ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Қаптады еркектердің дүмбілезі...
Жігіт айнасы - қыздардың бұл мінезі,,,
"Фараби" Қаптады еркектердің дүмбілезі...
Жігіт айнасы - қыздардың бұл мінезі,,,

Осындайда үлкендер деуші еді ғой:
"Бұ заман не боп барад, құрғыр өзі?" )
Жанарынан ЖАЗ тамшы құлатқасын,
Өткіздік-ау жаңбырмен бұл аптасын.
Жанарынан ЖАЗ тамшы құлатқасын,
Өткіздік-ау жаңбырмен бұл аптасын.

Табиғат көк аспанды өксітсе де,
Сіз бен бізді ешқашан жылатпасын!


Жаңбыр асты ауылда жүретінбіз
Су болсақ, шаш өсед деп білетінбіз
[quote:3jlsrgpa][] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)[/quote:3jlsrgpa]



қайымдап қоясынба ей братишке
оданда сатып алсай тәпішке
Шақырыпсыз қайымға.
Қайым бізге уайым ба?!
Шақырыпсыз қайымға.
Қайым бізге уайым ба?!

Өлең-сөздің бұлағы
өне бойда дайында...
Десекте, махаббат мәңгі өшпесін,
кеудеден не болады ән көшкесін...
Десекте, махаббат мәңгі өшпесін,
кеудеден не болады ән көшкесін...

Махаббат қой өмірде шынын айтсақ
Әдемілеп тігіетін жан кестесін


Бағдаршамнан ауылға "көк" түс жанып
Кетіп барам, ағайын, отпуск алып
Бағдаршамнан ауылға "көк" түс жанып
Кетіп барам, ағайын, отпуск алып[/quote]

Жолың болсын деп айтам Луизаға
Қалма бірақ ауылда шаршап талып.