Экологиялық стиль

Экологиялық стиль

Соңғы екі жылда экологиялық стиль жоғары сұранысқа ие болуда. Бұл киімдер таза экологиялық материалдардан тігіледі.

«Хай-тек» стиліне қарағанда «хай-теч» стилі авангардты сипатқа ие. Әңгіме авангардты көзқарастар мен шешімдер туралы болуда.  Бұл стиль Скандинавия, Жапония және Италия секілді ұлттық құндылықтарды жоғары бағалайтын мемлекеттерде кеңінен таралған. Интернационалды стильге қарсы. Негізінен экологиялық дизайнда тігіліп, адам мен табиғат арасындағы үйлесімді көрсетуге бағытталады.

Екі жыл бұрын ғана даттық дизайнерлердің бірі «Дәрігер Живаго» романында сипатталған әйелдер киімінің топтамасын тігеді. Оны ойлап табу барысында гимназияда оқитын оқушылардың киім үлгісі ескерілген. Тобыққа дейін жететін белдемше мен кеудені толықтай жауып тұратын кеудеше сонау ХХ ғасырларда жақсы танымал болған. Экологиялық стильдегі киімдер үшін ақ, ақшыл сұр түстер таңдалады.

Экологиялық стильдің жақкүйерлері кең етекті, льен мен бәтес матадан тігілген көйлек киеді. Ол көйлектің етек-жеңі тоқыма баумен өрнектеледі. Көйлектің сыртынан ілмекпен тоқылған жакет киюге болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fashion.ru

Қ. Бүйенбай