«Беу, қыздар-ай» байқауы: Яппи стилі

«Беу, қыздар-ай» байқауы: Яппи стилі
Фото: voxpopuli.kz

Киім стилінде іскерлік стиль, академиялық стиль деген секілді киіну мәнерлеріне ұқсайтын тағы бір ерекше стиль бар. Ол – яппи. Яппи стилі Хиппи стилінде киінетіндерге қарама қарсы үлгі көрсету мақсатында қолданысқа енгізілген.

Ал «яппи» сөзі – бизнесте табысқа жеткен жас жігіт деген мағына береді. Аты айтып тұрғандай киім стилінің басты элементі – табиғи матадан тігілген костюм. Шалбарлы костюм болса тіптен қатып кетеді. Бастысы киімге қарап күтіп алатын қоғамға өз әлеуеттік статусы мен мінсіз талғамын танытатындай болуы тиіс.

Әдетте өзін ер адамнан төмен көрмейтін, «ол жеткен шыңға мен де шыға аламын» деген ұстаныммен жүретін арулар осы стильді құптайды. Ер адамның костюмі секілді киім киіп, қымбат теріден жасалған сөмке мен дәл сондай туфли киіп жүретіндер осы әрекет арқылы ішкі ойын танытады.

Яппи сөзін техника ұғымымен қатар қолданатындықтан, оның тағы бір басты элементін әсемдік бұйымдар қатары құрайды.  Бұл стильге мойын орамалы, жеңіл қолғап, қымбат иіс су, кейде галстукты сәйкестендіруге болады.

Биік өкшелі туфли, портфель, көзілдірік секілді іскер қыздың ажырамас бөлігіне айналған бұйымдар да артық етпейді. Яппи стиліндегі адамдар елдің бәрі қолданатын тым танымал логотипті өнімдерге қарағанда, атаулы дизайнерлер ұсынған тауар тұтынуды жөн санайды.

Әсемдік бұйымдары бірден көзге түсіп, бар назарды аудартпайтындай, «білінбей» тағылады. Яғни, адамды көргенде өзінен бұрын сәндік бұйымына көз түсетіндей болмауы қажет.

@. @assel_assanova