Массагеттің сырлы сұхбат алаңы
Сәлем достар. Бүгін жаңа жоба бастамақпыз.
Ережелері:
1.Әр сенбі, жексенбі күні осы форумның осы бөліміне кіріп келер аптада кімге сұрақ қойғысы келетінін жазады, ең көп аты жазылған қолданушыны жексенбі күні сағат 20.00де анықтап, жазып отырамын.
2. Анықталған қолданушыға дүйсенбіден сол аптаның жұмасына дейін сұрақтар қойылады.
3.Сенбі, жексенбі күні барлық сұрақтарға жауап жазып, дүйсенбі күні блогтар бөліміне жазба етіп салады
Осылай әр аптада бір қолданушыға сұрақтар қойылып отырады.
Ескерту: Анайы сұрақтар қоюға болмайды, сұрақ коюда кейіпкердің ар-намысына тимейтін, жеке өмірінін маселелеріне қол сұғылмауын сұраймын! Ол сұрақ есепке алынбайды.
Ғазизаға: 1.Жұбайыңыз өзіңіз ұнатқан мамандықты тастап, тек үй шаруашылығымен айналысасын десе, не істейсіз? 2.Жалпы айына жеке басыңызға қанша қаржы жұмсайсыз(егер құпия болмасаҚ) 3.Сумкаңызда жүретін 3 нәрсені атаңыз?
Айгерім: 1.Өмірлік жарыңыздын қандай болғанын қалар едіңіз. 2. Өмірде үнемі айтып отыратын сөзіңіз.
Акерке( бұрынғы Луизаға) сұрақ: 1.Өзіңіз құрметтейтін Массагеттік бір адамды атаңыз. 2.неге филология факутетінде оқыдыңыз. 3. Сіз өте жақсы көретін 3 адам. )(ата-анаңыз, бауырыңыз, ұстазыңыз дегендей емес, ол жалпылама танымал болуы тиіс)