Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы

Табылды Қайыпов, т.ғ.к., программалаушы, tabyldy.k@mail.ru

 

Автор орыс, түрік және ағылшын тілдерінен қазақ тіліне аударатын программалардың құрастырушысы. Осы жұмыстарды атқару мақсатында әрбір сөзі оның сөз табына байланысты 12-ден 102 сөз қалыптарынан құралған көлемі 1,2 миллионнан астам сөздіктер қорын жасаған және осы тілдердегі емлелердің барлық заңдылықтарын зерттеп, компьютерлік программасына айналдырған. Қазір қазақ тілінің барлық заңдылықтарына қайшы келетін сөздерді қазақшаға икемдеп латыншаға дұрыс аударатын программа жасап жатыр.

 

1

Aa

а

11

K k

к

21

S s

с

2

Ââ

ә

12

L l

л

22

T t

т

3

Bb

б

13

Mm

м

23

U u

у

4

Cc

ш

14

N n

н

24

Ww

ұ

5

Dd

д

15

Ŋ ŋ

ң

25

Ŵŵ

ү

6

Ee

е

16

O o

о

26

Xx

x,h

7

Ĝĝ

ғ

17

Ô ô

ө

27

Y y

ы

8

Gg

г

18

P p

п

28

Ŷŷ

і

9

І і

й

19

Q q

қ

29

Z z

з

10

J j

ж

20

R r

р

30

 

 

 

Енді жоғарыда көрсетілген кейбір қиыншылықтардан тазартылған әліпби жобасын келтіріп, кейбір дыбыстардың таңбалары неліктен көрсетіліп отырған түрде алынғаны туралы түсінік берейік.

1. Латын әріптерінің оқылуы европа елдерінің сөздеріндегі дыбыстарға барынша ұқсас;

2. Барлық әріптер дүние жүзі қолданып жүрген әріптер мен таңбалар кестесінде бар әріптер;

3. Барлық жіңішке дыбысты төбесіне сызықша қою арқылы белгіленеді. Математикадағы вектор ұғымына қарсы келмеуі үшін сызықшаны доға түрінде қойған жөн. Нүктелердің санына байланысты оларды бір не екі дәрежелі туынды деп қате түсінуі мүмкін болатындығынан нүктемен белгілеу де жарамайды;

4. Латынның c әріпі 30-шы жылдардағы қазақ жазуында бұл әріп ш болып оқылған;

5 Мұхтарбай Өтелбаевтың ескертуінен кейін «ŋ» әрпі «ң» дыбысын алмастырды;

6. Кейінгі жылдары «қ» дыбысын «q» арқылы белгілеу үрдіс алып келеді. Ал «ғ» дыбысын «ĝ» әрпімен таңбалаймыз;

7. «W» әрпі «ұ» дыбысын алмастырды, өйткені дыбыстарды шығару үшін демді ерінді шамалас домалақтап шығару керек;

8. «ф», «в» әріптері басқа тілден енген сөздерде және аты жөнімізді жазу үшін қолданылып жүр. Оларға сәйкес «v» және «f» әріптері латиницада бар, бірақ бұл дыбыстар бұрын қазақтың сөзінде болмаған. Бұрын «вагонды - бәгөн», ал «Фатиманы - Бәтимә», - деген. Қолымыздан келсе сол қазақшамызға қайта оралуымыз керек. Аты-жөнімізді бара-бара түзетіп алармыз в әріпі болмаса;

9.«И», «я», «ю» әріптері жобаға кірмеді. Бұл жобаны енгізу барысында соңғы 50 жылда жасалған қазақ емлесіне қайшы келіп жүрген қателіктер түзетілуі тиіс. Мысалы «сою» сөзі оның түбірінен таратылып «сой» + «ыу» = «сойыу» болып өзгертіліп «soіyu»  болып аударылуы керек. Сол сияқты «суса», «сиыр», «мая», «ою» сөздері сәйкесінше «swusa», «syіyr», «maіa», «oіyu»  болып аударылуы керек.

10. Тілімізге жат дыбыстарды білдіретін әріптер («ц», «щ», «ъ», «э», «ч», «ь») қатысқан басқа тілден келген терминдер өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделіп алынып аударылуы керек.

Қазақ әліпбиін ұтымды, озық түрде жасасақ, бұл біздің латын әріптеріне көшуде кешігіңкірегеніміздің есесін қайтаратын, еңсемізді көтеретін, жазуларын әлі ауыстырмаған туысқандарға үлгі болуға жарайтын тамаша іс болар еді.

