Париждік стиль

Париждік стиль

Жүрегімнің түбінде барша мемлекетті аралап шықсам деген арманым бар. Әрқайсысының өмір сұру дағдысымен, рухани өмірімен, өркениетімен, ұзақ жылдары бойы қаланып келген тарихи ошақтарымен танысқым келеді. Соның ішінде сәннің отанына айналған Францияның Париж қаласына ықыласым ерекше. Әсіресе, француз бойжеткендерінің киіну үлгісі, қазақы қыздарындай биязылығы көңілімді баурайды.
Француздардың салтанатты өмірі туралы бір рет те болса естіген шығарсыздар? Мұны француздықтар «je ne sais quoi» деп атайды. Аудармасында "мен еш нәрсе білмеймін" сөзіне сай келетін, жан-дүниеңді еліктіретін бұл құбылысты тек сезіну қажет.

Әдетте, Парижге сәнге еліктеп, оның нәзік иірімдерін мойындайтын жандар ерекше құмартады. Оны сән апталығына қонаққа келген журналистер мен стилистердің, сәнгерлердің киімінен-ақ байқауға болады. Мұнымен қатар, қарапайым қала тұрғындарының таңдауынан көп нәрсені аңғаруға болады.

 

Жакет пен шалбар

Көз алдыңызға үстіне қазақы камзолға ұқсас сарғылт жакет пен жасыл түсті шалбар киген испандық сәнгерді елестетіп көріңізші. Және ол жасыл, сарғылт түсті өзге екі түспен толықтырған. Ал, париждік дизайнер еш уақытта бұлай жасамайтын еді. Өйткені, олар жарқын түстерді ұнатпайды. Көк пен қоңыр, көк пен сұр секілді екі түстің үйлесімін ғана таңдайды.


Total Black

Үлкен жиын-тойлар, сән көрсетілімдері «Тюильри» бағында өтеді. Ол жерге әлемнің түкпірінен арнайы мамандар, сән туралы хабар таратушы блогерлер, атақты жұлдыздар келеді. Және барлығы Грет Гарбо үлгісіндегі қалпақ пен Total Black стилінде киініп келсем, мені БАҚ өкілдері суретке түсіреді деп ойлайды.
Өткен маусымда иықты көмкерген «жапқыштар» сәнге айналған еді. Бүгіндері оны тек сән әлемінің өкілдері ғана емес, қарапайым тұрғындар да киіп жүретін болған. Күз мезгілінде алматылық бойжеткендердің де киіп жүргенін байқаған едім.


Күнделікті образ

Париж сәні туралы жазылған кітаптарда біртүсті киімдердің көп киілетіндігі баяндалады. Алайда, эксперимент жасап көруіңізге болады.
Бұдан өзге күнделікті өмірде көк және жасыл түстерді ақ кеудешемен толықтыру мүмкіндігіңіз бар. Және көлденең жолақтары бар футболкі киюден еш қорықпаңыз. Ол сіз ойлағандай адамды толық етіп көрсетпейді. Тіпті, сыртынан арық етіп көрсетуі үшін тік сызықтары бар пальто киіңіз.
Шанель стиліндегі твид жакет пен джинс шалбарды үйлестіріп, экрю түсті майкіні таңдаңыз. Ал, аяғыңызға ботильон кигеніңіз дұрыс.
Париждік бойжеткендер секілді киінгіңіз келсе, тек 3 түсті араластырыңыз. Ал, кішкене ғана қара көйлекті кез келген мемлекетте киіп жүруге болады.
Әр париждік бойжеткенге ұяңдық тән. Осы әрекетімен сұлулық тек қымбат киім еместігін дәлелдейтіндей.

Париждік стильде киінген ұнай ма?

Сурет:rudaki.ru 

Қ. Бүйенбай