп болуына байланысты) 10-11-сынып оқитын қыздар қатыса алады.

Байқау шартын тағы бір түсіндіріп өтейік. Конкурсқа қатысу үшін кем дегенде төрт сурет жібересіз.

Біріншісі – жүзіңіз жақыннан көрінетіндей түсірілген портреттік сурет болуы тиіс.

Екіншісі – бойымен түскен сурет, яғни бастан аяққа дейін бойыңыз толық көрінетін сурет.

Үшінші сурет – күз мезгілінен хабар беруі қажет, оған күзгі балға арналған арнайы киіммен түскен сурет не күзгі табиғат аясында күздік көңіл күйді сезіндіретін фото жарайды. Өз қиялыңызды қосып, тың бейне жасасаңыз, құба-құп.

Төртінші талап – киім стилін таныту. Бұл тақырыпты ашу үшін сайтымыздағы ретро стилі, этникалық, париждікэклектика, академиялықбохоспорттықяппи, экологиялықStreet style, романтикалық, нормкор және smart-casual стильдері жөнінде жазылған материалдар көмекке келеді.

Мына сілтемеге өтіп, конкурс талаптарымен толығырақ таныса аласыз.

Байқауға қатысушыларға қойлатын ең басты талап – суреттердің сапалы болуы, яғни 2 Мпкс (1920*1080) кем болмау керек. Тігінен емес, көлденеңінен түскен сурет болғаны абзал. Сурет сапасы нашар, тым бұлдыр болған жағдайда байқауға қатыстырылмайды.

Егер сапалы суреттеріңіз жоқ болса, Массагет порталы сіздерге үлкен мүмкіндік ұсынады. +7 778 533 22 93 мына нөмірге хабарласып, жаңадан суретке түссеңіздер де болады.

Жіберген суреттеріңіздің қайсысы қай бағыт бойынша екенін анықтап жазуларыңыз сұралады. Мысалы, «бірінші сурет – портрет, екінші сурет – жеке стиль, менің стилім – эклектика, үшінші, төртінші, бесінші суреттер – толық бойымен, алтыншы, жетінші суреттер – күз мезгіліне байланысты сурет» деген секілді өз түсініктеріңізді бергейсіздер. Өздеріңіз туралы толық мәлімет те міндетті түрде жазылуы қажет.

Сайтымыздың сүйікті оқырмандары қалыс қалмай қатысады деп сенеміз. Белсенді болайық! Баршаңызға сәттілік тілейміз! Өзіңіздің ғана емес, жақын-жуығыңыздың, бейтаныстың суретін де жолдауға болатынын еске саламыз, тек сурет иесінің рұқсатын алуды ұмытпағайсыз.

Жеңімпаздарды қызықты тосынсыйлар күтіп тұр.

@. @assel_assanova