 

Қолданылған әдебиет

  1. Уатай Ж. О звуковом строе и гармонии гласных в казахском языке. Сб. науч. трудов Акмолинского инженерно-строительного института. Акмола, с.430-438.
  2. Уатай Ж., Каюпов Т. Проект казахского алфавита, удобного для использования в компьютере. Ана тілі. 1995, № 48. 
  3. Уатай Ж. Казахский алфавит на основе латинского. -Свидетельство Агентства Интеллектуальной собственности № 295 от 09.06.1995
  4. Уатай Ж. Латын әрiптерiне негiзделген қазақ әлiпбиiнiң жобасы. - Қазақ тiлi мен әдебиети, 1996, №3, 107-110.
  5. Уатай Ж. Проект казахского алфавита, основанный на латинской графике. Казахский язык и литература. 1996, №3, с. 107-110.
  6. Уатай Ж. Пути построения казахского алфавита. Казахский язык и литература. 1999, №1, с. 3-7.
  7. Каюпов Т.К., Морзабаев А.К., Уатай Ж. О преимуществах перевода казахского письма на латинский алфавит. Региональная научно-методическая конференцция. «Университет - образовательный, научный и культурный центр». Астана, 1999.
  8. Уатай Ж. Қазақ әлипбиін құру жолдары. - Қазақ тiлi мен әдебиеті, 1999, №1
  9. Уатай Ж.,  Каюпов Т. - Мемелекеттiк тiл мәселелерi. Жазу мен емле – Үкiмет жаршысы, 2000, № 8
  10. Уатай Ж.,  Каюпов Т. – А с латиницей казахский изучить проще! – Инфо-Цес – 2000- № 27.

11. Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности

 

Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті

https://vk.com/doc239758952_450677576

Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт

Кейбір пікірталастардан үзінді

Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?

Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады

25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері

Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Ертегілер Мақта қыз бен мысық, Бір үзім нан, Алтын сақа, Тазша бала

 

 

556 10
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 20 қыркүйек, 11:18
Тегтер: Латын, ыңғайлы, жоба, латиница
Пікірлер
+0
20 қыркүйек, 13:11

Бос əурешілік. Сауатсыздар көбейеді.

+0
20 қыркүйек, 13:18

Қазақстанда əліпби өзгертуден басқа мəселе жоқ па? Одан да жастарды жұмыспен,үймен қамтамасыз етпей ме? Қазіргі билікке халықтың сауатсыз болғаны тиімді болып тұр.

+0
20 қыркүйек, 13:22

Латын өтетін болсақ, орыс əлемінен құтыламыз. Қазақ тілін бүкіл əлем оқиды, үйренеді деген бекер сөз. Қазақтардың өзі қазақ тілін дұрыс білмейді. Балаларын орыс мектебіне береді. Қазақтың өзі қазақша сөйлемесе, басқалар қайтіп сөйлейді?

+0
20 қыркүйек, 13:31

Жұмыссыздық мəселесі өршіп тұр.
Қайда барсаң да таныспен алады. Диплом, еңбек тəжірибең болса да. Жұмыссыз жүрген маған əліпби ауыстыру арқылы көмектесе ме?

+0
20 қыркүйек, 13:32

Осыған жауап беріңдерші...

+0
20 қыркүйек, 17:22

Негізіне иә, бос әурешілік, мүмкін мемлекеттен қаржыны жымқыру үшін ойлап тапқан тәсіл шығар. Дей тұрғанмен "Эсперанто" тіліне негізделіп жасалған дұрыс. Білетіндер түсінеді.

+0
20 қыркүйек, 17:28

Сосын мына жерде "программалауда қиындық тудырады" деген байка жазылыпты. Негізі транскрипцияның кодтауға дым қатысы жоқ қой. Екеуі екі бөлек процесс. Unicode - ноу проблем. Бір күлкілі және бір түрлі жазылған мақала.

+0
20 қыркүйек, 18:07

«Латын қарпіне көшкеніміз - біздің қасіретіміз болды. Әзірбайжан және ағылшын тілдерін оқып жатқан балалар кириллицаны мүлде білмейді. Олар осыған дейін басылып шыққан кітаптарды оқи алмайды.»

Эльмира Ахундова,

Баку-славян университетінің доценті

+0
20 қыркүйек, 18:08

«Қазақстан түрік әлеміне жетекші болу үшін аянып жүрген жоқ. Түрік академиясын, «Түріксой» кеңесін құрды... академияның президенті (немесе төрағасы) қазақ ғалымы, Көкшетау университенің бұрынғы ректоры Шәкір Ибраев. Қазір латыншаға көшуге бастамашы болып жүргеннің бірі сол. Қазақтар өз тілдерін әлі үйреніп болған жоқ. Латын әліпбиіне көшсе тілдерін өшіреді.»

Гога Хидоятов,

Өзбекстанның еңбек сіңірген қайраткері,

+0
20 қыркүйек, 18:13

http://abai.kz/post/15898

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев