Кейбір пікірталастардан үзінді

Кейбір пікірталастардан үзінді
жеке
блог

Кейбір пікірталастардан үзінді "в" мен "ф" әріптері жобада жоқ қой, оны не істейміз?

Басында бұл әріптер жобамда болған. Мен оны әдейі алып тастадым. Бірақ олар "в" мен "ф" әріптері латиницада бар. Оның орнына жобада басқа әріптер қойылған жоқ. Оларда біздің бұрынғы аты жөндерімізді немесе шет елден келген қонақтардың аты жөндерін жазу үшін қолдана береміз. Бірақ олар қазақтың емлесіне, әріптер санына кірмейді. Жаңадан балаға аты-жөн бергенде тіркеуші мемлекеттік мекеме атынан ата-анасына «"в" мен "ф" әріптері біздің сөзімізде жоқ, сондықтан басқа ат таңдаңыз»,- деген сияқты ескертулер айтылады. Сөйтіп бара-бара қазақтардың аты жөндері түзеледі ғой деп ойлаймын.

Сонда «Елбасымыз өз фамилиясындағы "в" әріпін алып тастайды»,- деп ойлайсыз ба?..

Алып тастамайды ғой. Оны Nazarbaev деп жаза береді. Ол копьютерде де, баспа құралдарда да және өзге де барлық жерлерде бар. Бірақ бұл дыбыс байырғы қазақтың сөзінде жоқ. Біздер бұрынғы советтік бұғаудан егемендік алғымыз келсе, онда бұрынғыша қазақ болайық. Ең болмаса болашақтағы ұрпақтарымыз таза қазақ болсын. Бұрынғы қазақтар «бәгөн, Бәтимә»,- десе де жаман болған жоқ, біздерге осынша жерді мұраға қалдыра алды. Сол кездегі елдің алды болды. Демек біз де өі көкірегімізге сол тектілікті қондыра білейік

Сонда қалай, латын əріптерін пайдаланғаннан ұрпағымыз таза қазақ болады дегенді түсінбедім. Аталарымыз кеше күні арабша жазып оқыған жоқпа. Латынша дегеніңіз қазіргі ағылшынша деген теңеу емеспе. Менімше бұл процести нағыз қазақ болу үшін деу асыра сілтеушілик. Достым бұл бар болғаны заман талабы десек дұрыс болар.

Бұл жерде мен латиницаға ауысқанды пайдаланып қазақ сөздерінің жазылуын жөндеп алу туралы айтып отырмын. Шындығынды кириллицада да жөндеуге болады-ау бірақ қолданыстағы бір ғана "я" әріпін алып тастау үлкен қиындық туғызады, тіпті мүмкін емес. Латиницаға өтудің ең керек жері де осы сияқты

Қалай болғанда да әлі түсінбеушіліктер көп... бірақ, осы тағы да латынша нұсқаларын шығарып жатқандар жетерлік-ау осы... Не болса да тиімдісін қолдануға бекітсе болғаны.

 

Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?

Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады

Мұхтарбай Өтелбаев 25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы

Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности

Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Ертегілер Мақта қыз бен мысық, Бір үзім нан, Алтын сақа, Тазша бала