"Барселона" футбол клубы танымбелгісін өзгертпек

"Барселона" футбол клубы танымбелгісін өзгертпек
Фото: FC Barcelona (twitter)

Испанияның "Барселона" футбол клубы танымбелгісін (логотип) өзгертпек. Бұл жайында клубтың twitter желісіндегі ресми парақшасы хабарлады.

Каталондық клубтың қазіргі танымбелгісі 2002 жылы қабылданған. Ал оған дейін бұл танымбелгі 9 рет өзгерген. Тағы өзгертетін болса, команда өз тарихында 11-ші рет мұндай қадамға бармақ.

Жаңа танымбелгінің қазіргісінен аса қатты айырмашылығы болмайды. Түр-түсі мен дизаины қазіргісі секілді. Тек FCB аббревиатурасы мен ішкі қара көлеңке сызықтары алынып тасталады. Түстері бірыңғай әрі ашық болып жасалады. Көк және анартас түстес жолақтар саны 7-ден 5-ке қысқарады. Сондай-ақ доптың орналасу орнында аздаған өзгерістер болады.

Жаңа танымбелгіге қатысты клуб шешімі 20 қазан күні өтетін команда мүшелерінің отырысында қабылданатын болады. Егер мақұлданатын болса, клуб 2019/2020 жылғы маусымды жаңа танымбелгіде бастайды. 

О. Сансызбай