Диграф қолданылатын латын графикасы жобаларының түзетілмейтін қателері.
блог
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы
Зерттелген диграф қолданғанда қатесі болатын сөздердің жалпы саны 33536. Көпшілігі «баев», тізбегіне бітетін ат-жөн (фамилия). Бұл тізбек «бәв» болып айтылады, ал «боев» тізбегі «бөв» болып айтылады. Деректер қорында «ұе» тізбегі табылмады.
Қате көп таралған тізбектер туралы мағлұмат 1-кестеде көрсетілген. Бұндай заңдылық «баева», «баевич», «баевна», «ұлы», «қызы», «тегі», «оглы», «кызы» сияқты сабақтас сөздерге де таралады. Бұл сабақтас сөздерді қосқандағы қателіктер саны 130000 асады. Қателері бірдей болғандықтан олар өңдеу қатарынан шығарылды.
1-кесте. Құрамында қате болатын түбір сөздер
Ізделген тізбек |
Сөздер саны |
Дерек үлгілері |
ае |
25879 |
метаереже, Даерсбург, нечаевшілдік, Маембиби, Чапаево, Грицаенко, Сараево, Жилаево, Нагаево, Алапаевск, Әбиболлаев, Аблаев, Абраев, Баедил, Баекенов, Баекешев, Басаев, Браер, Браен, Браймаер, Чаадаев, Чекаев, Чиканаев, Чичаев, Чуваев, Чугаев, Чураев, Шаекин, Бигаев, Бусалаев, Фаерштейн, Каекин, Фаер, Саер, Хаер, Фаез, Хает, Букмаер, Заетов, Клеймаер |
баев |
13561 |
Қуатбаев, Қарабаев, Өскенбаев, Қоянбаев, Құдабаев, Қамысбаев, Әділбаев, Әжібаев, Қаржаубаев, Қойшыбаев, Өксікбаев, Өмірбаев, Қыдырбаев, Қарбаев, Қияқбаев, Қасыбаев, Әлембаев, Қожабаев, Кәрімбаев, Қосымбаев, Қабаев, Қошқарбаев |
таев |
2151 |
Спатаев, Қазтаев, Қазантаев, Құрмантаев, Құлатаев, Қантаев, Қасқатаев, Өміртаев, Ақтаев, Амантаев, Атаев, Атантаев, Ақылтаев, Бабатаев, Бекетаев Спатаев, Қожантаев, Қалетаев, Қазтаев, Қазантаев, Құрмантаев, Құлатаев, Қантаев, Қасқатаев, Өміртаев |
паев |
1290 |
Чапаево, Қоныспаев, Қатпаев, Қопаев, Күніспаев, Қонақпаев, Алпыспаев, Бекпаев, Дыбыспаев, Жараспаев, Жуанышпаев, Қаспақпаев, Күміспаев, Лакпаев, Мұстапаев, Серікпаев, Сүтпаев, Таласпаев, Таңсықпаев, Топаев, Тұңғышпаев |
жаев |
915 |
Қожаев, Қарақожаев, Байқожаев, Балқожаев, Досқожаев, Қызылқожаев, Можаев, Олжаев, Полежаев, Рожаев, Суджаев, Хожаев, Әбілқожаев, Құттықожаев, Тұрсынғожаев, Жанқожаев, Әлімқожаев, Басқожаев, Жарғожаев, Құрбанқожаев |
қаев |
127 |
Тоқаев, Қунақаев, Қалқаев, Қоңқаев, Қожақаев, Абықаев, Бақаев, Бисақаев, Боқаев, Жақаев, Салқаев, Шоқаев, Қасқаев, Қоқаев, Марқаев, Таңқаев, Шалқаев, Аңқаев, Байтоқаев, Жанақаев, Қоңырқаев, Мауқаев, Монтақаев |
ое |
1617 |
автоенгізу, ленгипроинжпроект, Ангоноев, Асангожоев, Военгардт, Жамангароев, Бологое, Дзоекаев, проекциялық, проекция, проектор, ситроен, аэропроект, Хоенштайн, Абдуллоев, Алтынбоев, Бахтибоев, Боймурзоев, Балтабоев, Годзоев, Боенск, Воеводинск |
боев |
200 |
