ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Жеңісті бермесе екен, қонақ сыйлап,
Бауырлар көрсетіп бір қазақтығын
Қазақтың футболынан көңіл қалды,
Намысы қазағамның көп былғанды...
Қазақтың футболынан көңіл қалды,
Намысы қазағамның көп былғанды...

Бұл ойын тағы, міне, Арыстанбек
Фарабидің көңілін тоқ қылмады

Журналист боп жүрген ше "жаман" бала,
Өзіңіз шығыңызшы алаңға, аға
Журналист боп жүрген ше "жаман" бала,
Өзіңіз шығыңызшы алаңға, аға[/quote]


Айтысқа ару келді, ару келді
Ақылы да, айбыны ерен дара
Сөзіңізге болып тұрмын мен риза
Есіміңіз не мағынада Луиза?
айтыс десе әрине шаршамаңдар
Осы сайтта айтыс құмар қанша адам бар?

Айтыспен сусындайтын қазағымның
Саны шексіз, әуре боп санамаңдар. :)


Ау, халайық, қайымды бастағандар,
Шәй әкелдім, ұрттап ал, шаршағандар. :)
Ау, халайық, қайымды бастағандар,
Шәй әкелдім, ұрттап ал, шаршағандар. :)
[/quote]

Шайыңыз тәтті екен, қарындас қыз
Анау-мынау сөздерге алынбас қыз
Қыздар бар ма бүгінде ар, ибалы
тіліне үйіретін калиманы..?
Қыздар бар ма бүгінде ар, ибалы
тіліне үйіретін калиманы..?

Жаны сұлу арулар өріп жүр ғой
Жүрегінде жайғасқан бар иманы

"Жаман" қызбен жүріп-жүріп жігіттер
"Жақсы" қызға "маған ти" деп үгіттер :lol:
Қыздар бар ма бүгінде ар, ибалы
тіліне үйіретін калиманы..?

Жаны сұлу арулар өріп жүр ғой
Жүрегінде жайғасқан бар иманы

"Жаман" қызбен жүріп-жүріп жігіттер
"Жақсы" қызға "маған ти" деп үгіттер :lol:

Жалпы, барлық соғыс басы қыздан ғой
болып келген солар үшін бүліктер...