Елге хат

Елге хат
жеке
блог

Туған Елім!

Парламентте қаралып жатқан жоба өте нашар. Мен ол туралы 25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері мақаласында жаздым. Ол жоба 100 басқа жобаның арқасында жиналған. Мен одан 130 мыңнан астам қате таптым. Басқа жобаларының кез-келгенінде қандай қателер бар екенін кім білсін. Оған қоса оқырмандарымның сұрауына орай біраз жұмыстар істеп тастадым. Олар:

Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт

Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті.  Жақын арада оны интернетке қоямын. Ойымща екі түрлі  жұмыс істейді: Бірінде ол қосулы тұрса кирилше әріптерді басқан баламасы латынша пердеге түсіп отырады; ал екінші түрінде пердедегі қалқымалы пернетақтадағы батырмаларды тықанның нұсқағышымен түртсең шығады. Тағы 1 апталық жұмыс бар.  

Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.

Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау

Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым

Кейбір пікірталастардан үзінді

Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?

Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!

«Парламентте қаралып жатқан жоба жай ғана көп жобаның бірі, әлі де бізден жобаларың болса бәленше сайтқа, түгенше кабинетке, немесе адрескеғ жазбаша немесе басқаша тапсыруға болады»,- деген хабарлама болатын шығар», - деген ойым жақын арада сейіліп кетті. Өйткені өткен аптада Атырауда үлкен жиналыс болып, онда жаңа жоба таныстырылып, мақұлданып, «Жоба керемет, қолдаймыз!»,- деп қаулы қабылдап оны парламентке жолдады. Сол сияқты талқылаулар бүкіл аудандарда ұйымдастырылып жатыр. Жетпей тұрғаны бәрін жинап «бүкіл елде талқыланды, бүкіл ел қолдады»,- деп қабылдай салу-ақ қалып түр.

Сөйтіп 25 жыл бойы мәпелеп, «Жұртқа ыңғайлы  болсын»,- деп талай жылдар бойы оны дамытқан менің жоба қарастыратын комиссияның алдына жете алмастан далада қалатын сияқты.  Өйткені мен барлық материалдарды көптеген журналистер, теле-радио команиялар, министрліктерге тараттым. Бірақ ешқайсысынан ешқандай да жауап алған жоқпын. Амал жоқ енді  әлеуметтік желілер арқылы сіздерге таратып жатырмын. Менің жобам жетпей қала ма деп қорқам. Ана жоба өтсе бүкіл елдің сорына шығады.

Мен сөйлескен жұрттың бәрі «Президент ана жобаны қолдап жатыр ғой», - деп айтады. Қорқа ма кім білсін. Олар чиновниктер. Қорқатын шығар. Ал біз болашақ балаларымыздың  аузы қисаймай таза сөйлеуі үшін күресуіміз керек. Бізге қорқуға болмайды. Газетке, журналға, теледидарға, радиоға, бәріне шығару керек.

Менде 24 жыл бойы осы тақырыпта жұмыс істеген тәжірибе, 1,5 миллион сөзден тұратын деректер қоры, жоба, пернетақта, шрифтер, орыс, түрік, ағылшын тілдерінен қазақ тіліне аудармашы прграмманы жазу тәжірибесі бар.

Сіздердің бәріңіз менің қолдаушым болады деп ойлаймын. Сын, ұсыныс, т.б. кез-келген сұрақтарың болса мен жауапсыз қалдырмаймын. Латиница бұл қазақты дүбәрәлықтан құтқаратын құрал. Соны бірге жасайық! Бәріңді сүйдім. Бәріңе басымды идім

Алған материалды бәріңіз желідегі өз таныстарыңызға, олар әрі қарай  өз таныстарына жолдау керек. Бара-бара Елбасыға жеткізу керек.

Қолымыздан келсе менің жобамды өткізуіміз керек. Әйтпесе болашақ ұрпақ адында ұят болар.

 

Программалаушы, Google-аудармашының

орыс, түрік, ағылшын тілінен қазақ тіліне

аударатын программасының авторы, т.ғ.к.                   Каюпов Табылды

 

 

Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау

Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.

Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым

Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!

Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті

https://vk.com/doc239758952_450677576

Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт

Кейбір пікірталастардан үзінді

Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?

Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады

 

Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности

Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Ертегілер Мақта қыз бен мысық, Бір үзім нан, Алтын сақа, Тазша бала