Әділбоев, Азимбоев, Айтбоев, Акилбоев, Алибоев, Алтынбоев, Анбоев, Анорбоев, Артықбоев, Аскарбоев, Аязбоев, Бабоев, Бахтибоев, Бекбоев, Бектібоев, Белгібоев, Бердибоев, Берикбоев, Бозарбоев, Балтабоев, Боронбоев, Ботирбоев, Бұғыбоев |
коев |
53 |
Какоев, Кошукоев, Майкоев, Макоев, Мескоев, Неупакоев, Окоев, Ормокоев, Паланкоев, Покоев, Полонкоев, Санакоев, Сикоев, Сокоев, Такоев, Таркоев, Токоев, Торкоев, Хамикоев, Цакоев, Цекоев, Цокоев, Чикоев, Чокоев, Шокоев, Шукоев |
нг |
5817 |
көнгіш, кейінге, лизинг, лингвистика, сингулярлық, сенген, мингео, кірленген, кенгуру, енгіз, шешінген, нөмірленген, еленген, үзенгісіз, төленген, бүгінгі, түнгі, төменгі, кейінгі, киінген, бөлінгіш, жауынгерлік, бангладеш, күйеленген, көнгіштік, үйренген, түсінгіш, Серенгети, Гангадзе, сәнгер, әменгерлік, майдангер, мустангер, мақтангөй, өнгіш, Жангүл, Чинганчук, Рейзинг, Реклинг, Ремлингер, Ремпенинг, Ренгенберг, Ренпенинг, Рингарт, Розенгауэр, Розенгоф, Розенгрин, Рузинг, Фундлинг, Хаделахонг, бүгінгі, Амангелді. |
1-кестенің төменгі жағында «нг» тіркесі кездесетін сөздер тобы көрсетілген. Диграфтың бірі мұндай тіркесті «ң»-дыбысына сәйкес етеді. Сонда халық батыры Амангелді Имановты «Амаңелді» деп айтамыз ба?
Тағы бір үлкен қателіктер ошағы аяғы «ән», «ін», «ен», «үн», «өн» тізбегіне аяқталатын сөздерде орналасқан. 2-кестеде сондай сөздердің қысқаша тобы көрсетілген. Мұндағы зат есімдердің түбірлеріне ілік септікте «ге» жалғауы жалғанса «нг» тізбегі шығады да сөзіміз бөзге айналады. Мұндай тізбек зат есімге «гер», етістікке «гіш», «ген» т.б. жұрнақтар жалғанғанда шығады. Бұл қателерді түзету мүмкін емес.
Жоба авторлары бұған, мысалға, «Балтабаев» деген сөзді «Балтабай» немесе «Балтабайев» немесе «Балтабайтегі» қылып «фамилияны өзгертеміз», деп уәж айтуы мүмкін. Бірақ қазақ халқының брендіне айналған елбасының аты-жөнін өзгерту мүмкін емес шығар.
Сонымен қатар «Зәбира», «Нәбира», «Нәби», «сәбіз» сөздерін диграфпен жазғанда орысша боғауыз сөз шығады. Оны халқымыздың тең жартысы орысша-ағылшынша оқитынын ескерсек, бұл сөздер орысша оқылып, ат иелері олардың мазағына қалмай ма? Ал бүкіл ТМД елдердегі ілік іздеп жүрген сынағыштар мен достарымыздың бәрінің аузына қақпақ бола алмаймыз ғой!
Екінші жағынан шет ел мейманының атын немесе елінің атын біздің балаларымыз бұрмалап айтып тұрса, онда ол мейман өкпелеп қалуы, немесе ол балаларымызды білімсіз деп ойлауы мүмкін. Оларға «атыңды біздің заңдылыққа сәйкес өзгертіп кел», деген талап қоя алмайтын шығармыз. Тіпті біздің журналистер шет ел, мысалға, Ресей туралы хабар жүргізгенде олардағы бір сөйлемде кездесетін 4-5 «ое», «ае», «нг» тізбектерін бізше оқымай оларша оқитын ереже шығармайтын шығармыз.
«ін», «ән», «ен», «үн», «өн» тізбегіне аяқталатын сөздер
Ізделген тізбек |
Сөздер саны |
Дерек үлгілері |
Зат есім |
|
Күлән, Үйсін, Абілмәжін, Күлтегін, көшкін, мәтін, екпін, мән, күн, мүсін, кескін, иін, желін, үн, көгершін, ерін, мін, пән, түтін, дән, кекесін, түйін, бүлдіршін, пішін, егін, ін, түн, зәйтүн, тән, тізгін, төркін, дін, кебін, келін, күмән, жөн, жүн, ән, сән, зейін, сүргін, серпін, өскін, тегеуірін, мешін, тігін, тін, мәжнүн, көн, бесін |
Етістік |
|
жерсін, жүгін, жиіркен, өршелен, әурелен, ісін, сен, үйрен, тебірен, күрсін, білеулен, көрін, ен, түсін, кезен, ниеттен, желпін, дәрттен, түбіттен, түктен, сүйін, сүйсін, кейін, қауіптен, сілкін, тілен, өтін, шегін, білін, жирен, кіжін, өжеттен, түстен, мейірлен, дәмелен, есерлен, тіксін, түтінден, үйлен, тебін, бәлден, ілін, иістен, көлеңкелен, иемден, кірлен, кекештен, бекін, шірен, киін, төн |
Дауысты дыбыстардан тұратын диграфтар қазақтың «екі дауысты дыбыс қатар келмейді»,-деген заңына қарсы келеді. Сонымен қатар бұлар қазақ тілінің сингармонизм - сөз құрамындағы барлық дыбыстардың үндестігі заңын жоқ қылады. Бұл заң дұрыс істеуі үшін бір буында бір дауысты дыбыс болуы керек. Ал бір жіңішке, бір жуан екі әріп болса, онда бұл заңды күрделілендіріп қайта жазу керек. Оны кім жасамақшы. Кім тексермекші. Мүйізі қарағайдай екі институттың дайындаған жобасы неге мұндай қателерге толы? Ал жаңадан шығарылатын сингармонизм заңы қате болмасына кім кепіл.
Қазақ еріншектеу халық. Диграфтағы жуан дауыстының қасына «е» әріпін қосып жазуға ерініп, оны білетіндер ойша қосып оқып, ал білмейтіндер оны таза орысша оқып, бара бала орыс боламыз ба деп қорқам.
Диграф өтетін болса онда қазақ тілін түбірінен қайта жазу керек. Оған жоқ дегенде 10 жыл уақыт керек! Қатесін түзеуге 100 жыл да жетпей қалуы мүмкін.
Сондықтан «Қазақ жазуына диграф енгізуден толықтай бас тарту керек», деп ұсыныс енгіземін.
Басы 1995 жылдан басталып, бір нұсқасы 2014 жылы жарияланған, ал түсіндірме сөздеріне осы мақаланы даярлауда, диграфтардан бас тарту туралы өзгеріс енгізілген латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы бар.
Сын мен ұсыныстарыңыз болса мен міндетті түрде жауап беруге дайынмын. Егер қолдаушым болсаңыз, онда өте қуанамын. Бастысы болашақта ұрпақтарымызға ыңғайлы жазу қалдыру.
Программалаушы, Google-аудармашының
орыс, түрік, ағылшын тілінен қазақ тіліне
аударатын программасының авторы, т.ғ.к. Каюпов Табылды
Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау
https://massaget.kz/profile/82947
Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.
https://massaget.kz/blogs/23036/
Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым
https://massaget.kz/blogs/23035/
Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!
https://massaget.kz/blogs/23008/
Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/
https://vk.com/doc239758952_450677576
Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт
https://massaget.kz/blogs/23000/
Кейбір пікірталастардан үзінді
https://massaget.kz/blogs/22995/
Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?
https://massaget.kz/blogs/22992/
25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері
https://massaget.kz/blogs/22985/
Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы
https://massaget.kz/blogs/22959/
Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности
https://massaget.kz/blogs/baykau/22960/
Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
https://massaget.kz/blogs/baykau/22962/
Ертегілер Мақта қыз бен мысық,
https://massaget.kz/blogs/baykau/22963/
https://massaget.kz/blogs/baykau/22964/
https://massaget.kz/blogs/baykau/22967/
https://massaget.kz/blogs/baykau/22970/