ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Көп жыл бопты, бармаппын ауылыма,
Сәлем беріп қайтсам ба қауымыма )

Ақ жаулықты анаға ас дайындап,
Қарт шалдың кірейінші бауырына
"Бір әңгіме айтайық ауыл жайлы"
Ауыл жайлы әңгіме табылмайды...
"Бір әңгіме айтайық ауыл жайлы"
Ауыл жайлы әңгіме табылмайды...

Ауылға бармағалы біраз болды
Сағындым сол баяғы нан мен майды
Қайдасыңдар менімен сөз қағыстырар
Ақын барма туған жерін таныстырар
Қайдасыңдар менімен сөз қағыстырар
Ақын барма туған жерін таныстырар


Таныстырар ақындар табылады,
шабыты шаң жуытпай, қалыс қылар.
Ұлы жолдың бойында тұрған қала кешегі,
Соры да бар бойында, бақыты да бес елі?
Ұлы жолдың бойында тұрған қала кешегі,
Соры да бар бойында, бақыты да бес елі?

Біле білсем, бұл-ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ болар
Құлағыма самал жел, Алматы- деп еседі
Ертеректе қазақ халқым паналаған
Алматынының негізін кім қалаған ?
Ертеректе қазақ халқым паналаған
Алматынының негізін кім қалаған ?

Алматынының негізін кім қаласын?
Орыстың қолбасшысы, діндар адам
Бір сұрақ қояйыншы салмағы бар,
Бұл күні кімнің қандай арманы бар?