ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

Массагетке кіргелі ойым бөлек,
Оқыдым талай қызық,керек дерек
Ғаламның торындағы жарық десем
Оны іздеп талай уақыт болдым әлек.

Алламыз рақым қылсын кешіккенге,
Пітір беріп келейік мешіттерге.
Алламыз рақым қылсын кешіккенге,
Пітір беріп келейік мешіттерге.
Пітір берсін мешітке бармағандар,
Бір түрлі естіледі есіткенге.

Алтын алар тағы да келіпті күн....
Жеңетін шығар деймін Серік бүгін
Алламыз рақым қылсын кешіккенге
Пітір беріп келейік мешіттерге.
Сауап болып Рамазан айында бұл
Алла жолын ашып берер игі істерге.
Алламыз рақым қылсын кешіккенге,
Пітір беріп келейік мешіттерге.
Пітір берсін мешітке бармағандар,
Бір түрлі естіледі есіткенге.

Алтын алар тағы да келіпті күн....
Жеңетін шығар деймін Серік бүгін

тілегін тілеп үйде,жанкүйер боп
отырмыз қысып алып ер тақымын.
Қоржынға түссе екен деп оншақты алтын
Мендағы күнде тілеп,армандаппын
Қоржынға түссе екен деп оншақты алтын
Мендағы күнде тілеп,армандаппын.
Сонша алтынды алуын алармыз-ақ,
Қызғаныштан "күймей" ме қанша халқың?

Алтынды салмаса да салмамызға,
Кеше ешкім жеткен жоқ Анна қызға.
Алтынды салмаса да салмамызға,
Кеше ешкім жеткен жоқ Анна қызға.
Ендігі олимп. чемпионы болсын,
Жақсы тілек тілейін алда қызға
Бүгін міне төртінші алтынды алып,
Болып қалды өзінше халқым қарық
Бүгін міне төртінші алтынды алып,
Болып қалды өзінше халқым қарық.
Біздің халық осындай, біл, альбион -
Қадамы нық, үні зор, қарқыны анық!!!

Төртеуін түгелдеді алтынның да,
Сүйіншілеп жатыр ғой халқым мұнда.
Төртеуін түгелдеді алтынның да,
Сүйіншілеп жатыр ғой халқым мұнда.
Шабыттарын оятып шайырлардың
Арқау болып АЛТЫНДАР жатыр жыға

Төбеміз көкке жетіп қалды біздің
Түбін енді босатқан сары қымыздың