[] Отырмай мен жайымда, Шақырамын Қайымға Екі жолға екі жол, Ұйқас жауап дайында Екі жол жазып өзің де, Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)
осы ғой жанға батқан азап нәрсе...
жүрекке әрине батады ғой
Тиеді өзімізге қазақ десе...
Қазақ жайлы күдікті жоғалтыңдар
Бразилияда бұйырар тағы алтындар,
Бразилияда бұйырар тағы алтындар,
Көк туымыз көтерілер көкке тағы
Алтынғада толып қалар қоржындар.
Қазақтан шығар әлі қыран ұлдар,
Шыңды бермей ешкімге,биік самғар.
Шыңды бермей ешкімге,биік самғар.
Асқар шыңға өрлеген қыран ұлдар
Қазақ атын биікке шығарыңдар!
Үмітім зор, сенімім бекем деймін
Еліме пайдам тисе екен деймін...
Еліме пайдам тисе екен деймін...
сол үшін еліме еңбек етіп
асқақ арманыма жетем деймін
алдығой қазақ 7алтын
киелі санмен сақтадығой салтын
киелі санмен сақтадығой салтын
Қоржынға түсті бірнеше алтын
Таңдарым әппақ, ертеңім жарқын
Ертеңім жарқын, таңдарым әппақ,
"Жеңімпаз!" деген тармағым жақсы-ақ
"Жеңімпаз!" деген тармағым жақсы-ақ
Маңдайдан сипар ел аман болса
Ер елдің жүрер сенімін ақтап!!!
Таңдарым әппақ, ертеңім жарқын,
Өзіңді мақтан етемін, халқым!
Өзіңді мақтан етемін, халқым!
Сеземін, сезем, сезінем, білем,
Шаттыққа толы екенін әр күн...
Құба күн қайда зырлап барады,
Өмірдің өзін жырлап барады...
Өмірдің өзін жырлап барады...
Жазылмас мендік жүрек жаралы,
Сан ойлар басты мендік сананы...
Құбыла қарап күрсінем менде,
Тойымсыз болған сұм қара жерге...
Тойымсыз болған сұм қара жерге...
Сұм қара жердің серігі заман
Озуда бірақ нұр ала төрге.
Алдында есіл ененің дархан,
Иіліп дәйім сәлем сал, қалқам!
Иіліп дәйім сәлем сал, қалқам!
Мендейлер мұңсыз қалып көрмеді,
Мінезді екен әлем сәл тарпаң...
Орнына күннің барады ай шығып,
Қинап жүр мені қарама-қайшылық...