Роналду Чемпиондар лигасында алғаш рет алаңнан қуылды

Роналду Чемпиондар лигасында алғаш рет алаңнан қуылды
Фото: Evening Standard

"Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында алғаш рет алаңнан қуылды. Футболшы "Валенсияға" қарсы өткен ойынның 29 минутында қызыл қағаз алды.

Роналду - Чемпиондар лигасының ең үздік сұрмергені (120 гол). "Манчестер Юнайтед" пен "Реал" сапында жүріп, жасындай жарқылдады. Алайда "Ювентуспен" Чемпиондар лигасын сәтсіз бастады.

Португалдық ойыншы кезекті шабуыл кезінде "Валенсия" қорғаушысы Джейсон Мурильомен соқтығысып, соңы командалық қақтығысқа ұласты. Қапталдағы көмекшісімен ақылдасқан бас төреші Феликс Брих Роналдуға бірден қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Шабуылшы көз жасына ерік бергенмен, төреші бәрі кеш екенін ұқтырды.

10 ойыншымен қалған "Ювентус" жеңіске бастар жолды тапты. Миралем Пьянич екі бірдей пенальтиді сәтті орындап, туриндік клубқа жеңіс сыйлады. Ойын соңында "Валенсия" да бір пенальти орындауға мүмкіндік алғанмен, Даниэль Парехо гол соға алған жоқ. Оның тепкен добын "Ювентус" қақпашысы Войцех Щенсный қайтара білді.

"Н" тобындағы екінші ойында "Манчестер Юнайтед" сырт алаңда "Янг Войзды" 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Поль Погба дубль жасап, Марсяль бір гол соқты.

Чемпиондар лигасы, І тур 

Е тобы

"Бенфика" (Португалия) - "Бавария" (Германия) - 0:2
Гол соққандар: Роберт Левандовски, 10, Ренату Саншеш, 54

"Аякс" (Нидерланд) - АЕК (Грекия) - 3:0 
Гол соққандар: Николас Тальяфико 46, 90, Донни ван де Бек, 77 

"F"  тобы

"Манчестер Сити" (Англия) - "Лион" (Франция) - 1:2 
Гол соққандар: Бернарду Силва, 67 - Максвелл Корне, 26, Набиль Фекир, 43

"Шахтер" (Украина) - "Хоффенхайм" (Германия) - 2:2 
Гол соққандар: Исмаили, 27, Майкон, 81 – Флориан Гриллич, 6, Ховард Нордтвейт, 38 

"G"  тобы

"Реал" (Испания) - "Рома" (Италия) - 3:0 
Гол соққандар: Иско, 45, Гарет Бэйл, 58, Мариано, 90+1 

"Виктория" (Пльзень, Чехия) - ЦСКА (Ресей) - 2:2
Гол соққандар: Михал Крменчик, 29, 41 - Федор Чалов, 49, Никола Влашич, 90+5 (пен) 

Ө. Сансызбай