Латиница жобасындағы пернетақтада барлық символдардың орналасу реті

Латиница жобасындағы пернетақтада барлық символдардың орналасу реті
жеке
блог

     Компьютерде де, смартфонда да пернетақтаны теруге ыңғайлы етіп программа жазып жатырмын. Оның үстіне біраз жыл бізге кириллицада жазуға тура келеді. Сондықтан менің пернетақтам виртуалды болатын шығар. Қолданушы оны іске қосқанда пердеде нүкте (диаметрі шамамен 5 мм жасыл шам) пайда болады. Оны өзіңізге ыңғайлы кез-келген бұрышқа қоя саласыз. Нәтижесінде қазіргі стандартты пернетақтада қазақша терсеңіз, ол пердеге латиница болып түседі. Ал жасыл шамды түртіп қалсаң ол қызыл шамға айналады. Бұл кезде терілген әріптер кирилл жазуында болады.

Егер нұсқағышты нүктеге қойып, тышқанның оң жақ пернесін бассаңыз оны жабуға, үлкейтуге, кішірейтуге, баптап алуға болатын мүмкіндіктері бар терезе ашылады. Бұның бәрі тапсырмалар. Пернетақта 1 ай шамасында шығып қалуы мүмкін.

42 әріптің орнына 31 әріп қолданғанда 11 әріптің орнына 22 таңба қоятын жер босайды. Мысалға 0123456789!@#$%^&*()<>., оларды қалай ыңғайлы орналастыру туралы ойлану керек.

Қазақша пернетақтаның негізгі ретінде ағылшын тілі әріптерін аламыз.  Содан соң латиница жобасындағы 6 әріпті пернетақтаның бетіне орналастырғанда олардың орнында тұрған «{}[]|\"’?/:;» сиволдарын жайғастыру керек болады. Бұлардан / таңбасын ескермеуге болады, өйткен ол цифрлық таблода бар. Сөйтіп керекті символдар саны 11.

Цифрлардың бәрі цифрлық таблода бар емес пе? Неге бұл символдарлы сол жерлерге қоя салмаймыз? «Цифрлық таблода бар»,-деп «+» таңбасының орнына «?»,  «*» - ге «\» қоя саламыз. Орыс пернетақтасына еліктеп «2» - ге «"», «3» - «№», «4» - «;», «6» - «:» қоюға болады.  Жақшалардың астына «9» - «[», «0» - «]» тік жақшалар, ал олардың қасына фигуралы жақшалар «7» - «{», «8» - «}» орналасады. Ал «1» - ге «’»,  «5» - ге «|».

Сөйтіп ағылшын пернетақтасындағы және қазіргі кирилл жазуындағы барлық керекті таңбалардың бәрі болашақ қазақ пернетақтасында орналасады. Қолдана бер қазағым!

 

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы

Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности

Диграф қолданылатын жобалардың түзетілмейтін қателері

Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау керек

Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.

25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері

 

Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым

Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!

Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті

Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт

Кейбір пікірталастардан үзінді

Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?

Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады

25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері

Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

                Ертегілер

Мақта қыз бен мысық,

Бір үзім нан,

Алтын сақа,

Тазша бала