11 жылда алғаш рет: Месси мен Роналду қатыспайтын "эль-классико" өтеді

11 жылда алғаш рет: Месси мен Роналду қатыспайтын "эль-классико" өтеді
Фото: SOCCERINFOMANIA

Футбол жанкүйерлері асыға күтетін ойындардың бірі - "Реал" мен "Барселона" кездесуі. "Эль-класико" деп аталып кеткен бұл ойынды миллиондаған жанкүйерлер тамашалайды.

Жаңа маусымдағы алғашқы "эль-класико" 28 қазан күні "Камп Ноуда" өтеді. "Севильяға" қарсы ойында қолын жарақаттап алған Лионель Месси мадридтік клубқа қарсы кездесуге шықпайды. Ал Криштиану Роналду жазда Италияның "Ювентус" командасына ауысып кеткен болатын. Нәтижесінде 11 жылда алғаш рет Месси де, Роналду да қатыспайтын "эль-класико" өтпек.

Екі футболшыны бұлай бөле жара айтудың себебі де бар. Өйткені футбол жанкүйерлері әлемдегі ең үздік екі футболшының бір-біріне қарсы ойнағанын да сарыла күтетін. "Эль-класико" Месси мен Роналду арасындағы бәсеке арқылы қыза түсетін. Биыл қалай болар екен?

"Барселона" футбол клубы танымбелгісін өзгертпек

Қазіргі таңда Испания ла лигасында ІХ турдан 18 ұпаймен "Барселона" көш бастап келеді. 14 ұпайы бар "Реал" 7-орында тұр.

О. Сансызбай