Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Сән / Романтикалық стиль – нәзік бойжеткендердің таңдауы

Романтикалық стиль – нәзік бойжеткендердің таңдауы

Романтикалық стиль – нәзік бойжеткендердің таңдауы

Романтикалық стиль - бойжеткеннің мүсініне шақ, жеңіл матадан тігілетін киім стилі. Бұл бағыттағы киімдерге бүрмелілік, желбіршек, қосетек, перделеу тән. Романтикалық стиль XVIII, XIX ғасырларда пайда болып, 1980 жылы әйгілі Диана ханшайымның образымен сәйкестендірілген.

Стильдің ерекшеліктері

Түстер. Негізгі түстері ақ, ақшыл жасыл, ақшыл сары және өзге де пастельді бояулар болып табылады.

Принттер. Гүлдің, өсімдіктің және жануарлардың, геометриялық фигуралардың суретімен безендірілген.

Матасы. Түсі жартылай тұнық шифон, органза және жібек сынды маталар. Мұнымен қатар жұқа трикотаж, тоқыма, шілтер, гипюр, зығыр, бәтес, атлас сынды маталар қолданылады.


Киім. Бірнеше қабаттан тұратын бүрмеленген белдемше, көйлек және белі жоғары тұратын сарафан, көкірекшесі ғана тырысып, өзі кең тұратын кеудеше. Жібек немесе тоқылған қысқа балақ шалбар, белі жоғары тұратын джинс, бай әшекейленген жакет пен жамылғы, классикалық фасондағы пиджак пен плащ. Романтикалық стильдегі кеудешелердің жеңі ¾ болып келеді. Дененің нәзік бөліктеріне аса мән беріледі, киімдер бойжеткеннің үстінде Х тәріздес орналасуы тиіс. Безендіру үшін бантиктеу, бүрмелеу, жабо, кокилье, кестелеу, буф тәсілдері қолданылады. Киімнің кеуде, бел тұсы перделенеді.  

Аяқ киім. Қайықша туфлилер, жеңіл аяқ киім, сандалдар, ботильондер. Аяқ киім түрлі өріммен, белдікпен, бантикпен және желбіршекпен безендіріледі.


Сөмке. Көп жағдайда клатч, дорба, ридикюль, пошет, конверт сөмкелер сай келеді.

Аксесуарлар. Белге немесе кеуденің төменгі бөлігіне тағылатын белдіктер, сырға, моншақ, кулон, танамоншақ, диадема және шашқа арналған шеңберлер, мойын орағыштар, қолбақ пен түрлі шляпалар. Романтикалық стильдің әшекейлері гүл, жапырақ, айғұлақ тәріздес формыда болады.  


Шаш үлгісі. Жоғарғы бөлігін өріп, төменгі бөлігін жіберіп қою, шашты төбеге түю, арасына гүл қосып қою, шашты жайып шеңбер тағу сынды шаш үлгілері кіреді.

Макияж. Табиғи, нәзік түстердің көмегімен жасалады: шабдалы немесе алқызыл түстес еңлік, жылтырауық және пастельді түстердегі далап жағылады. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fashion.ru 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 02 қыркүйек 2014, 12:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.